Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39

Әдебиеттер тізімі: 
1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж. Б. 65-68 
2. К. Байпаков. Ұлы Жібек жолы және Тараз. Алматы 1995 
3. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А., 1994 
4. Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты. Астана, 2012 
5. С. Сұрағанова, Б, Сабатаева. Туризм инфрақұрылымы. Алматы, 2012 
 
 
 
ӘОЖ 728.51 
 
ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ 
ЖҮЙЕСІНДЕ САПАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ 
 
Бесекей Е.  
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ 
 
Қазақстан  Республикасындағы  қонақ  үй  қызметінің  даму  беталысы  көрсетіп  отырғандай  2012 
жылы елімізде 1432 қонақ үй кәсіпорыны және жеке кәсіпкерлер тіркелген екен, оларды жиыны 37786 
номірлер  бар,  бір  уақыттық  сыйымдылығы  83103  төсек-орынды  құраған.  Олар  3026,2  мың  адамға 
66540,9  млн  теңгенің  қызметін  көрсеткен.  2011  жылмен  салыстырғанда  2012жылы  орналастыру 
орындарының қызметі мейрамханалар қызметін қоспағанда салыстырмалы бағада 6,3 % жоғарылаған. 
Қазақстан  бойынша  қонақ  үйлердің  орташа  жүктелімі  2012  жылы  20,3  %  болып  отыр  [1].  Еліміздегі 
қонақ  үйлер  жүктелімінің  төмен  деңгейде  болуының  бірқатар  себептері  бар.  Олар:  кіру  туризмі 
бойынша  шетелдік  қонақтардың  аз  келуі,  қонақ  үйлер  бағасының  жоғары  болуы,  білікті  кадрлардың 
жеткіліксіздігі,  көрсетілетін  қызметтер  сапасының  төмен  болуы.  Әсіресе  отандық  қонақ  үйлерде 
көрсетілетін қызметтер сапасының бекітілген баға деңгейіне сәйкес келмеуі олардың жүктеліміне өте 
қатты  әсер  етеді.  Сондықтан  қонақ  үй  бизнесін  жүргізуде  сапаны  басқару  стратегияларына  аса  зор 
назар аударылуы тиіс. 
Сапаны  басқару  жүйесі  деп  сапаны  жалпы  басқаруға  қажетті  ұйымдық  құрылымды, 
процедураларды,  жауапкершіліктерді  бөлу  және  үрдістер  мен  ресурстарды  айтады.  Басшылық  сапа 
жүйесін  қойылған  мақсаттарға  жету және  белгілі  бір  саясатты  жүргізу  құралы  ретінде  құрып, өңдеп, 
қолданысқа енгізуі тиіс[2].  
Біз зерттеу жүргізген отандық бренд болып табылатын Қазақстан», «Ambassador», «Алма-Ата» 
қонақ  үйлері  (Алматы  қ.),  River  Palace  Hotel  отелі,  «Ренессанс»отелі  (Атырау  қ.),  Мукаммаль,  Astana 
Park  қонақ  үйлерінде  (Астана  қ.)  қызмет  көрсету  сапасы  халықаралық  қонақ  үйлер  желісімен 
салыстырғанда төмен деңгейде екендігі анықталды.  

50 
 
Қонақ  үй  бизнесі  кәсіпорындарында  сапаны  жақсартуға  арналған  қызмет  бағыттарының 
негізгілерін анықтап алу үшін сапаға әсер ететін факторларды көрсетейік. 
1. Жоғарғы бөлім басшылығыныңқатысуы. 
2. Жалпылама қатысу.  
3. Көрсетілетін қызметтің тұтынушылар талабына сәйкестігі.  
4. Еңбекті бағалау және ішкі маркетинг бағдарламаларын енгізу.  
 
Осы  факторларды  есепке  ала  отырып,  қонақ  үй  бизнесіаясындағы  кәсіпорындарда  қызмет 
көрсету сапасын жақсартуға арналған бірқатар шаралар өткізу ұсынылады.  
 
Ең  алдымен,  қонақтарғаа  қызмет  көрсету  сапасын  бақылайтын,  орналастыру  жұмыстары 
бойынша  директордың  орынбасарына  құрылымды  түрде  бағынатын    жұмысшыны  тағайындап  алу 
қажет. 
 
Сапаны бақылауға жауап беретін жұмысшының міндетті қызметтеріне келесі аталғандар кіреді: 
 тұтынушыны  ақаулы  қызмет  көрсетуден  сақтау  арқылы  қонақ  үй  кәсіпорыныныңбеделін 
қорғау; 
 қызмет  көрсетуде  пайда  болған  ақаулықтың  пайда  болу  орынын,  жиілігін  және  себебін, 
сонымен  қатар  тамақтандыру  қызметкерлері  мен  бөлімшелердің  жұмыс  істеу  сапасы  жайлы 
мағлұматтарды жұмысшылар мен әкімшілікке хабарлау; 
 қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында үрдістер ұйымдастыру және оларды сараптау. 
 
Бұл  функцияларды  қонақтармен  тура  кері  байланыс  арқылы  іске  асыруға  болады.  Бұл 
байланысты  клиенттің  қанағаттанылуы  жайлы  жүйе  жұмысы  туралы  ақпараттарды  келесі  негізгі 
әдістерді қолдана отырып орындауға болады: 
 бақылау; 
 қонақтарға сауалнама арқылы пікір сұрау жүргізу; 
 қонақ үй кәсіпорыны және оның жеке бөлімшелерінің қаржы көрсеткіштерін талдау; 
 байланыстырушы персоналдан ақпарат алып отыру; 
 клиенттердің шағымдары мен тілектерін қарастыру. 
 
Сапаны  қамтамасыз  етуге  жауапты  тұлғалардан  басқа,  айына  бір  реттен  кем  емес  жиілікте 
төрағасы  директор  болып  табылатын  «Қызмет  көрсетудің  сапасын  қамтамасыз  ету  кеңесі»  деп 
аталатын кеңес өткізіп тұру мақсатқа лайықты болады. 
 
Әрбір  бөлімшеде  осы  бөлімшенің  қызметін  мейлінше  жетілдіріп  отыратын  топтар 
қалыптастырған  дұрыс.  Бұл  топтардың  жұмысы  бөлімшенің  жұмысының  тиімділігін  және  сапасының 
деңгейін  жоғарылатуға  барлық  жұмысшылға  мүмкіндік  туғызатын  әдісті  ойлап  табу  және  бағытын 
анықтау  болып  табылады.  Кәсіпорынның  қатардағы  жұмысшыларын  жұмысты  жақсарту  үрдісіне 
тартудың ықпалды формалары ретінде өз ұсыныстарын айту, сонымен қатар сапа үйірмелері де болуы 
мүмкін [2]. 
  Қонақ  үй  қызметтерінің  сапасын  басқару  моделінің  болуы  қонақ  үй  бизнесіндематериалдық 
өндіріс саласында дайындалған сапа менеджментінің құралдарын толық көлемде қолдануға мүмкіндік 
береді, олар: 
  көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға және талдауға; 
  жаңа қызметтерді жобалау кезеңінде қонақ үй қызметтерінің сапасын болжау; 
  қонақ  үйлік  қызметтердің  сапасына  статистикалық  бақылау  жүргізу  және  соның  негізінде 
сәйкессіздіктің көздерін айқындау. 
  Жоғарыда  аталғандар  қонақ  үй  қызметтерінің    сапасын  басқару  моделінің  бірінші  және 
«құралдық» ролі болып табылады. 
  Сапа  моделіне  сүйене  отырып,  қонақ  үй  қызметтерінің  сапасын  басқару  мәселелерін  шешуге 
конструктивті  түрде  келуге  болады,  себебіадекваттық  деңгейін  жуықтап  есептеуге,  оны  өсіру 
жолдарын  көрсетуге,  сапа  саясатын  дұрыс  тұрғызуға  мүмкіндік  туады.  Бұл  қонақ  үй  қызметтерінің 
сапасын басқару моделінің екінші – «саясаттық» ролі болып табылады.  
  Қонақ  үй  қызметтерінің  сапасын  басқару  моделін  құрудың  бастауы  моделді  таңдау  болып 
табылады, себебі бұл арқылы қызмет көрсетудің базалық элементтер тізімі құрастырылады. 
  1-суретте сапа функциясының графо-аналитикалық құрылымы [3] арқылы іске асатын қонақ үй 
қызметтерінің сапасын басқару моделінің біз ұсынып отырған түрі көрсетілген. 
  Қызметті көрсету үрдісінің функциясын қызмет бойынша стандарт талаптарының орындалуы деп 
тұжырымдауға болады, олай болса, бұл үрдістің шығысы орындалған стандарт болып табылады. Бірақ 
қызмет көрсетудің талап етілген стандартына қол жеткізуде персоналдың анықтаушы ролін атап кету 
керек.  Тұтынушылардың  қанағаттандырылуы  мен  қоғамның  және  қызметтің  құрылуының  барлық 
үрдістері арасындағы кері байланыс анализ үрдісін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. 
  Құрылымдау үрдісі келесілерді орнатуға және бағалауға көмектеседі: 
  -  функционалды  тәуелділіктің  түрін,  ол  қызмет  көрсету  элементтерінің  сапасы  мен  қонақ  үй 
қызметтерінің жалпы сапасы арасындағы байланысты бейнелейді; 

51 
 
  -  қонақ  үйде  көрсетілетін  қызметтер  сапасын  басқару  моделінің  сандық  параметрлерін  және 
сапаның жалпы, эталондық, жұмыстық және нақты бағасын. 
  Қонақ үй қызметтерінің сапасын басқару моделін құру үшін келесі мәліметтер қажет: 
- қонақ үйлік қызмет көрсетудің маңызды қасиеттерінің жиынтығы; 
  - қызмет көрсетудің жағымды және жағымсыз элементтерінің жиынтығы; 
  -  қызмет  көрсетудің  мультипликативті  элементтерінің  және  олардың  әрқайсысына  тәуелді 
аддитивтік элементтер тобын. 
  Сапа функциясының құрылымы кері байланысты жақсартуға  мүмкіндік береді. 
 
Сурет 1 – Қызмет сапасын басқарудың графо-аналитикалық құрылым негізіндегі моделі 
  Бұл кері байланыстың механизмі төмендегілерді қамтиды: 
  - қызмет көрсету деңгейінің бағасын – тұтынушыларға сауалнама жүргізу арқылы алынған; 
  - сауалнамалық сұрақтың статистикасын жинау және оны өңдеу; 
Орындаушы 
Қызметтің 
спецификациясы 
Қызмет көрсету 
үрдісінің 
спецификациясы 
Қызметтің сапасы 
Қызметтің 
стандарты 
Қызметтің 
бейнеленуі 
Қажеттілік 
Сапа 
функцияларын 
құрылымдау 
Қызметі 
жобалау 
Орындаушының 
бағасы 
Тұтынушының 
қанағаттандырылу
ы 
Тұтынушының 
бағасы 
Қызмет көрсету 
үрдісі 
Персонал 
Тұтынушы 
Маркетинг 

52 
 
  -  шешуші  үрдістің  талдауы,  шешуші  үрдістердің  элементтері  негізінде  қонақ  үйлік  қызмет 
көрсетудің  сапасын  басқарудың  жұмыстық  моделін  және  сапа  функциясының  құрылымын  анықтау 
жұмысын. 
  Қонақ  үй  қызметтерінің  сапасын  басқарудың  графо-аналитикалық  құрылым  негізінде 
тұрғызылған моделі келесілерді біріктіреді: 
-  қонақ  үй  кәсіпорыны  басшылығының  барлық  қызметкерлерді  тарту  арқылы  реформалар 
өткізу ықыласы; 
- сапа жүйесін енгізу пікірін қонақ үйдің барлық қызметкерлерінің жетік түсінуі; 
- сапалы басқарудың принципі бойынша қонақ үй кәсіпорынының ары қарай дамуына сыртқы 
факторлардың әсері; 
- қонақ үй кәсіпорынына ішкі факторларының әсері. 
Қонақ үй қызметтерінің сапасын басқару моделін зерттеу нәтижесінде біз анықтаған келесідей 
негізгі жеті қағидаға сүйеніп жүзеге асыруға болады: 
1. 
Қонаққа  бейімделу.«Клиенттің  айтқаны  әрдайым  дұрыс»  ережесіқонақжайлылық 
индустриясы ұйымы үшін тіпті өзекті болып табылады. Қонақ – ол қонақ үйдің барлық қызметкерлері 
қызмет жасайтын адам. Қонақ – ол қонақ үйдегі ең негізгі көңіл аударатын адам. Қонақ – ол ұйымның 
табыс  көзі.  Негізгі  мақсат  –  қонақтың  қажеттіліктері  мен  ықыласы  туралы  негізделген  қорытынды 
шығаруға  мүмкіндік  беретін,  ары  қарай  үрдіс  барысында  интегралданатын,  көптеген  көздерден 
алынатын ақпаратты жинау болып табылады. 
2. 
Басшының  озаттығы.Басшы  әрқашанда  барлығының  көз  алдында  жүреді.  Тіпті  басшы 
жоқ болған кезде де, белгілі бір мәселелерді шешуге оның қатысын сезіп отырады. Басшы адамдарды 
қызықтырып, еліктіре білетін адам. 
3.  Қызметерлерді  тарту.Директордан  бастап  қызметшіге  дейінгі  барлық  персонал  сапаны 
басқару  ісіне  қатысуы  керек,  қызметкерлер  мекеменің  ең  үлкен  байлығы  ретінде  қарастырылады, 
мекеменің басшысы сол байлықтың потенциалын ашып және қолдануға барлық жағдай жасауы керек. 
Әрбір  қызметкер  ұйым  қызметіне  қатысу  дәрежесін  і,  сондай-ақ  жалпы  жұмыста  өзінің  қажет  екенін 
түсіну керек.  
4.  Үрдісті  тәсіл.Өз ісін  толық  бір  үрдіс  деп қарастыратын ұйым,  сөзсіз,  өте жоғарғы  нәтижеге 
қол  жеткізеді.  Үрдіс  көптеген  бизнес-үрдістерден  тұрады,  олардың  қатысушылары  мекеменің  барлық 
жұмысшылары 
болады. 
Үрдістерді 
басқарудың 
көмегімен 
тұтынушылардың 
қажеттіліктері 
қанағаттандырылады.  
5.Басқарудың  жүйелі  тәсілі.  Қонақ  үй  кәсіпорыны  қызметінің  тиімділігі  мен  нәтижелілігі 
көбінесе  басқаруды  өзара  байланысқан  үрдістер  жүйесімен  қамтамасыз  етуден  тәуелді.  Кез  келген 
қонақ  үй  кәсіпорыны  үрдістердің  барлығын  біріктіруге  тырысуы  керек,  себебі  осы  арқылы  қонақ  үй 
қызметтерінің қонақтардың талабына сай келуін анықтай алады. Жүйелік тәсілді қолдану арқылы ғана 
қонақпен  кері  байланысты  қолдану  және  сапа  жүйесін  енгізу  тұрғысындағы  стратегиялық 
жоспарларды іске асыруға болады. 
6.  Тұрақты  түрде  әрдайым  жақсарып  отыру.  Бұл  принцип  көрсетілген  қызметтерге 
қонақтардың  талаптары  қанағаттандырылғанын жобалайды.  Баға мен  сапа  қатынасы  –  бұл  қонақ  үй 
кәсіпорынының негізгі көрсеткіші. Бірақ әрдайымғы алға жүру, бизнес-үрдістерді әрқашанда жетілдіріп 
отыру ғана сөзсіз басым нәтиже береді. 
7.  Шешімдерді  фактіге  негіздеп  қабылдау.  Түрлі  басқару  шешімдерін  қабылдаудан  мекеменің 
ары  қарайғы  дамуы  тәуелді.  Олардың  тиімділігі  тек  сенімді  мәліметтерге  негізделеді.  Мұндай 
мәліметтер  көзі  сапа  жүйесінің  ішкі  тексерілулері  болуы  мүмкін.  Шешім  қабылдау  сондай-ақ 
қызметкерлерден  түсетін  ойлар  мен  ұсыныстарды  талдауға  негізделуі  мүмкін.  Бірігіп  қабылданған, 
фактілерге негізделген шешім ғана дөрекі қателіктердің алдын алуға көмектеседі. 
 

53 
 
  
Сурет 2 –Қонақ үй қызметінің сапасын басқару жүйесін іске асыру алгоритмі 
Қонақ үй кәсіпорынындағы көрсетілетін қызметтер сапасын басқарудың өңделген моделін іске 
асыру  белгілі  бір  ретпен  жүргізілуі  керек.  Мұндай  алгоритм,  біздің  ойымызша,  бірқатар  шаралардың 
тізбегінен  тұруы  керек  (2-сурет).  Алдымен,  SWOT-талдауды  немесе  басқа  құралды  пайдаланып, 
ұйымның әлсіз жене күшті жақтарына талдау жасап алу қажет. 
Бұл  бағдарламалардың  түпкілікті  мақсаты  –  қонақтарды  қанағаттандыру,  оның  негізгі 
жағдайлары келесідей болуы керек: 
 
қонаққа«ғажайып  қонақжайлылықты»  көрсету,  ең  жақсы  әсер  қалдыруға  мүмкіндік 
ретінде қарастырылуы керек; 
 
мәселелерді  шеше  білу  қабілеті  жоғарғы  қызмет  көрсетудің  және  қонақтармен  қарым-
қатынасты жақсартудың, олардың ниетін арттырудың негізгі элементі болып табылады; 
  шағым  –  кері  байланыстың  формасы, жағдайды  қонаққа  басқа  жағынан  бұрмалауға мүмкіндік 
береді,  сонымен  қатар,  болашақта  қонақпен  келеңсіз  жағдайларда  алдын  алуға көмектесетін  бағалы 
ақпарат береді; 
  әрқашанда  қонақтың  қанағаттандырылуын  тексеріп  отыру  қажет  және  қонаққа  ешқашанда 
наразылықпен қайтуға жол бермеу; 
Қонақтармен жұмыс кезінде біздің қатысуымызбен әзірленген қонақпен тікелей араласудың төрт 
сатылы стратегиясын қолданған жөн (3,4-суреттер). 
Басшылық 
қонақтармен 
персоналмен 
Ұйымның әлсіз және 
мықты тұстарына 
талдау 
Анықталған 
кемшіліктерді
 
түзету 
Ішкі маркетинг 
элементтерін құру 
Корпоративті 
стандарттарды
 
Персоналға қызмет 
көрсетуді дамыту 
Технологиялық 
үрдістердіжетілдіру 
Кері байланыс 

54 
 
 
Сурет3 – Қонақпен тікелей араласудың төртсатылы стратегиясы 
 
 
Сурет 4 – «Шешімдер сеткасы» 
жоғары 
төмен 
Қонақ үйдің жауапкершілігі 
Ниетіңізді 
білдіріңіз 
Қаһарман 
болыңыз 
Жөнге 
салыңыз  
Кепілге 
жүгініңіз 
жоғар
ы 
Қ
он
ақ
 ү
ш
ін
 м
аң
ы
зд
ы
л
ы
ғы
 
Қонақты тыңдау
 
Шын көңілді 
білдіріп 
кешірім сұрау 
Орындалуын 
қадағалау 
Шешімін табу 
Жөндеу мүмкін емес 
Кепілді 
қолдан
у 
Қанағаттанбаған  

55 
 
Қонақпен тікелей жанасудың  төртсатылы  стратегиясы  тізбектелген  әрекеттерден  тұратын  келесі 
элементтерді біріктіреді: 
Бірінші саты. Қонаққа барлық назарды аудару. 
Екінші саты. Қонаққа жағдайдың түсінікті екенін көрсету. 
Зерттеулер  көрсеткендей,  қонақ  қандай  да  бір  өнім  немесе  қызметпен  байланысты  мәселені 
айтқанда, қонақтан жартысынан аз жағдайларда ғана кешірім сұралады.  
Жұмыс нәтижесінде өңделген шешімдер сеткасы жағдайды дұрыс түсінуге көмектеседі.  
Сондықтан, кешірім сұрау: 
 
уақытылы болуы керек – мәселенің себебі анықталғанша күтпей, бірден кешірім өтіну; 
 
дербес болуы қажет - өз атыңнан сөйлеу; 
 
түсіне  білетін  –  қонаққа  қазіргі  жағдайда  оның  не  сезініп  тұрғандығы  түсінікті  екенін 
көрсету. Кешірім өтіну өз қателігін мойындау дегенді ғана білдірмейді, ол қызметкердің өзі қонақтың 
көңілі қалғаны үшін өкініп тұрғанын көрсетуі мүмкін. 
Үшінші  саты.  Мәселені  тезірек  шешкен  дұрыс.  Егер  қызметкер  дәл  сондай жағдаймен  бұрын-
соңды кездескен болса, онда дұрыс шешімдер дайын болуы мүмкін. Қонақты мәселенің шешімін табуға 
араластыру  қарым-қатынастың  қайта  қалпына  келуіне  ғана  емес,  персоналдың  қонақтың 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген шын ниетін қонаққа көрсетеді. 
Осылайша  қонақ  үй  кәсіпорынындағы  маркетингтік  қызметті  басқаруда  сапаны  басқару 
мәселесіне жете назар аударылуы керек. Өйткені қонақ үй қызметінің сапасына қанағаттанған қонақ 
ғана  қайта  айналып  сол  қызметті тұтынады  немесе  сол  қонақ  үй  туралы  бірнеше адамдарға  ақпарат 
береді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Туризм  Кaзaхcтaнa  2008-2012/Cтaтиcтичеcкий  cборник/Aгентcтво  Реcпублики  Кaзaхcтaн  по 
cтaтиcтике. – Acтaнa 2013. – 136 c. 
2.  Латышова  Л.С.,  Пантелеева    Е.К.    Влияние    внутреннего  маркетинга    на  результативность  
бизнеса//  Маркетинг  и маркетинговые  исследования – 2009. - №1 (79). – С.18-31 
3. Ветитнев А.М. Маркетинг санаторно-курортных услуг.  М.: Финансы и статистика, 2007. – С. 15 
4. Ранде  Ю.П.  Удовлетворенность  и  лояльность персонала  как  гланые показатели  эффективности  
внутреннего маркетинга//  Маркетинг в России и зарубежом. – 2006. - №3 (53). – С.61-69 
5. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства. – М.: Академия,  2003.  224с. 
 
 
 
ӘОЖ 379.85 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНЫҢ ДАМУЫ 
 
Абызбаева А.Т.  
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда қаласы 
 
Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. 
Миллиондаған  туристер,  жас  және  егде  адамдар,  жалғыз  және  топпен,  әртүрлі  қабілеттегі  және 
әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды. 
Саяхат –  бұл көне және  сыйымдылығы  кең  ұғым. Дальдің В.И.  сөздігі  бойынша,  саяхат  бөтен 
жерлерге  бару  дегенді  білдіреді.  Адамзатқа  бүкіл  көп  ғасырлық  тарихында  сауданы  дамыту,  жаңа 
жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында 
әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы  жаңа континенттер мен 
жерлерді  ашқан  саяхатшылардың  есімдері  жеткен,  географиялық  және  басқа  білімнің  керемет  
жүйелерінің негіздері қалған. [3] 
Туризмнің  терең  тарихи  тамыры  бар.  Алғашқы  туристік  ұйымдаспаған  сапарлар  шектеулі 
болды,  олар негізінен  сол  кездегі қажеттіліктер және  мүмкіндіктермен  байланысты  болған,  нақтырақ 
айтқанда,  қажылық  жасау,  емделу,  сауда  және  білім  алу.  Сапар  жасауға  тек  қоғамда  жоғары  орын 
алатын  адамдардың  ғана  мүмкіндіктері  болды.  Сол  кездегі  туризмнің  ерекшелігі  элитарлылық  пен 
өзінділік болған. [1] 
Туризм  саласындағы  әйгілі  ағылшын  мамандары  туризмнің  бастауын  емделу  мақсатындағы 
сапарлар  қалаған  деп  есептейді. Және  алғашқы туристік  ұйымдар  білімдік  сипат  алды.  Шындығында 
да, бұл кезең «аристократтық» туризм деп аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік 
сапарлар халықтың ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды. 

56 
 
Қазіргі  кезде  әлемдік  туризм  дамуының  төрт  негізгі  тарихи  кезеңдерін  бөліп  қарастырады.  Бұлай 
бөлудің  негізінде  мынадай  критерийлер  жатады:  әлеуметтік  және  экономикалық  алғы  шарттар, 
туризмнің функциялары. [2] 
Туризм, 
өзінің 
бағыттарымен,  соңғы  жылдары 
әлемнің  көптеген  мемлекеттерінің  
шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын 
көрсетіп,  маңыздылығы  жағынан  алдыңғы  қатарда  тұрған  ерекше  түрі  –  экологиялық  туризм. 
Экологиялық 
туризмді 
адамның 
тамаша, 
танымдық, 
ғылыми, 
өлкетану 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын  нысандармен  және  табиғаттың  кескіндемелік,  экзотикалық,  қайталанбайтын 
құбылыстарымен  тікелей  өзара  қарым-қатынасы,  ең  алдымен  «ашық»  табиғат  жағдайында  болуы 
ретінде айқындауға болады. 
Экотуризм  терминін  алғаш  1983  жылы  ғылымға  енгізген  мексикан  экономисті  және  экологі 
Гектор  Цебаллос  Каскурейн  болатын.  Әлемнін  экотуризм  дамыған  Аустралия  және  Швеция  сияқты 
елдерде  экотуризм  туралы  хартиялар  пайда  болды.  Қазіргі  уақытта  экологиялық  туризм  әлемдік 
деңгейдегі туризмнің басқа түрлерінің ішінде елеулі үлесті алады. [1] 
Экологиялық  туризмнің  пайда  болу  себептері  көп,  бірақ  ең  бастылары  ол  әлемнің  жалпы 
экологиялық  жағдайының  күннен  күнге  нашарлауы  яғни  бүлінуі  және  техникалық  прогресс  пен 
урбанизациядан  шаршаған  адам  баласының  табиғатқа  яғни  таза  ауамен  демалып  нерв  жүйке 
салмағынан құтылуға ұмтылуы. [3] 
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты 
даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше 
есе  азаюы.  Жер  шарындағы  экологиялық жағдайдың  күрт  нашарлауы  мемлекеттік  және  мемлекеттік 
емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне 
төтеп  беру  жолдарын  ізейді.  Сонымен  қатар  жануарлар  әлемін  қорғау  проблемасы  туындайды.  Осы 
проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол 
жылы  мамыр  айында  Квебек  провинциясында  (Канада)  Дүниежүзілік  экотуризм  саммиті  өтті.  Осы 
саммитқа  дайындық  барысында  Дүниежүзілік  туристік  ұйым  (ДТҰ)   тәжірибе  алмасу  мақсатында 
аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы 
қаласында  (Қазақстан)  «Экотуризм  –  XXI  ғасырдағы  ТМД,  Қытай  және  Моңғолия  елдерінің  өтпелі 
экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті. [2] 
БҰҰ-ның  Генералды  ассамблеясы  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  ұйымдарды, 
халықаралық  бірлестіктерді,   даму  агенттіктерін  және  әр  туристті,  экотуризм  тұрақты  дамудың 
маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі  ол қоршаған ортаның 
биологиялық  әртүрлілігі  мен  жергілікті  халықтың  әлеуметтік-экономикалық  тұрақтылығын  сақтауға 
жағымды ықпалын тигізеді. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанды  экологиялық  туризмнің  дамуы  үшін  жаңа  құрылып  келе  жатқан 
нарық  деп  қарастыруға  болады.  Биологиялық  және  геологиялық  әртүрлілік,  халықтың  минималды 
тығыздығы,  бай  тарихи  және  мәдени  мұра  республиканың  өте  зор  экотуристтік  потенциалын 
айқындайды. 
Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған 
жерлерімен  саяхат  жасауды  ғана  білдірмейді.  Қазіргі  уақытта  бұл  ұғым  кең  ауқымды  қамтиды.  Ол 
экологиялық  туризмнің  басты  мақсатымен  анықталады:  табиғатпен  бірігу,  оның  түпкілікті  маңызын 
ұғыну  және  қорғау  қажеттілігін  түсіну.  Сондықтан  туризмді  адамзаттың  «ашық»  ортада  болуымен 
сипаттауға  болады.  Сонымен  қатар  оның  көркемдік,  экзотикалық,  қайталанбас табиғат  құбылыстары 
мен  объектілер  арасындағы  тығыз  байланысты  білдіретін,  адамның  ғылыми  аймақтанушылық 
қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек. 
Орнитолог,  археолог  және  көркем  өнерпаздар  сияқты  ғылыми  қызығышулығы  бар  туристерді 
қанағаттандыруға  арналған  экологиялық  туризмге  қарағанда  рекреациялық  туризм  өзі  қажет  ететін 
қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді. 
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім 
беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық 
туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. 
Қазақстанның  табиғи  климаттық  зоналары  (жеке  шөлді  аймақтар,  таулы  аймақтар)  спорттық 
және  ғылыми  бағытта  экологиялық  туризмнің  ерекше  формасы  «экстремалды  туризмді»  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  адам  аяғы  баспаған  және  адам  өмір  сүруге  бейімделмеген  аймақтарға 
экстремалды  жағдайларда  тіршілік  ету  және  өзін-өзі  ұстау  стратегиясын  қалыптастыру  мақсатында 
саяхат  жүргізу.  Айта  кетерлік  жағдай,  экологиялық  туризмді  дамыту  үшін  әр  түрлі  табиғи  ресурстар 
қажет.  Дәл  осы  жағдай  туризмдік  жұмыстардың  территориялық  аймағын  және  олардың  қай  бағытта 
жүруін анықтайды. [5] 
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады: 

57 
 
-   табиғи  –  климаттық  факторлар:  рельеф,  су  объектілері,  флора  және  фауна, ерекше  және 
қызықты қарапайым табиғи аймақтар. 
-   тарихи-мәдени  ескерткіштер:  белгілі  бір  аймақтағы  адамзаттың материалдық  және  рухани 
мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер [3]. 
          Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан  –  2030  Барлық  қазақстандықтардың   өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел 
болып  қалмау  үшін  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібін,  инфрақұрылымды,  мұнай  мен  газ  өңдеуді,  химия 
мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті 
өндірістерді,  қызмет  ету  саласын,  туризмді,  оның  ішінде  экологиялық  туризмді  бұрыннан  да  ілгері 
қарқынмен  дамытуға  тиіспіз»,  «жылға  дейінгі  бастапқы  кезеңде  өз  мүмкіндіктері  мен  бәсекелестік 
қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. [5] Бұл басымдық 
тәртібімен  айтатын  болсақ  –  ауыл  шаруашылығы,  орман  және  ағаш  өңдеу  өнеркәсібі,  жеңіл  және 
тамақ  өнеркәсібі,  туризм,  тұрғын  үй  құрылысы  және  инфрақұрылым  жасау.  Осы  салаларды  дамыту 
арқылы  біз  экономиканың  құрылымдық  мәселелерін  ғана  емес,  жұмыспен  қамту  және  кедейлік 
мәселелерін  шешеміз,  бұл  қазіргі  кезде  ерекше  және  маңызды  нәрсе»  деген,  кедейшілік  және 
жұмыссыздыққа  қарсы  күрес мәселелерін  көтере  отырып,  Президентіміз өз  стратегиясының  маңызды 
мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен 
болатын. 
               Бурабайдың  геоэкологиялық  жағдайы  бұрынғы  ТМД  елдерінің  ориентациясын  сипаттайды. 
Бұл  елдер  туристік  жүйе  бойынша  өздеріне  тиесілі  бөлік  шамасын  үлкейтуде.  Сонымен  қатар  қазіргі 
уақытта  осы  заманға  сәйкес  және  бәсекелесуші  туристік  жобаларды  құрастырушы  болып  табылады. 
Соның  ішінде  соңғы  жобалардың  бірі  –  TREDA  болып  саналады.  Бурабайда,  әсіресе,  Қазақстан 
Республикасында бұл жоба аса маңызды роль атқаруда. Оның мақсаты Бурабай, Монголия, КХДР, ҚХР 
қатысушылар көмегімен туманная өзенінің маңайында аймақаралық туристік ортвалық ашылды. Ресей 
мемлекеті  бұрынғы  ТМД  елдерінің  және  жақын  орналасқан  мемлекет  туристеріне  Қазақстан 
мәдениетін  танытуға  ерік  білдірді.  Бұл  жобаның  туризмді  дамытудың  2005  жылға  дейінгі 
бағдарламасымен  сәйкес  келеді.  Бурабай  әкімшілігі  және  туризм  комитеті  аймақ  үшін  болашағы  зор 
туризмнің альтернативтік формасының негізгі концепциясын қорытып шығарды [4]. 
  Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты мыналар болып табылады: 
-  экологиялық  білім,  табиғатпен  өзара  қарым-қатынас  мәдениетін  арттыру,  табиғи  ортада 
этикалық  нормаларды  жасау,  табиғаттың  және  оның  жеке  элементтерінің  тағдыры  үшін  жеке 
жауаптылық сезіміне тәрбиелеу; 
- адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру, табиғи жағдайдағы табиғи ортада 
толыққанды демалысты қамтамасыз ету. 
Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) айрықша 
іске асырылады. 
Біздің  республикамызда  экологиялық  туризмді  дамыту  жалпы  туризмді  дамытуда  маңызды. 
Экологиялық  туризмді  жоғары  табыс  көзі  ретінде  және  экономиканың  экологиялық  қауіпсіз  саласы 
ретінде қараса және дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін. [5]  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет