Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет34/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Список литературы: 
1.Тажибаев Т.Т.     Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине 
Х1Хвека. Алма-Ата, 1962, 508 с. 
2. ЦГА ф.№78 Временный совет по управлению Внутренней Киргизской Ордою 
3.  Урастаева  Г.Ж        Национальное  образование  казахов  России:  история  и  тенденции.  -  Алматы:  Галым, 
1998, 269 с. 
4. Н.А.Назарбаев  «В потоке истории».Атамура1999 
5  К.Д.Ушинский  «О средствах распространения образования посредством грамотности» 1860г 
 

196 
 
ӘОЖ 372.4    
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЛКЕТАНУ 
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
    
 Туленова Ұ.Т. 
  Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде 
біздің  елімізде  оқушылардың  дүниеге  ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру  оларды  оқытудың, 
тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі екендігін атап көрсетті. 
Бастауыш мектепті жаңарту үрдісі ең алдымен, бастауыш білім мақсаттарына түзету енгізуден 
басталады.  Бастауыш  білім  –  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  басқышы,  қиын  да  жауапты  жұмыс. 
Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта 
жөнінде  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру,  жағдайларды    обьективті  түрде  бақылап,  талдау  жасауға 
үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге , сөйлеу мәдениетіне үйретеді.  
Мектептің бастауыш сатысында оқытудың мақсаты: 

оқытудың келесі сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында  
оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  және  біліктіліктерін  дамытуды  қамтамасыз  ететін  қарапайым 
білім негіздерін меңгерту; 

негізгі оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру; 

ұлттық  ділін,  өз  елінің  мәдени-тарихи  ерекшеліктері  мен  дәстүрлерін  ескере  отырып,  отандық  және 
әлемдік мәдениетті таныту. 
Дүниетану  пәнін  оқытудың  мақсаты:  қоршаған  орта  жөнінде  білімін  кеңейту,  заттарды  және 
қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.  
«Дүниетану»  пәнінің  ерекшелігі  оқу  үрдісінде  оқушылардың  адамды  қоршаған  ортамен 
байланыстырылуында.  
Пәннің мазмұнына «Табиғат» «Адам», «Қоғам» - өзара байланысты білім блоктары енеді. әрбір 
блоктың мазмұны бірінші сыныптан төртінші сыныпқа тізбекті күрделене түседі. 
Пәннің  мазмұны  оқушыларға  ғылыми  білімнің  әртүрлі  салаларынан  мағлұмат  бере  отырып, 
дүниені  танудың  әдістерімен  (бақылау,  тәжірибе,  эксперимент,  моделдеу,  сараптау,  салыстыру, 
синтездеу т.б.) таныстырады. 
Пән  мазмұны  мектептің  кейінгі  сатыларында  география,  биология,  химия,  физика,  тарих  және 
қоғам тану курстарын оқып-үйренуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық  сипатын анықтайды. 
Дүниетану пәнін оқытуға 1-4 сыныптарда аптасына 2 сағаттан  уақыт бөлінген. 
Бастауыш 
мектептің 
оқу 
үрдісінде 
оқушылардың 
танымдық 
қабілетін 
арттырып, 
шығармашылық  әрекетін  дамытуға  жол  ашылу  қажет.    Соған  сәйкес  ең  негізгі  мақсаттардың  бірі  – 
оқушы тұлғасының дамуы, оның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, 
оқушыларға  жалпы оқу,  пәндік  білік-дағдыларды  және түрлі іс-әрекеттерді  жүзеге  асыру тәжірибесін 
меңгерту,  оқуға  деген  құштарлығын,  танымдық  қызығушылықтарын  тәрбиелеу.  Көптеген 
ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше аталған мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы – 
тұлғалық бағдарлы оқытуды қамтамасыз ету. 
Тұлғалық-бағдарлы оқыту идеясы бүгін бастауыш мектептің жаппай көпшілігінде қабылданған. 
Бұл  мұғалімнің 
оқытудың 
авторитарлық,  инструктивті-репродуктивті  түрінен  бас  тартып, 
демократиялық, шығармашылық-ізденушілік сипаттағы оқытуға бет бұрғандығын көрсетеді. 
Бүгінгі білім берудегі жеке тұлғаға бағыттай оқытудың мақсаты – баланың жасырын, тіпті тым тереңде 
жатқан  қабілеттерінің  көрінуіне  мүмкіндік  жасау,  дарынды  тұлға  тәрбиелеу.  Бұл  тек  жеке  тұлғаға 
бағыттай оқыту арқылы ғана нәтижелі болмақ.  
Бастауыш сынып оқушыларын тұлғалық бағдарлы оқытуда сипаттау үшін оның психологиялық 
статусына  қайшы  келмейтін  (мүмкіндіктері,  қызығушылықтары,  икемділіктері)  әрбір  баланың  дербес 
дамуын қамтамасыз ету өте маңызды.  Бұнда даму тек үйретілетін білім көлемінің ұлғаюын ғана емес, 
оқушының ертеңгі және жаңа құраушылардың қалыптасуын да анықтайды. Олар: 
бастауыш сынып оқушысы білімді түрлі жағдаяттарда, соның ішінде  
стандартты емес жағдайларда қолдана білуі керек; 
бастауыш мектепте оқу кезінде оқушы түрлі құралдарды (оқулық,  
тәжірибе,  лайықты  анықтамалық  әдебиет  т.б.)  пайдалана  отырып,  білімді  жинақтауға 
көмектесетін  біліктерді  игеруі  тиіс,  ізденушілік  әрекеттің  қарапайым  элементтерін  тани  білуі  керек 
(мұғалімнің басшылығымен және өз бетімен); 
оқушы кез-келген оқу тапсырмасын шығармашылықпен орындай алу  
мүмкіндігіне ие болуына, бастамашылдық пен тапқырлық көрсете білуге жол беру; 

197 
 
оқушы оқу барысында өзі орындайтын іс-әрекетті бақылау мен  
бағалауда толық құқылы қатысушы болуы тиіс. 
Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  идеясы  негізде  өлкетану  материалдарын  бастауыш  сатыда 
қарастырудың жөні бар. Осы орайда “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің, әсерлі, күшті, сіңімді болуы, 
қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, Һәм табиғаттан 
жазылып,  баяндап  оқытудың  асыл  мақсатында  муафик  үйретуден  осылай  біліп,  баяндап  оқытқанда, 
балқыған  жас  баланың  ойына,  қанына,  сүйегіне  ұлт  рухы  сіңісіп,  ана  тілін  анық  үйреніп,  керекті 
мағлұмат  алып  шығады,”-  деген  М.Дулатовтың  пікірін  негізге  ала  отырып,  біз  баланың  бастауыш 
сыныптан бастап тұлға ретінде қалыптасатынын байқаймыз [19, 259 б.]. 
“Орман,  теңіз,  тау,  өзен,  бұлақ  -  бұлар  табиғат  ісінен  жаралатын  мәселелер    …  жасалынды 
нәрселерді жасауға адамның ақыл-ойы, білімі керек”, – деп құнды ой салған  А.Байтұрсынов болатын 
[20,  72  б.].  Ол  адам    баласының  сәби  шақтан-ақ  қоршаған  орта  туралы  танып,  оқып  үйренуі  шарт 
екендігін  атап  өткен.  Жоғарыда  аталған  зиялы  тұлғалардың  пікірін  назарға  ала  отырып,  өлкетану 
мәселесін бастауыш сыныптан бастау керек деген тұжырымға толық қосыламыз. 
 Жалпы  өлкетану  материалдарын  сабақтың  бір  кезеңінде  (білімді  тексеру,  жаңа  сабақты 
түсіндіру,  қорытындылау,  өткенді  қайталау,  өзіндік  жұмысты  орындау  барысында)  қолдануы  мүмкін. 
Туған  өлке  туралы  мәліметтерді  әсіресе,  жаңа  материалдарды  өту  барысында  қарастыру, 
оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады. 
Дүниетану  сабақтарында  өлкетану  материалдарын  қолдану  мен  өлкетану  жұмыстарын 
ұйымдастыру және де олардың табысты болуы белгілі бір жағдайларға байланысты болмақ. Олардың 
ішінен  аса  маңыздысы  мұғалімнің  теориялық  және  әдістемелік  жұмысы,  өлкетану  жұмыстарын  оның 
практикалық  дайындығының  болуы.  Ең  алдымен  мұғалім  оқушылардың  ғылыми  білім  жүйесін, 
ұғымдарды, сенімдерді, ойлау әрекетінің белсенділігін туған өлке туралы білімсіз қалыптастыру мүмкін 
еместігін  түсіне  білуі  қажет.  Өлкетану  материалдарын  пайдалану  арқылы  біз  қоғамның,  табиғат 
өмірінен  қоршаған  шындықтың  фактілері  арқылы  құбылыстарды,  ғылыми  ұғымдар  мен  процестерді 
нақтылап, түсінеміз.  
Осы  тұрғыда  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  өлкетану  материалдарын  қолдану  негізіндегі 
педагогикалық шеберлігін  арттыратын  әдістемінің  қажеттілігі  туындап  отыр.  Өлкетану  материалдары 
негізінде тұлғалық бағдарлы білім беру әдістемесін құру және одан әрі жетілдіру мектеп мұғалімдеріне 
жүктеледі. Әдістеме заман талабына сай жаңарып, толықтырулар енгізілуі тиіс. Сонда ғана мектептегі 
оқыту жүйесі теоря мен практиканың ұштасуы негізінде тиімді жүзеге асады. 
Өлкетану материалдары мен өлкетану жұмыстары мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті, 
терең  тиянақты  білімді,  оқу  үдерісін  дұрыс  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Мұғалім  өлкетану 
жұмыстарына  дайындала  отырып,  өлкетану  туралы  түрлі  әдебиеттермен  танысып,  туған  өлкенің 
табиғи  жағдайларын  жетік  зерттеуі  қажет,  жергілікті  жер  туралы  мәліметтер  мен  фактілерді 
жинастыруы  керек.  Сонымен  бірге,  бастауыш  сынып  оқушыларымен  топсаяхаттарды,  түрлі 
бақылауларды жүргізіп отыруы шарт. Өйткені, оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай 
түрлі  белсенді  әдістер  мен  оларды  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Ана  тілі,  Дүниетануды  оқытуда 
өлкетану жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалімнің өз өлкесі туралы білімі жетік болуы керек.  
Бастауыш сынып мұғалімі алдына өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда екі міндет тұрады: 1) өз 
өлкесінің  табиғи  ерекшіліктерін  білу,  оны  жан-жақты  зерттеп,  өлкетану  материалдарын  жинау;  2) 
жиналған өлкетану материалдарын  Дүниетану сабақтарында пайдалану. 
А.З.Сафиуллин дүниетану сабағында өлкетану материалдарын пайдалануда төмендегідей тиімді 
әдістер мен тәсілдерді ұсынады:  
1) 
түсіндірмелі 
– 
иллюстративті, 
сөздік 
әдістері 
(әңгімелесу, 
түсіндіру) 
өлкетану 
материалдарының  мазмұны  бойынша  (карта,  схема,  гербарий,  коллекциялар)  иллюстрациямен 
байланысатынын;  2)  оқушылардың  өмірлік,  танымдық  тәжірибесі  және  де  өлкетану  білімдерін 
пайдалануға  негізделген,  ішінара  іздеу  (қайталау,  оқыту,  эвристикалық,  әңгіме);  3)  өлкетану 
әдебиетімен  жұмыс  (оқулықтар,  құралдар,  анықтамалар,  мерзімді  баспасөздер;  4)  табиғат 
құбылыстары  мен  объектілерін  тікелей  зерттеуді  көздейтін  зерттеу  әдісі  (табиғатты  бақылау, 
материалды өңдеу) [34, 27 б.].  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  өлкетану  негізінде  тұлғалық  бағдарын  қалыптастыруға 
арналған  материалдарды  жинау  және  зерделеу  барысында  түрлі  әдістер  қолданылады:  өлкетану 
әдебиеттерімен  танысу,  бақылаулар,  қысқа  мерзімді  топтық  жорықтар,  саяхаттар,  осы  әдістер 
негізінде табиғат объектілерін суретке түсіру, күнделік жазу,  шығарма жазу, сурет салу. 
  “….Бала  бұлақтың  былдырын,  судың  сылдырын,  жапырақтың  сыбдырын,  орманның 
күңіренгенін,  теңіздің  күрілдегенін  естісін;  жымыңдаған  жұлдыздар  себілген  көк  шатыр  көркі,  түрлі 
түсті  кемпірқосағын,  буыны  жоқ  бұрандаған  қайыңды  көрсін”-  деген  ғылыми  тұжырым  жасай  келе, 
“Фантазия  ақылды  кеңейтеді,  фантазиясыз жаңадан  бір нәрсені  ойлап  табуға  мүмкін  емес.  Фантазия 
құлықты түзейді. 

198 
 
 …Фантазия әдемілік сезімін тереңдетеді – біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы ғана 
ләззат аламыз” – дей келе, баланың қиялы бай болу үшін, оның білімі болу керектігін айтады: “Адам 
неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, хиялы да сонша бай болмақ. Міне осы себептерден баланың хиялы 
терең, бай болсын десек, оның білім де болуына иждиһат қылу керек”, - деп тұжырымдайды. Сонымен 
қатар  автор  бала  қиялын  тереңдететін,  байытатын  бірден  бір  жолы  –  оның  туған  өлке  деп 
қарастыруын  мына  жолдары  арқылы  білеміз:  “Бала  тұрмыспен  көзбе-көз  таныссын,  оның  есінде, 
жанында  көп  білім  болсын,  жан-жануардың  тұрмысын  бақыласын,  жаратылыстың тұрмысымен  таныс 
болсын.  Міне,  сонда  баланың  хиялы  өткір  һәм  бай  болмақ”-деп  М.Жұмабаев  оқу-тәрбие  жұмысында 
оқушыларға туған өлкесі туралы білім беруді ерекше атап өткен болатын [17, 281 б.].  
Жоғарыда аталған бірқатар авторлардың пікірлерін түйіндей келе, бұл мәселенің қай қоғамда да 
өзекті болғандығын байқаймыз. 
Бала қоршаған әлемді танымдық қызығушылығы мен қабілеттері арқылы қабылдайды. Бастауыш 
сынып  оқушыларының  қабілеттері    екі  түрлі  әрекетте  дамиды.  Біріншіден-  кез  келген  бала  адамзат 
баласының  осы  кезге  дейінгі  жинақтаған  тәжірибесін  меңгертуге  бағытталған  оқу  әрекеті  арқылы 
дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. 
Екіншіден  -  кез  –келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер    орындау  арқылы  өзінің 
мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен  шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-
өзі  қалыпасуына  өз  идеясын  жүзеге  асыруға  бағытталған  жаңа  әдіс-тәсілдер  іздейді.  Проблеманы 
өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды [49]. 
Екі әрекетте оқушылар - екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі  мақсатты  шешеді.  Мысалы: 
оқу  әрекетінде  белгілі  дағдыны  қалыптастыратын,  белгілі  бір  ережені    меңгеретін  жаттығулар 
орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана  болып табылады. Оқу 
әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында 
нәтижеге  жеткізетін қабілеттерін дамытады. 
Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылығын 
арттыра түсу үшін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай: 
1. Тақырыпты мазмұнына карай  жинақтау. 
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 
3.  Логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсырмаларды  шешу.  (сөзжұмбақ, 
құрастырмалы ойындар) 
4.  Берілген  тапсырманы  түрлендіру  бағытындағы  жұмыс.  (мәтін  мазмұнын  өңдеу,  шығарма,  шағын 
әңгіме мәтінін құру т.б) 
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 
6.Қиялдау арқылы сурет салғызу. 
Оқушыларды жеке тұлға  ретінде   өз бетінше қалыптастыру  әдістемесі олардың  құзыреттілігін 
қалыптастыратын  әдістердің  ішіндегі  ең  негізгі  әдістердің  бірі  болып  табылады.  Оны  сабақта  да, 
сабақтан  тыс  уақыттарда  да  пайдалануға  болады.  "Зерттеу"  түсінігі  жаңа  білім  алу  үдерісі  және 
танымдық  әрекет  түрлерінің  бірі  болып  табылады.  Зерттеу  -  белгісізді  іздеу,  яғни  жаңа  білімді  іздеу 
үдерісі.    Бұл  жағдай  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қаншалықты  деңгейде  қалыптасқандығын 
тексерудегі ең басты әдіс болып табылады.    
Мұндағы  зерттеушілік  мақсатым  -  оқушының    жеке  тұлға  ретінде  адамзаттық  мәдениеттің  қай 
саласында  болмасын  өз  бетімен  шығармашылық  жаңа  іс-әрекет  тәсілдерін  игеруге  дайындығы  мен 
қабілетін  қалыптастыру  болып  табылады.  Зерттеу  жұмыстарын  жүргізген  кезде  мен  мынадай  
ережелерді ескердім  
 
Оқушыны өз бетінше әрекет етуге баулу; 
 
 Нұсқау беруден гөрі баланың ұсынысына назар аудару;  
 
Талқылау кезінде оқушы білімін бағалауға асықпау;  
 
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде оқушыға кемектесу;  
 
Өз ойларын ұсына білуге, қате пікірден бас тартуға, шыдамдылық таныта білуге үйрету. 
Зерттеу жұмысыны жүргізу барысында  төмендегідей әрекеттеріді ұстандым: 

зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау;  

зерттеу тақырыбын таңдау,  

міндеттері мен мақсатын анықтау;  

зерттеуде қолданатын әдістерді таңдау;  

зерттеуді жүргізу (ақпарат жинау және оны өңдеу, бақылау жасау, сынақ жүргізу т.б.);  

жинақтаған материалдарды талдау;  

негізгі түсініктерге анықтама беру,  

зерттеу  нәтижелеріне  сүйене  отырып  хабарлама  жасау,  қорытындылау;  қорғау, 
презентация жасау,  

сұрақтарға жауап беру; рефлекция, аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау.  

199 
 
Оқушылар  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуы  үшін    мен  мұғалім  ретінде  оқушының  өз  бетімен 
білім  алуына  жағдай  жасап,  яғни  оқушының  өз  іс-әрекетін  өзі  ұйымдастырып,  басқаруына  мүмкіндік 
тудырдым.  Зерттеу  жұмысын  жүргізу  барысында  сыныпта  еркіндік  жағдайын  жасадым.  Оқушыларға 
жаңа  зерттеу  жұмысы  жүргізілетіні  хабарланды.  Зерттеу  кезеңдері  таныстырылды.  Оқушылар 
бастапқы зерртеу жұмыстарын өзіндік жобаларын ұсынды. 
Бастауыш мектееп мұғалімі сынып оқушыларына өлкетану мәселесіне қатысты зерттеу тақыбын 
құрып,  ұсынады.  Ал  оқушылар  зерттеу  тақырыбын  өздері  таңдайды:    "Табиғат",  "Үй  жануарлары", 
"Құстар",  "Мұражай",  "Ата-баба  салтымен".    Таңдап  алған  тақырыптары  бойынша  шағын  баяндама 
немесе хабарлама жасауы керек екені ескертілді. Ол үшін таңдап алған тақырыптары туралы ақпарат 
жинауларына болатыны тапсырылды 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  бұндай  жұмыстар  әрі  жаңалық,  әрі  қиындау  болғандықтан 
мұғалім  оқушыларға  алдында  тұрған  міндеттерін  айқындап  алуға  бағыт-бағдар  беріп  отыруына 
болады. Кей жағдайда ата-аналар да қалыс қалмайтынын байқаймыз. Ата-аналар балаларымен бірге 
өлкетнау жұмыстарына қызыға араласады, материал жинауға көмектеседі. 
Оқушыларды  қатыстыра  отырып,  зерттеуді  неден  бастау  керектігін,  қандай  әдістер  қолдануға 
болатынын  нақтылауға  болады.  Кейбір  оқушылар  кітаптан  оқитынын,  теледидар  арқылы  көретінін, 
үлкендерден  сұрайтынын,  интернеттен  іздейтінін  т.б.  түрлі  нұсқада  жауап  беруі  мүмкін.  Бұл  орайда 
мен  әр түрлі әдістерді ұсынып, жоспар құрудың жолдарын көрсеттім.  
Бастауыш сынып мұғалімдері зерттеудің тақырыбын жоспарлау барысында мынадай талаптарды 
басшылыққа 
алуы 
қажет. 
Тақырыптар:  
1)  ана  тілі,  дүниетану  бойынша  оқу  материалдарымен  тығыз  байланысқан,  білімдік,  тәрбиелік, 
дамытушылық  маңызының  болуы;  2)  қоршаған  дүниеге  диалектикалық  көзқарас  қалыптастыруға 
ықпалын  тигізу;  3)  оқушылардың  жас  ерекшелігін,  деңгейлері  мен  қызығушылықтарын  есепке  алу;  
4) мұғалімнің берілген сұрақ бойынша дайындығы мен олардың мүдделерін ескеруі. 
Кез-келген табиғат объектілері белгілі бір жүйелікте зерттелген жөн: 
1 Тақырыпты таңдау, зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау; 
2 Зерттеудің жоспарын жасау; 
3 Зерттеудің әдістемесін құру; 
4 Тақырыпшаларға бөлу, жұмыс түрлерін бөлу, оларды өткізудің мерзімін анықтау; 
5 Әдебиет материалдарды, статистикалық материалдарды оқып білу; 
6 Жұмыс формасын, әдісін, тәсілін анықтау; 
7 Материалдарды дайындау; 
8 Мұғалімнің оқушылар жұмысын бақылап, қадағалауы, кеңесі, келісімділігі; 
9. Жиналған материалдардың дұрыстығын тексеру; 
10. Жиналған материалдарды өңдеп жүйелеу; 
11. Жиналған материалдарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану. 
Зерттеу жүргізудің ең негізгі тәсілі оқушылардың өз бетімен ойлана білуі екеніне әр оқушы көз 
жеткізуі керек. Ол үшін мұғалім оқушыларға зерттеуді өз бетінше жүргізетінін, қандай жаңа ой келсе 
де қорытындысын өздері ұсынып отыратынын ескерттім.  
Ең  әуелі  осы  тақырып  бойынша  не  білетіндерін  анықтап,  ұмытып  қалмау  үшін  дәптер  бетіне 
суретін немесе аттарын жазып қоюды ескерттім. Бұл мәліметтерді жазумен емес, әр түрлі белгілермен 
көрсетеді. 
Осы 
тектес 
өлкетану 
материалдарын 
қолдану 
әдістемесін 
әр 
мұғалім 
өз 
шығармашылығымен байланыстырады. 
Зерттеуші-оқушы  барлық  мәліметтерді  жинақтап  болған  соң  ол  мәліметтерге  талдау  жасатып 
үйрету  керек.  Жинақталған  материалдарды  пайдалана  отырып  олардың  шығармашылық  қабілетін 
дамыту  үшін  негізгі  ұғымдардың  мәнін  ашу  жұмыстарын  ұйымдастыруға  болады.  Оқушыларды  жаңа 
ұғымдарға өз түсініктері бойынша анықтама беруге дағдыландыру керек. 
Жоғарыда  атап  кеткендей  өлкетану  негізінде  тұлғалық  бағдарын  қалыптастыруға  арналған 
материалдарын зерттеп, оларды жинауға түрлі әдістер қолданылады. Ондай әдістердің бірі -бақылау. 
Бақылау  -  арнайы  мұғалімнің  басшылығымен  ұйымдасқан,  мақсатты  түрдегі  оқушылардың 
табиғат құбылыстары мен объектілерін белсенді қабылдауы. Бақылаудың өзі мерзімдік, қысқа мерзімді 
және ұзақ мерзімді болып келеді. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  туған  өлкесі  туралы  мағлұматты  топсаяхат  барысында  алады. 
Өкінішке  орай  бағдарламада  көрсетілген  міндетті  топсаяхаттарын  көпшілік  мектептерде  жүзеге 
асырылмайды. Топсаяхат барысында өлкетану негізінде тұлғалық бағдарын қалыптастыруға арналған 
материалдары  жинақталып,  оларды  дүниетану  сабағында  табысты  пайдалануға  болады.  Өлкетану 
топсаяхаттары барысында оқушылар туған өлке туралы нақты, айқын мәліметтер алады. Әр өлкетану 
топсаяхаттары жақсы ғылыми ұйымдастырылған дайындықты талап етеді.  
 
 

200 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Аймағамбетова  Қ.А.  Бастауыш  сыныптарда  дүниетануды  оқытудың  теориялық  негiзi.  –  Алматы: 
Балауса, 2003. –  144 б. 
2.  Мухаметжанова  Ә.М.  Бастауыш  білімнің  интеграциясы  арқылы  оқушылардың  дүниетанымын 
қалыптастыру: пед. ғыл.канд. ... автореф.: 13.00.01. – Алматы, 2000. – 25 б. 
3.  Манкеш  А.Е.  Манкеш  А.Е.  Үздіксіз  білім  беру  үдерісіндегі  экологиялық  тәрбие  сабақтастығының 
ғылыми-педагогикалық негіздері: пед. ғылым. докт. автореф.: 13.00.01. – Алматы, 2008. – 39 б. 
4. Албытова Н.П. Қазақ балалар фольклоры арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын 
қалыптастыру. −Қала,
 
 1999. – 25 б. 
5. Текесбаева А.М. Өлкетану негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру: 
пед. ғыл. канд. … дисс.: 13.00.01. – Алматы, 2004. – 26 б. 
 
 
 
ӘОЖ 37.061 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА 
 
Қожрақова А.С. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде - қоғамның 
ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты 
қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі. 
Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  –  ұлттық  құндылық,  әрбір  баласы  –  еліміздің  ертеңі  екенін 
ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай 
жасау  міндетіміз  болып  табылады.  Мүмкіндігі  шектеулі  бір  оқушының  болса  да  білім  сапасының 
жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп 
түсінуіміз қажет.  
Мүмкіншілігі  шектеулі  балалардың  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсуіне,  өзін  әлеуметтік 
ортамен байланысуы арқылы  жеке тұлға санай алатын дәрежеге жетуіне нақты үлес қосатын  уақыт 
жеткен  секілді.  Бұл  -  балалардың  тағдырына  дұрыс  мән  беріп,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде 
кездесетін проблемаларын уақытылы шешу болып табылады. 
Педагогтар  мен  дефектологтардың  пікірінше,  біздің  елімізде  мұндай  балалармен  жұмыс 
жүргізетін, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар 
отбасының  әлеуметтік-педагогикалық  проблемаларын  зерттеп  білу  және  оларды  шешуге  әлемдік 
тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. 
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің 
өмірге  көзқарасын,  өзгелерге  және  өзіне  деген  қарым-қатынасын  өзгертпей  қоймайды.  Отбасында 
бала  үшін  де,  ата-ана  мен  жанұя  мүшелері  үшін  де  ауыр  психологиялық  атмосфера  қалыптасатыны 
белгілі.  Әйгілі  ғалым  Л.С.Выготский  баланың  өсіп-дамуы  бірінші  кезекте  әлеуметтік  даму  жағдайына 
негізделгенін дәлелдеген.  
Дамуында  ауытқуы  бар  баланың  кейінгі  тағдыры  өзі  туып,  тәрбиеленіп  жатқан  отбасының 
жағдайына  байланысты.  Баланың  дамуы  көбінесе  медицина  және  педагогикалық  қызметкерлердің 
назарынан  тыс  қалып,  басты  ықпал  етуші  күш  ата-ана  болып  табылады.  Сондықтан  мүмкіндігі 
шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, 
құқықтық  ақпараттық  қолдауды  қажет  етеді.  Дер  кезінде  алынған  қандай  да  қолдау  түрі  баланың 
немесе  отбасының  кез-келген  әлеуметтік-психологиялық  мәселесінің  шешілуіне  әсерін  тигізеді. 
Шындығында  да,  ауру  баланың  әр-түрлі  проблемаларына  байланысты  күтімнің  қажеттілігінен  ата-
ананың  (ең  болмағанда  біреуінің)  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  шектеледі.  Бұл  жанұяның  әлеуметтік  және 
экономикалық  статусына  кері  әсерін  тигізбей  қоймайды.  Осыған  байланысты  туындайтын  ішкі 
жанұялық  қарым-қатынастың  бұзылуы  баланың  онсыз  да  бұзылған  психофизикалық  жағдайына 
жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.  
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі 
оның  психикалық  дамуының  ірге  тасы  болатынын  және  кейінгі  тағдыры  осыған  байланысты 
анықталатынын  терең  түсіне  бермейміз.  Жанұя  баланың  (оның  органикалық  бұзылуларынан  тыс) 
психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы 
оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісінде  ата-ана  бауырларының  рөлі  мен  жауапкершілігі  бірнеше  есе  өсіп 
отырады.  Ол  тек  баланы  өмірлік  қажеттіліктермен  қамтамасыз  етуден  ғана  тұрмайды,  оны  үнемі 
сүйіспеншілікпен  қамқорлық  аясына  алу,  сезімталдықпен  қолдау  қажет.  Бірақ  ол  баланың  өзінің 
өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға 

201 
 
бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда, баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму 
деңгейіне  қарай  мүмкіндігінше  ересек  адамдар  мен  балалар  арасындағы  өзара  іс-әрекет  арқылы 
қалыптасады.  
Ата-аналар  тарапынан  болатын  жоғары  дәрежедегі  қамқорлық  та  баланың  өздігінен  жуыну, 
киіну,  тамақтану,  қажетін  өтеу  дағдыларын  игере  алмауына  себеп  болады.  Төгіп-шашады,  бүлдіреді 
деген  сылтаулармен  көп  жағдайда  ата-аналар  баласы  үшін  өздері  істегенді  тиімді  көреді.  Осындай 
себептермен  балада  өз-өзіне  қызмет  ету  дағдысының  қалыптасуы  қиындайды.  Түзету,  әлеуметтік 
бейімдеу  орталықтарына  осындай  бағытта  жүргізілетін  нәтижелі  жұмыстар  ата-ана  тарапынан 
қолдауды бекітілуді қажет етеді.  
Кез  келген  қоғамда,  даму  дәрежесі  қаншалықты  жоғары  болғанына  қарамастан  әлеуметтік 
қиындықтар болып тұрады. Әсіресе, біздің еліміз сенімді даму жолына жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы 
бір  сипаттан  екіншісіне  ауысқан  өтпелі  кезеңде  ондай  мәселелер  көбеймесе,  азайған  жоқ.  Осындай 
себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі 
балалар 
күннен-күнге 
көбеюде.  
         Әр  мұғалімнің  өзіне  кішкене  ғана  болып  көрінетін  еңбек жолы  бар.  Әрине,  мүмкіндігі  шектеулі 
балаларды  тәрбиелеп,  әлеуметтік  тұрмысқа  баулуда,  ата-ана  мейірімімен  қатар,  мұғалім  тарапынан 
шексіз,  сүйіспеншіліктің  қажеттілігі  бірден  айқын  көрінеді.  Бұл  жұмыста  да  үлкен  жауапкершілік, 
төзімділік,  тәжірибе  қажет.  Осының  барлығы  ұстаздардың  шығармашылық  іс-тәжірбиелері  арқылы 
қалыптасуда. 
        Жас ұрпақты тәрбиелеу, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, үлгі 
көрсету мен талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану 
арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашады.  
Әр  ұстаздың  алдына  қойған  жалпы  білім  меңгертудегі  мақсат,  міндеттері  бар.  Қазіргі  озық 
технология  заманында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  заман  талабына  сай,  түрлі  әлеуметтік 
жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады 
деген  сұрақ,  жұмыс  жасап  жүрген  әрбір  ұстазды  шығармашылық  жұмыстар  мен  инновациялық 
технология  әдіс-тәсілдерін  іздеуге  итермелейді.  Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік 
педагогикалық түзету арқылы қолдау дегеніміз тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын 
толтыру  үшін  жағдай  жасауды  қамтамасыз  ету,  оларға  басқа  азаматтармен  бірдей  қоғам  өміріне 
қатысу мүмкіндіктерін жасау болып табылады. 
Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен 
жас  өспірімдер  тәрбиеленуде,  осы  топқа  жататын  арнайы  мектептерде  сырқаттары  және  басқа 
себептерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы 
қиыншылық  туғызады.  Осы  себепті  әлеуметтік  тәрбиенің  мәселелерін  көре  білу,  сезіну  және  шешу 
жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға 
қосу  мен  тәрбиелеуді  жүзеге      асыруды      міндет      етіп      алға      қою      керек.    Бұл      барлық 
педагогтардың, әсіресе әлеуметтік педагогтің парызы. 
 Егер  әлеуметтік  педагогикалық  үрдісте  мүмкіндігі  шектеулі  балаға  алғашқы  сәттерде  көмек 
беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір 
сүрген  әлеуметтік  ортаға  араластыру,  бейімдеу,  әлеуметтендіру  мәселелеріне  белсенді  қатыстыру 
мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі 
әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру 
мүмкін  болар  еді.  Бұл  қасиеттерді  бала  бойына  дарыту  үшін  мүмкіншілігі  шектеулі  балалардың 
психологиясын терең, жетік меңгеру керек. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларда  әртүрлі  қабілеттіліктер  байқалуы  мүмкін.  Олардың  бірі 
музыкаға,  екіншісі  математикаға,  кейбірі  шетел  тілдерін  үйренуге  және  т.б.  қабілетті  болып  келеді. 
Олар  тек  сыртқы  қолайлы  жағдайлардың  ықпалынан  ғана  дарындылықтың  формаларын  бойларына 
сіңіре алады. 
Сонымен  қатар,  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік  бейімдеу  үшін  психолог,  емдік 
денешынықтыру, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары қажет.  
Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы 
түзету  жұмыстарын  ұйымдастыру  қажет  және  оны  неғұрлым  ерте  бастаса  соғұрлым  әлеуметтік 
бейімделуде  нәтижелі  болады.  Әр  адам  қайталанбас  тұлға  болып  есептеледі,  сондықтан  адам, 
адамгершілік  тұрғылық  қарым-қатынасқа  құқылы.  Әлеуметтік  ортаға  енгізу-әлеуметтік  қатынастың 
жалпы  жүйесіне  және  баланың  өз  жағдайына  қарай  білім  алу  ортасына  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. 
Мүмкіндігі  шектеулі  баланы  қоғамға  енгізудің  қиындығы,  бір  жағынан  бала  дамуындағы  дене 
және 
психологиялық 
ауытқулары 
болса, 
екінші 
жағынан 
әлеуметтік 
жүйенің 
дұрыс 
қалыптаспағандығы,  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  қалыпты  өмір  сүруіне  кедергі  келтіреді. 
Әлеуметтенудің  мәні  адамның  қоғамға  бейімденіп,  жекеленуі  болып  табылады.  Тұлғаны 

202 
 
әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс. Мүгедек бала 
еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне 
көмектесетін  ерекше  күтім,  білім  және  қажетті  дайындық  алуға  құқылы.  Бейімделу  –  бұл  жеке 
тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі арқылы көрінеді. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  ортаға  енгізудің  негізгі  бір  факторы,  әлеуметтік 
ортаны  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  қабылдауға  дайындау.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік 
ортаға  енгізудің  екі  жолы  бар.  Бірінші  жолы,  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  қоршаған  ортаға  бейімдеу. 
Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену 
үдерісі  екі  жақтылы  болуы  керек.  Бұл  дайындық  үдерісінде  интеграцияның  объектісі  ғана  емес, 
сонымен  қатар  белсенді  субъектісі  болу  керек.  Екінші  жолы  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік 
ортаға  енгізу  дайындығымен  бірге,  әлеуметтік  ортаны  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  қабылдауға 
дайындау 
екендігі 
белгілі. 
Негізгі 
факторы 
да 
осы. 
       
Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне 
және  әлеуметтік  бейімделуіне  жағдай  жасауды  қамтамасыз  етеді.  Қазақстан  Республикасының 
азаматтарының  денсаулығын  қорғау  жөніндегі  заң  құжаттарында  айтылғандай,  мүгедектер,  оның 
ішінде  мүгедек  балалар  және  бала  жасынан  мүгедектер  медициналы-әлеуметтік  көмек  алуға, 
оңалтылуға  (реабилитация),  дәрі-дәрмектермен  протездермен,  протезді-ортопедиялық  бұйымдармен, 
жеңілдік  жағдайларда  қозғалыс  құралдарымен  қамтамасыз  етілуге,  сондай-ақ  кәсіби  даярлану  мен 
қайта  даярлануға  құқықтары  бар.  Лев  Семенович  Выготский:  «Бала  бойындағы  кемістігін 
толықтырудың екі  түрлі  ерекшелігі бар, оның  бірі  –  бала психикасының  даму шамасына  орай тәрбие 
талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері», - 
деп атап көрсетеді. Сондай–ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады 
деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде 
жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет