Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

 
 
 
ӘОЖ 321 
 
«ГУРЬЕВ (АТЫРАУ) ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ МАЙДАН МЕН ТЫЛҒА КӨРСЕТКЕН САН – АЛУАН 
КӨМЕГІ» 
 
Сарсенов А.С., Бозахаева Г.К. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
daurenbi@bk.ru  
 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  фашистік  Германияны  жеңуде  халықтық  қозғалыстардың 
тарихи маңызы ерекше болды. Солардығ бірі «Халықтық қорғаныс қорын жасау» болды. Бұл халықтық 
қозғалыстың алдыңғы сапында болған коммунистер мен комсомолдар тек  өздері емес, бүкіл халықты 
майданға көмек көрсету ісіне жұмылдырды. 
 
Майданға ерікті түрде көмек көрсету жөніндегі халықтық қозғалыс бір ғана мақсатты – майдан 
мен  тылдың  бірлігін  нығайту  мен  жауды  талқандауды  тездетуді  көздеді.  Қазақстан  еңбекшілері 
соғыстың  алғашқы  күндерінен  –  ақ  қорғаныс  қорына  өздерінің  қаражаттарын,  мемлекеттік  заемдар, 
облигацияларын, алтын, күміс, қымбат бағалы заттарын өткізді [1, 123 б.]. 
 
Отан қорғау қорын жасап оны молайту жолындағы халықтың қолдауында шек болған жоқ. Бұл 
қорды кей жерлерде халық өзара «Отан сақтау қоры», «Жеңіс қоры» деп те атады. Мұның бәрі билік 
органдарының ұйтқысымен халықтың шынайы көңіл – күйінен туған ұғым еді. Қорғаныс қорына қаржы 
жинау  жұмысын  жолға  қойып,  оның  күннен  күнге  молая  түсуіне  жергілікті  партия,  кеңес  ұйымдары 
тарапынан ерекше көңіл бөлінді [ 2, 154 б.]. 
 
Қорғаныс  қорын  жасаудың  халықтық  бастамасы  алуан  түрлі  болды.  Республикада  «Кеңестік 
Қазақстан»,  «Қазақстан  комсомолы»,  «Қазақстан  колхозшысы»,  «Қазақстан  әйелдері»,  «Қарағанды 
шахтері», «Қазақстан мұнайшысы», «Озат ғылым үшін» тағы басқа да танк колонналарын қолдау үшін 
қаржы жинау еркін және жүйелі сипат алды [3, 11 б.]. 
 
Бұл  игілікті  іске  Гурьев  (Атырау)  облысы  да  белсене  араласты.  Отан  қорғау  қорына  арнайы 
есеп  ашылғаннан  кейін  мемлекеттік  банк  бөлімшелері  еңбекшілердің  жеке  қаражатынан  берген 
ақшалай көмегін қабылдап ала бастады. Мұндай есеп ашылысымен – ақ ақша жинап, өздерінің алтын, 
күмістен соғылған зергерлік бұйымдарын тапсырды [4, 13 б.]. 
 
Қорғаныс қорына түсіп жатқан қаржы мөлшері мұқият есепке алынып, оның барысы айына үш 
рет (әрбір он күн сайын) баспасөз бетінде жарияланып тұрған  [2, 156-157 пп.]. 
 
1-кесте  –  Отан  қорғау  қорына  Гурьев  (Атырау)  облысынан  түскен  қаржы  мәліметі.  (1941  ж.  21 
желтоқсан)  
Облыс  
Түскен 
барлық 
ақша, (мың 
сом) 
Қымбат 
заттар, 
ақшалай 
құны, (мың 
сом) 
Шетел 
валю 
тасы 
Алтын 
грамм 
Күміс 
грамм 
Платина 
грамм  
Мемлекеттік 
заем 
облигациясы 
(мың сом) 
Гурьев 
(Атырау) 
2377 

41 



2746 
Гурьев  (Атырау)  облысында  салынып  жатқан  Мақат  –  Қосшағыл  теміржол  құрылысының 
бірінші бөлімінің жұмысшылары қорғаныс қорына 2 күндік жалақыларын аударған. [6]. 
 
