Б. Б. Жахина «Жоғары мектеп әдістемесі»


-дәріс Қазақ тілі стилистикасын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері



бет29/30
Дата10.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66910
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
zhogar mektep adistemesi

14-дәріс
Қазақ тілі стилистикасын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

Қазіргі қазақ тілі стилистикасының теориялық негіздері қарым-қатынастың бірден-бір құралы ретінде танылатын тілдік бірліктерді қолданыстық, қызметтік (функционалдық) тұрғыдан жүйелі қарастырудың және оны тиімді оқытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Тіліміздің қолданыстық аясын кеңейту мен дамыту – мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік рөлін арттырудың, оған дұрыс бағыт-бағдар берудің бірден-бір жолы. Қазіргі таңда стилистика ғылымының қоғамдық-әлеуметтік, функционалдық-коммуникативтік қызметі күшейіп, негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, қолданыс аясы кеңейе түсуде. Бұл, әсіресе, лингвостилистиканың ғылыми жаңаруының үрдісін айғақтайтынын, дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйенетіндігін аңғартады.


Стилистика мәселелерін зерттеушілер тіл білімінің бұл саласына қатысты бірқатар соны теориялық ізденістерге барып, жаңаша тұрғыдан зерттеулер жүргізуде. Соңғы жылдары ғалымдар тілдік бірліктердің қызметін сөйлеу актісімен, прагматикамен байланыстыра қарастыруды басшылыққа алып отыр. Адамзат баласының дүниетанымының қалыптасуы тілдік бірліктер қолданысындағы стилистикалық күрделі категорияларды терең меңгеруіне де тікелей қатысты. Тілдік бірліктерді қарым-қатынас аясына қарай қолданыстық тұрғыдан меңгеру стиль ұғымын қалыптастырады. Стиль табиғатын жанжақты тану қолданыстағы тілдік бірліктердің мағыналық-стилистикалық өрісін анықтаумен тығыз байланысты. Белгілі бір қарым-қатынас аясындағы тіл бірліктерінің стильдік қызметін айқындау стилистика ғылымының өзекті де өміршең міндеттерінің біріне айналды.
Қазақ тіл білімінде стилистикалық бағыттағы ізденістер біршама жетістіктерге жеткенімен, оны оқыту, меңгеру жүйесінде жаңаша сипаттағы оқулық пен оқу құралдарын дайындау ісі жолға қойылып отыр. Бұл тұрғыдан студенттерге теориялық жүйелі білім беруде үш рет басылып шыққан алғашқы оқулықтан (М.Балақаев, т.б. авторлар) бастап, бүгінгі таңда жалғасын тауып, бірді-екілі стилистикалық оқу құралдары жарық көрді, көпшілік қауымның рухани игілігіне айналды.
Демек, қазақ тілі стилистикасынан дәрістер тыңдап, тәжірибелік сабақтар жүргізудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. Бұл тұрғыдан аталмыш оқу құралында стилистиканың жалпы теориялық іргелі мәселелері, тілдің стилистикалық құрылымы, функционалдық аспектілері, жаңа бағдарлық зерттеулердің қарқынды дамуы назарға алынып, студенттерге ғылыми сипатта жаңаша мазмұнда игертіледі.
Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға-бірліктер. Бұл тұлға-бірліктер қолданылуда әр түрлі стилистикалық бояуға ие болады, оның жиынтығы стилистикалық құралдарды құрайды. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие емес бейтарап элементтері арқылы да жасалатынын ескерсек, бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз. Қазіргі қазақ тілінің стилистикалық құралдары тілдің барлық деңгейлерін қамтиды: фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Тілдің ең бай стилистикалық бейнелі құралдарының қатарына мәнерлеуіш-көріктеуіш тәсілдері жатады (метафора, метонимия, мақал-мәтел, тұрақты тіркестер, синонимдер, т.б.). Тілдік құралдардың стилистикалық жұмсалу мүмкіншіліктері өте кең, әртүрлі фонетикалық құралдардың мүмкіндігі дыбыстардың әр түрлі стильдік мақсатта қолданылу ерекшелігіне байланысты.
Мысалы, дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы (ассонанс, аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері т.б. бай стилистикалық ресурсқа ие фонетикалық құралдар. Сөздердің көп мағыналылығы, олардың ауыспалы мағыналарда, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, тарихи сөздердің, жаңа сөздердің әр түрлі мақсатта жұмсалуы – бұлардың бәрі лексиканың стилистикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал морфологиялық стилистикалық құралдарға сөз таптарының, оларға тән әр түрлі категориялардың стилистикалық мақсатта жұмсалуы жатады. Ғалымдардың пікірінше, синтак
систің стилистикалық мүмкіндігі мол. Өйткені тілдік қарымқатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері негізінде жасалатыны белгілі.
Сондықтан сөйлемнің құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, инверсияланып жұмсалуы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері, синонимдік қатарлары - бұлар бай стилистикалық ресурстардың қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы – тіл құралдарының (ресурстар) стилистикасы деп аталынады. Көптеген орыс тілі ғалымдары стилистиканы тіл білімінің аталған салаларымен тығыз байланысты екендігін баса айтады. Мәселен, Г.О.Винокур: «Стилистика обладает тем свойством, что она изучает язык по всему разрезу его структуры сразу, т.е. и звуки, и формы… но зато с особой точки зрения. Это особая точка зрения и создает для стилистики в чужом материале ее собственный предмет»3 десе, В.Виноградов: «Стилистика общенародного национального языка охватывает все стороны языка: и лексику, и грамматику, и фонетику» деп баға береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет