Әдебиеттер тізімі:
1. Илья Жақанов «Ықылас» романы, Алматы «Өнер» 1990
2. Илья Жақанов «Еділ-Жайық», Алматы «Өнер» 2002 ж.
3. Илья Жақанов «Бұлбұл әуезі», Алматы «Дөйт-Принтхаус» 2006 ж.
4. Илья Жақанов «Еділ-Жайық» (эсселер, новеллалар), Орал «Дастан» 2008 ж.
5. Илья Жақанов «Зәуреш», Астана «Фолиант» 2012 ж.
6. Қ.Жүсіп «Ән тербеген әзіз жүрек», «Атырау» газеті, 17.01.2012 ж.
ӘОЖ 378.242
ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ ҚҰСИЫН АЙТҚАЛИЕВТІҢ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕКТЕРІ
Ботагариева Г.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
Қоғамның үдемелі дамуы білім беру жүйесі мен қоғам алдында толағайлы міндеттер қойып
отыр. «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» тарихи
компонетті күшейту міндеті айқын көрсетілген. Себебі тарих қана тарихи сананы
қалыптастырады. Қазақстан педагогикасының тарихи дамуы жолдарын анықтау үшін өткен
жолдардағы көрнекті қайраткерлердің педагогикалық мұраларын басшылыққа алып зерттеу
қажеттігі тарихи сананы қалыптастыру міндетін шешуге көмектесетіні анық. Тарихи- педагогикалық
мұраны жетік білмей тұрып , білім беру мен мәдениет саласындағы өзекті мәселелерден шешім
табуда қиын. «Ұлттық мұра» Мемлекеттік бағдарламасының (2004ж) аясындағы жаңа
тұжырымдамалық тұрғыда ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосып еліміздің тарихында
өшпес із қалдырған тарихи-тұлғалардың еңбектерін оқу-тәрбие үдерісінде енгізу жүзеге
асырылуда. Тарихи педагогикалық тұрғыдан алғанда қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы
мен, еліміздің мақтанышы және ұлтымыздың ең таңдаулы болып табылатын көрнекті қазақ
ғалым – пеадагогтарының ғылыми-теориялық және практикалық қызметінің белсенділігімен
сипатталады.
Олардың ішінде халық ағарту ісі мен білім беру жүйесінде елеулі еңбегімен танылған, көрнекті
педагог Қ. Айтқалиевтің орны ерекше.
Ол өмірінің балалық шағындағы жанұялық-әлеуметтік қиыншылықтарына қарамастан
шыңдалып өсіп, өзінің өмірлік позициясын білім алу мен ғылым жолына арнап, игерген білім
дағдыларын жас ұрпаққа сіңіруге бағытталып, Қазақстанға танымал педагог маманға айналды.
Ол
дүниеге келген 1930 жылдар Қазақ халқының тарихында ашаршылық пен нәубетшілдік жайлаған
кезең болатын. Бұл уақыттардағы ел тағдыры ауыр сынға ұшырап, әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың қиындаған, ауыл шаруашылығының тұралаған, саяси сфераның аумалы-төкпелі дәуірі еді.
Осындай қилы заманда туған Қ. Айтқалиевтің балалық шағы да оңай болған жоқ. Бала Құсиын
алты жасында әкеден және қамқор болар ағаларынан айрылып, анасы екеуі ғана қалған болатын. Жас
шағынан бастап колхоз жұмысына араласқан ол өзінің күш-қуатын сарп ете отырып, балалық кезең
өмірін қиын белестермен өткізді. Оның сурет салуға құштарлығы, сөз өнері мен ана тіліне
ынтызарлығы осы кезеңнен басталды. Ол ауылдағы жеті жылдық мектепті , одан соң Гурьев
қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті 1948 жылы бітіріп, еңбек жолын Бақсай ауданындағы
“Красный Каспий” колхозында кіші есепші болып бастаған. Сонымен қатар комсомол ұйымының
хатшысы қызметін де атқарған.
Өзінің болашағын білім алу жолына арнап, облыс орталығы Гурьев қаласындағы мұғалімдер
институтын 1954 жылы бітіріп, 1963 жылы Гурьев педагогикалық институтын аяқтады. Студенттік
шағында да өзінің дарындылығымен , білімділігімен, таланттылығымен, жігерлілігімен көзге түсіп,
ұстаздарын тәнті қылды. Сонымен қатар оқу орнының қоғамдық қызметтеріне де белсене араласып, өз
заманының білікті маманы болатындығын байқатты. Гурьев педагогикалық институтын үздік
дипломмен бітірген Қ. Айтқалиев терең білімімен, тума талантымен өзінің өмір жолын 1954 жылы
Құлтай сегізжылдық мектебінде сабақ берумен жалғастырды.
Оның ұстаздық өмірін бастаған 1950 жылдарда елімізде де көптеген оқу-ағарту ісінде
реформалар мен жаңарулар жүзеге асып жатты.
Мемлекетіміздегі осындай оқу-ағарту ісі саласындағы оңды өзгерістерді терең түсінген Қ.
Айтқалиев өз мүмкіндіктерінің дәрежесінде бірқатар игі істер атқарып, заманының тәлімгер ұстазына
айналған еді. Яғни, 1956-1958 жылдары Бақсай ауданының Талқайраң жетіжылдық мектебінде
140
директор қызметін атқарып, білім мекемесін басқарудың озық тәжірибелерін жинақтады. Сол жылдары
Қазақстандағы ағарту ісі саласына ерекше үлес қосып, білім беру саласында танымал, тәжірибелі
ұстаздардың біріне айналды, өзінің практикасындағы мектеп өмірінде оқу ісінің меңгерушілігін
атқарған кезінде мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастарды, ұйымдастырушылық қызметті,
шығармашылық жұмысты дамытып, педагог мамандардың сапалы білім мен саналы тәрбие беруінде
игілікті істер атқарды. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көңіл бөліп, оқу-
әдістемелік үрдістерді жетілдіру, дидактикалық құралдардың қорын байыту т.б. нәтижелі
жұмыстармен көріне білді.
Сол жылдары Қ. Айтқалиев аудан мен ауыл өміріне, ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударып,
білім беруде өздігінше жаңа бастамалар ұсынды: ата-ана мен мектеп арасындағы қатынасты
нығайтты, ауыл жағдайындағы рухани мәдениеттің дамуына зор үлес қосты, ел болашағының негізі
білімділік пен зиялылық екенін жете түсінді. Осындай халық үшін жасаған нәтижелі қызметі мемлекет
тарапынан ескерусіз қалмай марапатталып отырылды. 1966 жылы “Ерлік еңбегі үшін” мерекелік медалі
табыс етілді.
Еліміздегі игі істерді жүзеге асыруға белсене кіріскен, педагогтік салада белсенді қызмет
еткен, ел өміріндегі рухани-әлеуметтік даму саласындағы өзгерістерді қолдап отырған Қ.Айтқалиев
жемісті еңбектері арқылы Республикалық деңгейде танымал бола бастады, оны өз мамандығының
шынайы шебері ретінде оқу-ағарту саласындағы ағартушылық ортасы да мойындады.
Осындай заманындағы оңды өгерістерді, ілгерішіл көзқарастарды қабылдап, облыс пен
республикадағы оқу-ағарту ісіне зор еңбек сіңірген Қ. Айтқалиев 1967 жылы “Қазақ ССР-нің еңбек
сіңірген мұғалімі” атаған алды. Бұл атақ 1967 жылы 25 мамырдағы бұйрықпен Атырау облысы
бойынша 2 адамға беріліп, соның бірі Қ. Айтқалиев болатын болса, 1967 жылы 15 тамыздағы
Жарлықпен облысымыздағы 8 мұғалімге беріліп жалғасын тапты.
Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс, мектептен тыс уақыттарын тиімді өткізу бағытында әр
түрлі тәрбиелік шараларды да ұдайы ұйымдастыруды қолға алды. Осындай шараларды ауыл
еңбеккерлерінің еңбектен тыс демалыс уақытын ұтымды өткізу үшін болатын мәдени-көпшілік
жұмыстармен сәйкестендірді. Ол кезеңдегі ауылдық елді мекендердегі халықтардың рухани
қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылмауы, мәдени орындардың жетіспеуі, ана тіліміздегі радио-
телебағдарламалардың аздығы, яғни төл мәдениетімізді өз деңгейінде ұдайы жаңғырту қажеттілігі
туындағаннан кейін, 1960 жылдардан іргесі қаланған Қ.Айтқалиевтің ұйымдастыруымен жұмыс
жасайтын халық театры да өз қызметін тиімді атқарып жүрді. Ол кездегі шалғай елді мекендердегі
мәдени орындардың аздығы театрлар мен клубтардың көшпелі қызмет етуіне де алып келді. Бұл
ойымызды мына деректер дәлелдейді: “1969 жылы аудан орталықтарынан малшылар мен
пішеншілерге облыс бойынша 57 автопоезд ұйымдастырылды. 1970 жылы облыста халық мәдениет
үйлері, 69 селолық клубтар, 86 автоклуб, 7 “қызыл үй” жұмыс жасады» . Осындай рухани-әлеуметтік
қажеттіліктерден туған театрда халқымыздың ХХ ғасырдың басындағы прозалық шығармалары, қазақ
классиктерінің туындылары сахналық қойылымдарға айналды. Олар халық арасында үнемі
ағартушылық маңызға ие болды, негізгі мақсаты – театр өнерінің этикалық-эстетикалық мазмұнын
тыңдаушыларға жеткізу. Қ. Айтқалиев ұйымдастырған Алға селосындағы халық театры еңбекші
бұхараның мәдени-рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық орынға айналды.
Осындай әлеуметтік саланы қамтитын, мектеп өміріне оңды өзгерістер алып келген
ұстазымыздың игі істері ескеріліп, еңбегіне сай республикалық деңгейде марапаттауларға ие болды.
Атап айтқанда, оған 1970 жылы “В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы” медалі, 1971 жылы “Еңбек
Қызыл Ту” ордені берілді.
Құсиын Махамбет ауданында Алға орта мектебінде директор болған кезінде ұжым басқаруда
соны істер, ұтымды әрекеттер мен адамгершілік үлгі өнеге де көрсете білген. Соның бірі - мектепте
оқытылатын барлық пәндердің теориялық негізінен директордың толық хабардар болуы, бағдарлама
талаптарын жетік білуі. Бұл өлшемдерді міндетім деп түсініп, ол нәтижесіне қол жеткізер жолды да
айнытпай табады. Шәкірт бойындағы тума талантын, икемділігін, тегеурінді талабын, асқақ арманын
алдын-ала танып, оқушыларды соған ғана сәйкестендіріп бағдарлау керек екендігін жақсы түйсінген
ол әріптестеріне де талапты осы тұрғыдан қояды.
Айтқалиевтің аудан мұғалімдері мен мектеп басшылары алдында сабақ берудің озық үлгілерін
көрсетуі, одан басқалардың да үлгі алуы сияқты ортақ игілікке айналатын жұмыстары да жетерлік. Ол
облыста бірінші болып сабақ процесін оптималдандыруды өзі басқаратын мектепке енгізіп, заман
талабына сәйкес үнемі жаңашылдыққа ұмтылып отырды. Жылдар бойы жинақтаған тәжірибелерін
арнаулы тақырыптарда баяндап, мақалалары облыс пен республика бойынша жүлделі орындарға да
ие болып отырды. Мысалы, Алматы қаласындағы “5-7 сынып оқушыларына әдебиет теориясынан
берілетін білім көлемі”, Павлодарда “Орта мектеп оқушыларына әдебиет теориясынан берілетін білім
көлемі” атты баяндамалары бірінші жүлдені иемденді. Ал “Село мектебіндегі еңбек тәжірибесінің
жүйесі” деген баяндамасы одақтық педагогикалық оқуға жолданды.
141
Жаңашыл ұстаз Одақтық, республикалық көлемде өткізілген жиындарда, ғылыми-әдістемелік
конференцияларда, педагогикалық оқуларда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға
байланысты іс-тәжірибелерін ортаға салып, көпшілік алдында қолдау тауып келеді. Мысалы Москва
қаласында ВДНХ көрмесінде “Шылауды ірі блокпен өткізу тәжірибесін” көрсетіп күміс жүлдемен
оралды.
Республика, Одақ көлемінде жаңа қолға алынып жатырған мектеп кеңесін, селолық көлемдегі
тәрбие алқасын құру сияқты бастама істер Қ.Айтқалиевтің басшылығымен Алға орта мектебінде
бұрыннан-ақ іске аса бастады. Мысалы “Қоғамдық сынып жетекшілері”, “Қоғамдық тәрбиешілер”,
“Педагогикалық жасақтар”, “Мектеп ішіндегі мектеп”, “Достық клубы”, “Клуб ішіндегі клуб” тәрізді
мектептің тәрбие жұмысындағы қоғамдық істер атқаратын ұйымдарды да құрып, олар заманына
сәйкес оқу-ағарту саласында белсенді қызмет етті.
Жалпы айтқанда, мектептен тыс тәрбие жұмыстарымен қатар оқушының үйлесімді, жетілген
тұлға ретінде дамуына мектептен тыс мекемелердің де тәрбиелік маңызы зор. «Мектептен тыс
ұйымдар жеке тұлғаның дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, балалардың шығармашылық еңбегі
мен олардың қабілеттерін жүзеге асыруға, қоғамда өмір сүруге бейімделуіне; азаматтық сана-
сезімдерінің, жалпы мәдениетінің қалыптасуына, салауатты өмір салтына, бос уақытының мазмұнды
ұйымдастырылуына жағдай жасайды» .
1970-1980 жылдардағы
Қазақстандағы
білім беру
саласының дамуында айтарлықтай жетістіктер мен жаңашыл үрдістер жүзеге асты.
Ғылым жетістіктерін мектептегі пәннің ғылыми негіздерімен байланыстыру, мектептердегі жаңа
мазмұндағы оқыту жүйесін жетілдіру, теориялық-практикалық тұрғыда қолдану аса маңызды болды.
Балалардың
жеке
қабілеттерін,
жас
ерекшеліктерін,
индуктивті-дедуктивті
ойлау
мүмкіндіктерін, физиологиялық-психологиялық ерекшелік-терін ескеріп оқу жоспарларын құру қажет
болды. Оқу құралдарына маңыз беріліп, олардың күрделілік деңгейі терең сараптаудан өткізіліп барып
оқушыларға ұсынылу көзделді.
Осы Республика көлеміндегі көтерілген ғылыми-педагогикалық мәселелерді Қ. Айтқалиев та
қолдай отырып, жүзеге асуына белсене араласты.
Бұл кезеңде мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып, арнайы кабинеттер,
техникалық құралдармен, зертханалармен қамтамасыз етілді. Аудио-визиуальдық техникалық
телевизиялық хабарлар қолданыла бастады.
Тәжірибелі ұстаз осындай материалдық-техникалық жабдықталуды да тиімді пайдалана
отырып, оқу-тәрбие процесінде озық жетістіктерге жетті, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін
көмекші құрал ретінде оңтайлы қолдана білді.
1980 жылдар оқу-ағарту ісінің жүйеленіп, дамыған, жетілген, шыңдалаған, теориялық-
тәжірибелік деңгейге көтерілген кезеңі болатын. Білім беру орындарының саны мен сапасының өсуі,
халықтың білім алуға деген құштарлығының артуы, соған сәйкес ұстаздардың да оқу-тәрбие процесін
жетілдіруде жаңашылдыққа ұмтылуы, мектеп түлектерінің жоғары білім алуға ұмтылысының күшеюі
және ондағы студенттер санының артуы т.б. қоғам дамуының обьективті заңдылығы ретінде іске асты.
Бұл істерді жүзеге асыруда Қ. Айтқалиев сынды ағарту саласының майдангерлерінің де үлесі бар
екендігіне күмән жоқ. Ол Қазақ ССР-нің білім беру мен ағарту саласының озық қызметкері деңгейінен
КСРО аумағына да танымал үздік педагог тұлға ретінде әйгіленді.
Сондықтан ұстаздар ортасында қол жете бермейтін биік құрметті атақ “КСРО Халық мұғалімі” 1980
жылы 12 мамырдағы Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасында
бірінші болып Қ.Айтқалиевқа берілді.
Кеңес Үкіметі тұсындағы білім беруде оқушылардың ақыл-ой қабілетінің жетілуіне байланысты,
сабақтың мазмұнын тереңдетіп өткізу әдіс-тәсілдері, формалары жаңаша ойластырылуы керек болды.
Осындай
әрбір сабақты мұқият ойластыруды
Қ.Айтқалиев үнемі
ұстанатын қағидасына
айналдырғандығын да байқау қиын емес: “Тамаша өткен бір сабақ баланың мәңгілік есінде қалады.
Сондықтан сабаққа, сөйлеген әр сөзіңе үлкен жауапкершілікпен қарау керек”,-деген қанатты сөздері
де осыны айғақтайды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Сейталиев, Қ.Ботағариева. Қ.Айтқалиев атындағы атаулы мектеп: тәжірибе, ізденіс,
шығармашылық / Ізденіс-Поиск, № 4 (2), 2006 (б. 174-178)
2. М.Аташев. Айтқалиевтің атаулы мектебі. “Жайық шұғыласы”. 23 маусым 1990
3. Айтқалиев Қ.А Жадыңда болсын жас ұстаз.Атырау: Атырау мемелекеттік университет,2007.
4. Айтқалиев Қ. Реформа және ауыл мектебі.//Қазақстан мектебі, № 9, 1988 .-24б.
5. Қ.Айтқалиев. Менің мектебім – менің өмірім. // “Жезқазған туы” 7 март. 1990. №46 3б
6. Атырау облысы Махамбет ауданының мемлекеттік тарихи - өлкетану мұрағаты қор 19/ // 52, тізбе
1, / құжат 6, бума-3.-139 бет, б, 68
7. Қ.Айтқалиев. Жадында болсын жас ұрпақ. Атырау: “Атырау-Ақпарат”-2003; б-3;
142
ӘОЖ 82–1: 891–5
СОПЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕГІ ҚОЖАНАСЫР БЕЙНЕСІ
Камишева Г.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
kamisheva_gulnur@mail.ru
Сопылық ерте заманда қалыптасқан, нақтылы уақыты белгісіз рухани бірлестік. Бұл
бірлестіктің өкілдері осы ұғымның пайда болу уақытына аса мән бермейді де. Олар тек ақыл-ой
бірлігіндегі адамдардың дүниенің бар бұрышында ықылым заманнан бері бар екендігіне ғана назар
аударады. Көпшілігі сопылықты мұсылман дінінің бір сектасы ретінде қабылдайды. Бұл дұрыс емес.
Өйткені сопылық көзқарас кез - келген дінде кездеседі.
Сопылық көзқарастың алғашқы беделді авторларының бірі Әли әл- Хаджуридің айтуы бойынша
пайғамбарымыз Мұхаммед былай деген көрінеді: «Сопылардың тілегін естіп, оған «әмин»
демегендерге Алла разы болмайды». Бұл сөздерден біз Мұхаммед пайғамбардың сопылықпен
байланысы бар деп ой түюімізге болады. Бұған оның жүрегінде сенімі бар кез-келген дін өкілдерін
құрметтеуге шақырған сөздері де дәлел бола алады.
Сопылықты секта деп атауға болмайды, өйткені ол ешқандай да діни догмалармен байланысты
емес. Бірақ сопылықтың өзінің мектебі, өздерінің ұстаздары болған.
Сопылық жол діни идеалдың көрінісі. Мұның арғы шығу тегі «Суфия» партиясы мен Ас-Сари-
Ас-Сакати тобындағылар өз жұмысын тастап, дін шындығы мен Аллаға деген тазалығын , махаббатын
білдіру үшін ел-жұрт, үй-ішін тастап, азап-қиыншылығы мол кезбелікті таңдап алады. Сол арқылы
құдаймен табысуды мақсат етеді. Сопылықтың ірі өкілдерінің бірі- Әл-Жиһаз (255-869 ж.ж.) : «Дін
ақыны, ең алдымен, сопы болу керек дей келіп, Мен де өзгелер секілді не айқай салушы едім. Не
қасида оқитын едім»,- деген екен [1,12]. Сопылықтың өзіне тән сипаттарын әртүлі әдеби шығармалар
аша түседі. Бұл көзқарас туралы алғашқы әдеби туындылар б.з.д. ІІ мың жылдықтан бастап пайда
болған. Дегенмен де мұндай әдеби туындылардың көптеп пайда болуы біздің заманымыздың ҮІІІ-
ХҮІІІ ғасырларына тура келеді
.
Сопылық Ислам дінінің аясында ұзақ уақыт бойы өркендеп дамығандықтан, шығыстық сипат
алып кеткен. Бірақ, батыста да өздерін сопылармыз деп атамаса да, сондай көзқарастағы адамдар
баршылық.
Сопылар әлеуметтік гармониядағы діни әдет-ғұрыпты қатты сыйлап, діни аңыздар мен
әңгімелерді өте жоғарғы саналық деңгейде талқылайды.
Сопылық - тек сопылық әдістер арқылы ғана танылады. Атақты Роджер Бэкон :« Кез-келген
нәрсені танудың екі жолы бар. Бірі- нақты дәлел арқылы болса, екіншісі- тәжірибе арқылы. Нақты
дәлелдер біздің ойымызды қорытып, онымен келісуге әкелгенімен, адамның ойындағы күмәнді
толығымен жоймайды. Ал тәжірибе арқылы сол нәрсенің дұрыстығына көз жеткізсек, ақылымыз
ақиқатты мойындайды»,- депті. Бұл сопылық теория батыста индуктивті дамудың ғылыми әдісі ретінде
кеңінен танымал деген сөз.
Сопылық әдебиет танымның осы аталған екі жолына негізделген. Қоғамды қоректендіретін
нәрсе ретіндегі сопылық сол ортада өзінен-өзі дамымайды. Ол міндетті түрде ұстаздар тарапынан
таралып, дамиды, үйретіледі. Табиғи құбылыс түріндегі сопылық мектеп елдің дәстүрлерінде із
қалдырып, немесе антропологиялық қызығушылықтар үшін емес, адамдардың санасына қозғау салып,
жүректеріне сүйіспеншілік сезімін ұялату үшін пайда болып дамиды да, кейіннен өз миссиясы
біткеннен кейін жоқ болып кетеді. Осы тенденцияны ұстанған танымал сопы- ұстаз Джами: «Сақалға
өсуге мүмкіндік берсе, ол шашпен таласады»,- деген тұжырым айтады [1,21].
«Мәдениеттің үш формасы бар: дүниеуи мәдениет, яғни қарапайым ғана ақпараттарды жинау,
діни мәдениет- белгілі бір қалыптасқан заңдылықтар мен шарттарды орындау, таңдаулылар
мәдениеті, яғни өзін-өзі дамыту»,- депті атақты сопы Худжуири [2,21].
Сол сияқты Эзоптың мысалдарында көртышқан туралы айтылған хикая бар. Онда кішкентай
көртышқан анасына:- Мен көретін болдым ,- деп жүгіріп келіпті. Бірақ көртышқандардың соқыр
болатыны баршамызға мәлім ғой. Анасы оны тексермек болып, қолына бір зат ұстап, не екендігін
сұрайды. Ол: - Бұл тас,- деп жауап береді. Сонда анасы: - Сен тек көру қабілетіңнен ғана емес, иіс
сезуден де айырылған екенсің,- депті. Сопылар өздеріне ұстаз санайтын Эзоптың бұл мысалында
айтылған ойды сопылық дәстүрден хабары барлар ерекше астарлы мағына бар екендігін біледі.
Көртышқан сөзінің арабшасы
«د ل ح» ( хулд) жазылуда араб тіліндегі «мәңгілік», «ақыл-ой», «жан» сөздерімен түбірлес.
Аталған сөздер бір түбірден тарайды. Мағынасын тек контекске қарай ажыратып алуға болады.
Жоғарыда айтылған мысалдан біз көбіне адамдардың бір нәрсені ұғу үшін оның сыртқы пішініне көп
143
көңіл бөліп, ақылға салмай, көргенімен қорытынды шығара салатынын ұғамыз. Ішкі мүмкіндігімізге
онша көңіл бөле бермейміз. Көртышқанның ішкі мүмкіншілігі қандай ? Оны білу үшін осы сөздің
арабшасының сыртқы пішіні, яғни түбірі не білдіретінін анықтап алайық:
«د ل ح »- ( халад)- өзгермейтін нәрсе;
«د ل ح »- ( халлад)- бір нәрсені мәңгілік ету;
«د ل ح أ »- ( ахлад)- бірдеңеге немесе біреуге жан-тәнімен берілу;
«د ل ح»- ( хулуд)- мәңгілік, жұмақ;
«د ل ح»- ( хулд)- көртышқан;
«د ل ح»- ( халад)- ой, ақыл, жан [3,221].
Сопылар бір түбірден тараған осы сөздер адамның дамуы үшін маңызды түсініктерді
топтастырады деген ой айтады. Бұл сөздерді сопылықтың картасы десе де болады. Осы сәйкестікке
сай «көртышқан» сөзін ақыл-ойдың символы ретінде қабылдауға болады. Өйткені ақыл- адамға тірек,
мәңгілік нәрсе. Эзоптың мысалын тек жеңіл-желпі алаяқты ұстау қиын емес деп қана түсінуге де
болады. Бірақ кез-келген әдеби туындыны тереңнен түсіндіретін сопылық көзқараспен танысқаннан
кейін біз бұл аталған мысалдың мәнін тереңнен іздеп, толық түсінуге тырысамыз. Кіші Азияда өмір
сүрген тағы бір атақты мысал жазушы Руми:«Ойдан шыққан кез-келген әңгіме ақиқатқа сәуле
түсіреді»- деген екен. Осы сияқты Джо Миллер мен Қожанасырдың әзіл әңгімелері де біраз уақытқа
дейін жеңіл түрде, тек күлкі шақыратын туындылар ретінде қабылданып келгені рас. Біз көп жағдайда
оның тереңіне үңіліп, астарына мән бере бермейміз. Ылғалдан айырылған құрғақ бұлттың жаңбыр
болмайтыны сияқты, жеңіл жағынан ғана қабылданған ондай туындылардың ғұмыры ұзақ болмайды.
Сондықтан да талпынбаған білмейді дегендей, біз бұл жұмысымызда баршамызға танымал Қожанасыр
туралы аңыздарды сопылық көзқарас тұрғысынан түсіндіріп көруді мақсат еттік.
Адам санасының сәбилік кезінен бастап, даму процесінің өзіне тән сан қилы бұралаң жолдарын
кешіп, ұзақ сапарда шыңдалып, жетіліп, ақыры көркем туынды дәрежесіне дейін көтерілген шағын
күлдіргі әңгімелер- Қожансыр туралы хикаялар болып табылады.
Қожанасыр- кейбір жекелеген жағдайларда ұшқыр ойдың мүмкіндігін ерекше көрсету үшін
дәруіштер тарапынан ойлап табылған классикалық кейіпкер. Бүкіл Орта Шығысқа танымал
Қожанасыр хикаялары метафизика тарихында қол жеткізген табыстардың бірі болып табылады. Бұл
хикаяларға көбіне үстірт қарап, шайханалар мен керуен-сарайларда, үйлерде айтылып, халық
арасына кеңінен таралып жүр. Мұндай хикаялардың бір ерекшелігі оны тыңдаушы өз деңгейіне сай
түсіне алады. Яғни олардың астарында әзіл де, мораль да бар деген сөз. Сондықтан ұлы Абайдың
«... Әрбір кісінің жаман қылығына күлсең, рахаттанып күлме, ызыланып күл, ызалы күлкі өзі де қайғы.
Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың. Әрбір жақсы адамдардың жақсылық тапқанына рахаттанып
күлсең, онда жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл»,- [4,7] деген сөзін үнемі
жадымызда ұстауымыз керек қой деп ойлаймын. Қожанасыр хикаяларын жеңіл ойлы адамдар әзіл
ретінде ұғынып, күліп қана қойса, ойында салмағы барлар езу тартқанымен оның түбіндегі моралін
ұғады.
Шын мәнінде ешкім де Қожанасыр деген кім, ол қайда, қашан туылды, тіпті ол өмірде болған
адам ба деген мәселеге көңіл бөле бермейді. Өйткені бұл жердегі басты мәселе - уақыт пен мінездеуге
бағынбайтын образ сомдау ғана болса керек. Бұл тұста сопыларға маңызды мәселе адам емес, идея
болып тұр. Десек те, кейбір зерттеушілер Қожанасырды тарихта болған деп, оның туған жылы мен
қайтыс болған жылдарын анықтауға тырысып та көрген. Мысалы, Бір ғалым Қожанасырдың : - Мен
басымды төмен салбыратып өмір сүремін,- дегенін негізге алып, оның қайтыс болған жылын 386 жыл
деп көрсетеді. Бұл тұжырымды ол нақты зерттеу нәтижесінде емес, бір дәруіштің көмегімен сия
сауытқа өрмекшіні салып, сол не көрсетсе, сұрағымыздың жауабы да сол болмақ деген сөзіне еріп
жасаған. Шындығында, олар өрмекшінің ізнен 386 деген санды көреді. Бұл 300+80+6 деген сөз. Осы
өрнектегі сандардың орнына араб алфавитіндегі оларға сай келетін әріптерді алсақ, «ف و ش »-
Достарыңызбен бөлісу: |