1942 жылы желтоқсанда Гурьев (Атырау) облысы Ескене мұнай кәсіпшілігі мен Мақат ауданы 
еңбекшілерінің  ынтасы  бойынша  «Қазақстан  мұнайшысы»  танк  колоннасын  құруға  қаржы  жинау 
басталып, бірінші ұжым мүшелері колонна құру үшін 240286 сом ақша жинаған [7, 13 б.]. 
 
Соғыстың алғашқы екі жылы ішінде ғана тек танк колоннасын жасау үшін Қазақстан халқы 500 
млн. сомға жуық қаржы жинаған.  [2, 189 б.]. 
 
Халықтың  қорғаныс  қорына жолдаған  ерікті  жарналар  күн  сайын тұрақты  өсіп  жүйелік  сипат 
алған. Бұл істің қанатын кеңейту үшін арнайы үгітшілер тобы құрылып ел ішін аралап, үгіт – насихат 
жұмыстарын  жүргізген.  Барлық  облыс  орталықтарында  үгіт  курстарының  арнайы  жоспары 
жасақталып,  үгітшілерді  арнайы  курстарда  оқытып,  тәжірибе  алмасқан.  Тек  қана  Гурьев  (Атырау) 

14 
 
облысы  бойынша  мұнай  кәсіпшіліктері  мен  ұжымшарларда,  аудан  орталықтарында  43  үгітшілер 
курстары ұйымдастырылып, онда 1470 тыңдаушы теориялық және тәжірибелік білім алған. Үгітшілер 
курсының 58 % - дан астамы ауыл ұжымы мүшелері мен зейнеткерлер құрамынан жиналған.   [8]. 
 
Танк колоннасы мен самолет экскадрильясын жасақтау үшін 100 және 150 мың сом көлемінде 
қаржы аударған колхозшылар қатарында Гурьев (Атырау) облысы Новобогат ауданы «Қызыл балық» 
ұжымшарының төрағасы Б. Құрмашев, сол ауданның «Ракуша» колхозының төрағасы Ж. Наурызбаев 
т.б. болды [9].  Сонымен қатар, танк колоннасын жасақтауға Гурьев (Атырау) облысы Бақсай ауданы 
Павлов атындағы колхоздың төрағасы Константин Александрович Нам 1943 жылы 50 мың сом,  1944 
жылы    100  мың  сом  берсе  .    [2,  184  б.],    Гурьев  (Атырау)  облысы  «Алғабас»  балықшы  ұжымшары 
партия ұйымының хатшысы Сағын Алпатанов 60 мың сомнан аударды. [2, 184 б.]. 
 
1942 жылы 6 наурыздағы  Гурьев (Атырау) облысы Таушық селосында майданға кеткен Қызыл 
Армия  жауынгерлерінің  отбасыларының  тұрмыстық  жағдайын  тексерген  комиссия  мүшелерінің 
қысқаша  хабарламасы  бойынша  27  ақпанда 430  қызметкерлер  мен  жұмысшылар  жасайтын    №2,3 
және  5 шахталар тексерілген. Тексеру барысында жұмысшылардың отбасыларының ауыр тұрмыстық 
жағдайлары анықталып, жекеленген Қызыл Армия отбасы мүшелеріне ақшалай және заттай көмектер 
берілді [10, 70 б.]. 
 
Жұмысшылар  комитеттеріне  барлық  Қызыл  Армия  отбасыларын  есепке  алып,  оларға  көңіл 
бөліп, қамқорлықтар жасау, совхоз басшылығының көмегімен тұрғын үймен, отынмен қамтамасыз ету, 
еңбекке  жарамды  жанұя  мүшелерін  жұмысқа,  балаларын  бала  –  бақшаларына  орналастыру 
міндеттелді [11]. 
 
1944  жылдың  1  шілдесінде  Гурьев  облыстық  атқару  комитеті  қызметкерлерінің  кәсіподақ 
ұйымы  әскери  қызметкерлердің  отбасына  көмек  беру  мақсатында  құрылған  қорға  2  күндік 
жалақыларын аударды. Қорға 2225 сом ақша,  29 текше метр ағаш,  47 метр мануфактура, 500 сомға 
әртүрлі  тоқыма  бұйымдары  т.б.  тұрмыстық  қажетті  заттар  жиналып,  28  адамға  тегін  көмек  берілді 
[12]. 
 
Соғыс жылдарында Гурьев (Атырау облысында) Отан үшін өз денсаулығынан айырылып, елге 
мүгедек болып келген жауынгерлерге де қол үшін беріп қамқорлыққа алды. Соғыс мүгедектеріне ұн, 
май,  кондитер  өнімдері,  картоп,  аяқ  киім,  шаруашылық  сабыны  берілді.  Бақша  егуге  жер,  ақшалай 
көмек және зейнетақы төленді.  
 
КСРО  ХКК  мен  БКП  (б)  ОК  –  нің  1943  жылы    21  тамыздағы  «Неміс  басқыншыларынан  азат 
етілген  аудандардың  шаруашылығын  қалпына  келтіру  шаралары»  қаулысы  бойынша    [13,  417  б.]. 
қазақстан  азат  етілген  аудандардың  қалаларын,  елді  мекендерін  қалпына  келтіру  жұмыстарын 
орындауда  белсенділік  танытып,  КСРО  республикалары  арасында  алғы  шепте  болды.  Қазақстан 
облыстары  14  гвардиялық  дивизиялар  мен  әскери  бөлімдерін,  неміс  басқыншыларынан  азат  етілген  
12 қаланы,  45 ауданды, 35 шахтаны өз қамқорлығына алды. [14, 1 б.]. 
 
Аталған нысандар республиканың барлық облыстарына бөлінді. Оның ішінде Гурьев облысына 
– 195 атқыштар дивизиясы, автоматшылар батальоның қамқорлыққа алды. [15]. 
 
Тез  арада  облыстық  атқару  комитеттері  азат  етілген  аудандарға  көмек  беру  және 
шаруашылығын  қалпына  келтіру  жөнінде  арнайы  қаулылар  қабылдап,  комиссиялар  құрды.  Гурьев 
облыстық партия комитетінің бюросы мен облыстық атқару комитетінің 1943 жылы 22 қазандағы (№ 
136.б.) қаулысына сәйкес Орлов облысына көмек беру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оның 
төрағасы  -  облыстық  атқару  комитеті  төрағасының  орынбасары  А.Савостьянов,  мүшелері  – 
Ж.Камбаров,  К.  Төлебаев,  Е.  Жұмағалиев,  С.Ротань,  В.Наумов,  Б.Струлевич  тағайындалды.  Осындай 
комиссиялар аудандар мен қалаларда, ауыл ұжымдарында да құрылды. [15]. 
 
Азат  етілген  аудандаға  ең  алдымен  ауыл  шаруашылығының  білікті  мамандары  жіберілді. 
Мәселен, Гурьев облысынан азат етілген аудандарға 17 адам жолдамамен жіберілсе, оның 2 – і МТС 
директоры, 6 – ы зоотехник, 4 – і агроном, 5 – і ветфельдшер болды. [16, 14 б.]. 
 
1943 жылдың 15 ақпанындағы мәлімет бойынша Гурьев облысы Орёл облысына көмек ретінде 
99  бас  мүйізді  ірі  қара, 568  бас  қой  –  ешкі,    12  бас  шошқа,  2  бас  жылқы,    1  электромотор, 162  жұп 
қолғап, 11 келте тон,  1320 жүн шұлық,  942 байпақ, әртүрлі 566 киім,  6386 үйге қажетті заттар, 134 
кг,  200 кеңсе бұйымдары, 6135 медициналық институтқа арналған кітаптар, 24122 сом тұратын дәрі – 
дәрмек,  4150  кг  тары,  75  кг  күріш, 60  кг  кептірілген  нан,   312  кг  май,   181  центнер  балық әзірленіп 
жіберді. Доссорда 2 трактор, 1 машина, 2 жол арбасы, 1 грейдер, 2 нефтедвигатель, т.б. тұрмыстық 
қажетті заттармен қатар 1 088 375  сом ақша жиналды. [17 ]. 
 
Гурьев  облысы  атқару  комитетінің  бірінші  хатшысы  Ә.Қамбаровтың  1943  жылы  24  қарашада 
Шаяхметовке  берген  хабарламасында  20  қарашаға  дейін  Орёл  облысына  көмекке    76  мүйізді  ірі 
қара, 386 ұсақ мал, 2 бас жылқы, 3 трактор, 2 мотор, автомашина т.б. азық – түлік, киім – кешек, дәрі 
–  дәрмек,  тұрмыстық  заттар  жиналғанын,  оларды  6  желтоқсанда  облыстан  құрамы  5  адамдық 
делегациямен  Орёл облысына жөнелтілетін хабарлады. Оларды жөнелтуге қажетті жабық платформа 
вагондар бөлуді сұрады [15]. 

15 
 
 
Қорыта  келгенде,  соғыс  жағдайындағы  Гурьев  (Атырау)  облысының  тұрғындары  ауыр 
тұрмыстарына  қарамастан  майданды,  Қызыл  Армия  отбасыларын,  азат  етілген  аудандарды  өз 
қамқорлықтарына алып, оларға қаржылай – заттай, рухани жағынан көмектерін беріп отырды. 
 
Жергілікті  жерлерде  жүргізілген  қаражат  жинау,  қорға  ақша  аудару  т.б.  шараларда  асыра 
сілтеушілік,  көзбояушылық  әрекеттер  де  орын  алған,  бірақ  олар  белгіленген  мақсатқа  жетуге  кері 
әсерлерін  тигізе  алмаған.  Сөйтіп,  соғыстағы  Ұлы  Жеңіске  аймақ  тұрғындары  Отан  алдындағы 
азаматтық борышын абыроймен өтеп, туған жеріне үлкен патриоттық сезімін таныта білген. 
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық.  – Алматы: Ғылым. 1984.  - 728 б. 
2. Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 ж.ж.) – Алматы: 
Ғылым, 1985. -320 б. 
3. Қашқынбаев З.Ш. Қазақстан майдан арсеналы. Алматы, 1975.  
4. Боздақтар. Естелік кітабы. Торғай облысы. – Алматы, Қазақ энциклопедиясы. 1995. 
5. БҚО ММ. 850 – қор. 1– тізбе, 1143 – іс.  
6. Ат. О ММ, 369 – қор,  1- тізбе,  4 – іс. 
7. Ахметов Қ., Досқалиев Қ. Қазақстан – Сталинград майданының арсеналы. Алматы, 1992. 
8. ҚР ПМ. 708 – қор, 5/1- қор, 250 – іс 
9. ҚР ПМ 708 – қор 7/1 – тізбе, 667 – іс. 
10. Тағзым. Маңғыстаулықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945 ж.ж. – Астана: Фолиант. 2005 
11. ҚРО ММ. 1474 – қор, 1- тізбе, 105 – іс. 
12. Ат.О ММ. 1045 – қор, 1 – тізбе, 34 – іс.  
13. Советский Союз в годы Великой Отечественной войны. Москва. 1985, - 711 с. 
14. ҚР ПМ. 708 - қор, 9 - тізбе, 1361 – іс. 
15. Ат. О ММ. 855 - қор, 1 - тізбе, 241 – іс.  
16. Ат. О ММ 855 - қор,  1 - тізбе, 244 – іс. 
17. МО ММ 17 – қор, 1- тізбе, 801 – іс. 
 
 
 
ИННОВАЦИОННАЯ ТЕХНОЛОГИЯ ХРАНЕНИЯ НЕФТЕПРОДУКТОВ 
Жаутиков Б.А., Айкеева А.А., Жаутиков Ф.Б., Мухтарова П.А. 
Рост  производства  нефти  в  Казахстане  привел  к  интенсивному  развитию  современной 
инфраструктуры.  В  настоящее  время  сектор  добычи  нефти  является  одним  из  самых  динамичных  в 
энергетической отрасли Казахстана. Казахстан является одной из старейших нефтедобывающих стран 
мира.  Нефть  в  Казахстане  начали  добывать  ещё  в  конце  XIX  века,  намного  раньше,  чем 
в Иране, Кувейте, Мексике,Норвегии, Саудовской Аравии. Первыми высокую вероятность нахождения 
в  этом  регионе  промышленных  запасов  нефти  отметили  российские  военные,  путешественники  и 
ученые. Сведения о нефтеносности казахской земли встречаются, например, в записках А. Бековича--
Черкасского, направленного по указу Петра I из Астрахани в Хиву.  
Добыча нефти в Казахстане в 1992  году составила  25,8  млн  тонн,    в  2012  году  составила  80 
млн.  тонн.  а  за  последние  9  месяцев  2013  года  в  стране  произведено  более  60-ти  миллионов  тонн 
нефти.  Ггигантским  шельфовым  нефтегазовым  месторождением  Казахстана  является  Кашаган.  Он 
является  одним  из  самых  крупных  месторождений  в  мире,  открытых  за  последние  40  лет,  а  также 
крупнейшим нефтяным месторождением на море. Пиковая добыча Кашагана (50—75 млн. тонн нефти) 
выведет Казахстан в пятёрку нефтедобывающих стран в мире. Следовательно, будет увеличиваться и 
производство нефтепродуктов. 
При  постоянном  увеличении  добычи  нефти  и  производства  нефтепродуктов  актуально  стоит 
вопрос  способа  и  метода  хранения  нефти  и  нефтепродуктов,  уменьшения  их  потерь.  Испаряемость  
легких  фракций  углеводородов  (ЛФУ)  нефтепродуктов  (бензина  и  т.д.),  хранимых  в    резервуарах, 
является  основной  причиной  технологических  потерь  моторного  топлива  и  вредных  выбросов  в 
окружающую  атмосферу.  Потери  нефтепродуктов    в  виде  испарений    из  резервуаров  происходят  в 
результате  больших  и  малых  «дыханий»  резервуаров.    В  зависимости  от    условий  (температуры 
окружающей  среды,    объема  газового  пространства  в  резервуаре  и т.д.)   концентрация    бензина    в 
паровоздушной    смеси  может    достигать  существенной  величины  –  до  1,2  кг  в  1  м
3
.  Так,  за  одно 
наполнение  вертикального    резервуара  вместимостью  5000  м
3
  светлыми  нефтепродуктами  в  летнее 
время  теряется    в  среднем  4  т    бензина,  при  заполнении  резервуара  вместимостью  20  тыс.  м
3
 
теряется  около 15 т бензина.  

16 
 
Был  проведен  анализ  современных  технологий  решения  поставленной  научной  задачи. 
Компанией  ООО  «НПО  «Санкт  Петербургская  электротехническая  компания»  предлагается  новая 
технология,  предназначенная  для  100%    улавливания  легких  фракций  углеводородов  при  хранении 
нефти и нефтепродуктов на  нефтебазах и автозаправочных станциях (АЗС) [1]. 
Данная  технология  основывается  на  применении  низкотемпературных  холодильных 
(криогенных)  машин    Стирлинга  и    относится  к  классу  конденсационных  систем,  обеспечивающих  
улавливание легких фракций углеводородов  за счет их охлаждения с последующей конденсацией [1].   
Рост  производства  и  потребления  природного  газа  и  все  возрастающая  их  роль  в  системах 
топливной  энергетики  и  газоснабжения  привели  к  интенсивному  развитию  современной 
инфраструктуры и рынка сжиженного природного газа в Казахстане. В настоящее время этот сектор 
является  одним  из  самых  динамичных  в  энергетической  отрасли:  объем  добычи  газа  в  I  полугодии 
2013г. вырос на 1,9% - до 20,8 млрд куб. м.  
Перспективы производства и использования  рынка сжиженного природного газа в Казахстане  
связаны  с  решением  проблем  автономного  энергоснабжения  удаленных  районов  страны,  а  также  с 
использованием  сжиженного  природного  газа  в  качестве  моторного  топлива  на  транспорте.  В 
технологической  цепи  всего  процесса  производства  и  использования  сжиженного  природного  газа 
(сжижения,  хранения  и  распределения)  одним  из  наиболее  ответственных  элементов  являются 
хранилища  (резервуары)  рынка  сжиженного  природного  газа,  поскольку  на  их  долю  приходится 
значительная часть материальных и трудовых затрат.  
Большая  концентрация  рынка  сжиженного  природного  газа  на  относительно  небольших 
площадях  хранилищ,  с  одной  стороны,    обуславливает  серьезную  проблему  обеспечения  пожарной 
безопасности, а, с другой стороны, требует обоснованных  конструктивных решений и  выбора типов 
хранилищ,  из-за  значительных  финансовых  затрат  на  их  строительство.  Все  это  вызывает 
необходимость 
детальной 
проработки 
проблемы 
технико-экономического 
обоснования 
перспективности  применения  наземных,  заглубленных  или  подземных  типов  хранилищ  рынка 
сжиженного  природного  газа  в  зависимости  от  объемов  хранилищ  и    функционального  назначения 
потребителя. 
Компанией  ООО  «НПО  «Санкт  Петербургская  электротехническая  компания»  предлагается 
совместная  разработка  методики  технико-экономического  обоснования  выбора  типа  хранилища  и 
конструктивных решений для создания высокоэффективных хранилищ рынка сжиженного природного 
газа  различных типов [2,3,4].  
 
Литература 
1. Кириленко А.В., Кириллов Н.Г. Установка по улавливанию паров легких фракций углеводородов для 
автозаправочных станций и нефтебаз (Патент RU 2300715) 
2.Кириллов Н.Г. Криогенная емкость для сжиженного газа (Патент RU 2194917) 
3.Кириллов  Н.Г.  Высокоэффективная  система  длительного  хранения  сжиженных  газов  по  схеме 
Кириллова (Патент RU 2166708) 
4.Кириллов Н.Г., Лазарев А.Н. Стационарное хранилище для сжиженного природного газа (Патент RU 
2437027) 
 
 
ӘОЖ   351. 853. 1  
 
ТАС КЕШУ КЕРУЕН САРАЙЫ – КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ 
 
Жұмабаева Ж.К. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
zia_88@mail.ru 
 
      Атырау-  Алтай  мен  Солтүстік  Монғолиядан    батысқа    жылжыған  бүкіл  түркі  жұртының    көші 
тұрақтайтын  шеткі  аймағы,  этникалық  бірігу  мен  ынтымақтасу,  араласуы  мен  байланысуының  куәсі 
болған қасиетті топырақ, кең байтақ Қазақстанның маңызды бөлігі. Осы жерде тынығып, күш жинаған  
ертедегі түркілер дүниенің төрт бұрышына қоныс іздеп таралған, қазіргі Батыс түріктерінің (венгерлер, 
бұлғарлар,  осман  түріктері,  т.б.)    ата  жұрты,  Шығыс  түріктерінің  өрісі  болып,  кейін  қазақ  атауымен 
ұйысқан  түрік  ру-  тайпаларының  ат  тұяғы  тұрақтаған  жері.  Алайда    бұл  тарихи  шындық  кеңестік 
кезеңде      жазба  деректердің    жоқтығынан  және  кеңестік  маркстік  формациялық    концепцияға  орай 
талай бұрмаланды. Тарихы жоқ, дамудың  алғашқы қауымдық деңгейінен жоғары көтеріле 
алмаған,  патриархальдық, артта қалған деп бағаланған  қазақ қоғамы мен халқының  сақ- 
сарматтар  мен  ғұндарды  айтпағанның  өзінде,  Түрік  қағанаты,  Оғыз,  Қыпшақ  жұртына, 

17 
 
Шыңғысхан  мемлекеті  сияқты  Еуразиялық  көшпелі  империялар тарихына     т.  б.   қатысы 
жоқтығы  санамызға cіңірілді.  
      Өлке тарихының  маңыздылығын аттыратын фактордың бірі– Алтын Орданың кіші астанасы, Ноғай 
Ордасының    бас  қаласы,    ноғай-қазақ  тұтастығында  Қазақ  хандығының  ордаларының  бірі  - 
Сарайшықтай  тарихи  қаланың    Атырауда  болуы.   
Тек  осы  тарихи  фактіні  сезінудің  өзі 
бодандық  құрсауына  шырмалып,  өшуге  айналған  тарихи  санамыздың  саңылауын  ашып, 
тарихымызды түгендеу үшін әбден жеткілікті. 
       Өткенсіз  болашақ  жоқ  дегендей,  адамзат    тек  бүгінімен  ғана  мәнді  емес.  Өйткені    бүгінгіміз  -  
бабалар  мұрасы  және  келешек  ұрпақты  жалғастыратын    көпір.  Біз  ғасырлар  тұңғиығында    қалған 
қасиетті  қазыналарымызды    бағалай  алдық  па?  Ата-бабамыз  жүріп  өткен  жолдарды  қаншалықты 
зерттеп-зерделедік?  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  өркениетті  тануға  өреміз  жетті  ме?    Осы 
сұрақтардың  қойылуының  өзі  тарихымыз  бен  мәдениетімізді  терең,  ғылыми  танып  білудегі 
кемшіліктерді көрсеткендей. 
       Өлке  тарихы-  байтақ  еліміздің  шынайы  тарихын  қайта  жаңғыртатын,  толықтыратын  маңызды 
фактор.    Облыс  аймағындағы    тарихи  орындар  мен  ескерткіштерді  іздестіру,  жүйелеуде 
республикалық  және  облыстық  мекемелер    үлкен  жұмыстар  атқарды.  Бүгінде  олар 
сыныпталып,  жүйеленуде.    Соңғы  деректер  бойынша    облыста  605  көне  ескерткіштер  (қорғандар, 
археологиялық  тұрақтар,  қалашықтар,  қорымдар,  құлпытастар,  сағанатамдар,  архитектуралық  және 
мемориалдық ескерткіштер т.б. бар[12].   
      Оларды    өлке  тарихымен,  өмір-тұрмысымен  байланыстыратын  ғылыми  тұжырымдар    жасалса, 
өлкенің  ауызекі  тарихы емес, ғылыми тарихын  қалпына келтіру шындыққа айналар еді. Бұл  бағытта 
алғашқы  қадамдар  жасалып  жатыр.  Облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайы,  ескерткіштерді  қорғау 
инспекциясы және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарихшы- ғалымдары 
Индер,  Қызылқоға,  Құрманғазы,  Исатай,  Мақат,  Жылой  аудандарындағы  тарихи  ескерткіштердің 
Жинақтарын жарыққа шығарып, тарихи зерттеулер мен ізденістерге жол ашты.  
       Осы мақаламызда облыс өлкетанушыларының археологиялық  ізденістері нтижесінде  
алдын  –  ала    болжамдары  жасалған  «Таскешу»    керуен  -сарайы  туралы  мәліметтер 
тарихи тұрғыдан талданды.  
     «Таскешу» керуен-сарайы Атырау облысындағы Мақат пен Қызылқоға аудандары шекарасында 
, Кенбай ауылынан оңтүстік -батыста 16 км жерде Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында тек құландысы 
қалған ортағасырлық ескерткіш.  
    Алғаш рет «Таскешу» керуен-сарайы 1950 жылы кеңес  архелогы С. Толстовтың Хорезм этно-
археологиялық барлау экспедициясы кезінде есепке алынған. Сол жылдарда Қазақстан ҒА Археология 
институтынан  Ә.Х.Марғұланның  жетекшілігімен,  Батыс  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  да 
керуен-сарай құландысының сызбасын жасалды[6]. 
      2008-2011  жылдары  «Атырау  облыстық  тарих  және  археология  орталығы»  коммуналдық 
мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны  бұл  ескерткіште  тұрақты  қазба  жұмысын  жүргізді.  Қазба 
жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерге сүйеніп, атыраулық археологтар керуен сарай 
ХІҮ  ғасырда    салынған  деген  тұжырым  жасады[4],  алайда  бұл  пікір    ғылыми  негіздеуді 
талап етеді.   
     Біз жазба  деректер жоқтығын ескере  отырып, «Таскешу» керуен- сарайын  ғылыми талдауда 
жанама  деректерді  пайдаландық.    Ең  алдымен  бұл  тарихи  ескерткішті  Ұлы  Жібек  жолымен 
байланыстыруға   маңыз бердік. 
   Б.з.д.II- ғасырдың ортасынан бастап, Ұлы Жібек жолы  әлемдік тұрақты дипломатиялық және 
сауда  артериясы  ретінде    қызмет  ете  бастағаны  белгілі.  Жібек  жолын    кейбір  тарихшылар  Түркілер 
жолы  деп  те  атайды.  Өйткені  б.з.б.ІІІ  -  б.з.  ХІҮ  ғғ.  Батыстағы    Византия    мен  Еуропа  елдері  мен 
Шығыстағы    Қытай  мен  Индияны  байланыстырған  Жібек  жолы  тарихтың  әртүрлі  кезеңдерінде   
ғұн 
империясы,   түрік қағанатыҚыпшақ конфедерациясы, Хорезм, Шыңғысхан империясы, Алтын Орда 
жерлері арқылы жүрді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет