Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті: Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
1)Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2)Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3)Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4)Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5)Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6)Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Ана тілі сабақтарында шығармашылыққа іздендіретін өз бетінше өлең не әңгіме құрастыруға және мәтінді толықтыруға, мазмұнын сурет бойынша әңгімелеуге машықтандырдым.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1.Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. м
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын
өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға
мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.