Б. Б. Жахина «Жоғары мектеп әдістемесі»



бет28/30
Дата10.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66910
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
zhogar mektep adistemesi

3 МОДУЛЬ
13-дәріс
Сөзжасам пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

Сөзжасам әдістемесі. 1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қысқарған сөздер және оның емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі – сөздердің жасалу процесі – тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы – лексика-грамматикалық категория.


Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы – сөздің құрылымын, морфемалық құрамын, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердің жасалуының әртүрлі жолдарын зерттейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар. Сөздердің жасалуымен танысу, біріншіден, сөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса, екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау деңгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер, үшіншіден, тілдің грамматикалық құрлысын тереңірек білуге жағдай жасайды.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады. Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, түбір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.
Сөздердің жасалу жолдарын үйрету – грамматиканың морфологиялық құбылыстары туралы білім берудің, сөз таптарының ерекшеліктерін білдірудің негізі. Қазақ сөздерінің аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалатынынан мәлімет беріп, қазақ тілінің табиғаты туралы түсінік қалыптастырылады. Әсіресе, қазақ тілінің жалғамалы тілдер табына енетініне баса назар аударту олардың әр түрлі тілдердің ішкі заңдылықтарын тануына да негіз болады. Осы табиғаты арқылы тіл білімі салалары түрлі тілдерде түрліше сипатқа ие болатынын түсінеді. Мысалы, қазақ тілі мен өзі оқитын шет тілінің арасындағы айырмашылықтардың себебін саналы түрде меңгереді.
Қазақ тілінің жалғамалық сипаты оның адам ойын жеткізудің пәрменді құралы болуының бір себебі екеніне мән берілгені жөн. Мысалы, жаңа сөздердің бәрі тек жалаң түбірлерден ғана емес, туынды түбірлерден де өрбитініне көз жеткізу арқылы жалғамалы тілдің артықшылығын аңғаруға болады: тең-гер-ме-ші-лік, оқы-мыс-ты-лық т.б. Осы секілді сөздердің әрбір жұрнақ жалғанған қалпындағы мағыналарына талдау жасату тек сөз мағынасы мен қосымшаның өзара байланыстылығын танытып қана қоймайды, сонымен қатар сөз түрлендірудегі белгілі бір жүйелі заңдылықтың болатынын ұғындырады. Бұл білім бұдан кейінгі оқылатын «Сөз таптары» тақырыбын дұрыс түсініп, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін тез аңғаруға тірек болады. Сөздердің жұрнақтары арқылы бірінен екіншсіне «көшіп отыруының» да түпкі себебін, яғни жұрнақтың сөз мағынасын өзгертудегі рөлін жете сезіндіруге ықпал етеді.
«Сөзжасам», «сөздің жасалу бөлімдері» сөздердің қандай амал-тәсілдермен жасалатынын білдіреді. Сөздердің жасалуы лексикология мен морфологияға да қатысты. Сондықтан бұл тақырып лексика тарауынан соң, морфология тарауының алдында оқытылу жоспарланған.
Қазақ тілі сөзжасамының мәселелері ең алғаш қазақ тілін оқытудың жетілдірілген бағдарламасында жеке тарау ретінде бөлініп берілген. Тарау «Сөздің жасалуы» деген атпен берілді. Бірақ сөз құрамында қарастырылатын тақырыптар жүйеленді. Жоғарғы оқу орындарында осы жылдары ең алғаш рет жеке пән ретінде оқытыла бастады. Аталған тарау ең алғаш сөздің жасалуы және орфография тақырыптарымен 10 сағат көлемінде өтіле бастады. Онда мынадай тақырыптар қамтылды. «Сөздік құрам туралы түсінік», «Түбір сөз», «Жалғау және оның түрлері». Ал 6-сыныпта төмендегідей тақырыптар қамьылды. «5- сыныпта өткенді қайталау», «Дара және күрделі сөздер», «Біріккен сөздер туралы түсінік. Жасалу емлесі», «Қос сөз туралы түсінік. Емлесі», «Қысқарған сөз туралы түсінік. Жасалу емлесі».
Білім берудің мемлекеттік стандартының негізінде жасалынған қазақ тілін оқытудың қазіргі типтік бағдарламасында да оқытудың ғылымилық принципі сақталмағандығы байқалады. Біз білеміз, сөздің жасалуы деген ұғым – сөз жасалудағы заңдылықтар мен амалдардың жиынтығы. Бірақ ғалым Ә.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілінің морфолгиясы» деген еңбегінде сөзжасамдық мәселелерді морфология тарауында қарастырғанмен, сөзжасамға анықтаманы жоғарыдағыдай мазмұнда береді. Қазақ тілі ғылымында сөзжасамдық мәселелерді теориялық тұрғыда зерттеп, негіздеуші ғалым Н.Оралбаева екендігі мәлім. Ғалым сөзжасамға анықтаманы осы мазмұнда береді. Ал С.Исаев Сөзжасамдық заңдылықтар жаңа ұғым атауларын жасайтын заңдылықтар екендігін баса көрсетеді. Әрі сөздің жасалуы сөздің бойында болатын бірінші процес екендігін, ал оның белгілі бір сөз табына тоқталуы сол сөз табына тән грамматикалық формасын қабылдауы екінші процес екендігін көрсетеді. Сөзжасам тарауын лексикоголия, морфология заңдылықтарымен бірлікте қарастырудың өзіндік себебі бар. Мәселен, Екібастұз – қаланың аты деген мағынаны білдіреді, заттық ұғым атауы.
а) морфологиялық құрамы жағынан – күрделі; сөз табынан – зат есім.
ә) құрамындағы әрбір сөздердің мағынасы бар, екі – сандық ұғым атауы, бас – заттық ұғым атауы, тұз – заттық ұғым атауы. Бұл жерде лексикамен байланысы көрінеді.
б) үш ұғым атауынан бір «Екібастұз» деген жердің атауы жасалынды. Сөздік құрамға жердің атауы болып кіреді. Лексикаға қатысына көзіміз жетті. Әрі сөздік құрамды байытудың бір тәсілі екендігін білеміз. Ал сөйлем ішінде қолданылуы белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы іштей бір-бірімен байланысып жатқан заңдылық. Сондықтан сөздердің әр түрлі жолдармен жасалуы жаңа ұғым атауының пайда болуы, әрі олардың жаңа бір грамматикалық категорияда жұмсалуы тұтасып жатқан бірінен бірін айыруға келмейтін заңдылық.
Біз білеміз қазақ тілінің типтік бағдарламасы мен оқулығы білім берудің стандарты негізінде қайтадан жасалынды. Қазақ тілінің сөзжасам тарауын 5-6 сыныптарда оқыту мақсат етілді.
1. Байқаймыз, оқытудың ғылымилық принципі негізге алынбағын. Ол мынадан көрінеді:
а) тақырыптардың аралысуы;
б) тақырып пен берілген анықтаманың сәйкессіздігі, т.б.
2. Оқытудың жүйелілік принципі сақталмаған:
а) сөзжасам тарауы мен морфология тарауынан оқытылатын тақырыптардың аражігі ажыратылмаған;
ә) 5-сыныпта берілген сөзжасамдық тақырыптар 6-сыныпта қайталанған.
Осы тұрғыдан келгенде пән мұғалімі С.Исаев атап көрсеткендей ғылыми еңбектерге ғылыми көзқараспен қарап, оқулықтың әр жағындағы дүниені бере білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет