Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ 
Еңбек Қоғамына  қарай 20 қадам» атты  тұжырымдамалық  мақаласы. Алматы  2012 ж. 
2.  Қ.Р.  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың    «Қазақстан  -2050  стратегиясы  –  қалыптасқан    мемлекеттің  
жаңа саяси  бағыты» атты Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауы. 14.12.2012 ж, Алматы. 
3.  «Қазақ  тарихы»  ғылыми  әдістемелік  журнал, №6 2006 ж. 
4.  «Қазақ  тарихы»  ғылыми  әдістемелік  журнал, №6 2007 ж. 
5.  Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. «Тәрбие  жұмысы» № 2  2011 ж. 
6.  Республикалық педагогикалық журнал. «Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар»  №8 2010 ж. 
7.  «Қазақстан  тарихы»  әдістемелік  журналы  №2  2010 жыл 
8.  «Қазақстан  тарихы»  әдістемелік  журналы   №1  2013 жыл 
9.   «Қазақстан  тарихы»  әдістемелік  журналы  №6  2013 жыл 
10.  «Қ азақстан  тарихы»  әдістемелік  журналы  №7  2013 жыл 
11.  «Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы». 7-сынып. 
12.   Атырау энциклопедиясы «Атамұра» баспасы. 2000ж. 
13.   «Дендер – бес қаруын асынып, бабалар жортып өткен жер». Алматы 1996 ж. 
14.    «Самал сарайы» газеті  №14  2013 жыл 
   «Дендер» газеті  №34  2013 жыл 
 
 
 
ӘОЖ 159.923 
 
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ 
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Султашева Г.К.,Сабирова Ж.Н. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 
Төтенше жағдай дегеніміз – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы 
мүмкін,  олардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға  және  шаруашылық  жүргізуші  объектілерге  нұқсан 
кетірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты  едәуір  дәрежеде  материалдық  шығындарға  ұшыратып, 
тіршілік  жағдайын  бұзған  немесе  бұзуы  мүмкін  авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір 
аумақта туындаған жағдай; 
        Төтенше  жағдай  дамуының  негізгі  үш  кезеңі.  Реактивті  өткір  психоздардың  түрлері. 
Зақымданудан  кейінгі  стрестік  бұзылыстар  (ПТСР)  туралы  жалпы  түсінік.  Өткір  стрестік  реакциялар 
төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар төтенше жағдай орын 
алған  аумақтағы  тұрғындармен  қарым-қатынасқа  түседі.  Орын  алған  төтенше  жағдай  адамдардың 
психологиялық  күйіне  әсер  етеді.  Төтенше  жағдай  аумағында  адамдардың  психикасын  зақымдаушы 
факторларды екі топқа бөлеміз. 
        * Бірінші топқа  адамдардың өмірі мен денсаулығына физикалық қауіп төніп тұрумен байланысты 
факторлар  кіреді.  Олардың  ішінде  –  жарылыстар,  өрттер,  ғимараттар  конструкцияларының  қирауы, 
радиобелсенді  ластану,  сыртқы  ортаның  химиялық  зиянды  заттармен  улануы,  токсинді  заттар  және 
т.б.  Осылардың әсері нәтижесінде пайда болатын психикалық бұзылыстар, негізінде физиологиялық 
(медициналық)  күйі  жағдайында  байқалады.  Оларға:  зақымданулар,  күйіктер,  радиациялық 
жарақаттар, химиялық уланулар, аурудан және зақымданудан есеңгіреу және т.б. кіреді. 
        * Екінші топ факторлары төтенше жағдай ауқымы мен оның салдары туралы нақты ақпараттың 
болмауымен,  сондай-ақ  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына  төнген  қауіптің  деңгейіне,  туған-
туыстарының  тағдырына  алаңдаушылық,  күнделікті  өмір  сүру  бейнесінің  өзгеруіне,  белгісіз  болашақ 
алдындағы  әлсіздік  сезімімен  байланысты.  Төтенше  жағдайдың  салдарын  жою  кезінде  адамға  әсер 
етуші екінші топтағы психиканың зақымдаушы факторларын толық жою немесе күшін әлсірету мүмкін 
емес,  бірақ  медициналық  қызметкерлер  мен  құтқарушылардың  зақымданған  адамдармен 

211 
 
жоспарланған  психологиялық  және  әлеуметтік  жұмыстар  жүргізуінің  нәтижесінде  осы  факторлардың 
әсеріне оларда айтарлықтай психологиялық тұрақтылықты арттыруға болады. 
Зақымданғандарға  психологиялық  көмек  көрсету  үшін  құтқарушылар  төтенше  жағдайда  туындайтын 
психикалық  бұзұлулардың  пайда  болу  себептері  мен  түрлері,  өту  барысы,  оларды  бір-бірінен  қалай 
ажыратуға  болады  және  қай  жағдайда  зақымданушыға  қандай  қолдан  келетін  көмек  көрсетуге 
болатыны жөнінде білуі тиіс. 
         Қазіргі уақытта зақымданғандарда түрлі бейнедегі психикалық бұзылыстар байқалатын төтенше 
жағдай дамуының негізгі үш кезеңін ажыратуға болады: 
         Бірінші  кезең  аяқ  астынан  адам  өміріне  қауіпті  жағдайдың  пайда  болуымен  байланысты  (өрт, 
жарылыстар,  жер  сілкіністері,  цунами,  су  тасқыны,  дауылдар  және  т.б.).  Ол  өз  кезегінде  уақыттық 
нормалармен  шектеледі  –  төтенше  жағдайдың  туындау  уақытынан  авариялық-құтқару  жұмыстарын 
жүргізуді  бастағанға  дейінгі  аралық.  Сараптамалық  көрсеткіштер  осы  кезеңнің  созылу  уақыты  5 
сағаттан  аспайтынын  көрсетеді.  Осы  уақытта  күшті  күйзелістер  адамдарда  қорқыныш,  үрей,  түрлі 
деңгейдегі естен шығу реакцияларын тудырады. Төтенше жағдайдың алқашқы уақытында адамдарда 
болып жатқан жағдайды түсінбей қалушылық, сасқалақтау күйлері байқалады. 
         Осы қысқа мерзімді уақыттық аралықтан кейін адамдарда қарапайым қорқыныш реакциясынан 
белсенділіктің 
артуы, 
қозғалыстардың 
нақтылығы 
және 
үнемділігі  байқалады, 
сондай-ақ 
бұлшықеттердің күші артады. 
         Осымен  қатар  сөйлеу  қабілеті  нашарлайды. Бұл  –  сөйлеу темпінің  ұлғайуы  және  дауыс  ырғағы 
мен  күшінің  жоғарылауы  кезінде  байқалады.  Осындай  күйде  адамға  ерік-жігерін,  қозғалыс 
функцияларын  жұмылдыру  тән  болады.    Қорқыныш  пен  үрейдің  күрделі  реакцияларында  алдымен 
активті және пассивті түрдегі қозғалыстық бұзылыстар пайда болады. 
         Активті  түрінде  –  адамдар  тез  шешім  қабылдау  үшін  және  қауіпсіз  жерге  көшу  үшін  кедергі 
келтіретін    мақсатсыз  және  түсініксіз  жүрістер  жасайды.  Кей  жағдайларда  үрейлі  жүгірістер 
байқалады. 
         Пассивті түрі  адамның  қимылсыз  бір  орында тұрып  қалуымен  сипатталады.  Бұл  жағдайда  оған 
көмек  көрсету  кезінде  ол  еріксіз  бағынады  немесе  негативті  реакция  білдіріп  қарсылық  тудырады. 
Ондай  кезде  адамның  сөзі  үздік-үздік  болып,  негізінен  қысқа,  мәні  жоқ  сөздермен  шектеледі  немесе 
мүлдем еш сөз айтпайды. Қорқыныш пен үрейдің қай түрінде болмасын, адамда сана-сезім тарылады, 
яғни  нақ  оқиғаны  қабылдамайды.  Аса  күрделі  психикалық  бұзылыстар  көбіне  жабық  күйдегі 
зақымданулар немесе жарақаттар алған адамдарда пайда болуы мүмкін. 
         Екінші  кезең  өз  уақыттық  өлшеміне  қарай  авариялық  –  құтқару  жұмыстарын  жүргізу  кезеңіне 
сәйкес  келеді.  Бұл  уақытта  жоғалған  немесе  тағдыры  белгісіз  туған-туыстарымен,  отбасының  және 
мүліктерінің талқандалуымен негізделетін жаңа күйзелістік әсер еткіштер пайда болады. 
         Осы  кезеңнің  басында  байқалатын  психоэмоционалды  кернеу,  шаршағандық  пен  депрессияға 
ауысады. Зардап шеккендердің психикалық бұзылыстары психоздар мен невроздар бейнесінде көрініс 
береді.  Зардап  шеккен  адам  үшін  психоздар  өте  қауіпті  болады  және  білікті  медициналық  және 
психиатриялық көмекті талап етеді. Олар адамның мақсатталған іс-әрекет жасауына кедергі келтіреді. 
         Төтенше жағдай уақытында пайда болатын психоздардың негізгі түріне өткір есеңгіреу күйі және 
реактивті  өткір  психоздар  кіреді.  Өткір  есеңгіреу  күйі  (қорқыныштың  күрделі  түрі)  өмір  мен 
денсаулыққа төнген қауіпті қатты уайымдау кезінде пайда болады. (өрт, жарылыс, жер сілкінісі және 
т.б.). Бұл психоздар активті немесе пассивті түрде көрінуі мүмкін. 
          
         Реактивті өткір психоздардың келесі түрлері байқалуы мүмкін: 
 
психогенді  депрессия:  қайғылы  күйдің  баяу  дамуымен,  бағыт-бағдардың  күрделенуімен, 
қимыл-қозғалыстың тежеулігімен сипатталып, өз кезегінде қимылсыз тұрып қалуға (ступор) және мән-
мағынасыздыққа әкелуі мүмкін. 
истериялық депрессия: истерикалық қозғыштықтың қысқа кезеңінен кейін аушу-ызаға әкеліп соғатын 
апатия, қайғыру күйі туады. Алайда, бұл жағдайда 
 
психикалық әрекеттің бұзылуы байқалмайды. 
 
параноидті психоз – жанды қинайтын жағымсыз уайым, эмоциялық кернеу, уайымдаушылық. 
 
параноидті-галлюцинативті синдром: белсенді психикалық әрекет қиындай түседі. Кейде адам 
өзін басқа адам ретінде немесе басқа жағдайда жүргендей елестетеді. Бұл жағдайда адамда дауыстар, 
жас  баланың  жылағаны,  көмек  сұрап  айқайлаған  т.с.с  түрлі  дыбыстарға  ұқсас  галлюцинациялар 
байқалады. 
         Зардап  шеккендердің  көпшілігіне  психикалық  емес  бұзылыстар  тән.  Олар 
истерикалық  невроз 
немесе неврастения түрінде көрініс табады. Сонымен, олардың құрамына: 
 
қозғалыстың  бұзылысы  (қояншық,  сал  болып  қалу,  талма  ауруы  және  т.б.).  Олар  ыңырсу, 
айқай  және  жылаумен  бірге  де  көрініс  береді.  Сондай-ақ,  кекештену,  дауыстың  жоғалуы, 
бұлшықеттердің 
жеке 
топтарының 
дірілі 
немесе 
керісінше, 
қимыл-қозғалыстың 
толық 

212 
 
сақталғандығымен, жерге «қадалып қалғандай» күйлер байқалады. 
 
сезім  мүшелері  жұмысының  бұзылыстары  (тері  қабатының  сезімталдылығының    жоғалуы, 
истериялық  соқырлық,  кереңдік,  саңылаулық.  Физиологиялық  бұзылыстар:  тамақта  бір нәрсе  тіреліп 
тұрғандай сезім, истерикалық құсу, жүрек аритмиясы, іш өту); 
 
психикалық  бұзылыстар  (қорқыныш,  көңіл-күйдің  аяқ  астынан  бұзылуы,  мінез-құлықтағы 
құлшыныстың болмайы және т.б.). 
         Неврастения  қатты  шаршаудың,  демалу  мен  ұйқының  жетіспеушілігі,  психикалық  зақымдаушы 
жағдайлардың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. 
          Алғашқы  кезде  ол  жоғары  қозғыштық  күйінде  көрініс  береді,  кейіннен  бұл  жағдай  адамның 
физиологиялық  қорының  таусылуына  әкеліп  соғады.  Неврастения  қатты  шаршағандық,  қозғыштық, 
әлсіздік,  өзін-өзі  ұстауға  жарамсыздық.  қай  затқа  болса  да  зейінін  шоғырландыра  алмау,  бас  ауруы, 
ұйықының бұзылуы күйінде көрініс береді. 
         Үшінші кезең зардап шеккен адамдар үшін төтенше жағдай салдары жойылғаннан кейін немесе 
қауіпсіз жерге орналасқаннан кейін басталады. 
Психикалық  бұзылыстар  зақымданудан  кейінгі  деп  аталатын  стрестік  бұзылыстардың  (ПТСР)  пайда 
болуымен сипатталады. Зақымданудан кейінгі стрестік бұзылыстардың (ЗКСБ) белгісі ретінде басынан 
өткізген  оқиғаладың  күшті  эмоциялық  қорқынышпен,  орын  алған  оқиға  алдында  әлсіздікпен  қатар 
келуі  көрініс  береді.  ЗКСБ  үшін  ұйқының  бұзылуы,  қозғыштық,  аяқ  астынан  ызаланушылық,  зейіннің 
тұрақталуының  қиындығы,  алаңдаушылық,  қорғаныштық  реакцияға  дайын  болушылық  тән.  20 
жылдың  ішіндегі  аса  ірі  апаттардың  сараптамасы  негізінде,  төтенше  жағдай  салдарынан  зардап 
шеккендердің психикалық бұзылыстарының жұйесі қалыптасты. 
         Сонымен, төтенше жағдай орын алғаннан кейін бір сағат ішінде шамамен 70% адамдарда түрлі 
кезеңде көрініс беретін невротикалық және психикалық бұзылыстар байқалады. 5 сағат ішінде мұндай 
адамдардың  саны  екі  есеге  қысқарып,  бір  тәулік  ішінде  зардап  шеккендердің  хал-жағдайы  қалпына 
түседі,  олар  өздерінің  міндеттерін  орындауға  қабілетті  болады.  Психоздар,  невроздар,  созылмалы 
реактивті  психоздар  мен  невроздар  сияқты  өткір  реакциялар  байқалатын  зардап  шеккен  адамдар 
медициналық  көмекті  және  білікті  стационарлық  ем  қабылдауды  қажет  етеді.  Статистикалық 
мәліметтерге сүйенетін болсақ, адамдардың тек 6 – 7% ғана мұндай төтенше жағдайда қалыпты күйін 
сақтай алады. Осыған сәйкес, халықтың және құтқару жасақтарының төтенше жағдайда дұрыс қимыл-
әрекеттер жасауы үшін психологиялық дайындығына аса мән беру қажет. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Столяренко А.М. Адамдарға қысылшаң жағдайларда психологиялық назар аудару. Россия. 2002. 
2. Осухова Н.Г. Қатаң және қысылшаң жағдайлардағы психологиялық көмек.  Масква. 2007.  
3.  Александровский Ю.А. Психогения в экстремальных ситуациях Масква.1991. 
4.  Столяреико Л. Д.
 Психология делового общения и управления. — Ростов н/Д, 2001. 
 
 
 
ӘОЖ. 37.032 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
                                                      
Нажикенова Г. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 
Қазіргі  кездегі  қарама-қайшылыққа  толы  күрделі  әлемнің  негізгі  мәселелерінің  бірі  – 
мемлекеттік деңгейде де, әлеуметтік топтармен жеке адамдар деңгейінде іске асырылатын жаһандану 
процесі.  Оның  маңызды  сипаттамасы  ретінде  адамның  бүкіл  іс-әрекеті  іске  асырылатын  біртұтас 
кеңістіктің  құрылуын айтуға  болады.  Ол  адам  өмірінің  барлық  жақтарына, атап  айтсақ,  экономикаға, 
саясатқа, мәдениетке, білім беруге және тағы басқаларға да өз әсерін тигізеді. Сондықтан жаһандану 
процесі жағдайында  әлемдік  қарым-қатынастарда, мәдениеттер  диалогында  жаңа философия  қажет. 
Білім беруді қоғамдық сананың, өндірістік күштің анықтаушы факторы ретінде қарастыру керек және 
білім беруде ұлттық мүдде, басымдықтар, құндылықтар жетекке алынуы тиіс. 
 
Адам  мақсатын  адамгершілік  қасиеттер  арқылы  орындап,  рухани  қасиеттері  арқылы  жүзеге 
асырады.  Олай  болса  құндылық-адамдық  қасиеттің  өлшемі,  талпынысы,  өзге  адамдарға 
жанашырлығы, қоғамдағы орны, өмір сүру тәсілі, ізденісі және рухани-адамгершілік қасиеті. 
 
Бұл  міндеттерді  шешуде  адамзаттың  рухани  байлығы  болып  саналатын  білім  мен  ілім 
мәдениетінің жаңа парадигмасына сай білім – ғылым – мәдениет – менталитет – дүниетаным – сезім - 
өзіндік сана – көзқарас – мұрат арасындағы байланыстарды қарастыра отырып, рухани – адамгершілік 

213 
 
құндылықтар  мен  мінез-құлық  дағдыға  қалыптастыру  жолдары  көзделеді.  Өйткені,  рухани-
адамгершілік  құндылық  адамдық  тәртіп  пен  рухани  болмысты  қалыптастыратын  жүйе.  Құндылық 
мәселесі сонау Сократ заманынан бастау алады. Сократтың «игілік» деген ұғымына ерекше мән беруі 
оны құндылыққа жақындатқаны дейді – философтар. 
 
Адам  құндылығының  өзегін  құрайтын  және  зерттейтін  саланы  аксиология  деп  атайды. 
Аксиология  –  («axia»-грекше  «құндылық»,  «логос»  -  ілім,  ғылым)  құндылықтар  туралы  зерттейтін 
ғылым. 
 
Жалпы  құндылықтар  тақырыбы  бүгінгі  күннің  мәселесі  емес  бұл  адамзат  тарихындағы  ұлы 
ойшылдар  Қорқыт,  Ж.Баласағұни,  Қожа-Ахмет  Иассауи,  А.Игүнеки,  М.Қашқари,  Ө.Тлеуқабылұлы  мен 
ағартушылар 
Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, 
ғалым-педагогтар 
Ж.Аймауытов, 
А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатов,  Ш.Құдайбердиев  еңбектерінде  де  рухани-адамгершілік 
ойларын уағыздап, адам өмірінен орын алатындығын дәлелдейді. 
 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  түсіне  танудың  негізі  қоғамға  бағытталған  идеялардың, 
сезімдердің 
ұғымдардың 
қалыптасуына; 
ұлттық 
және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарды 
байланыстыра білуге; қоғамға және басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін 
зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді 
тәрбиелеуге,  пікір  жүргізу  еркіндігінің  дамуы  мен  көңіл-күй  ортақтығын  сезінуге  және  т.б.  орайлас 
әкеледі. 
 
Бүгінгі,  Қазақстандық  қоғамда  құндылықтар  қатарында  ұлтжандылық,  отаншылдық  сезімдері, 
яғни өз халқымызды, оның салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, әдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп 
білу – жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен, бірге әрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, 
тіршілікке  болған  қамқорлық,  гуманистік  қатынастар  негізі  -  әр  адамның  өз  басын  сыйлауы,  өз 
адамгершілік  –  сапаларына  болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы,  бала-
шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау және ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету. 
 
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз міндеттері мен құндылықтарының 
өзара  тәуелсіздігін  сезінуші  әрі  азаматтық  ұстанымы  бар  ерікті  тұлғаны  қалыптастыру  көбіне  тәрбие 
және  оқу  жүйесіне  байланысты.  Заман  ерекшелігін  ескерумен  түзілген  құндылықты  бағыттардың 
дамуынан әр адам өзін планета азаматы, әлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады. 
 
Сондықтан  адамгершілік  құндылықтар  негізінде  білім  беруде  жан-жақты  және  үйлесімді 
дамыған жеке тұлғаны қажетсіну қашанда болса өзекті. 
  
Тәрбие  жұмысының  барлық  шеберлігі  адамның  қандай  болуы  керектігін  біліп,  адамды  өзінің 
көздеген мұратына жетуге рухтандыра білуде. Олай болса, рух-адамных психологиялық белсенділігінің 
көрінісі, адамның сана-сезімі мен қимыл қызметінің озық болжампазы. 
 
Сонымен, адамгершілік пен рухани құндылықтар тығыз байланысты. 
 
Рухани құндылықтардың – ең қайнар көзі адамгершілікке, моральдік қалыптарда, жамандықты 
жаман  қасиеттерді  жете  білуінде.  Мұндағы  –  рух  –  табиғи  материалдық  бастамадан  өзгеше,  затсыз 
идеалды бастаманы білдіретін философиялық ұғым; рухани, руханиялық – адамның ой-санасына, ішкі 
жан-дүниесінің  дамуы,  жетілуі,  кеңеюі;  рухани-қайраттану,  жігерлену,  шабыттану,  белсенділік; 
рухтандыру  –  серпілту,  құштарландыру,  жігерлендіру,  тазалау,  жаңаландыру,  қанағаттандыру, 
кемелдендіру, 
сүйсіндіру 
т.б.; 
рухтандырғыш 
– 
күш-жігер 
беруші, 
қайраттандырушы, 
шабыттандырушы,  үлгі  көрсетуші  т.б.  руханиялық  –  ішкі  жан-дүниесінің  байлығы,  жан-жақты 
кемелденуі, сана болмысының тазалығы, идеялық үлгі, өнеге, тұрақтылық; руханият – ғасырлар бойы 
қалыптасқан,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен  саналы  білімі мен  ғылымы және  мәдениеті.  Ұрпаққа берілген 
тәрбиенің ең өзекті идеясына    халықтың адами қасиеттері тұғыр  болуы тиіс. Қай халық болмасын 
өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің тағы бірі – тәрбие. Тәрбие мәңгілік және адамзаттық. Бұл 
ерекшеліктер ғасырдан –ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа мирасқа қалдырып отырады. 
  
Олай  болса,  жақсы  мінез-құлық  дағдымен  пайда  болатын  болса    қандай  нәрселерге 
дағдыланған  уақытымызды  жақсы  мінез-құлықтың  пайда болатындығын  айта  кетуіміз керек. Міне, 
қазіргі таңдағы  білім  беру ұйымдастыруындағы оқушыларды  жеке тұлға  етіп қалыптастыруды  адам  
бойындағы  асыл  қасиеттердің  көзін  ашып, оны  қоғамның белсенді  мүшесі етіп дайындаудағы білім 
мен  тәрбиенің  бастауына  осы  жоғарыдағы  айтылған  құндылықтардың  мәні  жүйелі  пайдаланса  ғана 
қазіргі  тәрбиенің  өз  дәрежесіне  жүзеге  асырары  сөзсіз.  Өйткені,  жасөспірім  шақта  балалар 
адамгершілік  құндылықтарды  түйсінудің  жаңа  деңгейіне  көтеріліп,  адамгершілік  бағалау  қабілеттері 
дами  түседі.  Жасөспірімдердің  айналасындағы  адамдармен  қарқынды  түрде  қарым-қатынасқа  түсуі 
олардың  адамгершілік  мінез-құлықтарын  шыңдайды.  Рухани-адамгершілік  қасиет-жасөспірімнің 
шынайы нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын құндылық деп түсінеміз. 
 
Оқушылардың  рухани-адамгерішілік  құндылықтарын  қалыптастыруда  қарым-қатынастың  да 
рөлі  зор.  Рухани-адамгершілікке  негізделген  тәрбие  қарым-қатынастың  қарапайым  түрі  –  ұжымдық 
өмірдің  талаптарымен,  ерекшеліктерімен  танысу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Олардың    қарым-
қатынастарында  бірте-бірте    өзара  көмек,    бүкіл    топқа    тапсырылған    қоғамдық    жұмыстың  

214 
 
орындалуына    бірдей   жауапкершілік  сезімі,  бүкіл топтың жұмысын  басқару  кімге  тапсырылса,  соған 
бағына  білу,  топқа  жетекшілік  міндетін  мойнына  алып,  жалпыға  тән  ережелер  мен  тәртіпке  қатаң 
мойын  ұсына  отырып,  атқара  білуі      қалыптасады.  Ал,  оқушылардың  барлық  белсенді  іс-әрекетінде 
білімді,  ізденімпаз  педагог  балалар  жігерінің  көзін    ашып,  әрбір    оқушының  шығармашылық    күшін,  
қабілеттерін  шешуге  бағыттайтын  мүмкіндік  табады.  Шәкірттердің    адамгершілік    құндылықтарын  
қалыптастыру педагогикалық  еңбектің  үлкені  болып  табылады. Ұрпақ бойына  адамгершіліктің ізгі  
қасиеттерін    үйрете  білу,    бала   жүрегінің    бағбаны  –  ұстаздың  қолынан  келеді. Тәрбие   процесінде 
жеке  тұлғаның,  адамгершілік  қасиет    сапаларын    тәрбиелеуде  пән    мұғалімі  мен  сынып  
жетекшілерінің рөлі зор. Түрлі өмір жағдаяттарын  әр қилы  пайдалана  отырып,  тәрбиеші оқушының  
адамгершілік  еркін    жаттықтырады,  оның  ой-  өрісін  кеңейтеді  және  мінез-құлықтарын  байытады. 
Мұғалім  оқушыны  күрделі  қажеттіліктерге  тәрбиелейді:  бастаған  ісін  аяғына  жеткізу,  оның 
орындалуына жауапкершілікпен  қарауды, тәртіптілікке және  ұйымшылдыққа әдеттендіреді. Мұғалім – 
бала үшін, бала – мұғалім үшін қарым-қатынаста болу адамгершіліктің көзі. 
 
Бірлескен іс-әрекеттің  барысында балалар бір-бірін  жақынырақ, тереңірек таниды. Балаларды  
бағалау көрсеткіші әр біреуінің оқудағы табыстары және  оның мінез- құлқының негізгі  қырларынан 
көрінеді. Адамгершілік іс-әрекет дегеніміз адамның жалпы игілік, жақсылық және тұлғаның ерік – күйі 
адамгершілік  мақсаттарға  жетуге  бағытталған және адамгершілік мақсаттар бойынша дәлелденген 
тәсілдер арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін  адамның белсенділігін, оның  қоршаған  дүниемен  
өзара қатынасының өзіндік түрі,  нысаны деуге болады.    
 
Бөбек  қорының  президенті  С.А.Назарбаева  «Өзін-өзі  тану»  атты  әдістемелік  оқу  құралында: 
«Рухани-адамгершілік  –  адамдардың  күнделікті  қарым-қатынасына  қатысты  гуманизм  принциптерін 
бейнелейтін  моральдық  қасиет.  Адамдарға  деген  ізгі  ниеттілік,  құрмет,  жанашырлық  пен  сезім, 
кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-
ақ  кішіпейілдік,  адалдық, шыншылдық та  рухани-адамгершілікке жатады. Рухани-адамгершілік ұғымы 
ізгілік,  гуманизмнің  синонимі  ретінде,  адамның  игілігі  мақсатқа  айналғанда  пайда  болатын  қарым-
қатынастар  жүйесі  мен  қоғамдық  ахуал  ретінде  неғұрлым  кең  мағынада  да  қолданады.  Рухани-
адамгершілік  қоғамдық  қатынастардың  дамуы  мен  тарихи-мәдени,  рухани  қажеттіліктердің  нәтижесі, 
рухани-адамгершілік  туа  біткен  қасиет  емес.  Рухани-адамгершілік  принциптері  бірлікте  өмір  сүру, 
бақытқа  талпыну,  мүдделерді  үйлестіру  мен  ұжым  болып  жұмылудың,  жоқ-жітік  пен  ауру-кемтарға, 
бала  мен  кәріге  жәрдемдесудің  қажіттігін  сезіну  мен  мойындау  сияқты  факторлар  негізінде 
қалыптасады»,  -  дей  келе,  қоғамдық  дамудың  жаңа  сатысында,  айталық,  біздің  еліміздегідей, 
тоталитарлық  жүйеден  қадам  басқан  өтпелі  кезінде,  тарихта  талай  рет  болғандай,  рухани-
адамгершілік  талаптары  туралы  түсінік  те  жаңғырулар,  тіпті  бұрмалаулар  да  орын  алады.  Мұндай 
қауіптен  адамның  рухани  тазарып,  кемелденуі  мен  қоғамның  ізгіленуі  негізінде  ғана  рухани-
адамгершілік мұраттарды сақтап қалуға болатындығын атап көрсетеді. 
 
Адамгершіліктің  ең  жоғарғы  рухани  қажеттілігінің  бастау  көзі  -  өзін-өзі  көрсету,  өзін-өзі 
жетілдіру,  өзін-өзі  дамыту,  қарым-қатынаста,  дүниетанымда  өзінің  шығармашылық  қабілетін  таныту 
болып  табылады.  Бұл  арада  оқушыларды  рухани-адамгершілікке  тәрбиелеудің  шарттарының  бірі  – 
мектеп  жасында  жеке  тұлғаның  өздігінен  даму  заңдылықтарын  білу  болып  табылады.  Осы  орайда, 
рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың ойдағыдай, табысты болуы жеке тұлғаның өзін 
рухани  дамыту  мақсатында  үздіксіз  өзін-өзі  жетілдіруіне  байланысты.  Адамның  өзіндік  сана-сезімінің 
көрінісі  туралы  басқа  адамға  үңіліп  көз  тоқтатып,  өзін  өзгелермен  салыстырғанда  ғана,  ол  өзін-өзі 
таниды. 
 
«Жаным-арымның  садағасы»  деп  халқымыз  айтқандай,  жанымызды  жүдетпей,  дүние  жүзілік 
рухани қазынаны бойға сіңіруге ұмтылу – парыз, дүниені ұстап тұрған тіршіліктің алтын діңгегі үлкен 
адамгершіліктің  иесі  болу  –  парыз.  Адамға  қойылатын  басты  талап  –  асыл  да  ізгі  адамгершілік 
қасиеттерді  бойына  сіңірген,  ұлағатты  азамат  болып  шығу.  Өйткені  адам  -  өзінің  адамгершілігімен, 
қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік-адамның рухани арқауы 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет