Әдебиеттер тізімі:
1. Бекжан О. Көктүрік қағанаты // «Жалын», 2010, № 12, 74-80 б.б.
2. Кляшторный С. Г. Кипчаки в рунических памятниках // Türcologica, 1986. К восьмидесятилетию
академика А.Н. Кононова. Л.: 1986. С. 153-164.
3. Каржаубай С. Обьединенный каганат тюрков (по материалам рунических надписей) Астана, 2002,
С.97-99, 178.
4. Рашид ад дин. Сборник летописей, М-Л., 1952.
5. Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. Астана: Фолиант, 2008. 728 б.
6. Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей я сведения об их
численности // Живая старина. Год шестой. СПб., 1896. Вып. 3 - 4.
7. Құдайбердіұлы Шәкәрім. Түрік қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. А., 2004.
114
ӘОЖ. 820
Х.ЕРҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІНІҢ СОМДАЛУЫ
Садықова А.Т., Есетова А.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
В статье рассматриваются вопросы духовного и патриотического воспитания в произведениях
народного писателя Казахстана, поэта, журналиста Х.Ергалиева.
The article examines the spiritual and patriotic education in the works of Kazakh national writer, poet
and journalist H.Ergalieva.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақ әдебиеті тарихында әр кезеңде өмір сүрген ұлы
тұлғалардың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасын, қоғамдағы алған орнын суреттеу дәстүрі
қалыптасты. Ғұмырнамалық, тарихи деректік мәліметтер негізінде көптеген көркем шығармалар
дүниеге келді.
Бірқатар қазақ романдарында кешегі өткен соғыс пен соғыс кезіндегі ел өмірінің шындығы сөз
болды.
Әсіресе, адам тағдырына әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан қарау және оның
философиялық сырын ұғыну соғыстың шындығы арқылы танылатын шығармалар қатарында
Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер», (1956) «Шырағың сөнбесін» (1981) ауылдағы соғыс жаңғырығын
бейнелейтін Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1967) романдарында ел намысын
қорғаған жандардың адамдық кейпі жайындағы туындылар тұрды.
Тарихи қызуғушылық, соның негізінде халық тарихының қилы - қилы кезеңдері мен тарихи
оқиғалардың қоғам, адам өміріндегі орны, рөлі жайлы ойлау, толғана отырып көркем бейне сомдау
осы кезеңде қаламгерлер қаламынан шыққан туындыларда көбірек байқалды.
Өмірдің қым-қуыт қайшылықтарын бүркемей, шиыршық атқан эмоциялық бояумен, серпінді ой,
өткір тілмен шындықты шырылдай жырлаған қазақтың ақиық ақыны Хамит Ерғалиев еді.
Ақын шығармаларының басты ерекшелігінің өзі ел тағдырын, халық тағдырын, тәуелсіз
еліміздің бүгіні мен болашағын биік пафоспен жырлауында.
Хамит Ерғалиев жай лирикаға барып ғана қоймай, тарихқа көз жүгіртіп отырды. Тарихи
тұлғалардың тағдырын қалам ұшына іліндіріп, өткен мен болашақты, еңбек пен өнерді жырлап,
ғажайып дастандар тудырды. Кешегі Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңін де көзден таса қалдырмады.
Поэмаларының алғашқыларының бірі «Әке сыры» - әкенің баласына айтқан толғанысы, сыры
түрінде жазылған дастан. Ақын әке мен баланың қарым-қатынасын суреттей отырып, отаншылдық
рухты оқырманға түсінікті тілмен жеткізе білген. Осы поэма жөнінде академик С.Қирабаев: «Солдаттың
соғыс оқиғаларын емес, алған тебіренісі, ішкі жан дүниесі, биік моральдық бейнесі зор шабытпен
жырлаған» деп әділ бағасын береді.
Ақынның тарихи дастандарының бірі – «Аңыз ата» дастаны. Өткен ғасырдың 60-жылдары
жарық көрген сюжеті жағынан лирико-философиялық шығарма. Халық арасына кең танылған аңыз-
әңгімелерді автор өзінше зерттеп, қорытып, шығарма арқауы етіп алады. Украин халқының ақыны
Тарас Шевченконың Маңғыстау түбегінде болған кезеңі ғана суреттелгенмен, ағартушылық,
демократтық пікірі мен азаттық идеясы үшін патша тарапынан қуғын көрген Т.Шевченконың жергілікті
халықтың хал-жайын, мұрат-мүддесін түсінген, жабағы тон киген, жаны жабырқау қазақтың дархан
көңілін, достық ықыласын сезген, олармен етене араласқан жайттарын жырға қосады. Одан әрі автор
дала түлегі Құрманғазы мен Днепрден келген Тарас Шевченконы жүздестіреді. Поэмада ақын екі
халықтың өнерлі ұлдарын кездестіру арқылы өнер үшін еш кедергі де, шекара да жоқтығын, өнер
бүкіл халықтың игілігі екенін айтып отыр.
Дастанның өзегі – ұлы Кобзордың қайғы-мұңы, екі жақты езгіде тұншыққан қазақ халқының
трагедиясы, екі халықтың ұлы перзенттерінің өнер құдіреті туралы сырласуы.
Тарихи тақырыпты өнер тұлғалары өмірімен ұштастыра білген Хамит Ерғалиев қаламынан
«Құрманғазы», «Күй дастан» поэмалары да дүниеге келді. Достыққа берік, досына мейлінше адал
Х.Ерғалиев ұлы сазгер, қазақтың тұңғыш композиторы, домбыра үнін ұлттың әуелеген әнімен әлемге
теңестіріп, оркестр мен операға жеткізген, дос ағасы Ахмет Жұбановқа арнап «Күй дастан» поэмасын
жазады. Ұлы композитор да өз кезегінде Х.Ерғалиевке арнап «Хамаң толғау» деген күйін арнайды.
«Күй дастан» үш бөлімнен тұрады. Ол – биік мақсатқа, жоғары идеяға құрылған ақынның
мазмұнды еңбегі. Халқымыздың рухани мұраларының бірі күй табиғатын жете меңгеріп, елі үшін мол
мұра қалдырған ән-күй тарландарының, өнер саңлақтарының туындыларын жинап, зерттеп, талмай
еңбектенген ғалым, академик А.Жұбановтың өміріне арналған құнды шығарма.
115
Шығарманың поэтикалық негізгі өзегіне композитор өміріндегі елеулі қоғамдық және
шығармашылық кезеңдер нысан болады. Композитор А.Жұбановтың биік тұлғасын оның рухани өмір
жолдарымен әсерлі суреттер арқылы сомдайды.
Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» дастаны – қазақ әдебиеті тарихында өте жоғары бағаға ие болған
шығарма. Автор «Құрманғазы» дастанында тек күйші мен күйшілік өнер туралы ғана емес, оның
бейнесі арқылы халық өмірінің шындығын, тағдырын, әлеуметтік хал-ахуалын, әйел теңсіздігі мен
халықтар достығын қоса көтереді. Шығарманың арнауы, прологы мен эпилогы «Қозыбақ сазы»,
«Ақсақ киік», «Ерегіс», «Келін жолы», «Тұтқын», «Сот алдында», «Қайран шешем», «Айжан қыз»,
«Көбік шашқан» т.б. сияқты жеке-жеке тараулардан тұрады.
Дастанда Дина бейнесі екі жерде ғана кездеседі. Дина Құрманғазының тарихи мұрагері
іспеттес, аз көрінсе де жалт етіп есте қалады.
Дастанның өн бойында Құрманғазы жеке тұлға емес, ол – халықпен бірге болып, онымен
тұтасып кеткен жан.
Атақты «Сарыарқа», «Адай», «Төремұрат», «Көбік шашқан», «Перовский маршы» т.б.
күйлердің шығу тарихын сипаттайды, оны заманның ауыр көріністері, ел ішіндегі етек алған озбырлық
пен қиянат, әділетсіздік, ұлы композитордың өскен ортасы шынайы да көркем суреттеледі.
Ұлы тұлғаны көркем бейнеге айналдыру - Хамит Ерғалиев сияқты ақиық ақынның ғана
қолынан келетін дүние.
Шығармада табиғат көрінісі де шебер суреттелген. Кәдімгі айдала. Мидай дала жолы,
жаугершілік ізі сайрап жатқан қайғылы, шежірелі дала жолы. Төбе сайын қара құзғын қалықтап
жүретін, бірақ мөлдір аспанды дала. Бұл жердің көктемі де ерекше. Мұзы жарылып, сең жүріп,
аласапыран болып жатқан Жайық өзені. Өте алмай әбігер болған ел, дөңбекшіген ақжал толқындар.
Құм баласы Құрманғазы қайталанбас сұлулығы бар ыстық шағылын, жусаны мен бетегесін, қурайы
мен жыңғылын, жоңышқалы тепсеңі мен сағым тербеткен белдерін, толқылуы тентек теңізін күйге
қосты.
Хамит Ерғалиевтің «Жылдар жылдар» поэмасында уақыт өзгерістері елде болып жатқан тосын
оқиғалар, шындық өмір, бейбіт заманның қызық та күрделі тұстары, тәуелсіздігімізбен бірге келген
жаңа өмір кейіпкер көзқарасы арқылы таратылады. Әр жылдардағы ұрпақтар үндестігін жеткізуде
психологиялық талдау әдісін шебер қолданады. Ақын көп өлеңдерінде тарихымызға шолу жасап
отырады. Патриотизм деген киелі түсінікті де нақты бір жермен, нақты бір халықпен байланыстырып
алады. Ол жер-өзіміздің туған жеріміз Қазақстан, нақты халық - өзіміз, қазақ халқы екенін
ұғындырады, мақтанышпен жырға қосады.
Хамит Ерғалиев – азаматтық позициясы биік, уақыт жүгін көтере білген, әлеуметтік мәселерге
де осы азаматтық позициямен бара білген, бүгінгі күннің келелі мәселелерін терең зерттеген, халқына
адал қызмет еткен ақын.
Тарихымыз бен тарихи тұлғалар жайлы тебірене келіп, «Туған жер толғауы» атты өлеңінде
философиялық ой толғайды.
Тұңғиық әлемінен сыр шертер көркем туындылар тарихи тұлғалардың кісілік келбетін, жеңіс
пен жеңілістен тұратын тағдырына терең үңіліп, кейінгі толқынның ақиқат жолынан адаспай алға
басуына бағдаршам болатыны сөзсіз.
Ардақты ақын, прозашы - журналист, Қазақстанның халық жазушысы Х.Ерғалиев тарихи
тұлғалар бейнесін, өз замандастары мен бірі аға, бірі іні болып келетін белгілі тұлғалар Қ.Аманжолов,
З.Қабдолов, С.Мұқанов, О.Сүлейменов, Ғ.Қайырбеков туралы да «Жақсыдан шарапат» атты эсселер
жинағында әңгіме қозғап, сыр шертеді.
Поэзиясы рухани қазынамыздың бір бөлігіне айналып, әдебиетіміздің алтын қазына сүбелі-
сүбелі туындыларын берген Хамит ақын шығармаларын оқи отырып, жастар бойына Отан сүю, елін
сүю, туған жерін қастерлеу сияқты туған халқы алдындағы қасиетті борышты сіңірту – біздің
парызымыз.
116
ӘОЖ: 82-95
ҰЛТТЫҚ ДРАМАТУРГИЯДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІН СОМДАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК
САБАҚТАСТЫҚ
(Берік Қорқытовтың «Махамбет» драмасы негізінде)
Аяпова Г.Б.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Мақалада Б.Қорқытовтың «Махамбет» драмасындағы дауылпаз ақынның тарихи образын
бейнелеудегі орны сипатталады.(ағылшын тілінде болуы керек)
В этой статье рассматривается исторический образ поэта в драме «Махамбет» Б.Коркытова.
Драматургия жанрындағы Махамбет бейнесін сомдаудағы тарихи тақырыпты терең меңгеруде
Ілияс Жансүгіровтің үлгі-нұсқа боп келгенін айрықша атау қажет. І.Жансүгіровтен үлгі - өнеге ала
отырып, М.Ақынжановтың «Исатай - Махамбеті», Ғ.Слановтың «Махамбеті», Б.Аманшиннің
«Махамбеті», Қ.Мырза - Әлінің «Жаралы жолбарысы», С.Жүнісовтің «Махамбеттің өмірі - айы»,
Б.Қорқытовтың «Махамбеті», Р.Сейтметовтің «Туған ұлдан не пайдасы?», Иран – Ғайыптың
«Махамбеті» және Р.Отарбаевтың «Бас» шығармалары тарихи драма дәстүрін жалғастырған
туындылар болды.
Ұлттық драматургиядағы Махамбет бейнесін сомдау сипатында жазылған шығармалардың
сабақтастығын ұсыну мақсатында көркемдік жетістіктерін байыптау үшін өзге де қаламгерлердің
пьесаларымен қатар - Атырау топырағынан түлеп ұшқан драматург - журналист, шежіреші
Б. Қорқытовтың «Махамбет» драмасы да жан-жақты сөз болуы қажет деп ойлаймыз.
Б.Қорқытовтың «Махамбет» драмасында тарихи тақырып өткен уакыттың оқиғаларын тізіп
суреттеу арқылы ашылмайды, тарихи тұрғыдан сипатталған характерлер жасау жолымен айтылады.
Драмадағы көркем бейнелердің дені тарихта аты белгілі адамдар. Дәуірдің негізгі тенденциясын
білдіретін трагедиялық образдар шындықпен тамырласады, заманның әлеуметтік, экономикалық-
идеологиялық жағдайларымен байланыстырылады.
«Махамбет» драмасы екі актілі, төрт көріністен тұрады. Қатысушылар саны - 9. Драма
жайбарақат жатқан ауыл көрінісінен басталады да, бірден тартыс элементі жалғасып кетеді. М.Әуезов:
«Драматургиядағы конфликт мәселесі - пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтердің
бірі... драматургияның негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан
бөлектеп тұратын шартты белгі осы конфликт» [1,115] - деп атап өткен болатын.
1-Шабарман: мына ауыл әлі көшпей жайбарақат жатыр ғой.
2-Шабарман: басына камшы тимей көшкен ауылды көргенің бар ма?
3-Шабарман: бұлар солай, жақсылықты білмейді, қазір өзім барып әкелерін танытайын, қалай
көшпес екен [2.247]
- деп бірден бастаған тартыс үш шабарманның әулекі сөздерімен дамып,
сұлтан Қарауылқожа мен ақын Жанкісінің диалогына ұласады. Берік Қорқытов драмаларының
тартысы мықты, сомдаған характерлары шығарма композициясындағы әрекеттеріне байланысты мінез
танытады. Ауылдағы бүліктің үстіне Махамбет келеді. Драма идеясы Махамбет жауабы аркылы
ашылады.
Махамбет: Адам көрмей теріс карап тұрған мен емес, сен, елмісің, жаумысың?
Қарауылқожа: Ел деп келіп едім, жаулықты сенің еліңнен көріп тұрмын.
Махамбет: Жаулық бұл елден емес, алдымен өзіңнен шығып жүрген болар, бұл ел сенің жерің
емес, қалай келіп, не іздеп жүрсің?
Қарауылқожа: Әй, Махамбет, бұл ел сенің жерің емес, қалай келіп, не іздеп жүрсің деген не сөз,
ол кімдікі, жер кімдікі, алдымен соны зерделеп алмайсың ба, есің болса?
Махамбет: Әзірге есім дұрыс, ел хандікі, жер халықтікі, соны білесің бе?
Қарауылқожа: (Махамбетке алара қарап) елді кім билесе жер де соныкі, буынсыз жерге пышақ
сілтеме, мерт боласың, жер хандікі болған соң кайда жүрсек те өз еркіміз, орынсыз жерге кимелеп
кірікпе.
Махамбет: Қарауылқожа, абайламай сөйлеп, басқа жақтан келгеніңді білдіріп, артыңды ашып
алдың-ау, қара халыққа хан ие, қара жерге халық ие деген әлімсақтан айтылып келе жатқан, хан да,
қара да тоқтайтын аталы сөз бар [2, 250]. Махамбеттің қайтарған ұтымды жауабына тоқтамаған,
Қарауылқожа ханға сеніп, елді күшпен шабуға, көшуге бұйырады. Махамбет соңындағы
нөкерлерімен Қарауылқожа мен шабармандарының қарулары мен көліктерін алып, хан ордасына
жаяу қайырады. Махамбет соңындағы
жігіттерін ертіп, «найзаны саптап, қылышты баптап, садақты
сайлап, атқа қоныңдар, енді шегінер жер қалған жоқ, тарттық Исатайға!» деп Кіші жүздегі ұлт-
азаттық көтерілісті бастауға аттанады. Келесі көрініс Хан Жәңгірдің ордасында баяндалады. Махамбет
117
көрсеткен қарсылығын Жәңгір хан Баймағамбет, Шомбал атты би-сұлтандарымен ақылдасып
отырады. Драмадағы хан айналасындағылардың бет-бейнесін осы көріністе жан-жақты ашылады.
Шомбал: соның қолтығына су бүркіп, сөзін сөйлеп, әулие тұтып, қолпаштап жүрген Беріштің
асыранды құлы, қаңғырған қызылбас Махамбет, ол сіздің құзырыңыздан қалай шығып жүр, алдияр
тақсыр, хан ием?
Баймағамбет: Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас дегендей құлдың аты қайда
барса да құл, оны аяқка басып жаншып тастау киын емес» [2,254].
Ханға ақыл қосар, елдің ертеңін ойлар азаматтардың жауабы от басы, ошақ қасының сөзінен
де төмен жатыр. Драматург «Махамбет» трагедиясында тарихи адамның өмірінен алынып жазылған
драмалык шығармада дәуірдің, кезеңнің сырын терең ашып көрсетті. Бүл трагедияда дауылпаз
ақынның жүрегіне қайғы толтырған түнек. заманның сүрықсыз кейпі, бүкіл қаталдық, зүлымдық сиқы
әшкереленеді. Махамбет образы арқылы драматург сол замандағы қазақ халқы басындағы ауыр
халді әйгіледі. Б.Қорқытовтың драматургтік шеберлігі мынада: ол пьесаға халықтың тағдырын арқау
етіп алады да, осыған орай өрбіген оқиға төңірегінде Махамбеттің өмірінің бүкіл мағынасын ашады,
сөйтіп, акынның сом тұлғалы образын жасады.
Бірақ солардың ішінде қас жауының алдында тап Махамбетше көзбе-көз қарсы тұрып,
айбат шеге, күш көрсете сөйлегені, «Күндердің күні болғандай, бас кесермін жасырман» деп, қаһар
теккені жок шығар, Өмірде де, шығармада да халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі үшін, жарқын
болашағы үшін адал еңбек еткен, шыбын жанын қиған ардагер ерлердің шоқ жұлдызы ішінде
Махамбет осындай ешкімге ұқсамайтын жеке-дара бейнесімен окшау тұр. Ақын арман еткен еркіндік
заманда Махамбет есімін халқымыздың көңілінен мәңгі бақи өшпек емес. Ілияс Жансүгіров
«Махамбет-Исатай» пьесасы қазақ драматургиясында Махамбет образын сомдап қана қойған жоқ,
жан-жақты қалыптасқанын да байқатты.
Махамбет: Халқымды қамдар едім, Еділдің бойы ен тоғай, қоңсы-кқпсыларды толтырмай, ел
кондырар едім, жағалай жатқан сол елге мал толтырар едім, теңдікті малды бермес едім, теңдіксіз
малға көнбес едім, аса жұртты меңгеріп, қара казақ баласын хан ұлына теңгерер едім, жерімді беріп,
сатпас едім, қара бастың қамы үшін халқыңды жылатып, жеріңді саттым дегенің, елді сатқаның, ол
ертең жеріңе кіріп алған соң, құйыршықтарын алдырып, құрсағыңнан шалдырып, ел басқарып, бала-
шағаңды жұмсап құл етеді, балаңды адам қылам деп еліне алып кетіп оқытады, өзіне бейімдеп
үйретеді, одан шыққан бала ата мекенін, әдет-ғұрпын, тілі мен дінін ұмытады, еті үйреніп алған соң
мынау менің сатып алған өз жерім деп басыңа әңгір таяқ ойнатады, аксақалмен астас, батырмен
бастас, данасымен достас болар едім, басы үйірілсе аяғы айналамнан асып кайдабарады?
Жәңгір: Қайт райыңнан Махамбет, Еділ мен Жайық арасын қалмақ ауа көшкен соң иелікке
сұрап алған кім? Өтеміс пе, әлде Бөкей ме?
Махамбет: Менің әкем Өтеміс те емес, сенің әкең Бөкей де емес. Алты атанға қос артып, алты
жыл қоныс қараған, қырында болар қызығы, суында болар балығы деп озалда бұл жерді Асанқайғы
бабам қалаған. Содан қалған, кіндік кесіп, кір жуған ата мекен, ата қоныс, ал Асанқайғы бабамыз төре
емес, қара қазақ болатын, сондықтан бұл жерді менікі деп, сенікі деп алалаудың керегі жоқ, оған
көктегі тәңірімнің өзі куә.
Жәңгір: Өзің ішкен құдыққа түкірме, шүйгінді жайлауды сүзіп, құт-береке құм-шағылын кешіп
жүргенің кімнің арқасы? Осы өңірге табаның тимесе кетер едің Қырымның қырына, Хиуаның ойына.
Махамбет: Әріге кеттің-ай, Жәңгір, бірақ айтпасыма амал жоқ, бұл жерден жеті жұрт кетіп жол
салған, талай қырғын соғыс болған, арғы атаң Шыңғыс та табан тіреп тұра алмаған, толарсақтан саз
кешіп, қанжығадан қан кешіп, дұшпаныма көнбен деп, жерімді жауға бермен деп, түн қатып жүріп түс
қашқан қарағай бойлы Қазтуған, Мұсаның ұлы ер Олақ, Жаңбыршыдан жалғыз Телағыс, Нәріктің ері
ер Шора, Қараның ұлы Сидақ, Күлектің ұлы Қартқожақ, Естерекұлы ер Тарғын, Қара Қыпшақ
Қобыланды, Даттың ұлы Сырым семсерін сермеп, қанжарын қайрап, найзасын түйреп, қылышын
қанға малдырған, қара басы кетсе де, халқын да, жерін де азулыға алдырмаған, тағы да айтам,
бұлар да төре емес еді, менің.еркіндеп жүргенім, сенің қалтылдақ болсаң да хан болып отырғаның
солардың арқасы, кімге хан болар едің, мұны неге ұмытасың?
Жәңгір: Көзіңді шел қаптап тасиын деген екенсің, Махамбет, насыбайынды құндап, көк шөбіңді
бұлдап, кездеменді мақтап, тіліңді безеп, жаныңды кезеп бара жағалап Хиуада жүргеніңді көрер ме
еді. Енді боларың болып, кемеліңе толған соң кекірігің азайын депті, есің болса ірге ажыратпа,
старшындық Исатай екеуіңе аз нәсібе емес, бірің оңымнан, бірің солымнан тіреу болып тұрсаңдар
өзгеге сыртүрей емес пе? Кешегі сыналап келген келімсектер бүгінде сүйемдеп ішіме еніп барады,
есіктен күле кіргенін қайтейін, күңіреніп шықса да, көңілім жәй, тек төр менікі демесе болғаны.
Тірліктің бес күндік қызығы мен шыжығы кімнің басынан өтпеген, кедірлігің мен содырлығың басыңа
бақ болып қонбас, қара орманға қарсы шапқан оңбас, сені құртсам халықтың азасына каламын, мені
шапсаң сен ақ патшаның назасына қаласың, қайт, Махамбет, райдан қайт! [2,261].
118
Б.Қорқытовтың драмалық шығармасы Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы
тарихта болған жағдайды тізбелеп көрсетпейді. Кезеңдегі ең басты деген ойларды санамалап
көрсеткен. Драманың екінші актісінің үшінші көрінісі Махамбеттің Баймағамбетпен кездесуі
сипатталады. Махамбеттің Баймағамбетпен кездесуі туралы ақынның кейінге жеткен толғауларының
ішінде «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» деген он екі бөліктен тұратын шығармасы бар.
Берік Қорқытов біз тоқталғалы отырған көріністе - осы шығарманы өзек етіп алған. Драматург
Махамбет ақынның толғауын диалог арқылы өңдеп ұсынған. Драманың ең соңғы көрінісінде Жәңгір
хан өлгеннен кейінгі жағдай сипатталған. Елді билеуге Фатима ханым шығады. Дегенмен, бар күш,
билік орыс патшасыньщ қолында. Ханға көңіл айта келген Махамбет Фатиманың ел билеуіне
тілектес екенін білдіре отырып, «Хан-сұлтандар құрымай тұрғанда ерікті ел, еркіндейтін ер бола қояр
ма екен? Өзіңе айтар аздап сауалым бар, соған құлақ сал, ханым» деп көкейіндегі арманын
білдірмекші болады.
Б.Қорқытов драмалық шығарманың тілінің бейнелілігі, көркемдік, стильдік ерекшелігі
жайында пікірлер жоқтың қасы. Ю. Юзовский былай дейді: «Что касается драматургии, где что язык-
то характер, что характер - то язык, нет почти ни одной пъесы, в которой Горький не затрачивал бы
принципиально темы языке героев, типичности языка целых общественных групп, роли слова в
образовании характера» [3, 163]. Ал қазақ ғалымы М. Дүйсенов «Драматургия шеберлері
кейіпкерлердің әрбір сөзіне ой салмағын салған, оның астарлы мағынасына тұспалдай айтып,
нысанаға дөп тигізетін өткірлігіне айрықша мән беріп отырған» [4,148], -дейді. Кейіпкер сөзі -
драмалық шығармаларда бейне жасау амалын қаһарманның сөз саптау салмағын, табиғатын береді.
Мысалы, Баймағамбет: Күліңіз, күліңіз шаруаңыз түгел болған соң, әрине күлесіз. (Жәңгірге
қарап) елді азғырып жүрген осы жауыздықтарын протоколдап, әкесі Өтемістей түрменің түбінде шіріту
керек, әкеңіз Бөкей бір пәледен солай құтылған, бұл бұзылған Махамбет. Сол әкесінің кегін қуып жүр,
- деп көре алмаушылықтан туған тілінен Баймағамбеттің қандай кейіпкер екенін болжауға болады.
Драматург Б.Қорқытовтың сөйлем құрау шеберлігі де ерекше сипатта, яғни сөзді нәрлі, әрлі
реңімен беріп отырады. Мысалы: Баймағамбет: «семіздікті кой көтереді демей ме, семіздіктен секіріп,
тойғандықтан кекіріп, тұлыбына симай, жарылып бара жатқан болар» [2, 253], Жәңгір: «Олай деп
тайыздан ойлама, сұлтаным, орақ тісті орма емес пе? Ол біздердей мылқау емес, тіліп түсер тілі бар,
ойып түсер ойы бар, өзін жойғанмен сөзін қалай жоясың? Еділ мен Жайықтың арасына тарап кеткен
сөзді қай құдірет жояды? Оған құдайыңның да құдіреті жетпейді, бірге-бірге келгенде ел бізді емес,
Махамбетті тыңдайды, Махамбет тамыры тереңге кетіп бара жатқан мықты, ол құдайыңды да
тыңдамайды, тірелер жері біреу ғана, ол – Исатай» [2, 253].
Б.Қорқытов драматургиясынан байқалатын композициялық ерекшелік пьесаларының оқиғасын
біраз ретте шегініске құруынан да көрінеді. Шығарманың шегініске құруының бір ұтымды жері -
өткен мен бүгінгі күннің окиғасын сабақтастыру, байланыстыру. Драмада өзіндік даралық сипатымен
ерекше көрінген екінші ірі түлға –Жәңгір хан. Баймағамбет, Қарауылқожа, Шомбал сияқты тоғышар
би-сұлтандар ортасы жағымпаздықтың сан түрін салып құйқылжытса, орыс патшасы бодандықтың
зәрлі құрдымын көзге елестетеді. Арыстандай айбаттанып, қара халықтың арманын аялаған Махамбет.
Үш бағыт "қапастағы ойды" жан-жақты тартқылайды. Жәңгір хан Махамбет шығармаларындағыдай
"қас албасты басқыр" болып бейнеленбейді, драмада оқыған-тоқығаны мол, ақыл мен сабырлылықты,
байсалдылық пен байыптылықты қатар ұстаған, ел ертеңін ойлаған ардагер азамат ретінде
сипатталады. «Махамбет» драмасы өте ықшам, кейіпкер бейнелері дәл, тартымды ашылған туынды.
Берік Қорқытовтың қаламынан алты драмалық шығарманың ішіндегі «ең шоқтығы биігі» - «Махамбет»
десек қателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |