Асан
қайғы
Сәбитұлы
(14ғасырдың
ақыры-15
ғасырдың
басы)-
мемлекет
қайраткері,ақын,жырау,би,философ.Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.Әкесі Сәбит
Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен.Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие»
қорымындағы Асан ата кесенесі, Асан қайғы мазары делінеді.Асан қайғы заманында Алтын Орда
ыдырап,оның орнына Қырым,Қазан,Өзбек хандықтары пайда болды.Ноғай ордасы тарап,Қазақ
хандығының тарих сахнасына шығуы кезеңі хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты
аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді.Асан Қайғы қазақ халқы ұсақ хандарының басын біріктіріп,іргелі
ел етпек болған Керей,Жәнібек сұлтандарды жақтайды.Шу мен Арал аралығында Қазақ Ордасы
құрылған кезде Асан Қайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.[9]
«Үш Қиян» толғауында Асан қайғы елдің ақылшысы ретінде айтылады.Жырда әрқашанда
халықтың мұңын жоқтайды.Асан қайғының Атырау өлкесінде Қорғанша қалашығында қызыл тастан үй
салдырып, он жылдай мекен еткені жырланады.Кейін жұртты бастап,Тесіктаудан өтіп жөнеледі дейді.
Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген)-жырау,жорық жыршысы,қазақ
эпосын жасаушылардың бірі.Қазтуған жыраудың артынан өмір,болмыс туралы,атамекен, туған ел
жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған.Бірақ
жырларының көпшілігі сақталмаған.Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі
шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана
бар.Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына себеп
негіз болады.Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақовтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты
жырлары» деген кітабында басылған.Кейіннен « Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18
ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген. [10]
Мұрат ақынның «Қазтуған»жырында Қазтуғанның Жайық пен Еділ арасын, Тайсойған мен
Қарабау
өңірлерін,Қабыршақты
мен
Қарасуды,Дендерден
бергі
баурайды
мекен
еткенін
айтады.Қазтуған елді өзге жұрттың алатынын,олардың Еділ мен Жайыққа қала тұрғызатынын,Еділді
23
алғаны-елді қалғанын,Жайықты алғаны-жанды алғанын,Ойылды алса-ойды алғанын, қайғылана
жырлайды.Елді ынтымаққа,бірлікке шақырады.
Шора батыр-«Үш Қиян» жырында Шора Ноғайлы батыры.Өз халқын жауларынан
қорғаған,халықтың адал ұлы.Арғы атасы Тама-Қарабура-Нәрік-Шора болып келеді.
Шора Нәрікұлы, Шора батыр (туған жылы белгісіз – 15.8.1546, Қазан қаласы) – батыр, тарихи
тұлға. Кіші жүздің Жетіру тайпалық бірлестігінің Тама руынынан шыққан. Оның шығу тегі жөнінде
шежіре-аңыздар көп, сондай-ақ “Шора батыр” және “Нәріктің ұлы Шора” атты жыр-дастандар халық
жадында сақталып, хатталған. Осы әдеби мұралар мен орыс жылнамаларында 15–16 ғасырларда Тама
руының Қазан қаласы маңын жайлағаны баяндалады. Туысқан татар халқы да Шора Нәрікұлы мен
оның әкесі Нәрік ханды Қазан қаласының тарихында елеулі із қалдырған қаһармандар ретінде таниды.
Олар өмір сүрген кезең айбынды Алтын Орда мемлекеті ыдырап, Еуразия кеңістігінде бір-бірінен
оқшаулана бірнеше мемлекеттік бірлестіктер – Қазан, Ноғай, Астрахан бой көтерген бұлағай
уақиғаларға
тұтас келді. Әсіресе, Қазан билеушілері күш біріктіріп,
қуаты кемелдене
бастаған Мәскеу патшалығына жартылай тәуелді күй кешіп отырған еді. Шора Нәрікұлы осы кезде
тарих сахнасына шыққан. 1545 ж. ол Галица боярының баласы Васька Бортевті Мәскеудің ұлы
князі Иван Грозныйға жіберіп, Қазан хандығының бұрынғы билеушісі Сафа-Гирейге қарсы күресу үшін
әскери көмек сұрайды. Көп ұзамай 1546 ж. 17 қаңтарда орыстардың Қазандағы елшісі Игнатий
Яхонтьевтен Мәскеудегі патша сарайына хат келеді. Онда Шора Нәрікұлының Гамет шейх, Әбүйірхан,
Сейіт және Қадыш мырзалар мен бірігіп Сафа-Гирейді Қазаннан қуып шыққаны баяндалды. Сөйтіп,
Қазанда Шора
Нәрікұлы тобының
жақтасы
Шах
Әли
билік
құра
бастады.
Бірақ
қазандықтар Қырым ханының азғыруымен Шах Әлиге қарсы шығып, хан жағында аз ғана топ қалды.
Оған қастандық жасалуынан алдын ала сақтанған Шора Нәрікұлы үлкен жиын сәтінде Шах Әлиді
қашырып жіберді. Сафа-Гирей үшінші рет келіп Қазан тағына отырады да Шах Әлидің жақтастарын
қуғындай бастады. 1546 ж. 15 тамыз күні Қазанда Шора Нәрікұлы, Баубек, Қадыш, т.б. мырзалар
өлтірілді. Осыдан кейін Шора Нәрікұлының бауырлары – Шапқын, Аталық, Ислам, Әлікей Нәрікұлдары
бастаған 76 адам Мәскеуге қашып, бас сауғалады. Кейін олар еліне қайтып оралып, халықты
кәпірлерге (орыстарға) қарсы шығуға үгіттеді. Орыс тарихшысы Н.Карамзиннің еңбектерінде ағайынды
Нәрікұлдарының 1546 ж. 26 тамызда Қазан қаласын Мәскеу басқыншыларынан қорғауға қатысып,
ерлікпен шайқасқандары айтылады. Жалпы Ресей құжаттарында Шора Нәрікұлы “князь” деп
көрсетілген. Демек, ол Қазан хандығының ел билеу саясатына тікелей араласып, ханға тікелей ықпал
еткен “қараша” атты ақсүйектер тобына жатқан. Оны Шора Нәрікұлының Шах Әлиге қамқор болып,
жаудан қорғауы, орыс патшасына елшілікке баруы дәлелдейді. Әдетте “қараша” атағы әр рудың ең
таңдаулы әулет өкілдеріне беріліп, ұрпақтан ұрпаққа мирасқорлық жолмен ауысып отырған. Қазақ
шежіресі бойынша Шора Нәрікұлынан Шотқара, Есенгелді, Жабал, Жөгі өрбиді. Ал Есенгелдіден
Аташал, Аташалдан Торым, Одан Базарқұл, Базарқұлдан Көкі, Көкіден атақты Есет тархан туады.[11]
Шора батыр жайлы тарихи аңыздар,әңгімелер, жырлар өте көп.Қазіргі таңда Шора Нәрікұлы
атында Орал қаласында көше бар.
Жаңбыршыұлы Телағыс-ноғайлы батыры. «Қырымның қырық батыры» жырында
Телағыстың
жасы
он
беске
толғандығы,қалмақтарға
қарсы
шыққысы
келетінімен
басталады.Қалмақтың
ханы-Бегенге,Орақ
пен
Мамайдан
басқа
Мұсаның
отыз
ұлымен
аттанады.Телағыс Бегендей қалмақтың ханын жекпе-жекте жеңіп,қалмақ шаһарын мұсылман дініне
кіргізеді.Бірнеше жыл өткен соң ,Жаңбыршы батыр өлуге жақындайды.Сонда Мамайды шақырып
алады.Сонда Жаңбыршы Мамайға Телағысты тапсырады.Жаңбыршы қайтқаннан кейін,Телағыс
Мамайдың қарындасын алам дегенде,Мұсаның отыз баласы қарсы болады.Телағыстың Аққозы деген
жылқышысы келіп,Мұсаның балдары өлтірмек жүргенін, сақ болу керектігін айтады.Бұл жағдайды
естіген Телағыс ертесіне Мамайға келеді.Мамай Телағысға Боғданы талақ етіп, Еділдегі ноғай Қырымға
көш дейді.Амалы таусылып, Асан Қайғыға келіп, көмек сұрайды.Үш күн ішінде Қырымның қырық
батырын жинап, қастарына Сыпыра жырауды қосып аттандырады.Сыпыра жырау Қырымның қырық
батыры мен Мұсаның отыз ұлын қырқыстырмай,тіл табыстырып, Телағыстың тойын жасайды.
Бұл-жырға қысқаша түсініктеме.Телағыс жырында белгісіз тұлғалар,жер-су атаулары кездеседі.
Қорытындылай келгенде Мұрат жырларында қазақ тарихына қатысты көптеген ұғымдар
кездеседі. Жоғарыда берілген түсініктемелер үлкен жұмыстың бастамасы. Мұрат Мөңкеұлына туғанына
биыл 170 жыл. Осыған байланысты республикалық конференция өткізілсе, Мұрат ақынға ескерткіш
орнатылса игі болар еді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Аламан. Арыс баспасы Алматы 2002 жыл,154-бет
2.Мұрат.Құрастырған Б.Қорқытов.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2001ж. 130-бет.
3.Сонда,148-бет.
4.Сонда,151-бет.
24
5.Шынияз: «Тарихтың шежіреші хабарымын» Атырау қаласы,1996 жыл 4-бет
6.Сонда, 9-бет.
7. Мұратану 1992 жыл 10 қараша, 7-бет.
8. Мұрат.Құрастырған Б.Қорқытов.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2001ж.132-бет.
9. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 1 том
10. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 5 том
11. Кекілбайұлы Әбіш., Үш Белес, А.,; 2001, Қазақ энциклопедиясы 9 том
ӘОЖ 908
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨЛКЕ ТАРИХЫ
Мұстафин Ж.Ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Махамбет – бізідің түсінігімізге алмас қылыштай қиып түсетін шыншылдығымен ерекшеленетін
төкпе ақын және толқымалы бұлқынған күйші композиторлығымен қатар, өзі өмір сүрген XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи – қоғамдық болмыспен біте, қайнасқан өршіл, жершіл, елшіл
де дауылпаз жауынгер тұлға!
Ол мұндай жан – жақтылықты қайдан алды, киелі қасиеттер Махамбет бойына қалайша
жинақталып, шынайы даналық пен даралыққа қалай жеткізді?
Жоғарыдағы сауалдарға жауап беру үшін, біз Махамбет өскен табиғат пен қоғамдық ортаны, ол
ортаның сол кездегі әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайларына көңіл аударуымыз қажет.
Махамбеттің туылған жері – Бекетай құмы – жалпақ Нарынның терістік шығысында, яғни
қазіргі Атырау Орал облыстарының шегіне жақын орналасқан ұзыны – 800 -100; ені 50-60
шақырымдық құмы мен төбе, жазықтары кезек алмасқан көкбекті, шайыр - балдырған, баттауығы мен
қымыздығы , жусаны – изені, бидайығы жайқалған шабындығы мен жайылымы төрт түлікке түгел
жайлы қоныс болатын. Табиғаты да жанға жайлы, яғни қысы жұмсақ, ықтасын төбелері мол, жазы -
ыстық болғанмен түні - салқын, суы мол өлке еді. [1] И.Кенжалиев «Махамбет Өтемісұлы» А., 1979 12
– 13 бб.
Бөкетай құмында күні бүгінге дейін балалық шағы өткен «Көк төбе! мен жастық шағы мен
жігіттік кезеңдерінің куәсі арғымақ баптап, жыр төккен: «Махамбет тауы» бар. «Біздің анау нарында
бір төбелер бар еді, Айналасы ат шаптырса жеткісіз» делінуі сөзімізге куә. Міне, осындай табиғаты
әсем, жылдың төрт маусымыныңда өзіндік сән – салтанаты мол өскен орта – Махамбеттің санасына
сәби кезеңнен әсер етіп, оның жершіл-елшілдігіне негіз болып, тасқынды дарынымен, толқынды
сезімін оятқан – деп пайымдауымызға жетелейді.
Махамбет 14 жасында әкеден айырылып, оған 1816 жылы Хан сұлтандардың Өтеміс ауылын
шауып «мал дүние мүліктерін тонауы себеп болды. Әкесі Өтеміс өрмінезді беті қайтпайтын әділін
қасқайып түрып бетке айтатын батылда, батыр адам болған.Сондықтанда ол - жақын жуықтарына
абыройлы ал билеушілерге ұнамаған. 1817 жылы Өтеміс қамалып, Орда түрмесінде белгісіз жағдайда
ажал құшады.
Осылайша, Махамбет жетім қалып, ауызша сауатты анасы – Қосуаннан тәлім, ағалары
Тоқтамыс пен Бекмұхамбеттен мол тәрбие алған және әділетшіл ескі жырау – ақындар: Қазтуған,
Шалгез бен батыр жырау Доспанбеттерден үлгі алған өз кезеңінде әке қанынан дарыған шыншылдық,
батылдық, өжеттіктерді бойына жиып жетіледі. Оның үстіне 1817 – 1819 жж бастап беріштердің би –
старшині Исатайдың адамгершілікке толы қамқорлығында болады.
Ежелден қалыптасқан дәстүрлер бойынша арғымақ сайлап, құмай еріткен сал – серілерше,
батыл ер жете бастаған Махамбет өміріне XIX ғасырдың 20 – 30 жылдарында Еділ мен Жайық
аралығында орын алып, орныға түскен жөнсіздіктер, әсіресе хан - сұлтандар мен оларды жақтаған
билер мен ауқаттылардың және самодержавиенің отаршыл саясаттары барысында Еділ мен Жайық
бойларында әскери шептер нығайтылып Каспийдің терістігін тұтас қамтитын жағалаулар мен
далаларда Безбородко, Завьеялов, Богратион және Юсуповтар бастаған орыс, шоқынған қара
ноғайлардың помешиктерімен ауқаттылары алып, шын мәнісінде бұл аймақты орыстандыру
саясаттары ашық жүргізілуімен қатар;
Жәңгір хан бастаған ақсүйектер Тарғын өзені мен Жасқұс құмын алса, қосөзен аралығындағы
ең шұрайлы жайылымдар мен шабындықтарды сұлтандар мен билер және оларға ерген ауқаттылар
жаппай иеленді.
Мұның нәтижесінде Нарын құмындағы және жалпы Кіші жүздегі халқымыздың мал бағып,
айырбаспен ғана жүзеге асырылып, келе жатырған саудаға сүйенген тұрмыстары бұзылып, жер
25
тапшылығы қатты сезіліп, елдің кейдейленуі шапшаңдай бастады. Себебі халықтық мамыражай дамып,
өркендеуін отаршыл өктем билік қаламады, патшалық Ресей саясатшылары кіші жүзді бөлшектеу
арқылы оның саяси-әлеуметтік, экономикалық– стратегиялық қуатпен әлсіретуді көздеп, Жәңгірдің
1812 жылы «Ішкі Орда» деген атпен хандығын бекітсе осы өңірде немесе Жайықтың сол, Бұхар атты
сол жағалауында Жантөре Айшуақұлы, Айшуақпен бақ, тақ таласқа түскен Жайықтың жоғарғы
жағында Қаратай сұлтан Нұралы ұлы, ал Маңғыстауда Нұралыұлы Пірәлі хан билік жүргізгенді.
Осылардың барлығы «бөліп алда билей бер» ұстанымы арқылы жат жерліктермен олармен
ымырласқан жергілікті үстем әлеуметтік жіктердің жүгенсіздіктерін күшейтіп, аймақтағы әлеуметтік
қайшылықтарды асқындырды. Нәтижесінде Халықтың тұрмысын барынша күйзелтіп, ақша-тауар
қатынасын ұлғайтып, XIX ғасырдың басынан бастап, халық бұрын –соңды сезінбеген жоқшылық,
жетімсіздік пен қайыршылыққа ұласа бастады.
Тіпті халқымыздың бүкіл болмысына жат әрекет, яғни әбден түңілген кедейлердің балаларын сатуы
жиі орын ала бастады. Еңбекке жарамды кедейлер Еділ-Жайық бойындағы Астрахан бастаған ірілі-
ұсақты қалаларға кәсіп іздеп қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Олардың кейбіреулері еріксіз шоқынуға
дейін барды.
Қарапайым халық жағдайының күрт нашарлауы көзі ашық, көкірегі ояу, бар ықылас-пейілімен
еліне жан-ашыр Исатай сияқты билер мен батырларды, Махамбеттей елге таныла бастаған жаны
тазаларды да ширықтырып, елінің, жерінің болашағы үшін қиында болса халқы үшін тағдырларын
тәрік етіп хан сұлтандарымен өзі үшін ғана өмір сүретін билерге қарсы күреске шығарды.
Осы мақсат Махамбеттің бар дарынын азаттыққа арнауына себеп болып, бүкіл шығармашылығы
әділеттліктің ұясы болған елінің болашағына арналып, ақын былай деп мақсатын ашық айтады:
«Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім....»-дейді, және де «Ереуіл
атқа ер салмай,Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай Ерлердің ісі бітерме?-деп, ашық
азаттық күреске шақырады.Сөйтіп жан-жақты дарынды Махамбеттің ғұмырын, бүкіл творчествосын
тек елінің азаттығы мен тәуелсіздігіне арнауына еріксіз мәжбүрледі.
Жауынгер ақын: «Еділ үшін егестік, тептер үшін тебістік, Жайық үшін жандастық, қиғаш үшін
қырылдық»-деп, туған жердің бостандығы мен болашағы үшін талай қиындықтардың болатынын біле
отыра, халық үшін барлығына әзір екенін білдіріп, ерлерді күреске жігерлендіреді.
Бұл күресте Исатайдай ерді-төбесіне көтере, таудан мұнарта ұшқан тарланым»-атты өлеңінде:
Оның халықшылдығын, батырлығын, қайраты мен ақыл-жігерін шарықтата, шабыттана жырлайды.
Мысалы «Өкініш» атты жырында:Толғайда толғай, оқ атқан, он екі тұтам жай тартқан, Қабырғасын
қаусатқан,Тебінгісін
тесе
атқан,
Тізгінінен
кесе
атқан.Теспей
қанын
зулатқан,
Біздің қайсар батырдың, Жүрегін сөйтіп оятқан. Кешегі Орақпенен Мамайдай, Батырлар шіркін
болармай!-деп жырлай келе, XIV-XV ғасырлардағы туған жер тарихын еске алады. [2] М.Өтемісұлы
36-бет.
Немесе: «Соғыс» деген өлеңінде «Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым.Айғайлап жауға
тигенде, «Ағатай беріш» ұраным. Бекетай құмға ел қонып, Байбақты жүніс аттанды»-деп жырлап,
бүгінгі біз қол жеткізе алмай жүрген шежірелік дерек ұсынады. [3] Көрсетілген еңбек 42-бет.
Қысқасы Махамбеттің бүкіл шығармашылығы елінің ертеңіне арналып, кейінгі ұрпақтарғаадами
үлгі боларлық танымдылығы жан-жақты, яғни жерді, елді, халқын құрметтеуге бағышталғандығы қай
өлең-жырларын оқысаңда қанық бояуымен өшпестей айшықталып тұрады.
Мысалы «Еділмен Жайық жер еді-ау мекен еткен шаруаға. Жағасы қорған жай еді-ау... Ар
намысын қашырма.Сүйегім тұтам қалғанша, Тартынбай сөйлер асылмын. Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа
жетпей шарт сынбан. Аяғыңа бас ұрман»- деп төкпелейді. [4] М.Өтемісұлы. Жыр-жебе. А., 2003. 97-
100 беттер.
Жалпы, Махамбет шығармалары туған өлкеміздің тарихы үшін тұнып тұрған тарихи деректерге
толы, әсіресе тарихи жер-су аттары, өткен дәуір кезеңдеріндегі белгілі кісі аттары мен шежірелік
деректерге, этнографиялық заттар; батырлардың қару – жарақтары, аймақтың берекесін толықтырған
жан-жануарлар, құстар мен өсімдіктер атаулары өте жиі кездесулері мен құнды.
Махамбет шығармаларындағы өлке тарихына жан-жақты қызғылықты боларлық дәйектер күні
бүгінге дейін мүлдем зерттелмеген, сондықтанда бұл шағын зерттеу мақаламыз өлке тарихына
қызығушыларға ой салса, біздің мақсатымыздың орындалғаны.
26
ӘОЖ. 94(574)
КІШІ ЖҮЗ ТАРИХЫНЫҢ ЖАҢА БЕТТЕРІ
Мұстафин Ж.Ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Резюме Статья о новых источниках истории дипломатии в Младшем жузе. Во время
правления хана Нуралы султаны Абилфейз и Болат направили послов к импературу Цинской династий
Цянь Луну в 60 годы XVIII века.
XVIII ғасыр патшалық Ресейдің отаршыл саясаттарының күшеюіне орай қазақ, қалмақ,
түрікпен, башғұрт және қарақалпақ халықтарына байланысты оларды өзара және әр халықты іштей
бөлшектеу, жік салу жолында түрлі астарлы әрекеттерін жиілетулеріне орай Кіші жүз қазақтарының
тарихы күрделене түсуіне себеп болды. Мысалы, 1748 жылдың күзінде Нұралы сұлтан Әбілхайыр
өлтірілгеннен кейін әке тағына отырып, бүкіл кіші, орта жүздерге билігін жүргізуді ойлады. Алайда,
жаңа хан билігін оның туған бауырлары Айшуақ пен Ералы және алты ата Әлім тайпасының шекті,
төрт қара руларының билеушісі Батыр сұлтандар мойындамай әрқайсысы өздеріне бағынышты
руларымен өздерін дербес хан ретінде сезінді. Ал, Қайып хан Сырдарияның орта, жоғарғы және
Хиуада билік ететін. Бұл жағдай Кіші жүздің өзінде бірліктің, тұтастықтың жоғына дәлел емес пе?
Мұның үстіне Ресей самодержавиесі қазақ елінің тұтастығын бұзу арқылы аймақтың әлеуметтік
– экономикалық және саяси-стратегиялық күш қуатын онан әрмен әлсірете түсу мақсатында Еділ-
Жайық бойына «әскери шептермен», «редуттар» орнатып, казак-орыстарды қоныстандыруды күшейте
жүргізіп, «тартса майы шыққан» су-салалы шұрайлы жайылымдарды жаппай тартып алып,
орыстандыру саясатын өрістетіп, екі халықтың бауырласуын болдырмау мақсатында өзара
өшпенділігін ұлғайту үшін «байлық» көзі ретінде дүркін-дүркін бір-біріне барымта, тонаулар
ұйымдастырып отырды.
Бұл жағдай Кіші жүзде мал жайылымдарын тарылтып, бұрыннан дұшпандық көңілдегі
қалмақтармен әсіресе, Еділ-Жайық арасындағы жерлер үшін өзара аяусыз қырқысуларының
жиіленуіне, Мұғалжар-Орал тауларының түстік бөлегі үшін Батырша көтерлісі кезінде Башғұрдтарға
қарсы арандатулар ұйымдастырылды.
Каспийдің терістік шығысы мен шығысында түрікпен және қарақалпақ тайпаларына қарсы
«жайылым, жер үшін» таластар тұрақты орын алды. Осы аймақта Сағыз-Жем және Сардарияның
төменгі ағысы аймақтарын Кіші жүз рулары иеленіп, Өзбектер бастаған көрші халықтармен
қақтығыстарға ұласып жатты.
Бұлардың барлығы халықтар арасындағы алауыздықтардың асқынуына, бір-біріне деген
сенімсіздіктерді күшейтті.
Ең бастысы Кіші жүзде жайылымдық жерлердің жетімсіздігін өткір сездіріп, ру-тайпалардың
арасында да «жер дауы» маңызды мәселелерге айналып, көшпелі қоғамның ішкі қайшылықтарын
ушықтыра берді. Билеуші –би, сұлтандар мен хандарды да мазасыздандыра түсті.
Дәл осы кезең, яғни XVIII ғасырдың басынан бастап, күшейе бастаған Қытайдағы Цинь әулеті
Канси-Юнчжэнен бермен қарай көрші елдерге қарсы ашық-жасырын жағдайда өктемдіктерін жүргізіп,
империя территорияларын кеңейте түсуге кіріскен. Осы кезде Қытайдың терістік батысы мен
батысында Жоңғария мен Қашқарияға қарсы ашық жаулаушылық тұрақты орын алып, ақыры ғасыр
ортасына қарай жоғарыда аттары аталған аймақтар біржолата күшпен бағындырылған.
Бағындырылған аймақтар алғашқы жылдарда Қытай мемлекеті тарапынан өте қатаң түрде
үнемі, бақылауда болғанменде елсіз-күнсіз, бос жатқан. Себебі, Қытай билеушілері жаңадан қосылған
жерлердің батысы мен терістік батысындағы кең байтақ Қазақ жері мен еліне байланысты өте
сақтықпен түпкі мақсатын бүркемелеуге тырысты. Екі ел арасындағы өзара пайдалы сауда-айырбасты
күшейтуге зор мән берді. Бұл бағыт Қытайдың шекаралық чиновниктері мен мемлекеттік органдарына
пайдалылығы мол және Қытай патшалығының түрлі көшпелі халықтары арасындағы беделін шапшаң
көтере бастағанды. Қытайдың мақсаты да осы еді.
Әсіресе, Жоңғарияның талқандалуы Қытай мен Қазақ хандығының арасындағы айырбас
сипатындағы сауданың қарқын алуына себеп болып, хан-сұлтандар, би-батырлар өз беттерімен еш
кедергісіз төрт-түлік малға тұрмысқа қажетті заттарды айырбастауды жиілетіп, халық тұрмыстарының
түзелуіне ықпал ете бастады.
Міне, осы қолайлы жағдайды ресми хандармен қатар, қазақтың әр аймағының, яғни біз сөз
етіп отырған Кіші жүзді билеген Хандар: Нұралы, Батыр және Қайып хандар мен бір мезгілде өзіне
тиесілі руларды басқарған Болат пен Әбілпейіз сұлтандарда пайдаланғаны білгілі болып отыр.
Мысалы, «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері»- атты «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы бойынша жарық көрген 5(бес) томдық жинақтың Алматыда 2005 жылы жарияланған 2
томының 55-бетінде «Цин дәуірі суреттеріндегі қазақтар» атты кестеде №6 және №9 ретпен берілген
27
деректе: жоғарыда аттары аталған сұлтандар: Болат пен Әбілпейіздің 1762 жылдың ақпаны мен 1764
жылдың қаңтар айларында Себек деген елшінің Қытайды 1735-1795 жылдары билеген Цяньлун
патшасының қабылдауында болғандығы көрсетілген. [1]
Ал, Себек болса, Кіші жүздің «Байұлы»-аталатын тайпасының Беріш бөлімінің ру басы, яғни ел
басқаруға араласқан белгілі адамы болғандығы халқымыздың «ауызша тарихы» атадан балаға мұра
қылып, айтылып келе жатырған өсиет, шежіре бойынша бізге-тоғызыншы бабамыз болып келеді.
Шежірешілер әрбір атаға шамамен 30 жылдан есептегенде Себек атамыздың ғұмыр кешкен
жылдары сөз етіп отырған уақиғалар кезеңіне сәйкес. Мысалы: Беріш-Байбақты-Асылбас-Себек-Сары–
Баба-Оразымбет-Сонтай-Қырдасын-Мұңғат-Мұстафа-Жұпбол болып жалғасып келеді.
Кіші жүздің негізгі үш тайпасы халқының көбі Байұлының бірі Беріштің үлкен баласы
Байбақтының тұңғышы Асылбастың ең үлкені Себек екенін ескерсек, ежелден малы мен жаны қатар
өскен Себек атамыз жасынан ел билеу мен билікке ерте араласқан. Билігінің «қара қылды-қақ
жарған» әділдігінен бе? Әлде қазақ болмысынан бермен қарайғы дәстүрден бе? Не болмаса «шыңғыс
идеологиясының» әсеріненбе? Қалай болғанда да Себек руы «Жеті ата; яғни «жеті баулы» Беріштің
ағасы болып саналатыны күні бүгінге дейін шежіре білетін ағайындарға аян. Бұл шежірелік дерек
жөнінде XVII ғасырдағы Ағылшын саяхатшысы Джон Кэстл жазған. [2]
Айдаһарды кие тұтқан «Аспан асты елі» қаһарлы Жоңғарды жұтып, Қазақ елімен тікелей
межеге жетуі екі жақтыда өзара болашақ қатынастар туралы терең ойлануға мәжбүрлеп, ақылды
Абылай хан ендігі жерде өзімен бірдей көшпелі тұрмыс кешкен Жоңғарларға байланысты қарым-
қатынастардың Қытайға қолдануға болмайтынын түсініп, екі жақты араластықты бейбітшілікке
негізделген өзара пайдалы айырбас арқылы жұргізілетін тұрмыста тікелей сұраныстарға
қажеттіліктерді өтеуге және «екі басты самұрықты» дәріптейтін орыс елінің өктемшіл екпініне қарсы
айбар ретінде пайдалануды көздеді. Жоңғар тұтастығын көксеуші Әмірсананы да қолдап, оны қаһарлы
Қытайға қарсы пайдаланар «қалқан» етуді мақсат тұтқаны белгілі. [3].
Сөйтіп, 1757 жылдың жазы мен 1780 жылдың мамырының арасында ресми түрде Абылай өз
атынан ғана 12 (он екі рет) елшіліктер жіберіп, екі ел, халық үшін аса пайдалы байланыстарға берік
негіз қалаған. Бұл жылдар аралығында Қазақ еліне билік жүргізген, Әбілпейіз, Әбілмәмбет хандармен
бірге Ханбаба, Санияз, Ханқожа, Болат және тағы басқа сұлтандар мен би-батыр, тектілердің ондаған
елшіліктері аттандырылып, император бастаған сан түрлі мемлекеттік шенеуніктер мен ірі
саудагерлерімен кездесіп, өзара тиімді сауда-саттық жасасқан. [4].
Бұл байланыстар айналдырған жиырма шақты жылға аз еместігі белгілі. Бұл жерде Қазақ еліне
Қытай тарапынан жасалған саяхат не елші – жаушылардың сапарлары айтылып отырған жоқ.
Қазақ билеушілерінің Қытаймен арадағы бейбіт және тиімді байланыстарға зор мән беруі-сөз
жоқ халқымыздың тұрмыстық-экономикалық мүдделеріне байланысты еді. екіншіден барынша күшейе
түскен сауда екі халықтыңда мүдделілігінен туындап, бір жағынан Қытай императоры Цяньлун
бастаған мемлекеттік деңгейді көрсетсе, екінші жағында Абылай бастаған қазақ билеушілерін Цинь
әулетімен теңестіріп, Қазақ елінің халықаралық деңгейдегі дербестігін дәйектеді; үшіншіден Кіші жүз
билеушілерінің ең басты мақсаттарының бірі-көшпелі мал шаруашылығына қажетті жайылым
жерлердің жетімсіздігін,Қытай билеушілерінің осы мезгілдегі «жылы қабақтарын» пайдаланып бос
жатқан Жоңғарияға қоныстану арқылы жеңілдетуді көздеген. Бұл кезең әлеуметтік-саяси жағынан
әсіресе батыстан Орыс патшалығының барынша пәрмен алған отаршыл саясатының Қазақ халқының
ішкі негізінен экономикалық мүдделерін, яғни тұрмыстық күнделікті тауарларға сұраныстарының өсуін
де пайдаланып қалуға тырысқандығы белгілі. Сондықтанда, Кіші жүз ауқаттылары мен жалпы халық
өсе бастаған төрт түлік малға, яғни жылқы, түйе, сиыр және қойға Қытай жібегі, басқада тауарларға
айырбастауға құлшына кірісті. Мыңғырған малы бар әрбір қазаққа бұл тиімді еді. Сөйтіп жоғарыда
айтылған Себек бастаған елшілердің екінші мақсаттары Қытаймен тұрақты айырбастық сауданы жолға
қоюда болатын. Төртіншіден осындай мақсаттарға негізделген экономикалық байланыстар XV-XVI ғғ
«әлемдік су жолдарының ашылулары мен шығыс пен батыстың араласуына жетекші рөл иеленуіне
байланысты әлсіреп тоқырауға ұшыраған «Ұлы жібек жолының» қайта жандануын көзге елестете
бастады. Ал бұл жағдай Ресей мен отаршыл Батыс державаларына да ұнамады. Бесіншіден – қарқын
алуға бағытталған сауда-экономикалық байланыстардың астарында Қытайдың да, Ресейдің де ұлан
байтақ Қазақ жері мен елін болашақта саяси ықпалға түсіру мақсаттары жатқанды. Мәселен, Қазақ
хандары мен сұлтан тағы басқа беделділерінің Қытаймен сауда-саттыққа мүдделілігін Қытай
билеушілері халықтың «аспан асты елінің» ықпалын қабылдауға ұмтылысы-деп, теріс пиғылмен
өздерінің астарлы саясаттарын орнықтыруға өте сақтықпен кіріскенді. Алайда, Абылай бастаған
көрегендер мен халқының болашағын ойлаған мәмлегерлер Қытай «айдаһарының» жымысқыда,
үрейлі «ысылын» үш ғасырға кешеуілдеткені айқындала түсуде.
|