Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

ОӘЖ  94(574) 
 
КЕҢ ЖЫЛОЙ БАТЫРЛАРЫ МЕН АҚЫНДАРЫ 
 
Әміргали Е.Т.Төлемісова Г.Б. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
«Атырау билері мен батырлары» атты Берік Қорқытов жазған еңбекке Хамит Ерғалиев «Ағалық 
ақ тілек» атты бет ашар сөзінде былай деген «Шын мағынасындағы халық қаһармандары өз дәуірінде 
қандай  дәрежеге  иелік  етсе  (хан  ба,би  ме, иман  ба,  бай  ма)-бәрі  бір,  олардың  халқымыздың  елдігін 
сақтап қалуға, өсіп өркен жаюға сіңірген еңбегін жеріне жеткізе алмайынша, біз өтірік тарих жасаудан 
құтыла алмаймыз. Сорлы адамның тарихта қалмауы аксиома екенін мойындайтын уақыт жетті»-деген. 
Соңғы  жылдарда,  неше  ғасыр  екені  белгісіз,  ата-бабаларымыздың  мекендеген  жері  Кең 
Жылыой  болыпты.  Негізінде,  Жылыойда  Жем  өзенінің  бойында  қыс  қыстағымыз  болған,  жазғы 
жайлаулар  әркімнің  күйіне  байланысты,әр  жақта  көрінеді.  Халықтың  негізгі  кәсібі  мал  шаруашылығы 
мен  балық  аулау  болғаннан  кейін,  Каспий  теңізіне  құяр  жерде  (Жем  өзені)  ақ  балық  пен  қызыл 
балықтың қоймасы болыпты дегенді айтады, үлкендер. Әкімшілік жағынан Үйшікке (Гурьевке) қараған, 
Жем өзені арқылы кемемен Каспий теңізіне шығып Гурьев, Астрахань қалаларымен қатынас болған. 
Жылыой орталығы «Құлсары». Жылыой Таз руының шоғырланған жері және олар Жылыойды 
ата-мекеніміз  дейді.  Таздар  басқа  жерлерде  де  бар,    бірақ  шашыранды  түрде.  Біздің  әулетіміздің 
ішінде қаны мен терін төгіп,  елі мен жерін қорығанда, қорғағанда ерлер мен батырлар бөлек тұрады, 
олар Төремұрат Жастабан (Байсары), Өтен Жастабан, Нарынбай Шарға. 
Бұл  аталарымыз  Совет  үкіметі  орнағанша  халық  батырлары  деп  есептелсе  де,  істері 
отаршылық  орыс  саясатына  қиғаш  келгесін  жағымпаздардың  ұсынысымен,  Совет  үкіметі  кезінде 
басылып  қалды.  Тарих  бетінен  алынып,  халыққа  сіңірген  еңбектерін  ұмыттыруға  әрекеттелген. 
Жылыой  таздары,  Адайлар,  Түрікмендер  сияқты  алғашында  екі  ғасырға  созылған  орыс  патша 
үкіметінің отаршылық саясатын қолдамаған, соның салдарынан ел азаматтары көп зардап шеккен. Аты 
аталған  аталарымыз  Төремұрат,  Өтен,  Нарынбай  батырлар  өле-өлгенше  сыртқы  жаулармен,  ішкі 
дұшпандармен, жемқорлармен (қалмақтар, орыстар, түрікмендер, Хиуа хандығы, т.б) бірдей соғысып, 
жауласып, ешқайсысында халық дәулетімен өз жеріне жолатпаған. 
 
Аталарымыз  Бала  Ораз,  Құрманғазы,  т.б.  осы  ерлерді  жырлаған,  арнайы  күй  шығарған. 
Құрманғазы  атамыздың  әкесі  Сағырбайдың  шешесі  Байсары  таздың  қызы,  Төремұрат  батырдың 

222 
 
апалары.  Құрманғазы  Төремұратты  қарт  нағашым  деп  арқа  сүйеген.  Сұлу  жеңгесі  Қызданайға  да 
бірнеше күй арнаған. 
Аласапыран мен қиын заманның орауына байланысты әр үй-ішінің бөлмесін қайғы мен қасірет 
басып, бір кезде бірге көшіп, бірге қонып тату-тәтті өмір сүріп жүргендер, бір қысқа уақыттың ішінде 
жер  бетіне  құмалақтай  шашылды.  Аралары  алшақтады,  бірін-бірі  танымайтын  бөтен  адамдарға 
айналды.  Зиялыларымыз  да  ежелден  келе  жатқан  ұлттық,  рулық  ерекшеліктерді  елемей,  советтік 
ұғымға бой ұрды. Соның салдарынан көп тарихи мәліметтерден айырылған сияқтымыз. Бірақ, әлдеде 
ескі  көздерден,  ескі  деректерден  шындықты  терушілер  бар,  солар  дұрыс  қазақ  тарихын  құрастырар 
деген сезім бар. Қалай болғанда да ата-тегін білмейтін ит сияқты болудың адамға тән емес екендігін 
барлық  жасөспірімдерге  жеткізу  өте  қажет,  әйтпесе  «танымасын  сыйламас»  деген  заман  орнауы 
мүмкін.  
Бала Ораз атамыз әрі ақын, әрі сал болған. Ақындық жас бала кезінде қонған, қолына домбыра 
алып,  жұлқына  сайысқа  түсіп,  беделді  ақындармен  қатар  айтысқа  кіріскен.  Сондықтан  халық  Ораз 
атауына «бала» деген қосқан. Әншілігімен «жезтаңдай» деген дәреже алған.  
Бала Ораз атамыздың өмірі халықтың елеулі ерлерін көтеру, істерін мақтан ету болған. Соның 
ішінде алаштың ақындарымен айтысқанда, бірде тек қана Таз руының батырларын мақтайды, өзімен 
қатар өмір сүрген ағалары Төремұрат, Нарынбай, Өтен бар, бірде Он екі ата Байұлының батырларын, 
ақындарын  мақтан  етеді,  ерліктерін  мадақтайды,  ақындарын  ұстаз  ретінде  көрсетеді.  Ақынның, 
айтыстың бағытына қарай өте әдемі етіп сипаттайды. Парасатты, тәрбиелі, суырып салма, жезтаңдай 
ақын деп есептелген.  
Шеркеш руының батыры Тұрланның Қайраты жайында Бала Ораз ақын: 
...Ол Тұрланның мәнісі  
   Төбесі биік ер еді. 
   Қарсыласқан дұшпанға 
   Құрулы тұрған жебе еді. 
   Арыстан деген бір аңды  
   Күзен алды деп еді,-деп жырлайды. 
Өлеңдері  халық  аузында  жүрген,  біз  өзіміз  де  бірнеше  өлеңдерді  айтып жүрсек те, оны  Ораз 
атамыздікі екенін білмедік. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Б. Қорқытов «Атыраудың билері мен батырлары» Алматы, 1992,127б. 
2. Ж. Доспанов.  «Бала Ораз Өтебайұлының туғанына 160 жыл»,  «Ар-честь»газеті, 18.12.1997 ж. 
 
 
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНЕ ТАТАРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖӘДИТШІЛІГІНІҢ ДАМУЫ 
 
Алмауытова Ә.Б., Қоқыбасова Г.Б 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Қазақстанның  мәдени  дамуына  әсері  болған  татарлардың  қазақтармен  алғашқы  қарым-
қатынасы Ресейдің 1552 жылы Қазан хандығын өз қол астына алғаннан кейінгі жылдарда басталған. 
Ресей империясының қол астында қалған татарлар экономикалық дамуын одан әрі жалғастыру және 
ұлттық, діни салттарын жоғалтпау үшін қазақ жеріне көшуге мәжбүр болды. Осылайша татарлар мен 
қазақтар  арасында  алғашқы  мәдени  байланыстар  құрыла  бастады.  Ресей  екі  халықтың  достығын 
пайдалана  отырып,  көптеген  іс  -  шаралар  жасауға  ұмтылды[1,33].  Осы  мақсатпен  II  Катерина  1787 
жылы  мұсылмандардың  ең  көп  шоғырланған  Орынборға  қарасты  Уфа  қаласына  мұсылмандардың 
құқықтарын  қорғайтын  бір  діни  орталық  ашуды  ұйғарып,  1788  жылы  сенат  шешімімен  Орынбор 
мүфтиін  сайлаған  болатын.  Мүфтилік  құрылғаннан  кейін  Ақмола,  Жетісу,  Семей,  Торғай    және  Орал 
аймақтарындағы  қазақтардың  бір  бөлігі  осы  мүфтилікке  қосылғылары  келетіндіктерін  білдірді.  Бірақ, 
халық осы жағдайға байланысты екіге бөлінді. Бірінші жақ өз мүфтиліктерінің болғанын қаласа, екінші 
жақ  Орынбор  мүфтилігіне  қосылғысы  келетінін  білдірді.Үкіметке  білдірілген  өтініштердің  нәтижесінде 
жоғарыда  көрсетілген  аймақтарда  тұратын  қазақтар  1789  жылы  Орынбор  мүфтилігіне  қосылған 
[2,103].  Қазақтар  мүфтилікке  қосылғаннан  кейін  қазақ  жеріне  татардың  дін  өкілдері  келе  бастады. 
Татар имамдарының діни насихаттары қазақ жерінде тез арада қолдау тауып жайыла бастады [3,64]. 
Ресей I Николай дәуірінде татардың дін өкілдері арқылы Қазақстанда құранның кең өріс алуына 
көп  көңіл  бөлді  [4,52].  Үкіметтің  Қаулысымен  ХҮІІІ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  Қазан 
татарлары мен мишерлердің бір бөлігі Орынбор қаласына көшірілді. Бір айта кететін маңызды жағдай 
қазақтармен  сауда  жасайтын  татарлар  осы  жерге  қызмет  жасау  үшін  орналастырылған  болатын. 
Үкімет татар саудагерлерді қазақ жеріне орналастыру үшін қажет болған жағдайда күш те жұмсаған. 

223 
 
Мысалы, Орынбор қаласы құрылғаннан кейін екі жүзге жуық татар жанұясы қала маңындағы Қарғалы 
және  Сейіт  аудандарына  орналастырылған  [5,9].  Сауда  -  саттық  мақсатымен  қазақ  жеріне 
орналастырылған татар саудагерлері жергілікті халықтың білім алуы және дінге деген бетбұрыстарын 
одан  әрі  дамыту  жолында  көптеген  көмек  көрсеткен.  Радлов  осы  уақыт  аралығында  қазақ  жерінде 
татар саудагерлерінің жергілікті халықтың үйлерінен ашып берген мектептерде сабақ бергендігін және 
діни бағытта қызу жұмыс жасағандығын айтады [3,124]. Татарлардың ең көп шоғырланған жері Семей 
қаласы болатын. 1897 жылы осы аймақтағы татарлардың саны 700 мыңға дейін жеткен.  
Еділ,  Орал  аймағындағы  медреседе  білім  алған  татар  оқушылары  да    қазақ  жеріне  әсер  еткен 
бірден  -  бір  фактор.  Медреседе  білім  алған  татар  оқушылары  әрі  табыс  табу  әрі  тәжірибе  алмасу 
мақсатымен  жаз  айларында  Қазақстанға  келіп  қазақ  балаларын  оқытқан.  Атақты  татар  жазушысы 
Ғалымжан  Ибрагимов  те  бірнеше  жыл  қазақ  балаларын  оқытқан  болатын. Оның  «Қазақ  қызы»  атты 
романы осы күндердің жемісі болып табылады [6,100].   
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында татарлардың Қазақстандағы әсері қарқанды дамып кетті. 
Жоғарғы  лауазымды  қызметкерлер, аудармашылар  татарлардан  шыға  бастады. Тіпті татар тілі  қазақ 
мектептерінде  ресми  тіл  ретінде  оқытыла  бастады  [4,52].  Татарлардың  Қазақстандағы  білім  беру 
жұмысы  аз  уақытта  өз  нәтижесін  беріп,  татар  мәдениетінің  қазақтарға  әсері  көріне  бастады.  Бірақ, 
Ресей Қырым соғысынан кейін ислам саясатын өзгертіп, татарлардың әсерін қазақтарды орыстандыру 
үшін қауіпті  деп  санап  өз  шараларын  қолдана  бастады.  Осы  уақыт  аралығында  Ресейде  белең  алған 
ұлтшылдық саясатының нәтижесінде орыс ғұламалары да Орта Азиядағы татарлардың әсерін шектеу 
үшін Үкіметке хат жаза бастады.Ұлтшыл орыс ғұламаларының пікірінше, «Еділ, Орал аймағында усул-
жәдид мектебін ашу басқа ұлттарды да татарға айналдыру болып табылады». Орыс ұлтшылдары үшін 
Орынбор  мүфтилігінің    II  Катерина  дәуірінде  ашылуы  сол  кездегі  саясатшылардың  ең  үлкен  қатесі 
болып  табылады.  Олардың  ойынша,  «мүфтиліктің  қол  астына  қарайтын  қазақтар  татар  дін  өкілдері 
тарапынан  алданып  отыр.  Татар  молдалары  Қазақ  жерінде  татарлардың  санын  көбейту  және 
панислмизмді жаю мақсатын көздеген [6,80]».  
Қазақстанда  татарларға  қарсы  күрес  1818  жылы  жасалған  болатын.  Күресте  татар  тілінде 
сөйлеу және татар аудармашылардың жұмыс жасауына қатаң тыйым салынды.1870 жылы орыс емес 
ұлттардың білім алу ережесінің қайта қаралуы және қазақ мектептері мен орыс-қазақ мектептеріндегі 
орысша  білім  беруді  күшейту  мақсатында  қаулы  қабылданған  болатын.  Осылайша  орыс  үкіметіне 
керекті  орысша  білетін  аудармашылар  қазақтардан  шыға  бастады  [7,56].  Қазақ  аудармашыларын 
дайындап  шығару  үшін  арнайы  қаржы  аударылды.  1882  жылдан  бастап  Үкімет  орындарына  татар 
аудармашылардың орнына қазақ аудармашылары орналасты [8,65].  
Ресей  Қазақстандағы  татарлардың  әсеріне  қарсы  тек  қана  ағарту  саласында  емес,  сонымен 
қатар  дін,  басқару  және  ақпарат  құралдарына  да  шектеу  келтірді.  1868  жылы  Ресей  Үкіметі  қаулы 
шығарып,  Орынбор  мүфтилігіне  қарасты  жерлерге  шектеу  келтіріп,  Қазақтарды  құрамнан  алып 
тастады. Осылайша, діни шараларды ұйымдастыру жергілікті жерлерге тапсырылды [9,85]. 1886 жылы 
татарлардың Орта Азиядағы өрісі тарыла бастады[10,64].  
Қазақ  жастарының  Уфа,  Троицк,  Қазан,  Орынбор  сияқты  білім  ордаларында  ашылған  татар 
медреселерінде  білім  алулары  ХҮІІІ  ғасырдың  соңғы  жылдарында  басталды.  Орынбор  мүфтиі 
Мұхамметжан Хусейннің қызы Фатиманың қазақ ханы Жәңгір ханмен үйленуі қазақ жастарының татар 
медреселерінде  білім  алуына  жол  ашқан  болатын.  Стерлітамақтағы  медреседе  19.  ғасырдың 
бастарында көптеген қазақ жастары білім алды. [11,125]  
Осы уақыттарда Еділ - Орал аймағындағы мұсылман дін адамдарының басқаруымен жүргізілген 
білім беру жүйесі орыс Үкіметінен ешқандайда көмек алмай өз күшімен өркендеген болатын. Орыстар 
Христиан  қыла  алмаған  татар  және  башқұрт  халықтарын  еркін  жіберуді  ұйғарып,  білім  беру 
жұмыстарын  дін  адамдарына  тапсырған  болатын.  ХYІІІ  ғасырдың  соңына  дейін  жалғасқан  осы 
саясаттың  арқасында  әр  ашылған  мешіттің  қасынан  медресе  ашылды  [5,179].    Осы  ашылған 
медреселерде қазақ оқушылары да білім алған болатын.  
Үкімет жаңа әдіспен білім беретін медреселерді халық арасына пантүркизм және панисламизм 
үгіт-насихат жүргізіп отыр деп көрсетіп, кедергі келтіргісі келді [8,47]. Ресей ішкі істер министрлігінің 
назарында  болған  медереселердің  ішінде    Ресулие  медресесі,  Құсаиния    медресесі  және  Ғалия 
медресесі болған. Осы аталған медреселер қазақ жастарының көп шоғырланған жері болатын. 
Ресулие  медресесі  Тройцк  қаласында  ашылған.  Басшысыы  әйгілі  дін  өкілі  -  Шейх  Зейнуллах 
Ресули.  1884  жылы  ашқан  медреседе  татар,  башқұрт  және  қазақ  жастары  білім  алды.  Сол  дәуірдің 
жәдидшілдерінің  бірі  болған  Ресули  медреседе  жаңа  педагогикалық  білім  беру  жүйесін  құрды. 
Медресенің  білім  беру  жүйесіне  Ыбырай  Алтынсарин  және  қазақтың  бай  саудагерлері  де  оң  қабақ 
танытқан. Зерттеуші Жемаладдин Валидов Ресулие медресесінде білім алған оқушылардың 10% қазақ 
және  башқұрт  оқушыларынан  құралғанын  айтады  [11,123].  ХХ  ғасырдың  бастарында  Қазақстан 
ақпарат  құралдарының  арасында  маңызды  орны  бар  Айқап  журналының  шығарушысы  Мұхамметжан 
Сералин және Екрем Алиов осы медреседе білім алған [12,301].  

224 
 
Қазақ  мәдениетіне  әсер  еткен  тағы  бір  медресе  -  Ахмет  Құсайновтың  Орынборда  ашқан 
медресі.  Медресе  1890  жылы  ашылған.  Құсаиния  медресесінде  тек  қана  діни  сабақтар  емес,  тарих, 
география,  химия,  зоология,  түрік  және  орыс  тілдері  де  оқытылған  [5,182].  Медресені  орыс 
мектептерімен  жарысатындай  дәрежеге  жеткізген  Құсаиния  медресеге  дәріс  беру  мақсатында  сол 
дәуірдің  атақты  оқытушыларын  жинап  медресенің  атын  шығарған.    Аталған  медреседе  дәріс  алған 
қазақ  оқушыларының  арасында  Құдайберген  Жұбанов,  Шамғали  Сарыбаев,  Жұмабай  Оразалин, 
Елемес Керменов, Хайреттин Балғынбаев, әйгілі әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллин т.б. [13,145].  
Қазақ  оқушыларының  ең  көп  шоғырланған  медресесі-  Ғалия  медресесі.  Медресе  Еділ  –  Орал  
аймағының жәдитші дін өкілі Зиаддин Кемали (1873-1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 1906 
жылы 10 қазанда құрылған медресе «Медресе-и Алие-и Діние» атымен ресми түрде ашылған. Кемали 
бір  жағынан  медреседе  басшылық  қызметін  атқарса,  бір  жағынан  хадис,  тәбсір,  сүннет  және 
психология  сабақтарын  оқытқан.  Дін  сабақтарымен  қатар  математика,  физика,  химия  және 
жаратылыстану  пәндері  оқытылған  [14,94].  Жәдитше  білім  берудің  алғашқы  құрушыларының  бірі 
болған медреседе 1909 жылы мен 1916 жылдар арасында 154-ке жуық қазақ жастары білім алған. Осы 
жастардың  арасында  Мағжан  Жұмабаев,  Ишанғали  Арабаев,  Мустафа  Оразаев,  Бекмұхаммет 
Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б. білім алған.  
Жоғарыда  аты  аталған  медреселерден  басқа  қазақ  жастарының  білім  алған  медреселері 
Қызылжардағы Құснеддин Халфе, Уәли Ахунд, Әзиз Молла, Орынбордағы Мұхаммедия медресесі және 
Османия медресесі [15,502].  
Алғашында Еділ - Орал аймағында діни ойларды жаңарту негізінде туған жәдитшілдік, кейіннен 
Ресейде  өмір  сүретін  мұсылман  түркі  халықтарының  реформа  және  өзгеру  талаптарын  білдіретін  бір 
термин  ретінде  қолданысқа  түсті.  Бұл  ой  Әбдунасыр  Құрсауи  мен  Шахабеттин  Маржанидің 
басшылығымен ойластырылған [16,25]  Исмаил Гаспыралының « тіл де, пікір де, іс те бірлік» сөзімен 
жәдитшілдік  бір  мақсатты  көздеген  ағым  болып  қалыптасты.  Ресей  империясының  мұсылман  түркі 
халықтарына  жүргізген  саясатына  қарсы  ұйымдастырылған  жәдит  қозғалысы  ортақ  бір  тіл  мен  ділді 
қорғап қалуды көздеген.  
Жәдидшілік  қозғалысы  Ресей  империясының  қарамағындағы  түркі  халықтарына  қалай  әсерін 
тигізсе, татарлар арқылы Қазақстанға да әсерін тигізіп отырды. Бұл қозғалыс Қазақстанда алғаш рет 
ХІХ  ғасырдың  соңғы  жылдарында  қазақ  ақын  -  жазушыларының  еңбектерінде  жазыла  бастады.  Осы 
ақындардың  ішінде  усул-жәдидті  жырлаған  Әбубәкір  Кердері.  Кердері  татар  жәдитшілдерінің  ашқан 
усул-жәдид мектептерінің Қазақстанда да ашылу керектігін айтқан. Жәдит қозғалысын жырлаған тағы 
бір  ақын  Муфтахетдин  Камалетдинұлы  Мұхамедияров  (Ақмолла)  өзін  «жәдитшілдік»  ағымның 
бастаушысы 
Ш.Маржанидің
  шәкіртімін  деп  есептеп,  оның  ағартушылық  жолын  дәріптейді.  Ақын  өз 
өлеңдерінде жаңа ағымның басшысы Маржаниді мадақтайды, жаңашылдықты, өнер-білімді, қоғамдық 
пәндер мен орыс тілін медресе жүйесіне енгізу туралы мәселелерді жырлайды. 
ХХ  ғасырдың  бастарында  Еділ  –  Орал  аймақтарындағы  жәдитші  медреселерде  білім  алған 
қазақ  жастары  жәдитшілдікті  қолдап,  жұмыстар  атқара  бастайды.  Ғалия  медресесінде  білім  алған 
қазақ  жастары  1916  жылы  Қазақстанда  усул-жәдидті  дамыту  мақсатында  «Садақ»  атты  қолжазба 
әдеби  журнал  шығарады.  Журналдың  мақсаты  -  жастарды  әдебиетке  тарту,  өмірдің  және 
ұлтшылдықтың маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді [17,64].  
Жәдит  медреселерінде  білім  алған  қазақ  жастарының  жұмыстары  Ресей  тыңшыларының 
назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай баяндаған: «Жәдитші жастар Қазақстанда қазақ-
орыс мектептерінің керек емес екендігін, орыс тілін татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, 
қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып, «Оян, қазақ, «Маса» атты кітаптарды Уфадан шығарып 
халыққа таратып жатқандығын» [18,65].  
Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара 
бастады.  Алғаш  рет  усул-  жәдит  әдісімен  дәріс  беретін  мектеп  Семей  қаласында  ашылған.  Бұл 
жылдарда  Семей  қаласы  маңызды  сауда  және  кәсіпорын  орталығы  болғындықтан,  ағарту  саласына 
көмек  беретін  қоғамдардың  пайда  болуы  және  татар  саудагерлері  мен  татар  оқытушыларының 
қолдауымен  Семей  қаласын  жаңа  әдіспен  дәріс  беретін  орталыққа  айналдырды.  Усулу  -  жәдид 
мектебінің  ашылуы  туралы  «Қазақ»    газеті  мен  «Айқап»  журналы  хабарлап  отырды.  Жалпы, 
Қазақстанда 1912 жылы жаңа әдіспен дәріс беретін мектептердің саны - 121-ге, оқушы саны - 1810-ға 
дейін көтерілген [8,45].  
Усулу-жәдид  әдісін  қолдау  мақсатында  Мұқаммет  Сәлім  Кешимовтің  «Қазақтарға  өсиет», 
«Кітаптарды  тану»  сияқты  еңбектері  жарық  көрді.  Кітап  оқушылар  мен  оқытушылардың  көмекші 
құралы  ретінде  қолданылған.  М.С.Кешимов  қазақ  балалары  орыс  тілінде  білім  алса,  ұлттық 
құндылықтардан  жұрдай  болып  өседі  деп  санап  балаларды  орыс  мектептеріне  жіберуге  қарсы 
шыққан. Осы мәселе төңірегінде «Айқап» журналына көптеген мақалалар жариялаған. 
 Қазақ жәдитшілдерінің арасында Мұқамметжан Сералиннің еңбектерін атауға болады. Тройцк 
қаласындағы  Ресулие  медресесінде  білім  алған  Сералин  Маржанидің  еңбектерін  оқи  отырып, 

225 
 
әлеуметтік, діни және әдет - салттарды сақтай отырып, Батыста дамыған білім мен жаратылыстануды 
үйренуге  болатындығын  және  осыларға  қол  жеткізу  үшін  орыс  тілін  білу  керек  екендігін  айтқан. 
М.Сералин медреседегі оқуын тәмамдап, Қостанайдағы қазақ-орыс мектебінде білім алған. Осы оқудан 
кейін Торғай уезінің Ырғыз қаласына қарасты ауылдық мекен - жайға өз мектебін ашып жаңа әдіспен 
білім  берген  [18,152].   Еділ  –Орал  аймағындағы  ақпарат  құралдарынан  қатты  әсер  алған  М.Сералин 
қазақ  мәдениетінде  маңызды  орны  бар  «Айқап»  журналын  1911  жылы  жарыққа  шығарған.  Исмайл 
Гаспыралының  басшылығымен  дамыған  жәдитшілдіктің  қазақтарға  әсерін  М.Сералиннің  И. 
Гаспыралының өлімінен кейінгі жазған «Орны толмайтын өлім» атты мақаласынан аңғаруға болады. 
ХХ  ғасырдың  бастарында  жәдитшілдікпен  бірге  дамыған  түркішілдік  ағымының  символы 
ретінде Маған Жұмабаевты айта аламыз. М.Жұмабаев 1905 жылы Қызылжар қаласының байларының 
бірі,  Стамбулда  университ  оқыған  Мұқамметжан  Беришевтің  ашқан  медресесінде  білім  алған.  Бұл 
медресе Солтүстік Қазақстанның ең маңызды білім ошағы болатын. Медреседе араб, парсы және түрік 
тілінде білім берілген. Сонымен қатар, түрік тарихы жан - жақты тереңдетіліп оқытылған [19,33]. 1910 
жылы  Мағжан  Жұмабаев  медреседе  бірге  оқыған  досы  Бекмұқаммет  Серкебаевпен  бірге  Уфа 
қаласындағы  Ғалия  медресесіне  білім  алуға  келді.  Бұл  жылдары  Ғалия  медресесінде  Сәлімгерей 
Жантурин  мен  Әлімжан  Ибрахимов  сияқты  ұстаздар  тәлім  берген  [4,6].  Жәдитші  қайраткерлермен 
Уфада  танысқан  Мағжан  шығармаларында  Қазақстанда  дамып  келе  жатқан  түрікшілдік  ойын 
қазақтардың  менталитетіне  қарай  жаза  бастады.  Мағжанның  өлеңдерінде  1910  және  1920  жылдары 
Түрік әлемі туралы тақырыптар көптеп кездеседі.  
Осылармен  қатар,  Ислам  дінін  жаңашалап  жәдитше  жазған  қазақ  қайраткерлерінің  бірі  - 
Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  Исламды  қазақша  айту,  Құранды  қазақшаға  аудару,  сонымен  қатар,  діни 
кітаптар  жариялау  сияқты  қарқынды  жұмыстар  жүргізген  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  “Мұсылмандық 
шарты”  атты  еңбегінде  Исмайл  Гаспыралы  туралы  ойларын  баяндаған.  Шәкәрім  «Абайдан  кейінгі 
ұстазым  ретінде  Тержуман  газетінің  иесі  Исмайл  Гаспыралыны  айтсам  артық  айтқандық  болмайды. 
Оның газетін оқыдым, көп нәрсе үйрендім. Алла тағала екі дүниеде де мақсатына жеткізсін. Аумин» -
деп Гаспыралы туралы пікірін баяндаған [21,649].   
Татарлардың  қазақ  даласына  келуімен  басталған татар-  қазақ  қатынасы бастапқы  кезде  діни 
бағытта  болған.  Одан  кейінгі  жылдары  Еділ-Орал  аймақтарындағы  медреселерде  білім  алған  қазақ 
жастарының  болуы,  жәдит  қозғалысына  атсалысулары  Қазақстан  жерінде  де  қолдау  тауып  жатты. 
Жәдит  қозғалысының  арқасында  Қазақстанда  усулу-жәдид  медреселері  ашылып,  білім  туралы 
хабарлар  ақпарат  құралдары  арқылы  жарияланып  отырды.  Қазақ  қайраткерлері  Гаспыралының  “тіл 
де, пікір де, іс те бірлік” сөзін дамытуға ат салысты.  
 
 
 
              
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Әділжанов Ғ,  Islam as part of the Kazak identity and Chokan Valihanov.-Анкара, Билкент университеті, 
2004. 
2. Франк А., Russian Muslim Institions in imperial Russia, Boston «Brill Pres», 2001. 
3. Рой O., Yeni Orta Asya’da ulusların İmal edilişi. –İstanbul, Melis, 2000. 
4.Зенковски А., Rusya'da pantürkizm ve Müslümanlık, Çev. İ Kantemir. – İstanbul, İpek, 1978.             
5.  Девлет  Н,  Rusya  Türklerinde  Milliyetçilik  (Türkçülük)  şuurunun  gelişmesi.  Türk  Dünyası  araştırmaları 
XIV,1984. 
6.Түрікоғлы İ., Rızaeddin Fahrettin. –İstanbul, Ötüken, 2000.    
7. Жексенбаева Ғ. Орыс-қазақ және отарлау саясаты. Қазақ тарихы,1996.   
8. Пірманов Ә., Капиева А.,  Қазақ интелегенциясы. –Алматы, Атамұра,1997. 
9. Рүстемов С., Орынбор мүфтілігі және қазақтар,  -Алматы,  2004. 
10. Егембердиев М., Туркистанские ведомости gazetesine göre Türkistan’daRuslaştırma Siyaseti. -Ankara, 
Yayımlanmamış yüksek lisans tezi, 2002.  
11.  Алгар  Х.  The  last  great  Naqshbandi  Shaykh  on  the  Volga-Urals  Region  Muslim  in  the  Central  Asia 
Expermissions on idientity and Change, 1992.   
12.Субханбердина Ү., Дамиров С., -Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1993. 
13. Ахметов Ғ., Алаш алаш болғанда. –Алматы, Жалын,1996. 
14. Рорлич А., The Volga Tatars. –California, Stanford,1986.  
15. Арат Р. Kazan hanlığı  İ.A.VI:5005-552.  
 16.Андижан А.Cedidizm’den bağımsızlığa hariçte Türkistan mücadelesi.- İstanbul, Emre, 2003. 
17. Аллаберген Қ., Оразов Ф.  Қазақ журналистикасының тарихы. –Алматы, Жалын, 1994. 
18. Әуезов М,  Әдебиет тарихы. – Алматы, Өнер,1991. 
19. Абдуллин Қ., Қасенов К. Мұстафа мен Мағжан-Тұран елінің даналары. -Алматы, Ана тілі, 1993. 
20. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары. –Алматы, Ғылым,1992. 
21. Мектеп А., İsmail Bey Gaspıralı ve Kazaklar İsmail Bey Gaspıralı için. –Аnkara, 

226 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет