Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39

Әдебиеттер тізімі: 
1.Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика// Білім және еңбек,1985.-№10 
2.Соссюр Ф де.Труды по языкознанию.Москва,1996  
3.Аймауытова 
Ә.Б. 
Қазақ 
тіліндегі 
киім 
атауларының 
этнолингвистикалық 
табиғаты.фил.канд.дисс.Алматы.2004ж. 
4.Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. 
5. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка, 1948 
6.Севортян Э. Этимологического словаря тюркских языков (ЭСТЯ; 1–8 тома, 1978–2008)
 
 
 
 

125 
 
ӘОЖ 0.70 
 
ӨЛКЕ БАСПАСӨЗІНІҢ ТАРЛАНЫ 
 
Сүндетұлы Қ. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Атырау  облысының,  оның  ішінде  Мақат  ауданының  баспасөзін  қалыптастыруда  және  оның 
дамуына сүбелі қосқан қаламгерлер аз емес. Атап айтқанда, сонау 1937 жылы 29 шілде күні алғаш рет  
ірге  тасы  қаланған  «Ембі  жұмысшысы»,  1938  жылы  2  наурыз  күні  қайтадан  «Социалистік  Ембі» 
атауымен  жарық  көрген  аудандық  газеттің  бастауында  болған  Құлмағамбет  Бөріқұлақов,  Кенжеғали 
Ізтелеуов, Мұхаметияр Сатқанов және Тәжібай Текеевтердің есімін құрметпен атауға тиіспіз.  
Жеке  мұрағатымда  сақталған  Мақат  аудандық  газеттерінің  көшірмесінен  ол  туралы  біраз 
деректерді  жинақтай  келе,  Тәжібай  ағамыздың  шебер  ұйымдастырушы  редактор,  қаламы  жүйрік 
журналист және азулы айтыс ақыны болған деген ой түйіндедім. 
Тәжібай  Қабасұлы  Текеев  1923  жылы  Орал  губерниясы,  Гурьев  уезі,  Доссор  поселкесінде 
дүниеге  келген.  Алғашқы  еңбек  жолы  1941  жылы  шілдесінде  «Социалистік  Ембі»  газетінде  әдеби 
қызметкер ретінде басталды. Бірақ көп ұзамай, 1941 жылдың желтоқсанында ел басына қатер төнген 
шақта  неміс-фашистермен  шайқасуға  аттанады.  Қан  майданда  Қызыл  Армияның  183-інші 
барлаушылар дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан. 1943 жылы ауыр жарақат алып туған жеріне 
оралады.  Жоғарыда  аты  құрметпен  аталған  редактор  М.Сатқановтың  майданнан  жараланып  елге 
оралып  емделіп  жүрген,  кейін  өзінен  кейін  редактор  болған  Тәжібай  Текеевке  жасаған  қамқорлығы 
туралы  А.Елеусінов  «Тарланбоз  талант»  атты  мақаласында  былай  дейді:  «Осындай  толғаныста 
жүргенде  сол  бір  ақылгөй  ағасы  келіп,  өмір  ағысын  жаңа  бір  арнаға  бұрып  жіберді.  Ол  Сатқанов 
Мұхаметияр  есімді  азамат  болатын.  Сол  тұста  Мақат  аудандық  «Социалистік  Ембі»  газетінің 
редакторы.  ...Өзі  жаралы  жауынгердің  азапты  тағдырынан  хабардар  болғанға  ұқсайды.  Редакцияға 
бекітілген  тарантаспен  вокзалдан  күтіп  алғаны  тегіннен  тегін  емес.  Тіпті  жанқалтасына  азын-аулақ 
ақша  да  салып  жіберген-ді.  Хабарсыз  кеткен  соң  ат  басын  бұрып  өзі  келіп  тұр.    Алдыңғы  ұсынысын 
қайталап,  «бірер  күннен  қалмай  жұмысқа  шық»  -  деп  кетті  [1].  Қамқор  ағасы  оны  бірден  жауапты 
хатшы қылып тағайындайды.  Міне, осы аудандық газеттің жауапты хатшылығын 1943-1947 жылдары 
абыроймен атқарып, 1947 жылдан бастап редакторлық қызметке тағайындалады.  
Т.Текеев  редакторлық  болған  тұста  мұнайлы  ауданның  газеті  бірнеше  рет  одақтық, 
республикалық  байқаулардың  жүлдесіне  ие  болады.  Елге  ақын,  айтыскер  ретінде  танылып, 
публицистикалық шығармалары, әңгіме, очерктері мерзімді баспасөз беттерінде тұрақты жарияланып 
тұрды.  Аға  ұрпақ  өкілі  ретінде  ол  талай  журналистерді  тәрбиелеп  шығарды.  Олардың  арасында 
Қаржаубай  Сұлтанғалиев,  Аманкелді  Жылқышиев,  Серік  Мұқамбетов,  Сайлаубай  Тәжбентаев,  Сабыр 
Өтепбергенов, Мақсұт Неталиев, Өтеген Нәукиев және т.б. белгілі журналистер бар. 
Т.Текеев 1959 жылы КСРО Журналистер одағының І съезіне делегет болып сайланған. Мақат 
аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық кеңестің депутаттығына  бірнеше рет сайланады. Отан 
алдындағы  абыройлы  еңбегі  жоғары  бағаланып   І дәрежелі  «Отан  соғысы»  орденімен,  «Ерлігі  үшін» 
меделімен  және  т.б.  көптеген  мерекелік  медальдермен  марапатталған.  Мақат  ауданының  құрметті 
азаматы.  1994  жылы  23  кыркүйек  күні  дүниеден  озған.  Ауданның  құрметті  журналисі  ретінде  аты 
аталып, Доссор поселкесінен үлкен көшеге есімі берілген. 
Тәжібай  Текеев  –  журналист.  Жоғарыда  айтып  өткенімдей,  оның  барлық  ғұмыры  Мақат 
аудандық  газетінде  өтті,  яғни  екінші  үйі  болып  кеткен  десекте  артық  емес.  Журналист  қашанда 
қырағы көз, кемшіліктерді елден бұрын көре білетін ерекше мамандық иелері. Журналист Т.Текеевтің 
Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  «Социалистік  Эмба»  газетінде  жарияланған  мақалаларын  оқи  отырып  осы 
ерекшеліктерді айқын аңғарасың. «Байланыс конторындағы басты олқылықтар жойылуы керек» атты 
сын  мақалада  газет,  хат-хабар  таратудағы  аудандық  байланыс  жүйесінің  жұмысы  сын  садағына 
алынады.  «...Мұқыр  станциясына  «Соц.Эмба»  газетінің  нағыз  керекті  сандары  бармай  қалған. 
Новобогатшылардың үндеуін Ақшелек ауылының колхоздарындағы колхозшылар уақытында талқылай 
алмады. Сол сияқты Сталин жолдастың 23 февральдағы бұйрығы жарияланған газет саныда жетіспей 
қалған. 
Мұның себептері неде? – деп сұрағанымызда аудандық баспасөз тарату бөлімінің меңгерушісі – 
Сәрсенбаев  –  Чорт  знает,  біз  жібердік...  Әйтеуір  беда...-  деп  құрғақ  жауап  береді,-  деп  газет, 
журналдардың таратылуына тұрғындар ренішін білдіріп, жұмысты жолға қоюды ескертеді[2]. 
Тәжібай  Текеев  –  редактор.  Жауапты  немесе  уақытша  редактор  ретінде  қол  қойған 
газеттерді  оқи  отырып,  Тәжібай  ағамыздың  ерекше  қолтаңбаларын  көреміз.  Әсіресе  газет  бетін 
құрудағы  шеберлігі,  материалдарды  орнастыруы  оқырманның  назарын  өзіне  аударып,  жүрегіне  дөп 
тигізер  ерекшелігі  көзге  түседі.  Мысалы,  «Әділ  іс  пен  адал  еңбектің  жеңісі»  атты  бас  мақалада 

126 
 
(«Социалистік  Эмба»,  12  май,  №  18  (663),  1945  ж.)  төрт  жылға  созылған  соғыстың  ауыр  зардабын 
шеккен халықтың жеңісті күнге жеткенін қуанышпен баяндайды. Ұлы Жеңіс жолында  мыңдаған ауыр 
вагон    «қара  алтын»  жөнелткен  мақаттықтардың  сол  күнгі  қуанышты  көңіл-күйлерін  төмендегіше 
білдіреді: «Ауданымыздың мұнай промыселдарындағы еңбекшілер 9 май күні ертеңгілікте қуаныш пен 
шаттыққа  бөленіп,  қолдарына  қызыл  ту  көтеріп,  жалпылай  жеңістің  жиынына  жиналды.  Көп  адам 
қатынасқан  жиындар  барлық  жерлерде  де  болып  көптеген  өндіріс  озаттары  ол  жиындарда  шығып 
сөйледі.  Бірақ,  барлығының  да  сөз  бастамасы  бірыңғай  болып  келеді:  -  Жеңіс  жетті.  Жау  біржолата 
жеңілді.  Данышпан  Сталин  бүгінгі  жеңіс  күнінен  біздің  совет  халқын,  Совет  Отанын  аман-сау  алып 
келді! Жаса Сталин! Жеңімпаз Қызыл Армия жасасын! 
Ембінің  ендігі  қара  алтыны  –  мөлдіреген  мұнайлы  еліміздің  игілігіне  шаруашылығына 
жұмсалынсын. Ол үшін мұнайды бұрынғының үстіне асыра өндіруіміз керек» [3].  
Журналистиканың жазылмаған заңы бойынша бас мақаланы редактор немесе жауапты хатшы 
жазатын  болса,  осы  материалда  Тәжібай  ағамыздың  қолтаңбасы  жатырғанын  аңғару  қиын  емес. 
Т.Текеев  газетті  безендіруді,  газет  полиграфиясын,  газет  өндірісін  және  оның  техникасын  терең 
меңгерген тапқыр қаламгер. Ол қол қойған газеттерді ақтара отырып, ешбір орфографиялық немесе 
емле қателерін кездестерген жоқпын.  
Республикадағы  мұнайшылар туралы  жарық  көрген  дара  басылымның  беттерінде  ақын  Асқар 
Тоқмағамбетовтің «Мұнайшылар, мұнай бер! Соны сізден сұрайды ел»,- деген патриоттық рухқа толы 
өлеңі  құс  болып  еліміздің  түкпір-түкпіріне  таралғаны  баршаға  мәлім.  Газеттің  әр  санында  жеңісті 
жақындатуға  сүбелі  үлес  қосып  жатқан  мұнайшыларды  еңбек  қарқынын  төмендетпеуге  шақырған 
материалдар  көп  болды.  Т.Текеев  редактор  ретінде  қол  қойған  «Социалистік  Эмба»  газетінің  1945 
жыл 1 мамыр №16 (661) санында «Мұнайшылар! Жарыс озаттарының қатарына бәріңде қосылыңдар!» 
атты айдарымен берілген бетте көлдей 4 мақала және 2 өлең жарияланған. Бұл жауапты хатшы, әрі 
уақытша редактор Тәжібай Текеевтің журналистік шеберлігі десекте болады. Материалдарда мұнайды 
көптеп өндірудегі бұрғышылар мен мастерлердің еңбегі «Сариев басқарған бұрғышылар», № 2 учаске 
коллективі озып шықты» атты мақалаларда көрінді.  
Тәжібай  ағамыз  қол  қойған  газет  беттерінен  болашақ  академик,  заңғар  жазушы  Зейнолла 
Қабдоловтың  бірнеше  өлеңдерін  жариялағанына  куә  болдым.  Мысалы,  «Социалисті  Эмба»  газетінің 
1945 жыл 12 май №18 (663) санында «Жеңіс» атты өлеңі. 
Тәжібай Текеевтің редакторлық қызметіне белгілі қоғам қайраткері Саламат Мұқашевта үлкен 
баға  берген.  1962  жылғы  Н.С.Хрущевтің  аудандарды  тарату  реформасынан  кейін  көптеген  аудандар 
таратылғанда  Жылой  мен  Мақат  бірігіп,  Ембі  өндірістік  ауданы  құрылады.  «Сол  жылы  Ембі 
парткомының  органы  болып  «Ембі»  газеті  шықты.  Оның  алғашқы  редакторы  етіп  Тәжібай  Текеевті 
бекіттік.  Біразға  дейін  газет  Доссордан  басылып,  шығып  тұрды.  Кейіннен  редакцияны  Құлсарыға 
көшіргенде,  Текеев  орталыққа  келуден  бас  тартты.  Онысы  дұрыста  болды.  Көп  кешікпей  аудандар 
қайта  құрылды.  Т.Текеев  «Мұнайшы»  газетін  қайта  ашып,  оның  редакторы  болды»,-  деп,  оның 
жұмысына үлкен баға береді. 
Тәжібай Текеев – ақын. Отты жылдарда жарық көрген сарғайған аудандық газет беттерінен 
оның  бірнеше  өлеңдері  жарияланғанын  көріп,  көшірмелерін  түсіріп  алдым.  Қан  майданнан  жаралы 
оралған  қаламгер  солдаттың  әр  өлеңдері  елдің  еңсесін  рухани  жағынан  көтеруге  бағышталды.  Ақын 
Тәжібай Текеевтің «Социалистік Эмба» газетінің 1945 жыл 23 февраль № 6 (651) санында «Еңбектегі 
жеңістер» атты өлеңін оқып көрелікші: 
− 
Мынау Ембі... Ұлы еңбек – 
Сыбанған сом білектер. 
Іс қиынын бұлар жеңбек 
Еңбек сүйгіш жүректер. 
 
Кеудесімен көк тіреген 
Кереметім   - буровой. 
Тітіренткен жер жүрегін, 
Техникалы терең ой. 
 
Қайратына долотоның 
Қойнын ашты қар жер. 
- Жетістікке жетсін қолың, 
Мұнайшылар мұнай бер. 
 
Бер мұнайды әр учаске 
Кешегіден, бүгін көп! 
Түсіндерші бәрің бәске, 

127 
 

Кім озады бүгін! – деп. 
 
Татьяна Хан мастердей 
Қарқын болса тобыңда. 
Артық мұнай әр бес күнде 
Он тонналап қолыңда. 
 
Егоровтай ерінбесең 
Еңбек саған бас иер. 
Жер мұнайын алып берсең, 
Сені бүкіл ел сүйер. 
 
Мігір таппай Әбдеш сынды 
Ісің бітпей, үй көрмей. 
Сүйсең сондай жұмысыңды, 
Қалмақ емес іс өнбей. 
 
Мықты болсаң Мұқитовтай 
Жуасып жер жайланар. 
Шапшаңдығы тап ұршықтай 
Роторың айналар. 
 
Көп айналсын роторлар, 
Качакілер иілсін! 
Өндіріліп артық майлар, 
Жеңіс қорға құйылсын! 
 
Мейлі Ембі мұнайынан 
Мола тапсын немістер! 
Бұдан былай ұдайынана, 
Арта берсін жеңістер![4]. 
Осылайша  мұнайшыларды  мол  өнім  алып  майданға  жөнелтуге,  сөйтіп  халқымыздың  ұзақ  күткен 
жеңіске үлес қосуға шақырды. 
Тәжібай  Текеев  –  айтыс  ақыны.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  дауылпаз  ақын  Жамбыл 
салған жолмен ақындар айтысы қайта жаңғырды. Қаһарлы жылдардың қауырт оқиғаларын тез көріп, 
жедел  бейнелеуде,  майдандағы  қимылдар  мен  жауынгерлерлің  ерлік  бейнесін  жасауда  поэзия 
шеберлері  елеулі  еңбек  етті.  Отан  сүю  мен  ел  қорғау  тақырыбы  ақындардың    жаңа  тынысын  ашты. 
Солардың сапында ақын Тәжібай Текеев айтыс өнерінің қыры-сырын терең меңгерген, ойы жинақты, 
көркемдік  жағынан  анағұрлым  жатық  сөз  зергері  атанды.  Оның  дәлелі  ретінде  ақын  Т.Текеевтің 
ақындар  Сұраубай  Үттібаев,  Зейнолла  Қабдолов  және  маңғыстаулық  Мұқамбетовтермен  айтысын 
оқығанда көзің жете түседі.  
Айтыс  кезінде  Комсомол  мұнай  кәсіпшілігі  атынан  түскен  ақын  Т.Текеев  майданда  дұшпанды 
жеңуге, тылда майдан мүддесіне лайықты еңбек етуге үндеді. Мысалы, Қошқар атынан айтысқа түскен 
С.Үттібаевтің: 
...Сөйлейін кезегімде Қошқар жәйін, 
Сөйлесем ағызамын тілдің майын. 
Жүлделі жүйрік едім бәйгені алған, 
Тыныс бар шаршамайтын шапқан сайын. 
Ембінің алтын отау – Қошқарының 
Табысын тасқындатып мен жырлайын, 
Лайсаң Отан соғысы күндерінде 
Мұнайым болып тұрды күнде дайын. 
Келемін айдан-айға сөзден шығып, 
Берілді Отаныма арзан майым. 
Істейміз жазғы күндей қыс күнінде 
Жарыста социалистік шаршамаймын. 
Аудан мен облыстан үш ту алдық 
Бұлардан қолымдағы айырылмаймын. 
Тойымыз Қазақстан мүшелінде 
Табыспен таң қалдыра ағындаймын. 

128 
 
Ал, өзің қалай жүріп, қалай тұрсың 
Айтып бер өндірісіңнің ішкі жәйін? 
Тәжібай: 
 
Ау, Сәке, көп мақтадың Қошқарыңды, 
Білемін сырлы сөзді қосқаныңды. 
Дауым жоқ артығымен орындадың, 
Серт еткен міндетің мен жоспарыңды. 
Бірақта, қысқа жақсы әзірмен деп, 
Айтпаңыз ондай маған оспағыңды. 
Аралап кеше өзіңмен шыққанымда, 
Санама тоқығанмын бос жағыңды. 
Отырсыз әзірліктен түк өндірмей, 
Кеткем жоқ «ПГ»ларды  көзім көрмей, 
Жалаңаш эксцентрик «еңіреп» тұр. 
Панасыз жан ашыр жоқ жетімдердей, 
«Қыс болса бұзыламыз сәлем айтқын – 
Ауданға» - деп қалды ғой қолың сермей. 
Қатпақшы выкидной линия, 
Қыста ертең, қойсаң бұған көңіл бөлмей, 
Комсомол әзірленді қыс кезінде, 
Электер цехым түсті жұрт көзіне, 
Гараж бен мастерской озат шығып, 
Тұрғызып жатыр жаңа цех өзіңе, 
Қошқарда осылардай озат барма 
Қарт жырау жауап берші бұл сөзіме?... 
Айтыстың  бұдан  әрі  жалғасында  Т.Текеев  өндірістегі  кемшіліктерді  ашып  көрсетіп,  оны 
жоюдың жолдарын көрсете келіп: 
...Ерлерім еңбектегі қолы жеткен 
Табыстан айрылмасқа айналысты. 
Ұлы той Октябрь мен Қазақстан, 
Сыйлыққа шығарамыз жойқын күшті, 
Біз бұрын қарақшыдан айналамыз. 
                Тазартып кемшіліктен алдағы істі»,- деп қорытындылайды [5].  
Баршаға  мәлім,  өткен  жылы  академик  Зейнолла  Қабдоловтың  85  жылдық  тойы  аталып  өтті. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  ақынның  алғашқы  тырнақ  алды  өлеңдері  туралы  мен  «Ұлы  Жеңіс 
жыршысы» атты мақала жариялағам болатынмын («Атырау», 11.12.2012 ж.). Заңғар жазушы айтысқа 
келу  тарихын  ол  былай  шертеді:  «Атақты  Жамбыл  бастаған  ақындар  айтысы  сол  кезде  күллі 
Қазақстан бойынша дәстүрге айналды. Айтыс болмайтын жер жоқ. Доссорда да айтыс болып жатты. 
Мен айтысқа қатыстым. Сол тұстан күні бүгінге дейін «Мұнайшы» газетінің редакторы болып істейтін 
Тәжібай  Текеев  дейтін  кісі  де  өлең  жазатын.  Мен  сол  Тәжібаймен  айтыстым.  Онымыз  аудандық 
газеттің бір бетін тұтас алып жарияланды» [6].  
Сол ақындар айтысы Мақат аудандық «Социалистік Эмба» газетінің 1945 жыл 10 сәуір № 657 
санында  «Бір  қосып  жер  асты  ісін,  гараж  күшін  –  күресті  күшейтелік  мұнай  үшін!»  тақырыбымен 
жарияланды.  Аламан  жыр  сайысы  1945  жылдың    27  наурыз  күні  Доссор  поселкесіндегі  мұнайшылар 
үйінде  өтеді.  Бұл  күнді  шақырылған  қонақтар  мен  зал  іші  толған  тыңдаушылар  асыға  күтеді. 
Шымылдық  ашылысымен  БК(б)П  Орталық  Комитетінің  партия  ұйымдастырушысы  ж.Қожағұлов  сөз 
сөйлеп  айтыстың  тарихи  маңызына  тоқталады,  одан  әрі  Қазақстан  Жазушылар  одағының  Гурьев 
облысындағы өкілі С.Хайдаров жалғастырады. Ол ақындардың әрқайсысын жеке таныстырғаннан соң, 
барлығын сахна төріне шақырады. Алдымен мұнай өндіру бөлімі атынан халық ақыны Жүсіпов Құмар 
мен силевой станциясы атынан жас ақын Аманшин Берқайыр, екінші айтысқа - № 1 учаске атынан жас 
ақын Мұратов Сәрсен, № 2 учаске атынан жас ақын Түйешиев Түрекеш, үшінші айтысқа – жер асты 
жөндеу  бригадасы  атынан  жас  ақын  Қабдолов  Зейнолла,  өндіріс  қоймасы  атынан  жас  ақын  Текеев 
Тәжібай шығады.  Алғашқы айтыста  Құмар  ақын  силевой  станциясының  барлық  кемшілігін  жіпке тізіп 
беріп,  жас  ақын  Берқайырды  жеңіп  шығады.  Жұрттың  назарын  аударған  айтыс  жерасты  жөндеу 
бригадасы мен өндіріс қоймасы арасындағы айтыс болды. Сөз шеберліктерін өлеңмен өрнектеген екі 
жас  ақынға  барша  дүйім  жұрт  риза  болған.  Сол  күні  айтысқа  қатысқан  барлық  ақындарға  салт 
дәстүрімен сый құрмет көрсетіледі.Енді сол айтыстан қысқаша үзінді беруді жөн көрдім: 
                      

129 
 
 
  ЗЕЙНОЛЛА 
Қоймасы қара алтынның Доссор – Алып, 
Атақты промысел аты қанық. 
Дүниеде теңдесі жоқ қара алтынды, 
Сурып жер астынан жатыр алып. 
Кеудесі көк тіреген буровойлар, 
Тынбастан күні-түні әнге салып. 
Шапшытып жер мұнайын аспанға ата, 
Ақырғы жеңіске тұр дабыл қағып. 
Таянып келе жатқан ұлы тойға, 
Білемін жеңіспенен баруы анық. 
Сол Доссор көлемінде мұнайлы алап, 
Қас қақпай күні-түні тұрмын қарап. 
Насоспен штанганың қозғалысын 
Мүлт етпей тексеремін қолмен санап. 
Кеселге келе қалған қарсы тұрам 
Толған күш – тұла бойым қару жарақ. 
Алдында Сталиннің ант еткенмін 
Күреске мұнай үшін жалғыз қадақ. 
Тоқтаса – скважин – жүрсе сараң, 
Үзілсе штангалар тарам-тарам. 
Көрсетіп жедел жәрдем дәрігерлерше – 
Жеті қат жер астында жөнге салам. 
Турасы мың метрден сынсадағы – 
Мезетте бұрынғыдай түзей алам. 
Блунжер штангадан үзілсе де 
Жаңадан жалғастыру жолын табам. 
Жойқынмын жердің астын жөндейтұғын, 
Кедергі еш қандай күш болмайт маған. 
Лепіре көкке атылып арындаған, 
Қара алтын менсіз жерде алынбаған. 
Суырған жер өңешін механизм – 
Мүлтіксіз менсіз бабы табылмаған. 
Орным зор промысел өмірінде 
Тынысым қиындыққа тарылмаған. 
Жұмыста міндетің бір жолдасым ең, 
Сөйле гараж! Сөз бердім енді саған 
Келесің қалай жүріп, тартынбастан – 
Тәжібай, баяндашы кәне маған. 
 
 
    ТӘЖІБАЙ 
Жан емен сөз бергенде үндемейтін, 
Тетігі бұл өлеңнің тілде дейтін. 
Ендеше сүйір тілмен сүйкенемін, 
Ақыным болсаң мені күндемейтін. 
Зейнолла естуші мең, көрдің бе әлде 
Ақбөкен қарсы шабат желге дейтін. 
Желгенде жетегіне желді ертпеген 
Жүйрік жоқ одан бетер жерде дейтін. 
Ақбөкен – Автомобиль – одан да артық 
Шабыста ынтықпайтын, терлемейтін. 
Трактор тегеуріңді сом темірден 
Жеңіл мен ауырыңды тергемейтін. 
Қарамы қап тауындай зат болсада, 
Жасқанбай сүйреп өрге өрмелейтін. 
Өр кеуде тракторым – алып танкі 
Майданда алға құлаш сермелейтін. 
Інінде айуанды бірінші боп, 

130 
 
Советтік танкі езеді – осы сертім. 
Сол танкі Сталиндік ту байлаған, 
Берлиннің биігіне шығады еркін. 
Ақбөкен – Автомобиль жүйріктерім, 
Трактор қуаттымыз күші керім. 
Екеуі ел ісінде – ер пішінде 
Келеді көтерісіп салмақ керін. 
Жаннаттай жайлы орынды – гараж дейді 
Бұлардың тынығуға келген жерін. 
Келсе егер, осы жерге кеудесіне, 
Күш қосат мамандарым – слесарім, 
Жасқанбай жер астына қолым салдым. 
Мұнайға көмектестім деп мақтандың, 
Мақтаныш – білмеймісің бірі екенін, 
Атамыз Абай айтқан бес дұшпанның 
Шынында менсіз сенің күнің бар ма, 
Табысқа талай сені сүйреп бардым. 
Қолтықтап көтермесем көрер едің, 
Мен жоқта – ісің де жоқ, жатып алдың, 
Ал енді, өзің тыңда, сұрайын жай – 
Мұнымды есіңе ұста бұдан былай, 
Осы жыл басталғаннан промысел, 
Борышты 162 тонна мұнай. 
Осының жартысына жауаптысың, 
Алмаймыз кемтігіңе енді шыдай. 
Гараждың тракторын көп күттірдің, 
Жүргізіп бірде былай, бірде олай. 
260-шы скважинада 
Көрсеттің шабандықтың түрін ұдай. 
Орнына 3 тәуліктің жетеу істеп, 
Неліктен құтың қашты тап осылай...» [7].  
Қорыта  келгенде,  ел  басына  күн  туып,  ерлер  қан  майданда  жаумен  шайқасқанда  сөз 
зергерлері атанған ақындар легінде Зейнолла мен Тәжібай осылайша отты жырларымен Ұлы Жеңіске 
осылайша үн қосты. Жас ақындардың өлеңінен тастай түйінген мұнайшылардың қажырлы еңбегі  жан-
жақты көріне түсті. Осылайша еңбек ерлерінің өнегелі істері мақтан етілді, артта келе жатқандары сын 
садағына ілінді.  
Тәжібай  Текеев  ағамыз  тек  ғана  мақаттықтардың  айтыс  ақыны  болғаны  емес,  сол  кездері 
облыс  құрамында  болған  Шевченко  мен  Маңғыстау  аудандары  арасында  болған  айтысқа  шыққан. 
Төменде айтысты толық мәтінде беріп отырмын:  
 
 
    Текеев 
− 
Ақынның айтар кезі асыл сөзін, 
Шешеннің табар кезі сөздің тезін. 
Айтыс деп жиналған жұрт құлақ түрсе, 
Кетпей ме бойды билеп күшті сезім. 
Терейін алтын, күміс сөз жақсысын, 
Неғылам көп айтылған сөздің жезін. 
Жаңаша жырдан желі тарта біліп, 
Дәуірде сталиндік айтар кезім. 
Байлығын мақтан етіп ауданымның, 
Бұлақтай ағытайын жырдың көзін. 
Қарашы шаттық  жырдың шалықтауын, 
Шыңға өрлеп, құлаш сермеп жалықпауын. 
Каспийдің жағасында нардай шөккен, 
Аралап көрейінші Адай тауын. 
Биік тау, жақбарлы тас-жер сұлуы, 
Жайқалған етегінде бақша-бауың. 
Мөлдіреп аққан бұлақ төбесінен, 
Құйғандай жер бетіне шыңнан жауын. 

131 
 
Жер желек жамылғандай көрінеді, 
Аралап отырсаңыз тау қойнауын. 
Шығады алдыңыздан төрт түлік мал, 
Жайлаған «Сенек Сомса» жаз жайлауым. 
«Қызыл су» - құнарлы жер мал өрісі, 
Секілді жердің құты елге сауын. 
Бұл жерден мал азығын дайындаймыз, 
Көтеріп көк құрақтың байлап бауын. 
Желеді ескек желді құм ойнаған, 
Бұл жерге бақ орнайт деп кім ойлаған. 
Атақты Украинаның Тарасымен, 
Әуелі осы жерге ел орнаған. 
Талдан-тал өсіп-өніп жетілмей ме, 
Күндерде гулді бақша және орнаған. 
Қоршалай өскен гүлді ортаға алып, 
Атымен Шевченконың қала орнаған. 
Орнады Форт-Шевченко көркем қала, 
Каспийдің жағасынан орын ала. 
Одаққа маңызы оның мәлім болды, 
Бакумен қатынасып Махаш қала. 
Сәулетті ауданымның орталығы, 
Орнаған мәдениет, оқу сана. 
Жұрт болып қосылғанда жарыс дуға. 
Жарысты бізде жаздық қызыл туға. 
Көтеріп көк үстіне қызыл туды, 
Шақырдық берген сертті орындауға. 
«Не ексең соны орасың» дегендей-ақ, 
Ауданым бар міндетін орындауда. 
Мәпелеп туған төлді баға білдік, 
Көбейді сол себептен малым қолда. 
Маңқыстау бәсекелес аудан едің, 
Сөйлеші, біз тыңдалық кәне сонда.... 
 
               Мұқанбетов 
− 
Сөйледің байлығыңды,  Тәжібайым, 
Белгілі айтпасаңда сенің жайың. 
Ақыным маған кезек бергеннен соң, 
Байлығын Маңқыстаудың баяндайын. 
Қаптаған өрісімде төрт түлік мал, 
Келемін алға басып күн-күн сайын. 
Жарыста алған сертті орындауда, 
Кем болып мен сенен қала алмаймын. 
Жақсарған малдың күйі ауданымда, 
Келеді  басып алға шаруа жайым. 
Жоспарым мал өсіру маған берген, 
Орындап төрт түліктен еттім дайын. 
Салайын сұлу әнге сөзбен өрнек, 
Байлықтың аудандағы күйін тербеп. 
Өсіріп малдың басын аман сақтап, 
Келемін күннен күнге құлаш сермеп. 
Сақтадым шығын бермей салалы етіп, 
Жайылды малдың басы бізден өлмек. 
Малымыз көргеніңде көз тартады, 
Егер де тамаша ғып болсаң көрмек. 
Жоспарым мал өсіру жөніндегі, 
Орындалды артығымен бізде дендеп, 
Міндетті үкіметтік дайындықтар, 
Берілді осы күнде жоқ бізде бермек. 
Осындай жетістігім арқасында, 
Табысым күннен күнге ақты селдеп, 

132 
 
Бізде бар алдыңғылар топтан озған. 
Шынына табыстардың құлаш созған. 
Орындап міндеттерін артығымен, 
Кохозым озат шыққан «Жаңа қорған». 
Даярлап мал азығын сапалы етіп, 
Қыс қора күні бүгін әзір болған. 
Өсіріп малдың басын күйлі етіп, 
Сақтаған шығын бермей әрбір малдан. 
Бастығы колхозымның Өтепбергенов, 
Колхозын бастай білген таймай жолдан. 
Жұмысты елім үшін мен үдетіп, 
Табысқа күннен күнге тұрмын жетіп, 
Жоспарды төрт түліктен орындадым, 
Өсіріп малдың басын өркендетіп. 
Кезекті енді ақыным саған бердім, 
Егер де ақындыққа болсаң жетік. 
Бөлінген біздің елден отау едің, 
Қатты ма қанатыңыз әбден бекіп. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет