Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Әдебиеттер тізімі: 
1. Әтемова Қ. Әлеуметтік педагогика. Алматы, 2012. 
2. Мектептегі психология. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Алматы. 2013. №6. 
3. Педагогика мәселелері. Ғылыми-теориялық журнал. Алматы. 2013. №1. 
4.  Әлеуметтік  педагогика  және  өзін-өзі  тану.  Республикалық  педагогикалық-әдістемелік  журнал. 
Алматы. 2013. №1. 
 
 
 
ӘОЖ. 373.31 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ  ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА С.ҚАЗЫБАЕВТЫҢ  ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЕҢБЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Сүйеуова А.С.  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Қазіргі  кезде  ұлттық  мәдениеттің,  өнердің  жалпы  ұлттық  құндылықтарымызға    қайта  үңіліп, 
тіліміздің  өзіндік болмысын тарихи тұрғыдан тани отырып, қазақ тілін оқытудың  тиімді әдіс–тәсілдерін 
әдістеме тарихынан  іздестіру міндеті тұр. 
Олардың  ішінде  осы  өлкемізден  шыққан    әдіскер    тілші  ғалымдардың  өнегелі  өмірі  мен 
еңбектерін,  олардан    қалған  ғылыми-әдістемелік  мұраларды    насихаттау,  оны  бүгінгі  ғылымның  
дамуына оңтайлы пайдалануға  шақырады. 
Батыс  өңірдің  тумалары    қазақ  лингвистикасының  және  тілді  оқыту    әдістемесінің    алғаш 
ғылыми  негізін  салушылар:  Қ.Жұбанов,  Г.Бегалиев,  С.Жиенбаев,  Ш.Сарыбаев,  Р.Сыздықова,  
С.Рахметовалардың қатарынан  орын  алушылардың  бірі - Сабыр Қазыбаев. 
Өлкеміздің мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған, бар ғұмырын халық ағарту саласын дамытуға, 
ұрпақ тәрбиесіне арнаған «Қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі – майдангер ұстаз,  әдіскер 
ғылым Сабыр Қазыбайұлы», деген болатын п.ғ.д.,профессор Қ.Сейталиев. 
Республикамызда қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері  қарастырылған ғылыми еңбектерде  
С.Қазыбаев есімі тілші ғалымдармен  тең дәрежеде қатар айтылады. 
Қазақ  тілі  әдістемесінің  қалыптасып    дамуына  үлкен  үлес  қосып  құнды  еңбектер  жазған, 
артына  мол  мұра  қалдырған  Сабыр  Қазыбаевтың    ғылыми  -  әдістемелік  еңбектері  арнайы  зерттеуді 
қажет етеді. 

203 
 
 С.Қазыбаев  еңбектерін  бастауышта    оқытуда  пайдалануда  қандай    сабақтастық  тапқанын 
байыптауға  мол    мүмкіндік  береді.  Сол  арқылы  қазақ  тілі  әдістемесінің  қалыптасу,  өзгерту,  жаңарту 
үдерісі танылады, әдістеме ілімнің даму деңгейі, ондағы түрлі жаңа бағыттар айқындалады.   
Ұлағатты  ұстаз,  әдіскер  –  ғалым  С.Қазыбаевтың  өмір  жолы  мен  педагогикалық  мұрасын  3 
кезеңге бөліп қарастыруға болады: 
Бірінші  кезең  –  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдары  жас  ұстаз  ретінде    дүниетанымының, 
ағартушылық – педагогикалық көзқарасының қалыптастыру  кезеңі. Алғаш рет ауыл мектебінде  сауат 
ашуы, 30-жылдардағы зұлмат жылдарының қиындығын басынан көшіруі, алғашқы ұстаздық жолының  
басталуы. 
Екінші  кезең  –  ХХ  ғасырдың  40-50  жылдарында    әртүрлі  білім  беру  жүйелерінде  жауапты 
ағартушылық  -  педагогикалық  қызметтерді  атқаруы,    педагогикалық  әдістемелік  шеберлігінің  
шыңдалу кезеңі, республика  деңгейінде ғылыми - әдістемелік еңбектерінің  жарық көруі. 
Үшінші  кезең  -  ХХ  ғасырдың  60-90  жылдары  ғылыми  -  әдістемелік,  ғылыми-педагогикалық 
жұмыстарымен  жемісті  айналысқан  кезеңі.   Оған  басты  себеп  болған  1960  жылы  әдіскер  –  ұстаздың 
Гурьев педагогика институтына  ауысып, қазақ тілі мен әдебиеті, кейін педагогика және психология, 
бастауыш    мектеп  әдістемесі  кафедрасында,  доцент,  профессор,  кафедра  меңгерушісі,  декан  сияқты 
жауапты  жұмыстарын  атқаруы  ғылыми  –  зерттеу  жұмысымен    біржола  айналысуға  мүмкіншілік 
жасады. Институт  қабырғасында еңбек еткен  кезеңінде әдіскер – ғалым ағамыздың қаламынан қазақ 
тілін оқыту әдістемесі, педагогика мәселелеріне байланысты бірнеше оқулықтары мен оқу құралдары,  
бағдарламалары дүниеге келді. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  бастауыш  орта  мектепте  және  жоғары  оқу  орындарында  оқыту 
әдістемесінен республикада алғашқылардың бірі болып  оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды қолға 
алған  ғалымдардың  қатарынан    орын  алады.  Мәселен,  Сабыр  Қазыбайұлының  әр  жылдары 
республикалық  баспалардан  жарық  көрген  оқулықтары  мен  оқу  -  әдістемелік  құралдарының    ішінде 
«Қазақ  тіліндегі  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  оқытудың  тиімді    әдістері»  (Алматы:  «Мектеп» 
баспасы, 1971),  «Бастауыш кластарда қазақ тілін  оқыту»  (Алматы:  «Мектеп»  баспасы,  1985),  «Қазақ 
тілі  методикасы»  (Алматы:  «Мектеп»,  1990),  «Мектепте  қазақ  тілін  оқыту  тәсілдері»  (Алматы: 
«Мектеп», 1997),  «Құрмалас  сөйлемдер  кестесі»  (Алматы,  Мектеп,  1993),  кейіннен профессор  Қадыр 
Жүсіптің  құрастыруымен  жарық  көрген  «XY-XIX  ғ.ғ.  қазақ  әдебиеті»  (жыраулар  поэзиясы,  2004) 
еңбектерді ерекше атауға болады. 
Осы  еңбектерді  зерттеп,  зерделей отырып,  бастауышта қазақ тілін оқытуды  пайдалану  біздің 
міндетіміз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Рахметова С.  Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің  негіздері. Алматы, 2012ж. 
2. Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1990ж.  
3.  Сейталиев  Қ.  Ұлағатты  ұстаз.    Кітапта:    С.Қазыбаевтың  ғылыми-  педагогикалық  және  әдеби 
мұралары. Құрастырған: Жұмағалиева Г. Атырау-2008ж. 
4. Уайсова Г. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы. 
 
 
 
ӘОЖ 81.276.6:81.233 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ДАМЫТУДАҒЫ 
БИОИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Усенова Л.А. 
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебі 
 
         Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық білім беру Концепциясында « Қазақстандық қоғамның 
өзекті  мәселелерінің  бірі  өзгермелі  әлеуметтік,  экономикалық  жағдайда  тек  өмір  сүріп  қана  қоймай, 
сонымен  қатар  қалыпты  жағдайдың  жақсы  жағына  қарай  өзгеруіне  белсенді  түрде  әсер  ете  алатын 
бәсекеге  қабілетті  тұлға  қалыптастыру»,-  деп  жазылған.  [1]  «Бәсекеге  қабілеттілік  мәселесі-  бұл  ең 
алдымен сапа мәселесі»,- деп атап көрсетті елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.         
Қазіргі кездегі білім беру саласына қойылып отырған міндет-сапалы білім беру, заман талабына 
сай  жаңа  оқу  технологияларын  компьютер,  интернет  жүйесін,  электронды  оқулықтарды  пайдалана 
отырып оқушының білім алуына мүмкіндік жасау. Ал шетел тілі пәні мұғалімдері қазіргі заман талабына 
сай  жаңашыл,  ізденімпаз,  өресі  биік,  білімді,  білікті,  тіл  үйретудің  жаңа  формаларын,  тиімді 
технологияларын меңгерулері қажет. 

204 
 
Технология  туралы  өз  пайымдауымызға  келсек,  ол  диагностиканы  басшылыққа  алған,  жеке 
тұлғаға бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға өз әрекеті арқылы ғана 
дамиды.  Технология  –  жеке  тұлғаны  дамытуға  негізделген  мақсатты  педагогикалық  жүйе.  Баланың 
білім  алу,  даму,  басқа  да  іс-әрекеттерін  мақсатты  түрде  ұйымдастыра  білу,  оған  басшылық  ету, 
технологиялардың басты белгілері болып табылады. 
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты бүгінгі білім  беру жүйесінде оқытудың жаңа әдістеріне көшу 
қажеттілігі туып отырғандығы белгілі. Осыны ескеріп, алдыма қойған мақсатым: жаңа технологиялық 
әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлауы мен есте сақтау 
қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу. 
Субъектілік-  адамның  өзінің  іс-  әрекетін  басқара  білу  (  бастамашы  болу),  мақсатын  айқындап 
алдына қоя білу және оны әртүрлі қалыптасқан жағдайға сәйкестендіре алу, өз бетінше ұстанымы мен 
пікірін  іске  асыра  білу  қабілеттілігі.  Субъект  психологиясының  алғашқы  ғылыми  ілімдері  С.  Л. 
Рубинштейн,  Д.Н.  Узнадзе,  Б.  Г.  Ананьев  еңбектерінен  бастау  алады.  С.  Л.  Рубинштейн  тұрғысынан  
субъект категориясы үздіксіз, « жоғары қарай», үдемелі жетілуді, дамуды білдіреді. [2] 
Оқушының  оқу-  тәрбие  процесінде  субъект  ретінде  қалыптасуы  біріншіден  ұстаздардың  оқыту 
іскерлігінің  нәтижелілігін,  тиімділігін  арттырады.  Өйткені  оқытушының  функциясының  бір  бөлігін 
оқушы атқарады. Екінші жағынан –ұстаздан терең пәндік және психологиялық дайындықты, неғұрлым 
күрделі,  тиімді  педагогикалық  технологияларды  қолдануды  талап  етеді.  Яғни  қазіргі  ұстаз  оқытушы 
ғана  емес,  жасампаз  зерттеуші,  ізденімпаз  үйлестіруші,  рухани  демеуші,  шығармашылыққа 
бағыттаушы  болуы  тиіс.    Биоинформатика  және  синергетика  технологиясы  білім  сапасы  мен  қазіргі 
заман талабына сай субъект қалыптастыру арасындағы қайшылықты жоюды ұсынады. 
Зерттеудің мақсаты- оқушылардың іздену, өзін- өзі дамыта білу қабілеттерін арттыра отырып, 
субъект ретінде дамыту. Сапа көрсеткіші арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 
Зерттеудің міндеттері : 
-  биоинформатика  және  синергетика  технологиясын  қолданудың  мүмкіндіктерін  анықтау  және 
негіздеу; 
-  зерттеуге алынған сыныптың ерекшеліктерін оқып-үйрену, сараптау; 
-  олардың іскерлігінде жаңартуды қажет ететін жағдайларды анықтау; 
-  биоинформатика және синергетика технологиясының жағдайында оқу бағдарламалары мен оқу     
   жоспарына мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес салыстырмалы талдау жасау; 
-  оқушылардың  субъектілік  белгілерін  анықтайтын  қағидалар  құрып,  зерттеуге  алынған  сыныптың 
құрамына субъектілік категориялар бойынша талдау жасау. 
-  Талдау, сараптау нәтижесі бойынша іс- шаралар жоспарлап, жүзеге асыру. 
Зерттеу нысаны- ағылшын тілін 8 «а», 10«а» сыныптардың оқу танымдық іскерліктері. 
Зерттеу  пәні-  биоинформатика  және  синергетика  технологиясының  тиімділігі,  сол  арқылы 
оқушылардың субъект ретінде дамуы. 
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  Егер  оқу  процесіне  биоинформатика  және  синергетика 
технологиясын тиімді енгізе алсақ, дәстүрлі оқыту кезінде өзекті болып келген сапа мәселесін толық 
шешуге  болады.  Білім  сапасы  100%-  ға  артады.  Тұлғаның  таным  белсенділігін  арттыруға,  өздігінен 
танып  білуге  ұмтылуын  қамтамасыз  етуге,  сын  көзбен  бағалауға,  өзінің  ойын,  көзқарасын  негіздей 
алуға  үйретуге  мүмкіндік  туады.  Сөйтіп,  ол  оқушының  ғылыми  көзқарастарын  тереңдетіп,  пәнге 
қызығушылықтарын арттыруға, өздігінен жұмыс жасау белсенділігін арттыруға көмектеседі. 
Биоинформатикалық  жағдай-  біздің  миымыздың  биологиялық  орта  ретінде  ақпараттық 
мүмкіншіліктерімен байланысты. 
Синергетикалық  жағдай-  күрделі  және  дәстүрлі  емес  құрылымдарды  өз  бетінше  ұйымдастыру 
құбылыстарымен байланысты. Бұл сөзсіз оқытудың субъектілерінің өзара әрекеттесуіне қатысты. 
Синергетика-  оқу  материалдарын  сапалы  меңгеруге  бағытталған,  барлық  субъектілердің  өзара 
бірлесіп  әрекет  етуінің  сапасын  өлшеу.  Өлшем  механизмінің  синергетикалық  принципі  оқушылар 
ұжымының  біріккен  мүмкіншіліктерінің  ерекшеліктерін,  заңдылықтарын  бейнелейді  және  нақты 
ұжымның мүмкіншілік шеңберінде бірыңғай сапа стандартын құруға бағытталған. 
Әлемдік түсінікте «сапа» ұғымы нені білдіреді? ISO 9000:2000 халықаралық стандарт негізінде « 
сапа»  ұғымының  жаңаша  анықтамасы  нысанның  белгіленген  және  күтілетін  қажеттіліктерді 
қанағаттандыра алу қабілетіне қатысты сипаттамалар жиыны ретінде түсіндіріледі. [3] 
БИС  технологиясының  авторы    Ф.  Я.Вассерман  сапа  өлшемдерінің  тамаша  жүйесінің  негізінде 
жалпы білім беретін мектепті басқарудың біртұтас жүйесін жасаған. Өлшем процедурасы басқарудың, 
диагностика  және  бақылаудың  ыңғайлы  құралы,  сонымен  қатар  даралау  деңгейінің  реттеушісі 
болуымен қатар келесі талаптарға сай келуі қажет. 
– Әрбір жеке оқушылар ұжымы оқушылардың оқу даярлықтарының жекелей мүмкіншіліктерінің 
қосындысын  ала  алады.  Сондықтан  өлшем  процедурасы  білім  меңгеруді  даралау  процесін 
оқушылардың жекелей мүмкіншіліктерімен үндестіріп тұруы қажет; 

205 
 
– әрбір оқушылар ұжымының өзінің тапсырманы орындау сапасы мен жылдамдығының жекелей 
биоинформациялық ( ақпаратты өңдеуді ойластыру қабілеті) ерекшеліктерінің болатынын ескеру; 
– талап етілген жұмыс қорытындысы бойынша үздік оқушылардың жетістігіне көңіл аудару. Бұл 
оқыту сапасын төмендететін білім жүйесінде кең тараған орташа және нашар нәтижені жояды; 
Осындай  қағидалардың  жүзеге  асуы  биоинформатика  және  синергетика  технологиясының 
негізіне алынған. 
Зерттеуге  алынған  математиканы  тереңдетіп  оқитын  10  «а»-сыныбында  сауалнама,  тест  және 
педагогикалық  байқау  нәтижесінде  субъектіліктің  мәнді  сипаттамалары  бойынша    диагностика 
жүргізілді.  «Өз-  өзіне  сенімділігін  өлшеу»  атты  сауалнама  жүргізіліп  ,  белсенділігі,  көшбасшылық 
сипаттамасы анықтайтын тестар өткізілді. 
Кесте 1. 
белсенді 
дербес 
саналы 
іс- әрекет 
бастамашы 
өзіне сенімді және 
басқаларға сенім артуға 
қабілетті 
 
52% 
92% 
80% 
40% 
32% 
Аталған  технологияның  өлшеуіштер  жүйесінің  бірі  «фразалық  етістіктер».  Тапсырманың 
күрделілігінің  деңгейін  анықтау  әдісі  ретінде  ұсынылған  «фразалық  етістіктер»-  әртүрлі  тест, 
тапсырмалар мазмұнының құрылымының нормалар және стандарттар жүйесі. Бұл етістіктер құрылымы 
жағынан өзара байланысты өлшеу және бақылаудың екі бөлігінен тұрады: 
 
1.  оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша даралау. 
2.  оқу материалының мазмұнының деңгейі бойынша даралау. 
Оқушылардың  оқу  материалын  меңгеру  деңгейі  бойынша  өлшеу,  бақылау  және  мазмұнды  даралау 
механизмі үш өлшем бірлігінен тұрады: 
1.  Қиындықтың  төменгі  деңгейі.    Бұл  баланың  негізгі  даму  деңгейіне  сәйкес  келеді.  (Выготский 
бойынша  )  Төмендегі  көрсетілген  кері  байланысты  синергетикалық  өлшемдерге  байланысты  ең  аз 
мөлшердегі оқу элементтерін беруді жоспарлайды. 
2.  Қиындықтың  орташа  деңгейі.  Жоғарыдағы  оқу  элементтерін  аралық  мөлшерде  меңгеруді 
жоспарлайды. 
3.  Қиындықтың  жоғарғы  деңгейі.  Баланың жақын  арадағы  даму  деңгейіне  сәйкес  келеді.  (Выготский 
бойынша).  Бұл  қиындықтың  орташа  деңгейіне  қатысты  оқу  материалындағы  оқу  элементтерінің 
мазмұнынан 2 есе, қиындықтың төменгі деңгейіндегі оқу элементтерімен салыстырғанда 3 есе күрделі. 
Биоинформатика және синергетика технологиясы бойынша тақырыптық жоспарлау төмендегідей 
қадамдардан тұрады: 

берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар екенін анықтай білу; 

білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу; 

жеке сабақтағы білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін жоспарлай білу. 
Бұл жерде мынадай қағидаларды басшылыққа алу керек: 

меңгеру сапасын жоғалтпай, білім берудің ақпараттық бөлігін мейілінше азайту; 

білік, дағдыларын практикалық меңгеруге арналған уақыт ресурсын ұлғайту; 

жекелеген  тақырыптарды  ілгерілей,  оза  меңгеру  есебінен  уақыт  ресурсын  босату,  сол 
арқылы пәндік білімді тереңдете меңгерту мүмкіншілік жасау. 
Осылайша  білімді  хабарлама  түрінде  беру  уақытын    30-  40  %-ға  қысқарту-  сонша  мөлшерде 
пропорционал түрде білім сапасын арттыруға технологиялық әсер етеді. 
Биоинформатика  және  синергетика  технологиясында  оқыту  сапасы  1:30:1:1  есебінің  негізінде 
анықталады.  Бұл қатынасқа 1 оқытушының және 30 оқушының  1 сыныптағы 1 сабағы енгізілген. Ал 
көрсеткіш  ретінде  оқытушының  әрбір  оқушымен  жұмыс  жасау  мүмкіншілігіне  ие  болған  кездегі 
нәтижесінің  сапасы  талап  етіледі.  Бұл  әрбір  тақырып  бойынша  63%-дан  төмен  болмауы  керек.  Ал 
тәжірибеде  оқытушы  1  сабақта  ең  жақсы  дегенде  сыныптың   
3
1
бөлігін  қамтиды  ,  яғни  1:10:1:1 
қатынасына сәйкес. Бұл білім сапасының 30%-дан аспайтынын көрсетеді. 
Сонымен биоинформатика және синергетика технологиясының негізгі шарттарының бірі- сабақта 
барлық  оқушылардың  қатысуы,  белсенділігі,  бағалануы.  Ол  үшін  оқу  процесін  басқарудың  арнайы 
құралы-  технологиялық  картаны  енгізу  қажет.  Технологиялық  картаның  сипаттамасының  маңызы- 
оқытушының  және  оқушының  іс-  әрекетін  кірістіре  отырып,  білім  беру  процесін  технологиялық 
жобалау және құрастыру деңгейінде ұсынады. 

206 
 
1.  Жаттықтыру  картасы-  оқушыларды  белгілі  бір  тапсырмаға  бағыттауға  арналған.  Сабақтың 
басында,  оқытушының  стратегиясы  бойынша  бұл  картаны  сабақтың  кез-  келген  бөлігіне  кірістіруге 
болады.  
2.  Алгоритм- білімдік компоненттерді беруге арналған. Мақсаты- оқушылардың зейінін дамыту, ойлау 
жылдамдықтарын, жадыны дамыту. 
3.  Биоинтернет-  қатаң  түрде  «  Алгоритм  »  картасынан  кейін  орындалады.  Білімді  және  дағдыны 
сөздік  қор  арқылы  бекітуге  арналған.  Материалды  меңгеруге  және  сауатты  түрде  мазмұндауға  
көмектеседі.  
4.  Тренажер-  қатаң  түрде  «биоинтернет»  картасынан  кейін  жүреді.  Білім,  білік,  дағдыны  өңдеуге 
арналған, тақырыпты қорытындылайды. Мақсаты- автоматты дағдыны қалыптастыру. 
5.  Логика-  логикалық  (  индукция  және  дедукция)  және  шығармашылық  ойлауларын  дамыту  үшін 
қолданылады.  
6.  Лидер- кіріктіре оқыту кезінде көлемді материалдарды меңгерту үшін қолданылады. 
Аталған технологиялық карталарды сабақтың типтеріне қарай қалай таңдауға болады? 
Кесте 4.  
р/с 
Технологиялық 
карта 
Кіріспе: 
білім 
Бекіту: 
түсіну 
Қолдану 
Анализ 
Синтез 
Жалпылау 
Бағалау 

Алгоритм 

 
 
 
 
 
 

Биоинтернет 
 

 
 
 
 
 

Тренажер 
 
 

 
 
 
 

Лидер 
 
 
 

 
 
 

Логика 
 
 
 



 

Ауызша сабақ 
 
 
 
 
 


Биоинформатика  және  синергетика  технологиясымен  танысып,  саралай  келе  төмендегідей 
артықшылықтарды бөліп алуға болады: 
-  нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы; 
-  оқыту формасының белсенділігі; 
-  жекелей , даралап оқытуды қамтамасыз етеді; 
-  деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады; 
-  түзету, коррекция және рефлексия  жұмыстарын сабақтың әрбір кезеңінде іске асыруға болады; 
-  зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 
Ағымдағы  тексеру  жұмыстары  тек  бақылау  ғана  емес  диагностикалық  сипатта  да  қызмет 
атқарады. Оның мақсаты- түзету жұмыстарының қажеттілік деңгейін анықтау. 
Оқушылардың  біріккен  жұмыстарын  топта,  шағын  топтарда  ұйымдастыру  олардың  бойында 
субъектіліктің алғы шарты болатын  төмендегідей дағдыларды қалыптастыруға бағытталған: 

жаңа материалды өз беттерінше игеру; 

шығармашылық тұрғыда ойлау, талдау, қорытынды жасау; 

-өз ойларын басқа оқушыларға толықтай жеткізу; 

мәселе қою; 

ұйымдастыру, басқару іскерлігін жүзеге асыру; 

өзін- өзі тексеру, бағалау. 
    Сол  арқылы  оқушыларда  пәннің  мазмұнын  білумен  қатар  белсенділік,  жауапкершілік, 
бастамашылдық сияқты құнды тұлғалық қасиеттер қалыптасады, яғни субъект ретінде дамиды.   
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан Республикасының 12- жылдық жалпы орта білім беру Концепциясы. 
2.  Ерментаева А. Р. Субъектілікті дамыту тренингі. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы.  2007 – 12 
б. 
3.  Управление качеством обучения в общеобразовательных школах на основе ИКТ Методическое 
пособие для учителя. Алматы, 2008 
4.  Ү.Б. Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау. Әдістемелік құрал. 19 б. 
5.  Өзін- өзі тану. Студент дәптері. Алматы, 2007- 171 б. 
6.  Жеткіншектер мен жасөспірімдердің қарым- қатынасын анықтауға арналған психологиялық 
әдістемелер жинағы. Өскемен, 2005 – 9 б. 
 

207 
 
ӘОЖ 172.15 
 
ӨЛКЕТАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ, ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Керешов С.К. 
М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп, Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылы 
 
        
Ел Президенті Назарбаевтың тапсырмасы  бойынша қазіргі таңда  «Халық тарих толқынында»  
атты    арнайы  тарихи  зерттеулер  бағдарламасы  әзірленуде.  Бағдарламаның  басты  мақсаты  озық 
әдіснама  мен  әдістеме  базасында    Қазақстанның    тарих  ғылымының    сапалық    серпілісін  тудыру, 
қазақтың  ұлттық  тарихының    көкжиегін  кеңейту,  ұлттың  жаңа    тарихи    көзқарасын    қалыптастыру, 
Қазақстанның  қазіргі заман тарихының  20 жылдығын ұғындыру.  
       Еліміздің    тәуелсіздігін  алуы,  халқымыздың    өзінің    өткенін,  тарихын, мәдениеті  мен  әдебиетінің  
бастауларын  тануға бетбұрыстар жасауы, жаңа көзқарас  ғылымдағы  жетістіктер  алдымызға  жаңа  
міндеттер   жүктеуде.[1]  Яғни  тарихты    тануға    нақты      қадам    бастық  деп  айта  аламыз.  Соған  орай 
еліміздің    әр  өңірінде    алғашқы  дайындық   жұмыстары  басталып  кетті.  Сол қатарда    Атырау облысы 
мен  Индер    ауданындағы    тарихшы    ғалымдар  мен  зерттеушілер    халқымыздың    төл    тарихын  
зерделейтін маңызды  бастамаға белсене  ат  салысуда. Мектеп  оқушылары  арнайы  бағдарламалар, 
сабақтан    тыс    шаралар    ұйымдастырудың    керектігін    алға    тартты,  ал    бұқаралық    ақпарат  
құралдарының  басшылары  арнайы  айдарлар  ашып, өлкетануға  өзіндік  үлесін  қосатын  болды.  
       Өлкетану дегеніміз өзінің туған жерінің, елінің тарихын, мәдениетін салт-дәстүрін, тілі мен дінін, 
ділін, табиғатын тану және зерттеу, оқып үйрену дегенді  білдіреді. Өлкетануды оқып-үйрену, келешек  
ұрпақты  Отансүйгіш,  ұлтжанды,  елін,  жерін  ардақтайтын  азамат  ретінде  тәрбиелеудің    басты 
бағыттарының  бірі  болып  саналады.[2-3] 
       Өлкетану ғылыми ізденімпаздылыққа  бастайтын  нақты  жол. Ізденіп, оқып  үйрену  барысында  
оқушылар  белсенділік  танытумен  бүтіндей  оқу  материалдарын  меңгереді, білімдерін танымдық  іс-
әрекетте  күнделікті  өмірде  пайдаланумен  қатар  болашақта  қажетіне  жаратады. Өз  туған  өлкесі  
туралы  оқып-үйреніп, тарихи  ұғымдарды  қалыптастырады, өлке  тарихын  сабақта, әсіресе тәрбиелік  
шараларда  пайдалану  қандай ғанибет. 
       Өлке  тарихы    туралы  материалды    сабақта    пайдаланған    мұғалімнің    әңгімесі    білімге  
айтарлықтай    сенімдік    береді,  дәлдік    береді,  оқушының    пәнге    деген    қызығушылығын  
қалыптастырумен    қатар,  тарихи    оқиғаларды  жергілікті    факторлармен    салыстыру    арқылы  сол  
тақырыпты    есінде    қалдырады.  Өлкетану    жұмыстарын    жандандыру    үшін  мынандай    жұмыстар  
атқарған  жөн. 
1)  Карталар сызу (пайдалы қазба, археологиялық қазба орындары мен  көмбелерді  анықтау) 
2)  Ауыл  ішіндегі  заттарды  жинау, шежірелер мен әңгімелер, құжаттар, т.б. 
3)  Өлкетану  үйірмелерін  ұйымдастыру, секцияларға бөлу. 
Осындай    жұмыстар    оқушылардың    ғылыми    жұмысқа,  ғылыми  жоба    жұмыстарына  қатысуларына 
жиналған  материалдар    септігін    тигізеді.  Мектепте  тарихи  археологиялық    өлкетану    жұмыстарын  
жүргізу, жиналған   материалдарды   тарих    сабақтарында   пайдалану    өте   маңызды. Өлке   тарихын  
зерттеу Отан  тарихының  мазмұнын  байытады, тарихи  санамызды  қалыптастырады. [4] 
       Индер  ауданының  жері тұнып тұрған  қазына, жер үсті  баға жетпес  байлық. Шөбі дәрі, суы бал, 
сондықтан    бұл  өңір  Асан  қайғы    бабамыз    айтқандай  «Жерұйық»  деп  аталады.  Біздің  туып-өскен 
Құрылыс  ауылының  территориясында    құпиясы  мол  тарихи  қорғандар  мен  жер-су  атаулары  көптеп 
кездеседі. Соның бірі - «Тасоба »қорғаны болып саналады. 2008 жылы 15 маусымда Мұратов Нұрлан, 
Есқалиев  Амангелді,  Садиров  Тоқтар,Орахов  Фархат,  Шотықбаев  Бағдат  және  тарих  ғылымының 
кандидаты,  археолог-ғалым  Хасенов  Мараттың  жетекшілігімен  Құрылыс  ауылынан  күншығыс  жақ 
беттегі  12  шақырым  жерде  «Тасоба  »қорғанынан  өздерінің  жоспарланған  далалық  ғылыми-зерттеу 
жұмысын  бастады.  Біздің  территориямыздағы  аталған  шығыс  өңір  бүгінгі  күні  аз  зерттелген,  тарихи 
құпиясы мол және қызықты өңір болып отыр. «Тасоба »қорғаны бұрынғы 6 ауыл қасынан 4000 метр 
қашықтықта  орналасқан.  Обаның  орналасқан  жері  биіктеу,  көтеріңкі.  Үйіндісі  тас  және  топырақ. 
Биіктігі  1,5  метр.Аумағы  14  метр.  Обаға  тән  белгілердің  барлығы  бар.  Барлау  тобы  обаны  суретке 
түсіріп,  жоспарға  белгілеген.  Осы    «Тасоба  »қорғанынан  ежелгі  замандағы  нан  пісіретін  пеш,  көне 
тиындар,  қыш  құмыралар  табылған.  Ғылыми-зерттеу  тобының  қысқа  мерзім  ішінде  жүргізген 
жұмысының нәтижесі міне осындай болды. 
               Атырау  облысының  археолог  ғалымдарының  жүргізген  нәтижелі  жұмыстарының  арқасында  
«Сармат ханшайымы» немесе «Қылыш» қорғандары өз құпиясын аша бастады[14]. 
                 Облыс  әкімінің  қолдауымен  «Қазақстан»  РТРК»  АҚ  Атырау  филиалының  ұсынысын  қабыл 
еткен  «Хазардан  –  қазаққа  дейін»  атты  телеэкспедиция  жолға  шыққан  болатын.  Құрамында 

208 
 
тарихшылар мен археологтар бар топ Индер ауданына сапарында «Қылыш» жеріндегі қорғандардың 
бірін қазып, Сармат ханшайымының мәйітін тапты. 
 Жарсуат  ауылынан  шығысқа  қарай  20-30  шақырымдай  қашықтықта  орналасқан  бұл  қорғандардың 
барын  археологтар  білгенмен  анықтау  мүмкін  болмаған.  Біздің  эрамызға  дейінгі  Ү  ғасырға  жататын 
қорған  ішіндегі  үлкенінің  биіктігі  5 метр,  диаметрі 120  метр.  Негізі  бұл  әуел  баста  пирамида  істеттес 
әлде қайда биік болуы мүмкін. Археолог Марат Хасеновтің айтуынша, мұндай қорған елімізде сирек әрі 
Атырау  облысында  ең  ірі  қорғандардың  бірі  және  бұл  айналасындағы  кішігірім  қорғандарға  қарап 
болжам  жасағанда  патша  қорғаны  екені  сөзсіз  дейді.  Бұдан  басқа  жалпы  30-40  қорған  бар  көрінеді. 
Бұл бір тұтас тайпаның қонысы, заманында құтты мекен болған деседі. 
 – Кейін сарматтар ыдырағанда ғұндар, оғыздар, сосын қыпшақтар басқан. Бірақ ешкім ешқайда көшіп 
кеткен  жок.  Бүгінгі  халықтың  тамыры  осы.  Сондықтан  сарматтарды  зерттеу  біздің  арғы  тегімізді, 
этникалық  мәдениетімізді  тану  деген  сөз.  Сол  арқылы  өлкеміздің  жаңа  тарихи  беттерін  ашамыз. 
Оларды  зерттеу  арқылы  тұтас  қазақ  елінің  шығу  тегін  айқындауға  болады.  Мысалы,  қолданған 
тұрмыстық заттарында аң -құс, т.б бейнеленген,– дейді ол. [15] 
              Сонымен үлкен қорғанды қазу көп қаржыны қажет еткендіктен әрі әліміз жетпейтіндіктен кіші 
қорғанды  қазу  басталды  Бұған  «Дендер»  қоғамдық  жастар  бірлестігі  мүшелері  де  көмекке  келді. 
Метрден  аса  қазған  соң  археолог  қазу  тәртібін  қатаң  сақтауды  айтып,  өзі  өлшеп  беріп,  қай  жерге 
күрек салу керектігін бағыттап жүрді. Сәлден соң жерді шұқылап үріп, «міне жатыр» деді де осы жерді 
жаймен  қазуды  тапсырды.  Осылайша  көзге  адамның  мәйіті  көрініп,  оның  топырағы  мұқият  алынды. 
Оның  жанынан  екі  құмырасы,  айнасы  және  садақтың  қоладан  жасалған  жебесі  табылды.  Археолог 
М.Хасенов:  –  Бұл  сарматтың  жауынгер  әйелі  –  амазонка.  Мына  бойы  1,6-1,7  метр.  Өте  жаксы 
сақталған.  Сарматтарда  амазонкалар  болған.  Олар  әскербасылық  қызметтер  атқарған.  Бұл  біздің 
еліміз үшін үлкен жаңалық, – дейді ол. 
 Жалпы сармат мәдениеті өте аз зерттелді, олар осы батыс өлкені мекендеген дейді тарихшылар. 
          Ендеше, бұл қазаққа дейінгі кім болғанымызды, мәдениетімізді танудағы алғашқы қадамдардың 
бірі  болмақ.  Ал  сармат  көсемінің  қорғанын  қазуға  мемлекет  тарапынан  көмек  қажет-ақ.  Қасиетті 
Құрылыс    өңірі  Индер    ауданының    әсем    бұрыштарының  бірі.  2011    жылы  10-сынып    оқушысы 
Бағытжанова    Ақмөлдір  «Құрылыс    ауылының   тарихы»    атты    тақырыпта    «Дарын»    ғылыми   жоба  
байқауына    қатысып,  облыстан    жүлделі    ІІ  орынды  иеленді.  Ауылымыздағы    төрткүл    қорған  
орнындағы    орта    ғасырлық    көне    қалашықтың    Х-ХІ  ғасырлардағы    тарихи-мәдени    ескерткіштің  
сырын  ашуды, зерттеуді  көпшіліктің  назарын  аударуды  мақсат  етті. Аталған  жұмыс  оқушының  
археология    ғылымы    туралы    түсінігін    байытса,  екінші    жағынан    өлкетану    бағытында    Құрылыс  
ауылының  тарихына  жаңа  бет  ашуға, жас  ұрпақтың  отаншылдық  сезімін  дамытуға  үлкен үлес  
қосады. 7- сыныпта  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы  пәнінде  «Қалалық мәдениеттің  дамуы»  
тақырыбында    өткен    уақытта    осы    ауылымыздағы    аталған    қорған    орнындағы        қалашықтың  
аумағын, алып  жатқан  орнын, көлемі  жағынан  нешінші   топқа  жататынын айтып  салыстырамын. 
Тақырыпты    байланыстыра    отырып    түсіндіру    арқылы    оқушының    пәнге    деген    қызығушылығын  
арттырып, тарихи  біліктері мен  дағдыларын  жетілдіру. [11] 
          «Мен  ұлтты  күшейтудің  бірінші  тетігі – тіл  болса, ал  екіншісі – тарих, ал  тарих  ғылымы  
ғылымдардың  атасы» деген  қағиданы  басшылыққа  ала  отырып  шығармашылықпен  жұмыс  істей  
білетін, өтілген  тақырыптан  дұрыс  қорытынды  жасай  алатын  тарих деректерімен  өздігімен  жұмыс  
істеуге  қабілетті  жеке  тұлғаны  тәрбиелеуге  баса  ден  қоямын. «Дүниеде туған еліңнен артық ел 
де,  жер  де  жоқ»  деген    еді    сөз    зергері    Ғабит  Мүсірепов.  Туған  жер  тарихынан    аға    ұрпақтың  
өнегелі  істерінен  хабардар ұрпақ  патриоттық  -  азаматтық  рухта  өсіп – жетіледі. [6] 
       Оқушылар      халқымыздың    өткені  мен  болашағы    туралы    тарихты    жете  білмесе,  қазіргі  
қоғамның  даму  заңдылықтарын  толық  түсіну  мүмкін  емес. Асылды алыстан  іздеп  әуре  болмай, 
иегіміздің  астындағы  барымызды  бағалай  білсек. Сайып  келгенде  үлкеніміз  бен  кішіміз   ежелгі  
Рим  шешені, саясатшы  Цицеронның: «Өзің  туғанға  дейінгі  дүниеде  не  болғанын  білмесең  ғұмыр  
бойы нәресте  қалпында  қалдым  дей бер»  деген  қағидалы  сөзді  ұмытпағанымыз  жөн. [7] 
         «Жаңа  тарих  мәселелері  бойынша  тақырыптық    зерттеулер    аясын    кеңейту    қажет.  Соның  
ішінде    өлкетануға    байланысты    жұмыстарды    жан-жақты  зерттеу  керек»,  -  деді  Марат    Тәжин. 
Патриоттық    сезімнің    нысаны    мен    қайнар    көзі    Отан  десек,  мазмұны  туған    жер,  табиғат  оның  
байлықтары,  тілі,  дәстүрі,  тарихи    ескерткіштері    туған    өлкедегі    тамаша    киелі    орындарын  
насихаттау. Осы  мақсатта  оқушыларға  Елбасымыздың  «Мәдени мұра»  бағдарламасын  басшылыққа  
алуға    болады.  Жас  ұрпақ  –  біздің    өміріміздің    тікелей    жалғастырушы    өкілі  ғана    емес,  еліміздің  
тірегі, мызғымас  болашағы. Елжандылық  рухта  тәрбиелеу – жастарды  ерлікке, Отан сүйгіштікке, ар 
намысты    қорғауға,  адамгершілікке    баулиды.  Осындай    халықшылдық    идея,  елжандылық    сезім  
жастардың  жүрегінен  терең  орын  алып,  оларды  белсенді  іс-әрекетке  тәрбиелейді. [8] 
              Осындай  мақсатқа туған  жерінің  қадір-қасиетін  ұғындыру, туған жер  тұлғаларына  деген  
құрметтерін  арттыру, туған ел тарихын  тану  мақсатында М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепте 2006-

209 
 
2007  оқу  жылынан  бастап  «Зерде»  атты    оқушылардың  кіші    ғылыми    қоғамының  жетекшісі  ретінде 
«Өлкетану»  үйірмесін  ашып,  мектептегі  дарынды,  қабілетті  оқушылармен    жүйелі    жұмыс    жасап  
келемін. Нәтижесінде туған жер тарихы  жайлы  біраз  мағұлматтар жинақталды. Атырау облысы оның  
ішінде  Индер  ауданы  небір    тарихи    тұлғалар  мен  талантты  ұл  –қыз  өрбіткен  бұл  мекеннің    тарихы 
мол. Туған  жерінің  тарихи  тұлғаларын, тарихи  мәдени  ескерткіштерінің  құндылығын  қастерлеуге  
үйрету,  шығармашылық-ізденімпаздыққа    баулу.  Ата-баба    шежіресін,  аймақтың    ақтаңдаққа    толы 
кешегі    тарихын,  өткен    ақиқатын    білгіміз    келсе,  алдымен    халық    санасына,  ғұламалар  
тұжырымдамаларына,  сондай-ақ  сартап  болып  сарғайған  көне  шежіре  бетіне  үңілеміз. 
        Әрбір  адам  үшін  өзінің  туған  жерінің  тарихын  танып білу – перзенттік  парыз. Асқар-асқар  
таулары      көкорай    белдері    болмаса      да,  біз  үшін    ми  қайнатар    ыстығы    сағым    болған    туған  
өңірімізден    артық    ештеңе    жоқ.  Сол    өңірдің    талай    тарихты    қойнауына    бүгіп    жатқанын    білу, 
зерделеудің  өзі    бақыт.  Осы    орайда    Елбасымыз    Н.Назарбаевтың  «Мәдени  мұра»    бағдарламасы  
аясында    жазғы    демалыс    күндері    бір    топ    мектеп    оқушылары    мектеп  әкімшілігінің  
ұйымдастыруымен  «Тарихымды  танып  білгім  келеді»  тақырыбында  тарихи  танымдық  өлкетану  
жорығы    шежірелі,  бай  тарихы  бар,  қасиетті  Сарайшық  жеріне  бастау  алды.  Оқушылар  
экспедициясының    құрамына      мектебіміздің    үздік,  белсенді,  түрлі    жарыстардың    жеңімпаз   
оқушыларынан  құралған  30 оқушы  қамтылды. Сонымен  қатар  бұл  жорыққа  мектеп  директоры 
Р.Рысбаева,  мектеп  директорының  тәрбие  істері  жөніндегі    орынбасары  С.  Қайырлиева,  жоғары 
санатты тарих пәнінің  мұғалімі С.Керешов, алғашқы әскери дайындық пәнінің  мұғалімі Н.Қадірімбетов 
бастап апарды. Жорық  барысында  оқушылар  қасиетті  де  қастерлі  Сарайшық  өлкесінің  тарихымен  
жан-жақты  танысып  қайтты.  
       Республикамыздың    мәдени    мұраларын    қорғау    патриот    ұландардың,  келешек    ұрпақтың  
айнымас    міндеті.  Саяхаттан    түйгеніміз,  бүгінгі    балғын    ұрпақ        топырағында    көмулі    жатқан  
тарихымыздың    тағылымы    орасан    екенін    білді. Иә,  бүгінгі    қоғам    алдында    тұрған    міндет,  әрбір  
ұстаз    алдында    тұрған    міндет.  Дарын  –  адам    бойындағы    асқан  талант,  ерекше  қабілет.  Яғни  
дарынды    бала,  асқан      талант    иесі.  Меніңше    адамды    танып  білу  –  оның    бойындағы    ерекше  
қабілетті    көре    білу    мұғалім    үшін    аса    қажет    қасиет.  Ол    үшін    ерінбей    еңбектеніп,  баланың  
ерекше  қабілетін  байқауда  күнделікті  сабақта, үйірме  жұмысында  оқушыны  үзбей  бақылап, бала  
бойындағы  дарындылықты немесе  жүйелі  білім  алуға  қабілетті  тұлғаны   анықтауға  болады. [9] 
 Соңғы  уақытта білім  ошақтарында  ғылыми  зерттеу жұмыстарымен  айналысатын  шәкірттерімізде  
ауданымыздың  мәртебесін  асқақтатуда. Қызығы  мен  қиындығы  біте  қайнасқан  мектеп  өмірінде  
сабағын    оқи    жүріп,  зерттеу    жұмыстарына    белсене    араласқан    шәкірттеріміздің    саны    күннен  – 
күнге    көбейіп    келеді.  Жаңалыққа    жаны      құмар    үйірме    мүшелері,  көп    ізденіп  ғылымға    деген  
қызығушылықтары    бейімделіп,  келешекте    осы    саланы    жетік    игеріп,  білікті    маман    атанғысы  
келеді. «Білімді  ұрпақ  ел  болашағы»  демекші  ғылым  көкжиегіндегі  жасыл  құрақтай  желкілдеп  
өсіп    келе    жатқан    «Өлкетану»    үйірмесінің    5  оқушысы,  атап    айтқанда,  олар:    Орахова    Айгерім, 
Орахова  Ақсана, Шаукирова    Гүлзира,  Бағытжанова    Ақмөлдір,  Итенова    Ақсұңқар    аудандық    және  
облыстық    оқушылардың    дарынды,  қабілетті    оқушылардың     ғылыми   жобалар   байқауында   «Ұлы  
Жеңіске  үлес  қосқандар», «Туған  өлке – тұнған  шежіре», «Құрылыс  ауылының  тарихы»,  «Жер – 
су    атауларының    тарихы»,  «Ауданым  –  қасиетті  мекенім,  мақтанышым»    атты    тақырыбындағы  
ғылыми  жоба  жұмыстарын  сәттілікпен  қорғап, қорытындысында  І, ІІ, ІІІ дәрежелі  дипломдармен  
марапатталып,  мектебіміздің      және    ауданымыздың    мәртебесін    жоғары    көтеріп,  біздің  
мақтанышымызға  айналды. Аталған  оқушылардың   жоғарыда  аталған  ғылыми  жоба  жұмыстары  
республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық  басылым  саналатын  «Қазақстан  тарихы»  
әдістемелік  журналында  жарияланды. [10] 
              «Өлкетану»    үйірмесінің    мүшелері    қандай  да    ғылыми    конференция    болса,  тақырыптар  
бойынша  қызығып, оқушылардың  ғылымға  деген  көзқарастарының  өте  жоғары  деңгейде  екені  
анықталады.  
       Елбасымыз  тарихтың  маңызы  туралы  «Өркениетті  алға  бастырар  ғылым десек, соның  бірден 
–бір    саласы    жас    ұрпақты    дәл    тарихтай    отаншылдыққа,    ұлтжандылыққа,  әділдікке    тәрбиелей  
алмайды»- дейді. Өйткені  ол  бүкіл  адамзаттың  тарихын, жүріп  өткен  жолын, жинаған  тәжірибесін  
баяндайды.  Тарихты    білу  –  өзінің    отбасының,  әулетінің,  туып-өскен  өлкесінің    тарихын    білуден  
басталады.  Ел  ертеңіне  нық  сеніммен  қарайтын, жан-жақты  дамыған, патриот, жүрегі  елім, жерім  
деп  соғатын, өмір  сүруге  құштарлығы  мол  тұлғаны  еліміздің  кетігіне  кірпіш  етіп  қалай  білсек, 
бұл  біздің  көздеген  мақсатымызға  жеткеніміз. Елбасымыздың  «Қазақстан 2050»  бағдарламасында  
әрбір    пән    мұғаліміне    өлкетануда    анық    бағыттар    берген.  Келешек    ұрпақтың    Отанына    деген  
сүйіспеншілігін,  өзінің    туған    жеріне    деген    сезімін    тәрбиелеу  –  әрбір    мұғалімнің    парызы. 
Ғасырлардан –ғасырларға  кетер  тарихты  және  мәдени  ескерткіштерді қазіргі   ұрпақ  осы  бастан  
жинап    жасай    бастау    керек.  Келер    ұрпақ    халқымыздың    әргі-бергі    тарихына,  мәдени  

210 
 
құндылықтарына    мағұлмат    беретін    дәлелді    дәйектерді    өз    дәрежесінде    оқу    үшін    өлкетану  
жұмыстарына  байланысты  барлық  шараларды  жандандыру  қажет. [12] 
      Қорыта    айтқанда    ғасырлар    бойы    халықтық    мәдени    мұраның    құндылығын    түсіну    үшін, 
бабалар  есімін  құрметтеуден  бастап  жерлестеріміздің  дарындылығын  мақтаныш  етіп  туған  жерге  
деген    сүйіспеншілікті    тәрбиелеу    мақсатында    өлкетану    жұмыстарын    жыл    бойы    жүргізіп  
отырамын.    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет