Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

  
«Көк-Жайлау» 
Олардың 
ішінде 
Үлкен 
Алматы 
өзенінен 
жоғарырақ 
орналасқан 
Космостанция,  «Көк-Жайлау шатқалы  маңы және  Күмбел шыңының  маңындағы таулы  аймақ  бар.Бұл 
тау  шаңғысы  демалыс  айлағының  құрылысына  2,7  гектар  жер  бөлінген.  Көк-Жайлау  шатқалында 
жолаушыларға  арналған  қанатты  жол,  қонақүй,  мейрамханалар,  ойын-сауық  орталықтары  және 
гольфке  арналған  алаңдар  салу   жоспарланған.  Сонымен  қатар,  инфрақұрылым  нысандары  – 
автокөлік  жолдары,  автотұрақтар  салынады,  электрмен,  газбен  және  сумен  жабдықталатын  болады 
[5]. 
Туризмді  дамыту  үшін  аталған  шараларды  бүкіл  халық  болып  қолға  алу  керек.  Халықтың 
ұрпақтан-ұрпаққа  аманат  етілген  мұрасын  біліп  қана  қоймай,  оны  іске  жарату  керек.  Соныменен 
қатар,  болашақ  ұрпақ  тәрбиелеуде  туризмнің  алатын  орны  ерекше,  яғни  жас  ұрпақтың  санасына  өз 
елінің тарихи ескерткіштерін, сіңірте отырып өз елін, Отанын сүйетін азаматтарын тәрбиелейміз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Жұмақан Н. Ел байлығының бір көзі:туризмнің мемлекет үшін пайдалылығы.  // Дала мен қала.-
2006, 23 маусым (№23) -5б. 
2.Ердәулетов С.Р. Туризм географиясы. – Алматы, 2011 
3.Сұрағанова С.Қ. Туризм инфрақұрылымы. – Алматы, 2012 
4.Барманқұлов М. Армысың Алатау, есенбісің Эверест. – Алматы, 1989 
5.Абишева З.М.     Туристік-өлкетану жұмыстарының негіздері. – Алматы, 2009 
 
 
 
ӘОЖ 911.2: 551.4 
 
ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУДАНДАРДЫҢ  ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ОРНЫ (АЛМАТЫ 
ОБЛЫСЫ, ПАНФИЛОВ АУДАНЫ МЫСАЛЫНДА) 
 
Тоқсабаева М.Е., Каирова А.Қ. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. 
 
Қазақстанның  қай  аймағы  болмасын табиғи, тарихи  орындарының көптігінің  арқасында  туризм 
саласын  дамытуға  мүмкіндігі  бар.  Саяхат  саудасын  жүргізуде  «жер  жаннаты»  саналатын  Жетісу 
өңірінің  мүмкіндігі  мол.  Әлемде  мемлекет  қазынасын  тек  осы  саяхаттың  арқасында  толықтырып 
отырған мемлекеттерде бар. Алматы облысы туризмнің қай түрін болса да дамытуға қолайлы өлке.  

64 
 
Елімізде ежелден аты аңызға айналған және бүгінгі күнге дейін болып келген қаншама тарихи-
мәдени орындар бар, сондай өлкелердің бірі Алматы облысына қарасты Панфилов ауданы. Панфилов 
ауданы- табиғи-рекреациялық ресурстар жағынан бай, тарихи ескерткіштер мен туристік орталықтар 
өте  көп,  туризмнің  әр  түрлерін  дамытуға  ыңғайлы  аймақ.  Қазақстандағы  әсем  де  көрікті  табиғаты 
көркем аймақтардың бірі. 
Панфилов  ауданы-Алматы  облысының  оңтүстік-шығысындағы,  әкімшіліктік-аумақтық  бөлік. 
1923-42  ж.  Жаркент  ауданы,  1942  жылдан  28  гвардияшы  атқыштар  дивизиясының  командирі  И.В. 
Панфилов  есімімен  аталды.  Жер  аумағы  10,6  мың  ш.ш.  Халқы-125,6  мың  адам.  Орталығы-Жаркент 
қаласы. 
Аудан  солтүстік  және  батыс  жағында  Кербұлақ  ауданымен,  шығысында  Қытаймен  (ҚХР)  және 
оңтүстігінде  Іле  өзені  арқылы  Ұйғыр  ауданымен  шектеседі.  Солтүстік-батысында  Жетісу  (Жоңғар) 
Алатауының  Тоқсанбай,  Бежінтау,  солтүстік-батысында  Қатутау,  Қояндытау  жоталарыен  шектелген. 
Ауданның  ең  биік  жері-Мұзтау  тауы  (4370  м).  Оңтүстік  шығыста  аласа  таулы  Ақтау  тауы  (883м) 
орналасқан. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң [1].  
«Әулиеағаш»  –  Алматы  облысы,  Панфилов  ауданында,  Жаркент  қаласынан  40  шақырым 
жерде, Өсек өзені мен Бұрақожыр өзенінің арасында, Жаркент-Арасан санаторийі тұрған шатқал мен 
Майлықара  шоқысының  оңтүстік-шығысындағы  ойпатта  орналасқан.  Әулиеағаштың  өмір  жасы  7 
ғасырдан  бастау  алады.  Жер  шарындағы  бір  сызықтың  бойында  жатқан  3  ағаштың  бірі  болып 
саналады.  Бүкіл  әлемде  дәл  осындай  ағаш  үш-ақ  жерде  ғана  бар:  Қытайда,  Түркияда,  Қазақстанда. 
Діңінің жуандығы соншалық жеті адам қол ұстасып құшақтаса ғана құшағына сыйғыза алады. Тереңде 
жатқан  тамырынан  62  жас  шыбығы    әулие  ағашты  айнала  қоршап,  бір  гектарға  жуық  жерді  алып 
жатыр.  Жуандығы  бес-алты  адамның  құшағы  әрең  жететін  алып  қара  ағаштың  жасы  қазір  600-700 
жыл  деп  есептеледі.  Әулиеағаштың  саясына  тыныққан  адамдар  жағымсыз  энергиядан  арылып,  бір 
тамырынан тараған жеті баласының ортасынан шығатын емдік суы асқазан, жүрек, тері ауруларына ем 
ретінде  қолданылады.  Әулиеағаштың  жер  астымен  төңірегіне  таралған  тамырларынан  өсіп  шыққан 
ұрпақтарының өзі кең ауқымды қамтып, жапырақтарынан күн сығалаған қалың тоғайға айналып тұр. 
Әулиеағаштың  тамырынан  өнген  7  ағаш  оның  балалары  саналып,  бірі  қобыз  сарыны,  су  сылдыры, 
жүрек лүпілі т.б.дыбыстар шығарады. 
«Жаркент  мешіті»  -  Алматы  облысы,  Панфилов  ауданы,  Жаркент  қаласында  1892-95 
жылдары  салынған  архитектуралық  ескерткіш.  Жаркент  мешітінің  құрылысын  басқарушы  Уәли  ахун 
Юлдашев.  Оның  бас  сәулетшісі, жергілікті халық  Мұқан  деп  атаған  қытай  шебері-  Хон-Пик  (Хон-Фи). 
Жаркент  мешітінің  құрылысы  бірде-бір  шеге  қолданбай,  өрнектелген  ағашты  қиюластыру  арқылы 
жасалған. Дәл осы үлгідегі құрылыс дүние жүзінде Қытайда және Жаркентте ғана бар. Биіктігі 14,5 м, 
мұнарасының  биіктігі  19  м.  Мешіт  52  бағана  тізбегімен  айналдыра  қоршалған.  Арқалығы  ағашқа 
түсірген  әсем  оймышпен  нақышталған.  Бас  мешіттің  көне  қытай  үлгісіндегі  қос  қабатты  қайқы  бел 
шатыры  122  бөрене-бағаналарға  бекітілген.  Әсіресе  шатыр  құрылысы  айрықша  күрделілігімен 
ерекшеленеді.  Мешіт  шатырының  жиектерін  иіп,  қайық  тәріздес  етіп  көтеруге  «дау»,  «гун»  деп 
аталатын  имек  сырықтар  пайдаланылған.  Мешіт  қаңқасын  құруда  әрі  әсемдік  көрік  беруде  мәні  зор 
(әрбір  бағананы  кендірмен  орап,  сылап,  сыртын  лактаған).  Бағаналарды  құрастыруда  шеге 
қолданылмаған,  оларды  қиып,  қашап  қиюластырған.  Интерьері  әсем  оймыш,  нәзік  өрнектермен 
безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған, төбесі қаңылтырмен жабылған. Ғажайып 
сырлы  ғимараттың  қабырғаларында,  шатыр  қапталдарында  1500-ден  астам  алуан  түрлі  сурет,  араб-
парсы  тілдеріндегі  көне  жазу  үлгілері  бар.  Бұл  ою-өрнектерді  зерттеушілер  тақырыптық  мазмұнына 
қарай  бірнеше  топқа  бөледі.  Олар-қазақ,  ұйғыр  халықтарының  ой-өрнек  нақыштары,  геометриялық 
кескіндер, қоршаған табиғат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, дінге қатысты белгі-шарттар, өзіндік 
ерекшелігі  бар  суреттер.  Бас  мешіттің  төріндегі  дінбасы  отыратын  мінберсәкінің  босаға  тұсындағы 
қабырғаға  үнді  халқының  үлгісімен  аңыздарға  арқау  болған  зәйтүн  -  «өмір  ағашы»  кескінделген. 
Шеберлердің  әшекейге,  сәнді  пішіндерге,  бояуға  көп  мән  бергендігін  тек  ғимарат  тұлғасынан  ғана 
емес, қолданбалы өнер бұйымдарынан-сәнді шырағдандардан, ағаштан қиып істелген сәнді мінберден 
де  байқау  қиын  емес.  Мұнда  көбінесе  ақ,  қара,  қызыл,  жасыл,  сары,  көк  түстер  өте  сәнді  үйлесімді 
қолданылады.  Мешіт  құрылысының  өзіндік  ерекшелігімен  дараланып  көрінетін  бөлігінің  бірі-  портал 
(бас  қақпа).  Ол  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  дәстүрлі  сәулет  өнеріне  тән  пішінде.  Порталдың 
идеялық,  көркемдік  жағынан  атқаратын  қызметі-  көрнектілік  және  асқақтық  әсер  беру.  Бұл  әдетте, 
құрылыстың  өзге  бөліктерімен  салыстырғанда  оның  көлемін  ұлғайту  арқылы  жүзеге    асырылады. 
Портал  иіндісі  өсімдік  тектес  ашық  түсті  өрнектермен  көркемделген  де,  оның  сыртқы  бетінің 
маңдайшасы  гүлді  оюлармен,  араб  жазбаларымен  толтырылған  үш  ойындымен  бітеді.  Порталмен 
бүйірлес күмбез төбелі екі бөлме мешіт қызметкерлеріне арналған. Порталдың оңтүстік және солтүстік 
қабырғаларымен жанаса медресе үйі салынған. Мұнда кезінде жастарға бастауыш діни білім берілген. 
Мешіттің пештағы ерекше көз тартады. Мұндағы ғанышқа түсірілген нақышты араб жазуының өзі әсем 
өрнек  міндетін  атқарған.  Кешен  биіктігі  2,3  м  тас  қоршаумен  қоршалған.  Оңтүстік  және  солтүстік 

65 
 
қапталында үлкен қақпасы бар. Құрылыс 1887 жылы басталып 1892 жылы толық біткен. 1978 жылы 
24 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Әшімов қол қойған шешімімен сәулет-көркем 
өнер мұражайына айналды [2]. 
«Орбұлақ,  Салқам  Жәңгір  соғысқан  жер»  -  Алматы  облысының  Панфилов  ауданына 
қарасты  Үйгентастың  Белі жайлауында  Ордың  бұлағы  деген  жер  бар.  Жаркент  қаласынан  солтүстік-
батысқа  қарай  80-100,  ал  Көктал  ауылынан  60-80  шақырым  жерде,  Жоңғар  тауының  дәл  бел 
ортасында  орналасқан.  Сол  арада  шығыстан  батысқа  қарай  жарыса  созылған  екі  таудың  арасында 
қазылған  ордың  ізі  әлі  күнге  дейін  айқын  көрінеді.  Бұл-Салқам  Жәңгірдің  Батурмен  соғысқан  жері. 
Оған жердің Ордың бұлағы атануы да қосымша куә. Ал негізгі куә-ордың өзі. Қазіргі сақталған сілеміне 
қарағанда ол соғысуға өте қолайлы жерге қазылған. Солтүстік басы қия беткейден басталып, оңтүстік 
жағы ұшы терең шатқалдағы өзенге барып тіреледі. Ор қырдың үстімен жүріп отырады. Алдыңғы жағы 
немесе шығысы, яғни жау келетін жағы еңістеу жазық болып келеді де, дәл ор қазылған қырдың иек 
астына  жеткенде  терең  сайға  айналып  кетеді.  Ал  Ор  қазылған  қыр  жотаның  ту  сырты,  яғни  батыс 
жағы-терең сай. Сірә, сол араға 300 әскер өз аттарын қаңтарып қойған болуы керек. Ор қазылған қыр 
жотаның  оңтүстік  бүйірінде,  ордан  дәл  шығысқа  таман  жерде  Есенғұлдың  сайы  деген  терең  шатқал 
бар. Жәңгір өзі бастаған 300 қолды осы араға жасырған болар. Өйткені оның ар жағындағы Қарағайлы 
сайы  Ордың  бұлағына  көтерілген  адамға  ап-айқын  көрініп  тұрады,  ал  Есенғұлдың  сайын  Жалаулы 
жотасы  қалқалап  қалады.  Әрі  Есенғұлдың  сайына  қарсы  жатқан  Қызылқия  беткейі  сол  арадан  атты 
әскердің  тұтқиыл  шыға  келуіне  өте  қолайлы.  Жәңгір,  сірә,  осы  Қызылқия  беткейі  арқылы  Батур 
қолына  ту  сыртынан  шабуыл  жасаған  болуы  керек.  Ордың  бұлағындағы  ор  ұзын  емес,  екі  таудың 
арасы  ғана  қазылған.  Не  солтүстігінде,  не  оңтүстігінде  оның  жалғасы  жоқ.  Ордың  бет  алды,  яғни 
шығыс жағы биіктеліп, ордың ішіндегі адам түрегеп тұратындай ыңғайда қазылған. Қарсы келген жау 
екпінімен ордағы әскерге лап қоя алмайды, ол әуелі ордың бет алдындағы сайға түсіп, сонан соң ғана 
жота  үстіне  көтеріле  алады.  Ол  сайдың  жотаға  көтерілетін  беті  өте  биік.  Тіпті  ордан  аман-есен  өтіп 
кеткен  жау  ордың  ту  сыртындағы  тіке  сайға  күрт  түсіп  кетуге  мәжбүр  болады  да,  қарсы  әрекет 
жасауға еш оңтайы келмейді. Ор өте қолайлы жотаның үстіне қазылған [3]. 
Бежінтау - Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығыс бөлігіндегі жота. Ол Тоқсанбай мен Тышқантау 
жоталарының түйіскен жерінен басталып, шығысқа, Қытай территориясына қарай ұласады. Қазақстан 
аумағындағы  ең  биік  жері-4098  м.  Ұзындығы  100  шақырым  шамасында.  Метаморфтанған  кварцит, 
әктас,  тақтатас,  гранит  жыныстарынан  түзілген.  Жотаның  күнгей  беткейі  тік  жарқабақты,  қатты 
тілімденген,  баспалдақ  пішіндес.  Бежінтау  жотасында  50  мұздық  бар.  Жотаның  баурайларынан  
үлкенді-кішілі өзендер бастау алады. Ірілері: Көксу, Қорғас, Ортақсары. Бежінтауда тауға тән альпілік 
және  субальпілік  шалғын  шөп  өскен  шым  топырақ  қалыптасқан.  Одан  төменде,  жотаның  солтүстік 
беткейінде қарағайлы-шыршалы орман, ал 600-1300 м биіктікте (таулық-далалық белдеу) бұта аралас 
дала өсімдіктері өседі. 
Белжайлау - табиғаты өте тамаша, хош иісті өсімдіктер түрлері (еңлікгүл, еркекшөп, қозыгүл, 
күреңот, уқорғасын, т.б.) көп кездеседі. Әр қапталдан тау беткейлерінен гүрілдеп қырық бұлақ ағады. 
Жайлаудың  ең  басы  үлкен  өзеннен  басталады.Ол  жер  «Үш  судың  құйғаны»  деп  аталады. 
Белжайлаудың  жанға  да  малға  да  құшағын  айқара  ашқан  айналасын  биік  таулар  қоршаған  кең 
жайлау.  2006  жылы  25  шілдеде  Орбұлақ  шайқасының  350  жылдығы  Белжайлаудың  Итшоқты  деп 
аталатын  тау  етегінде  аталып  өтті.  Белжайлауда  Орбұлақ  шайқасына  арнап  қойылған  ескерткіш  тас 
орнатылған.  Ол  таста:  «Бұл  жерде  1643  жылы  Салқам  Жәңгір  бастаған  қазақтың  600  жауынгері  ор 
қазу тәсілімен қалмақтың 50 мың қолын тоқтатып, оның 10 мыңын жойып жіберген. Осы кезде бұларға 
Самарқаннан Алшын Жалаңтөс Баһадүр 20 мың қолмен көмекке келеді. Ұлы жеңіске Қарасай, арғын, 
Төртқара, Найман, Суан, Елтінді сынды хас батырлар үлес қосқан»,- деген жазу бар. 
«Жаркент-Арасан»-1967  жылы  ашылған  республикалық  манызы  бар  бальнеологиялық. 
сауықтыру орны. Панфилов ауданы, Сарыөзек теміржол бекетінен 170 шақырым, Жаркент қаласынан 
40  шаршы  шақырым  жерде  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауының  оңтүстік  беткейіндегі  табиғаты  әсем 
шатқалда,  теңіз  деңгейінен  1100  метр  биіктікте,  Борохудзур  (Бурақожыр)  өзенінің  аңғарында 
орналасқан.  Бурақожыр  (Қу-Арасан)  су  көзінің  емдік  қасиеті  туралы  мәліметтер  XVII  ғасырдан  бері 
белгілі.  Климаты:  қысы  жұмсақ,  жазы  қоңыржай.  Ауаның  орташа  температурасы  қаңтарда  5
0
С, 
шілдеде  26
0
  С.  Жауын-шашынның  орташа  мөлшері  700  мм.  Минералды  судың  температурасы-36
0
С, 
минералдылығы-1.13 г/л. Басты емдік қасиеті – ыстық (36
0
С) радонды хлоридті-сульфатты натрилі су 
(минералдануы 1,13 г/л), құрамында азот, фтор бар. Санаторийдің негізгі емі – құрамында радоны бар 
хлорсульфат натрийлі минералды су. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері және гинекология 
ауруларын  емдейді.  Климаттық  факторлар  (таудың  шипалы  таза  ауасы,  өсімдігі,  табиғат 
ландшафтысы)  кеңінен  пайдаланылады,  физиотерапия,  инемен  емдеу,  емдік  дене  шынықтыру 
қолданылады. Емдік ванна іш құрылысты шаю үшін қолданылады. Қазіргі кезде тәулігіне көлемі 500 м

су беретін екі бұрғылау көзі жұмыс жасайды.  

66 
 
«Керімағаш, Кермеағаш» - шипалы сумен емдейтін бальнеологиялық санаторий. Алғаш рет 
1986 жылы маусым айында Орта Азия бұрғылау экспедициясы Керімағаш ауылының жанынан 3000 м 
тереңдіктен  ыстық  су  бұрқағын  атқылатты.  Бұл  судың  құбыр  түбіндегі  ыстықтығы  500
0
С,  ал  құбыр 
аузында 95
0
С. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласынан 40 ш.ш.қашықтықта Сарпылдақ 
ауылында,  Іле  өзенінің  аңғарында  орналасқан.  Климаты-континенттік.  Жазы-ыстық,  күзі-жылы  әрі 
ұзақ,  қысы-қоңыржай  суық.  1990  жылдан  жыл  бойы  жұмыс  істейді.  Мұнда  тыныс  алу  органдары,  ас 
қорыту,  қанайналу,  жүйке  жүйелері,қимыл-қозғалыс  мүшелері,  тері,  урологиялық,  гинекологиялық 
ауруларын  емдейді.  Ем  ретінде  әлсіз минералданған,сілтілігі  аз,  сульфат-хлоридті, натрий-кремнийлі, 
құрамы  фторға  бай  гипертермалды  су  пайдаланылады.  Демалушыларға  минералды  суы  бар  ванна, 
сауықтырғыш минералдық ванналар, ішек шаю, гинекологиялық шаю, сылап булау, емдік гимнастика, 
парафин, оттегі коктейлі, душ шарко, мәрмәр тасты қыздырғышы мен бассейні бар сауна, бассейні бар 
душ, физиотерапиялық ем,массаж,т.б. қызметтер көрсетіледі. 
«Найзатапқан»  -  ақбас  шыңдары, құжыр-құжыр жартастары өткеннен  көп  сыр  түйген, тарих 
тағылымдарының  шежіресін  мөлдірете  сақтаған  Қарт  Жоңғардың  күңгейіндегі  көсілген  кең  ойпатқа 
ұласар  жерде  шыңдары  аспанға  шаншыла  көкке  өрлеген  Найзатапқан  шатқалы  жатыр.  Ынталы 
ауылының  желке  жағында  ғана  тұрған  Аламан    тауының  сайындағы  Найзатапқан  арасаны  көрген 
адамды  шипалы  суларының  сан-алуан  қасиеттерімен  де,  тау-тасындағы  ежелгі  сурет,  тылсым  құпия 
табиғат көріністерімен де көпшілікті таңырқатады. Сонау, 1643 жылдың жазында Орбұлақ шайқасында 
Қалмақтың  елу  мың  қолына  алты  жүз  жауынгерімен  төтеп  берген,  сөйтіп  жауды  ойсырата  жеңген 
Салқам  Жәңгір  сарбаздарының  кейбір  шайқастары  осы  өңірде  де  болғанын  1983  жылдары 
Найзатапқан су аңғарының бойынан табылған найза ұшында дәлелдейді.   
Найзатапқан  арасаны  Найзатапқан  шатқалының  батыс  етегіндегі  сазды,  шұрайлы  қолатында 
орналасқан. Ұзындығы 1000 м, ені 300-400 м болатын жайдақ еңістіктің жоғары бөлігінде қатар-қатар 
10-15  бұлақ  көздері  сылдырап  ағып  жатыр.  Мұнда  көбіне  жарақаттарға,  теріде  пайда  болатын 
кеселдерге  ем  іздеп  келетіндер  басым  болады.  Негізінен  бұл  арасан  суында  күкірт  мол.  Сүлігі  мол 
батпақты  қан  қысымын  төмендетеді,  буын,  аяқ-қол,  жүйке    ауруларына  ем.  Табиғи  ваннасында  суы 
мол өте салқын емес, жаз күндері суға түскен, шомылған жанға әсер етеді. Найзатапқан арасанындағы 
бұлақтардың  әрқайсысына  ауру  түріне  қарай  бас  арасан,  көз  арасан,  іш  құрылысы,  тыныс  алу 
мүшелері  арасандары  деген  жекелей  атаулары  берілген.  Емделушілер  осылардың  бәрінен  күнделікті 
дәм  татып,  суына  шомылып,  батпағынан  ем  қабылдайды.  Найзатапқан  арасанында  тылсым  құпиясы 
көп  табиғат  тамашасы  да  аз  емес.  Айталық,  сай  ішімен  арасан  суына  барар  жалғыз  аяқ  жол 
табалдырығындағы таста мәсі киген адамның табан ізі мен таста бес саусақты алақан ізі бастырылған. 
Ал  жотадағы  тас  айдахар,  екі  баласын ойнатып отырған  маймыл,  шөккен  түйе  бейнесі тас  ошақ пен 
оның  жанында  жатқан  тас  қазан  көрген  жанды  сан  түрлі  ойға  жетелейді.  Тас  бетіндегі  тұлпар 
тұяғының ізі де адам қолымен жасалмағаны анық. Өйткені тастардағы іздердің бәрі тас түсі ақ болса 
қара,  қара  болса  ақ  болып  көрінеді.  Арасан  орналасқан  сай  аса  көрікті.  Тау  іші  болғандықтан  жазда 
мұнда  маса,  шыбын-шіркей  болмайды.  Жергілікті  қариялардың  айтуынша  арасанның  қорғаушысы-
қасиетті  жылан.  Ол  тек  ішімдік  ішіп,  не  жаман  пиғылмен  келген  адамға  маза  бермейді  екен. 
Найзатапқан  табиғи  арасанында  жылда  жаз  маусымында  жүздеген  адамдар  келіп,  демалып,  жанын 
мазалаған дерттен айығады [4]. 
Көктал-Арасан балалар шипажайы-Алматы облысы, Жаркент өңірінде балаларға салынған 
шипажай.  Айнала  қоршаған  әсем тау  қойнауында өзен жағасына орналасқан шипажай  балалар  үшін 
емделуге, тынығуға мол мүмкіндік береді. 
Қорғас  минералды  суы  - Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейіндегі Қорғас өзенінің 
шағын  оң  саласы-Арасан  өңірі  шатқалында  орналасқан.  Минералды  су  өзен  арнасы  мен  оның  екі 
жағасындағы  граниттерден  және  оларды  жапқан  борпылдақ  жыныстардан  шығады.Судың  жалпы 
ағымы-4-5л/сек.  Химиялық  құрамы  хлорлы-сульфатты-натрийлі,  радиоактивті  (радон  150-180  эман), 
сілтіл (рН-9). Судың температурасы 37-52
0
С, жалпы минералдылығы - 27-0,29 г/л. 
Көктал-Қу-Арасан  минералды  суы  -  Алматы  облысы,  Панфилов  ауданы,  Көктал  ауылынан 
солтүстікке  қарай  23  шақырым  қашықтықта,  Жоңғар  жоталарының  оңтүстік  баурайындағы  Дувантау 
тауында, Борохудзир өзенінің аңғарында, Арасан ауылынан 3 шақырым жерде теңіз деңгейінен 1280 м 
биіктікте  орналасқан.  Бұл  бұлақтарды  «Қу-Арасан»  немесе  «Жаркент-Арасан  минералды  сулар  кені» 
деп  атайды.  Минералды  су  корбон  кезеңінде  қалыптасып  фальзит-профирлерді  тілгілеп  өтетін 
тектоникалық  белдемге  шоғырланған.  Палеозой  эффузивінің  тектоникалықө  жарығынан  шығатын 
жылы  сулы  бұлақтар  өзінің  шипалық  қасиетімен  ертеден  белгілі.  1983  жылы  бұлақтар  маңынан  екі 
ұңғыма  қазылған,  бірінен  су  деңгейін  3,6  метрге,  екіншісінен  12,2  м-ге  төмендеткенде  3600  м
3
  су 
алынған.  Ұңғымалардың  суы  жылы  (26-36
0
С),  минералдығы  0,6-1,2  г/л,  аз  сілтілі  (рН  7,8), химиялық 
құрамы сульфатты-хлорлы натрийлі. Судың құрамында кремний қышқылы 70-96 мг/л, фтор-7-8 мг/л, 
литий  0,62  мг/л,  строний-0,5  мг/л,  рубидий  0,02  мг/л,  радон  –  эман  т.б.  элементтер  бар.  Ерітінді 
газдың құрамында азот (74%), оттегі (25%), көмір қышқыл газы (2,8%), аргон (0,7%), гелий (0,007%) 

67 
 
кездеседі.  Минералды  судың  дебиті  1,7-104  м
3
  тәуліктей, температурасы-30,4
0
-35,20
0
С,  минералдығы 
1-1,1  г/л.  Минералды  сулар  сульфатты-хлоридті.  Минералды  су  полимиелитке,  радикулит,  полиорит, 
қозғалу органдарының, қан жүру, жүйке жүйесінің және гинекология ауруларына шипалы. Қу-Арасан 
минералды суының қасында 1967 жылдан «Жаркент-Арасан» санаторийі жұмыс істейді. 
«Өсек  шипалы  балшығы»  –  Алматы  облысының  Панфилов  ауданындағы  Үшарал  ауылынан 
32 шақырым жердегі Өсек (Үсек) көлінің шипалы балшығы. Бұл тұзды балшық (тұздылығы 35-150 г/л) 
түріне жатады. Шипалы балшықтың аумағы 650 мың м
2
жалпы қоры 27мың м
3
, ылғалдылығы 47,07 %, 
меншікті салмағы 1,55 г/см
3
. Химиялық құрамы хлоридті- сульфаттты, магнийлі болып келеді [5]. 
Панфилов ауданының болашақта туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіншілігі мол. Туристік 
рекреациялық  орындарға  қамқорлық  жасау  бүгінгі  өскелең  ұрпақтың  міндеті.  Туристер  демалуына 
тамаша  жерлер  көп.  Аудан  табиғатының  сұлулығы,  әсемдігі,  алуан  түрлілігі  туристерді  қызықтырып, 
емдік-сауықтыру, демалу шараларына зор мүмкіндік тудырады.  
Ұсыныстар: 
Туризмнің  мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктерін  әйгілейтін  және  туристердің  назарын  аударып, 
қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жарнама-хабарламалық  базаны  жетілдіру  қажет;  Туристерге 
көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату (тұратын жердің ыңғайлылығы, тамақтану, транспортпен 
қамтамасыз ету, т.б.);  
Ауданның  өткен  тарихы  мен  даму  жағдайын  көрсететін  этнографиялық  туристік  рекреациялық 
орталықтарды ашу қажет;  
Туристік-рекреациялық ресурстарды оқушылар мен студенттер күнделікті өмірлерінде пайдалану 
мүмкіндіктерін  үнемі  кеңейтіп  отыру  керек.  Ол  үшін  туған  жердің  мәдени  құндылықтарын  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізу  жастардың  қолында  екендігін  жете  түсіндіретін  ғылыми  жұмыстар,  саяхаттар,  топ 
серуендер мен т.б. іс-шаралар жүргізу;  
Аудан  аумағында  мектеп  оқушыларын  тарихи  орындарға  алып  бару  ісі  жолға  қойылып, 
мектептердің  кітапханаларына  буклеттер  таратылып  берілсе,  бұл жас  ұрпақтың    туған  өлке  тарихын 
біліп,  оның  әрбір  тасын    қадірлеп,  табиғатты  аялай  білуге  және  оған  үнемі  қамқоршылық  сезіммен 
қарауға тәрбиелейді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Жетісу энциклопедиясы.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.-712 б. 
2. Қазақстанның көрікті жерлері. - Алматы: «Қазақ мемлекет баспасы», 1959.-354 б. 
3. Б. Нұржекеұлы Қасиетті Орбұлақ  // Егемен Қазақстан.-2002.- 9сәуір (№76) -3,4 б. 
4. Н. Жұмақан. Жаркенттің үш кереметі // Дала мен қала, 2008.-24 шілде (№30).-24 б. 
5. Е.О. Омаров Жерұйық өлке. - Алматы, «Жалын» баспасы, 2003.-240 б. 
 
 
 
ӘОЖ 911.2: 551.4 
КӨЛДЕРДІҢ  ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ 
(АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА) 
 
Тоқсабаева М.Е., Сүгір Н.М. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. 
 
Қазіргі  таңда  әлемнің  көптеген  елдерінде  туризм  саласы  дамудың  басым  бағыттары  ретінде 
экономиканың 
тірегі, 
қаржы  көзі 
болып 
саналады. 
Қазақстанның 
туристік-рекреациялық 
нысандарының елімізде халықаралық деңгейде туризмді дамытуға мүмкіншіліктері зор. Туризм әлемдік 
экономикада  маңызды орын  алатын,  еңбек  ресурстарының  ауқымды  бөлігін  іске  қосатын,  демалысты 
ұйымдастыратын  сала.  Сондықтан  да  отандастарымыз  жылына  бір келетін  демалыстарында  демалыс 
орындарына аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді.  
         Туризм  ел  экономикасын  дамытудың  және  жақсартудың,  әлемге  танытудың  ең  басты  жолы 
болып саналады. Туризмнен түскен қаржы басқа саладан келген пайдадан әлде қайда көлемді табыс 
көзі  болып  табылады.  Кең  байтақ  республикамыз  көлдерге  бай.  Көлдер,  әсіресе,  Қазақстанның 
солтүстік  бөлігіндегі  тұйық  ойпандарда  жиі  орналасқан.  Көлдер  мол  табиғи  ресурстарымыздың  бірі 
болуымен қатар халық шаруашылығын шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етуде маңызды роль 
атқарады.  Қазақстан  жерінде  Каспий  мен  Арал  теңіздерін,  жасанды  су  қоймаларын,  шағын  өзендер 
мен тоғандарды қоспағанда 48262 көл бар, олардың жалпы көлемі 45002 шаршы километр. Бұлардың 
94 пайызы көлемі шағын, ал  олар жалпы көлдердің 10 пайызын ғана құрайды. Ірі көлдердің жалпы 
саны 3014, олардың көлемі 40770 шаршы километр [1]. 

68 
 
 
Республика  облыстары    бойына  көлдердің  орналасуының  коэффиценті  0,0002-ден  4,8 
аралығында,  ал  ландшафт  бойынша:  орманды  дала  аймақта  2,83,  дала-1,76,  шөлейт  –  0,65,  шөл 
(Балқаш көлін қспағанда) -0,37 және таулы аймақарда 1,13 коэффицент. 
Туризмді  дамытуға,  оның  игілігін  көруге  елімізде,  оның  ішінде  Алматы  облысының  мүмкіндігі 
мол.  Оның  басты  дәлелі  табиғатымыздың  сұлу  әсемдігі,  қайталанбас  ерекшелігі,  мөлдір  суы,  таза 
ауасы, халқымыздың қонақжайлығы туралы ерекше атап өтуге болады. 
Соның ішінде ең басты назар аударатын демалу және сауықтыру бағытында қарқынды дамып 
келе жатқан аймақтарды, мысалы 
Балқаш, Алакөл, Үлкен Алматы көлі, Есік көлі, Көлсай көлі, Рай көлі 
т.б. кездестіруге болады [2]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет