Список литературы:
1. Буренков В.М. Мангышлак. - Алма-Ата: «Кайнар», 1984. - 176 с.
2.Карпеков
К.Д.
Прикаспийская
низменность
//
Казахская
ССР.
Краткая
энциклопедия. Том 2. - Алма-Ата, 1988. - С.414-415.
3. Мирзоев М.А. Мангыстау: голоса столетий. - Алма-Ата: «Казахстан», 1994.
4. Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. - Алма-Ата: «Казахстан», 1974.
5. Сагингалиев Б. История «Большой Эмбы». - Алматы: «Олке», 2002.
6. Каспийский шельф: взгляд с казахского побережья. - Алматы: «Олке», 1997.
ӘОЖ:373:26.8(574)
ӨЛКЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ
ӘДІСТЕМЕСІ
Тургумбекова Н.М.
Қазақтың спорт және туризм академиясы, Алматы қаласы
E mail: nturgumbekova@mail.ru
ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан
оқу-ағарту, ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең
зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды.Қазақстан Республикасы соңғы 20 жыл ішінде әлем
таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындады. Қазақ
халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған
қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық
зерттелмеген мәліметтер көп.Сондықтан студенттерге болашақта мектепте сабақтан тыс уақытта өлке
тарихын оқуға мән берулері қажет.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін
зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын,
шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін оларға жақын орналасқан объектілермен
186
қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және
әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып
бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі – аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ,
биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және
жүйелеу[1].
Жалпы орта мектептердің алдына қойған мақсаттарының бірі мектеп ішіндегі өлкетану
сабақтарын жүргізу болып табылады.Өлкетану дегеніміз бұл белгілі бір аумақты зерттеу. Зерттеу
обьектісіне ауыл, қала, облыстардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуын
жатқызамыз. Сондықтан мектептерде ел тарихын білу – бұл білім берудің және тәрбиенің негізгі бір
әдісі. Ол оқушыларды эстетикалық, жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Тарихты оқыту үрдісінде
елдімекен тарихын білудің маңызы зор.
Туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы мектеп оқушыларының қазақстандық патриотизмінің
қалыптасуы моделі эмоционалдық-мотивациялық, танымдық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері
бірлігінде байқалып, нақты өлшемдер мен көрсеткіштер, деңгейлер арқылы сипатталады және бүгінгі
өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде бағыт-бағдар береді.
Бүгінгі таңда көп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін жеткіншек жас
ұрпақтарды мемлекеттік рәміздер мен «Мәдени мұра» нысандарына, жалпы ұлттық құндылықтарды
құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Бұл жөнінде
еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында
«Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу аса қажет», - деп атап көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «азаматтық пен
елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу»
туралы да айтылған [2].
Бүгінгі ХХІ – ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік
пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени
мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер
Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен
бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы
жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас
ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт
мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді [3].
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие үрдісі арқылы оқушыларға терең білім
берумен қатар, өлкетану экологиялық мәдениеттіде қалыптастыру басты мақсат болып отыр. Демек,
бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты — сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың
пәнге деген қызылығушылығын арттыру, іздену, таным деңгейін көтерумен бірге сабақта өлкетану
материалдарын кеңінен қолдана отырып, географиялық, экологиялық білім беру.
Бүгінгі күннің негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қоршаған ортаға, туған өлке
табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілектерін қалыптастырып, ол арқылы туған өлке
табиғатының байлығын сақтау, табиғатын қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа географиялық,
экологиялық, өлкетанулық тәрбие беру. Елбасының жолдауымен 1999 жылы «Экологиялық білім
бағдарламасы» деген құжаттар қабылданған. Сонымен қатар Елбасының жолдауымен қабылданған
«Жасыл ел» бағдарламасы да іске асырылуда. Бұл бағдарламалар
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгіліктік, ғылымилық, жүйелілік
ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық, өлкетанулық білім беру жүйесін құру, оның
тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Өлкетану сабақтарының басты бөлімі оқушыларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау
алады. Туған өлкенің табиғатымен таныстыру-балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың
бірі. Оқушыларға экологиялық тәрбие ұғымдарын беру теориялық-практикалық әдістері төменнен
жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өрлеуден тұратын үрдіс. Мысалы: экология тәрбиесімен әртүрлі
пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат зерттеушілері, тағы басқа мамандық иелері айналысады.
Оның ішінде, әсіресе, мектеп оқушыларын көбірек қамтитын география пәнінің орны ерекше. Әрбір
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сан салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы күнделікті
қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі, айнала қоршаған ортамен байланысты болады. Адам
табиғат перзенті. Адам табиғаттан жеке дара тыс өмір сүре алмайды. «Судың да сұрауы бар», «Су-
ырыстың көзі», «Сулы жер-нулы жер, бұлақты жер — тұрақты жер» деген нақыл сөздер де бар. Осы
нақыл сөздердің өзі де жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятып, оны аялауға
тәрбиелейді.
187
Ал өлкетану-жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің шағын бөлігін оқып үйрену.
Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығын аттаудан
бастайды. Бастауыш сыныптарда өлкетану өз туған жерін тани білумен басталады. Қоршаған орта,
табиғатты көз көріп, араласып, табиғат өзгерістері туралы ұғым қалыптастырады. Ал 3-4 сыныптарда
өлкетану жұмыстары барған сайын күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың енді өз өлкесі жөніндегі
географиялық, экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта туған өлкесінің
табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сәйкес адамдардың еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін
бақылай алады.
Бастауыш сыныптардағы экология, өлкетану жұмысы дүниетану пәніне байланысты жүргізіледі.
Төменгі сынып оқушыларында мұндай дағдыларды қалыптастыруда табиғат көріністерін
бейнелейтін суреттерді пайдаланудың, олар бойынша жұмыс жүргізудің маңызы зор. Туған өлкені
суреттей отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатын аялай білуге баулиды.
Бастауыш сыныптарда табиғат қорғау, табиғатты тани білу, ең алғаш өзінің көріп жүрген туған
жерінен басталады.
Мектепте
оқылатын
жаратылыстану
пәндерінің
ішінде
экологиялық
мәдениетті
қалыптастырудағы маңызы ерекше пәннің бірі - география. Географияны оқытудың басты міндеттері –
табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, оқушыларға қоршаған ортаны
өзгертудегі антропогендік факторларды түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және
қоршаған ортаны ұқыпты қорғауға үйрету.
Осыған орай, кең байтақ қазақ жеріне тән өзіндік ерекшелік — оның үлкен континентішілік
орналасуы. Көптеген жерлерде халық аз қоныстануына байланысты бұл жерлер әскери базалар мен
атом жарылысын сынайтын полигондарға беріліп, жер қойнауының байлығын — жалпы өндіріс
орындарына, құнарлы жерлерді-ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруге, егіншілікті көтеруге, мал
жайылымдарын — мал шаруашылығын дамытуға беріліп, біздің табиғатымызға көптеген жылдар бойы
өте зор зиян тигізілді.
География пәні бойынша әр тақырып экологиялық проблемалармен таныстыру және
өлкетанулық білім беруде зор маңызы бар.
Өлкетанулық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын
жүзеге асыру керек өйткені өлкетану курсын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған
мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Әр сабақта жергілікті жердің компоненттері жайлы мағлұмат пайдаланылуы – елі мен жерін
танудың,оны қорғаудың, болашақ ұрпаққа сақтаудың басы екендігін, әрі әр адамзаттың борышы
екендігін ұғындыруда.
Мұғалім – туған өлкені танудағы ғылымға жол ашушы, соған бағыттап бейімдеуші.
Оқушы – ізденуші, кейінгі іні-қарындастарына географияның жаңа қырын ашушы.
Әрбір жергілікті елді мекендерде туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасайды. Өлкетанудың
жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер
құрылған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі өлкетану мекемелерінің ісін
жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп
танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды.
Жергілікті жерлерде облыс, аудан өлкетану мұражайлары жұмыс жасауда. Қазақстанның әр өлкесіне
арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.
Қазақстан туризмінің өзекті күрделіліктері, кластерлі брендке айналдыру құндылықтары, дамуы
мен болашағы, сондай-ақ туризмнің кластерлі-инновациялық дамуы мен өлкетану жұмыстарын
ұйымдастыруға қатысты мәселелері талқылау болып табылады. Басты мақсат – Қазақстандағы
өлкетану туризмін дамыту және отандық әрі шетелдік ғалым-мамандар арасында туристік-өлкетану
жұмыстарын ұйымдастыру мен бірлесе жұмыс істеуге әрекеттесу, аймақтарды зерттеуде тәжірибе
алмасу, ақпаратты-коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, географиялық өлкетану және
туризм бойынша оқу сапасы мен білім жүйесінің деңгейін жақсарту
Әдебиеттер тізімі:
1. Оқушыларды өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің әдістемесі // «Қазақстан
және әлем: тарих және заман». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары / Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы, 2005. – 122–124 бб.
2. Оқу-тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын пайдалану арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің
тиімді әдіс-тәсілдері // Қазақстан республикасындағы білімнің даму тарихы мен қазіргі тенденциялары.
Қоғам және мемлекет қайраткері, пед. ғыл. д-рлық, КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының
корреспондент-мүшесі, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, проф. Ә.І. Сембаевтың 100
жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –
188
Алматы, 2005. – 333–336 бб.
3. Оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудегі «Өлкетану» бағдарламасының
маңызы // Білім – образование. – 2005. – № 3 (21). – 51–53 бб.
4. «Өлкетану» таңдау курсының кіріктірілген бағдарламасы. (5–9 сыныптар бойынша) Тарих, әдебиет,
география, биология пәндеріне қосымша // Авторлық бағдарлама. – Алматы, 2007. – 36 б.
ӘОЖ: 37.013
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘЛІМДІК ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Базарғалиев Ғ.Б.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Түркі халықтарының педагогикалық мұрасы мен тәжірибесі негізінде жастарға отансүйгіштік
тәрбие берудің
тарихи алғышарттарына адамзаттың даму тарихында әрбір халық өз субьектілерінің
сапалылығына, табиғи сұрыпталуға төтеп беретін тұлғалар қалыптастыруға, өмір мен тәжірибе
арқылы шыңдалып өсуіне аса мән беріп, «жан-жақты жетілген» ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.
Ол үшін биік талаптар қоя отырып, соны ұмтылатын құндылыққа айналдырған, ол талаптар мыңдаған
жылдар бойы мәдени-тарихи дамудың өз тәжірибесінен алынған, халықтың менталитеті мен қоғамдық
ой-пікіріне сүйенілген. Себебі өткен ата-бабалар өсиеті осы сахаралық мекенді мәңгілік сақтауды үнемі
келер ұрпаққа табыс етіп отырды. Сондықтан өздері мекендеген «Жоғарыдағы Көк Тәңірі мен
Төмендегі Қара Жер» далалық көшпелілердің қасиетті мекеніне, алтын ұясына айналды, өзіндік ықшам
ғарышты құрады. Бұл туған жеріне махаббат пен жұртына деген сүйіспеншілікті орнатты – олар
еркіндік қадір тұтатын халық үшін ел қорғауды ізгілік және мәртебелі іске айналдырды. Осыған сәйкес,
уақытында көне мұраларымыз бен тарихи жәдігерлерімізді, атадан балаға жеткен бабаларымыздың
тәлімдік тәжірибелерін қайта жаңғыртуға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсыныс жасап, төмендегідей
бағыттарды ұсынды, олар:
- біріншіден, халықтың орасан зор мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық
мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
- екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет
ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- үшіншіден, түркі әдебиеті мен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген
ғылыми зерттеулер жүргізу;
- төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен тәрбиенің үздік
жетістіктері негізінде гуманитарлық зерттеулердің толымды қорын жасау» [1]
Түркі тарихының дереккөздері арасында бірінші орынды Енисей жазбалары алады. Енисей
жазбаларының табылуы бір кездейсоқтықтың нәтижесі емес және оның оқылуы батыс ғалымдары
тарапынан жүзеге асырылған. Енисей жазбалары швед Джонанн Филипп тарапынан 1730 жылы
жарияланған «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты кітабы арқылы ғылым әлеміне
танылған. Орхон жазбалары Н.М.Ядринцев басқарған ғылыми одақ тарапынан 1889 жылы 18 шілдеде
табылған. Атақты түрколог В.Радлов бұл жазбаларды оқу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, венгрлік
Х.Вамбери осы зерттеуге көңіл бөлгенімен, Орхон жазбаларын оқу ісі даниялық В.Томсенге оқып
мағынасын ашқан болатын. Осылайша, түркі тарихының құнды дереккөздерімен бірге әліпбиі де
ғылым әлеміне жаңалық болып енді.
Ал, түркілердің пайда болуына келсек, ескі Қытай жазбаларында түркілер туралы «Тугю», яғни
Дуылға деп аталады. Сол деректер бойынша түркілердің ата-бабалары Батыс теңіздің жағалауына
қоныстанған болатын. Оның қалыптасуы жайында мифологиялық деректерге келетін болсақ: «Бөрінің
құтқарушылық бейнесі туралы аңыздар түркі халықтарының бәрінде де кездеседі. Мысалы, түркілерді
жаулары қапыда шабуыл жасап, бүкіл халықты қырып тастайды. Ауыр жарақатпен он жастағы бала
аман қалады. Сол балаға қаншық қасқыр кездесіп, ет беріп баланы асырайды. Бала ер жетіп
қасқырмен бірге аң аулайды. Бірде қасқыр ғайыптан сұлу қызға айналады. Жігіт қасқырға үйленіп он
бала туылады. Содан тараған ұрпақ көбейе келе мемлекет болған», - деп келтіреді [2].
Еуразияда болсын, Еуразиядан басқа жерде болсын құрылған түркі мемлекеттері құрылымы мен
болмыстарын сақтап қалу үшін өмір сүрген заманына сай алдыңғы қатарлы соғыс технологиясымен
және тәжірибесімен жабдықталған. Қытай шекарасынан Орта Еуропаға дейінгі үлкен территорияға
билік жүргізуінің басты себептері де осы. Мысалы, Атилла мен Шыңғыс ханның әскери күштерінің
арқасында әлемдік мемлекет деңгейіне жеткендіктері тарихи шындық. Бүгінгі таңда әскери күш және
189
соғыс технологиясын бір жерде қолдана алған мемлекеттердің де үш құрлық үстінен билік құрулары
әскери күшпен, технологиямен тікелей байланысты. Түркі мемлекеттері де күшті әскері мен керекті
құрал-саймандардың арқасында көптеген басқа қауымдарға билік жүргізген. Сондықтан түріктерде
«әскери ұлттық дәстүрі» үстем болған. Бұл әрбір түркі азаматы бейбіт өмірде, яғни күнделікті өмірде
отбасына, обасы (тайпа) мен мемлекетіне қауіп-қатер төнетін болса дереу бір жауынгер, яғни әскер
адамы болып шыға келеді деген мағынаны береді.
Осыған сәйкес,
философиялық алғышарттары бойынша, түркілік тағылымдардағы түркілік
рухтың сынақ аймағы ретінде бізге ұлы тәжірибелерді ұсынады. Сондықтан жеке тұлғаның бойында
түркілік бауырмалдық, отансүйгіштік сананы нығайту мен олардың бойына ұлттық рухты сіңіру
мәселері туындайды. Белгілі философ А.Т.Тайжановтың пікірінше: «Рух – әрбір адамның әлеуетін
ашатын, көптің қуатын ортақ арнаға қосатын халық даналығының жиынтығы, еркіндіктің түрі» [4].
Яғни, рухы биік, күшті елдердің қашанда бағы таймаған, «мың өліп, мың тіріліп» жасампаздыққа қол
жеткізген. Бүкіл жасампаздық істерді жасаған да рухы биік тұлғалар. Ал, ондай тұлғаларда әкелетін
көп факторлардың бірі тарихи тағылым мен тәлімдік тәжірибелер болып табылады.
Түркілердің отансүйгіштік
идеологиясы мен саяси алғышарттары мемлекет бірлігін нығайтумен
сипатталады. Сондықтан еліміз ашық қоғам болғандықтан рухани кеңістігіне қандай идеялар енуде,
идеологиясы қалай қалыптасу үстінде екендігін бағамдап отыру да жеке тұлғаның бойында түркілік
отансүйгіштік сананы қалыптастыру үшін қажетті мәліметтер болып табылады. Яғни, этностармен
бірлікте, эволюциялық қағидалар бойынша дамуы және белгілі бір нақты этностың өзіндік ішкі
имманентті жағдайдағы дамуы да бүгінгі таңдағы басты ахуал болып табылады. Демек, бұл
тұжырымдамаларды саралай келе, еліміздің саяси-әлеуметтік стратегияларын байыптай отыра
«ұрпақтарымызды осындай қауымдастықтарға бірігуге қалай тәрбиелеуіміз қажет» деген сауал
туындайды. Оның түркілік саяси негіздерінің пайда болуы мен бекуі тәуелсіз еліміздің күшейіп алға
жылжуымен тығыз байланысты. Сондықтан түркілік патриотизмнің мемлекеттік саясат пен
идеологиядан өзіндік орнының айшықталуы объективті шынайы құбылыс болып табылады. Ол
мемлекеттің біртұтастығы мен халық бірлігіне негізделген күштің қайнар көзіне айналады және
азаматтардың саяси сауаттылығында көрінеді. Түркілердің отансүйгіштік идеологиясы әрқашан
ақиқат, гуманизм мен демократия жағында болады. Отансүйгіштік қоғам алдында тұрған стратегиялық
міндеттерді шешуге ұмтылдырады, тездетеді. Осыдан әртүрлі елдердегі отансүйгіштіктің саяси
аспектілерінің негізі мен ерекшеліктері анықталады. Ал түркілік бауырмалдық дегеніміз, сол халықтың
құрамындағы тұлғалардың өздеріне тән халықтық рухани-мәдени және материалдық құндылықтарын
сақтай отырып, елдің ілгері дамуын, өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін негізгі нысаналы ортақ
мақсаты. Сондықтан да түркілік бауырмалдық өмірдің бар саласында бірінші кезекте тұруға тиіс.
Саясатта да, экономикада да, мәдениетте де, таным-талғамда да, қысқасы күнделікті жасалатын іс-
әрекеттің бәрінде де мәселенің түркілік бауырмалдық тұрғысынан шешілуі – елдің тұрақты
өркендеуінің, мемлекеттігінің нығаюының басты кепілі болып табылады. Сол себепті де түркілік
бауырмалдықты қорғау – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей ортақ қажеттілікке айналады. Бұл ретте
түркілік бауырмалдық уақыт талабына сай белгілі бір нәтижелі мақсаттарға бағыттап отыратын
пәрменді тетік мемлекеттік институттар болуға тиіс. Шындығында, бұл үдерістің арнайы құрылымдары
мен оны іске асырудың құралдарын жетілдіруді қажет етеді, оның идеясы мен идеологиясының
технологиясын өздігімізше зерделуіміз керек. Мәселен, бүгінгі таңдағы түркілердің рухани-мәдени
кеңістігіндегі отансүйгіштік тәрбие мен басқа да идеяларды ажыратып, оны ұрпақтарымызға түсіндіру
де маңызды міндет. Қазіргі заманғы америкаландыру мен әр түрлі діни секталық немесе
постмодернистік үрдістердің элементтерін қоғамдық үрдістің көрінісі деп дәлелдеушілер бар, ал
моральдық-рухани құлдырау саласын да әлемдік обьективті жағдай деп бағалайтын ұсыныстар да
кездеседі. Сондықтан педагогиканың міндеті, жағымсыз үрдістерден, біздің менталитетіміз бен рухани
құндылықтарға қайшы келетін үрдістерден оларды сақтандырып, алдын-алу шараларын ұйымдастыру
болып табылады. Осы көптүрлі дамудың жобаларының ішіндегі ең ақиқат және тарихи тәжірибеде
өзінің өміршеңдігін көрсеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қағидамыз шындығында, адасуды
болдырмау үшін обьективті қажеттіліктер шартынан туындап отыр. Осыған сәйкес этнопедагогика
обьектісі мен бағдарлары барынша тиімді тәсіл деп бағаланады.
Түркі халықтарының педагогикалық мұрасы мен тәжірибесі негізінде студенттерге отансүйгіштік
тәрбие берудің
әлеуметтанушылық алғышарттары бойынша талдау жасайтын болсақ, «Қоғам мен
адам» – қатар аталатын импликациялы, әрі органикалық бірлік. Сондықтан қазіргі әлеуметтану мен
педагогикадағы әлеуметтендіру үдерісі – кез-келген адамды біріктіру, қарым-қатынас оның нормалары
мен қағидаларын мойындауға мәжбүрлеу болып табылатын тұжырымдамалық бағытты құрайды.
Түркілік тағылымның құрылымы жөніндегі әлеуметтік-саяси мәселелер өз кезегінде әлеуметік
педагогиканың да маңызды буындарының бірі болып отыр. Шындығында, бұл үдерістің арнайы
құрылымдары мен оны іске асырудың құралдарын жетілдіруді қажет етеді, оның идеясы мен
идеологиясының технологиясын өздігімізше зерделуіміз керек. Мәселен, бүгінгі таңдағы Қазақстанның
190
рухани-мәдени кеңістігіндегі отансүйгіштік тәрбие мен басқа да идеяларды ажыратып, оны
ұрпақтарымызға түсіндіру де маңызды міндет. Қазіргі заманғы әр түрлі діни секталық немесе
постмодернистік үрдістердің элементтерін қоғамдық үрдістің көрінісі деп, ал моральдық-рухани
құлдырау саласын да әлемдік обьективті жағдай деп бағалайтындар да кездеседі. Сондықтан
этнопедагогиканың міндеті, біздің менталитетіміз бен рухани құндылықтарға қайшы келетін
үрдістерден сақтандырып, алдын-алу шараларын ұйымдастыру болып табылады. Осы көптүрлі
дамудың жобаларының ішіндегі ең ақиқат және тарихи тәжірибеде өзінің өміршеңдігін көрсеткен салт-
дәстүр мен әдет-ғұрып қағидамыз шындығында, адасуды болдырмау үшін обьективті қажеттіліктер
шартынан туындап отыр. Осыған сәйкес этнопедагогика обьектісі мен бағдарлары барынша тиімді
тәсіл деп бағаланады.
Жалпыадамзаттық
және
әлеуметтік
маңызды
мәселелердің
бірі
–
интерэтникалық
коэволюционизм және субъэтникалық өркениет. Яғни, ұлттар мен этностардың бірлікте, эволюциялық
қағидалар бойынша дамуы және белгілі бір нақты этностың өзіндік ішкі имманентті жағдайдағы дамуы
да бүгінгі таңдағы басты ахуал болып табылады. Бұл жағдайдағы Қазақстанның дамуы мен өрлеуі,
оның өзге мемлекеттермен бірлікте даму идеясы қоғамдық ғылымдармен қатар этнопедагогиканың да
басты нысаны болып отыр. Мәселен, субъэтникалық өркениет пен бүкіләлемдік мәдениет талаптарына
жауап беретін түркілік бауырмалдық, түркілік әдеп, түркілік рух, түркілік мәдениет пен тұраншылдық
идеясын атап өтуге болады. Демек, түркілік қауымдастықтың мегатенденциясында мұндай
субынтымақтастық өзіндік маңызды қызметтерін атқара алады және еліміздің этноболмысын өз
деңгейінде сақтап тұра алады, сырттан таңылған жағымсыз факторларға берілген жауап болып
табылады. Олай болса, бізге түркілік рухпен қоса тұраншылдық та қажет. Жоғарыда ғалымдарымыз
атап өткендей, түркіліктің негізгі белгісі болып табылатын тұраншылдық – түркілердің бірігу идеясы.
Түркілік – мұрат, саясат болса, билікке қол жеткізу – оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілі болып
табылады. Сондықтан негізгі сенім мен көзқарас болып табылатын мұрат ешқашан өзгермейді, ал
саясат, яғни саяси әдіс ұстанымы үнемі динамикалық тұрғыда болуы мүмкін деп айта аламыз.
Түркі халықтарының педагогикалық мұрасы мен тәжірибесі негізінде студенттерге отансүйгіштік
тәрбие берудің
мәдени алғышарттары бойынша – түркілер әлемдік аренадағы өркениеттілік
мәдениетті таратушы, дүние жүзіне табиғи экстенсивті дамудың, өмір сүрудің қолайлы модельдерін
ұсынушы қызметтерін көре аламыз. Бізге жеткен деректерге қысқаша шолу жасайтын болсақ, Тұран
тайпаларының одағы, сақтар мен ғұндар және түріктер мыңдаған жылдар бойы Қытай, Үндістан,
Еуропа халықтарына билік жүргізгендігін, Байкал жеріндегі түркі қорғандарының таралуы сонау Дон
мен Дунайға дейін созылып жатқандығын, қола дәуірінің басталуы Қарғалы жеріндегі мыс
өндірістерінен туғандығын, ғұндардың адамзат тарихындағы орны жаңа әлеуметтік-экономикалық
формация феодализмді тудыруда прогрессивті роль атқарғандығын, ғұндардың Еуропаға руникалық
жазу мен монша сияқты өркениет белгілерін таратқандығын т.б. атап айтуға болады.
Яғни бұл түркі халықтарының байырғы дәуірлерінен бастау алған мәдени өркениеттік қызметін
де айғақтай түседі. Оның кейбір формаларына тоқталар болсақ, Қазақстан аумағындағы Андронов
мәдениетінің кеңістік бойынша географиялық ауқымдылығы белгілі ғаламдық тұтастық пен ортақ
мәдениеттің алғашқы бастауларын ниеттеп, ғұндар дәуіріндегі түркіорталықтық қағидаға
бағынғандығын байыптауға болады. Түркілердің Ғұндар дәуірі әлемге мәдениеті пен қуаттылығы
арқылы мәлім болып, өзіндік тұтастыққа ұмтылған алғашқы үлгілер деп пайымдауымызға болады.
Өткенді зерттеуші тарих ғылымы көрсеткендей, ғұндар заманы Қытайдан бастап, батыс Римге дейінгі
аймақты қамтып, өзіндік этномәдениетін құруға және таратуға мүмкіндік алды. Мәселен, Римдік
Капитолий скульптурасы – ғұндардың көк бөрі тотемінің аналогиясы болғандығы, аңыз бойынша Еділ
бойында дүниеге келген зороастризмдік дәстүрдің Орта Азия мен Иран жеріне және батыс Еуропаға
таралғандығы, оның сол дәуір үшін озық дәстүрлер болғандығы, қазақ даласында қола дәуірінің аяқ
кезінде пайда болған шаманизм сенімінің де әлемге таралуы т.б. атап өтуге болады. Мәселен,
зороастризмнің мәдени қызметінің көріністерін байыптауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |