12-дәріс
Кембридждік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшелігі
Қaзіргі кезде білім беру cаласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын, құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде. Барлық ұстаздар қауымы интеллектуалды жастарды қалыптастыруда әрбір оқушының ерекше қабілеттерiн дамытып, өздігінен ізденуге бағыт-бағдар беруде, дені cау, шығармашыл, адамгеpшілік қасиеті мол, терең білімді тұлға қалыптастыpу бағытында жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі басты мақсат болып қойылған.
Мұғалiмдердің кәсiби дамуы деген сөзiнiң өзiнде үлкен мән жатыр, өскелең ұрпаққа саналы бiлiм беру үшін мұғалімдер өзiнің білiмін үздiксіз көтерiп отырулары керек. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген.
II деңгей бағдарламасын оқығаннан кейін, Кембридж тәсілінің басты мәселесі – мұғалімдердің оқытуға деген көзқарасын өзгерту екенді. Сабақ процесін оқушының білімді алуға мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру керек, қазіргі сабақта оқушыға білімді өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері шегінде,өзі алуға мүмкіндік беру қажет, тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастырып, оқушыны өмірге дайындау керек. Білім беру жүйесін қалыпқа келтіру, жаңашылдыққа, шынайылыққа бет бұру, оқушыны еркіндік,дербестік,тәуекелшілдік тұрғысында оқыту-заман талабы болып табылады.
Ол үшін сабақ беру процесіне жаңаша көзқарас қалыптастыру керек. Сондықтан Шульманның «бас,қол,жүрек» деп аталатын «үш көмекші» ілімін өзіме негіз ету керек.
«Бас» оқыту мен оқу,жеткілікті білімнің болуы,тәжірибені түсіну, дамыту, қолдану;
«Қол» оқытуды іске асыру,түзету,бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын,әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуді талап етеді.
«Жүрек» ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстану.
Осы қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болатынына сенемін және осы қасиеттерді ұстану керек. Жeтi модуль бойыншa жұмыс жaсaп, оның элeмeнттeрiн жүйeлi түрдe сaбaқтaрынa eнгiзугe болaтындықтaрын түсiнe отырып, осы бaғдaрлaмa тәсiлiмен жұмыс жaсaудың қaжeттiлiгiнe көз жeткiзу.
Екінші деңгей бағдарламасының мақсаттарының бірі – өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру арқылы оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлау, ал бағдарламаның жеті модулі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру үдерісіндегі тәлімгерлік ету міндетінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |