Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік


Сондықтан  аса  маңызды    халықаралық  артерияны  түркі  халықтарының  тарихынсыз



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Сондықтан  аса  маңызды    халықаралық  артерияны  түркі  халықтарының  тарихынсыз 
елестету мүмкін емес.  
      VI  –  VII  ғғ.  Түрік  қағанатының  күшеюіне  байланысты  Ұлы  Жібек  жолының  түркілік 
керуендік  бағыттары  үздіксіз қызмет атқарды. Орта Азия мен Қазақстан  территориясы арқылы өткен  
Ұлы Жібек жолының гүлдену кезеңі VII - XII ғасырларды қамтыды. VIIІ– XIV ғғ.  Жібек жолы арқылы  
елшілік  миссиялары  атқарылды.  Ғасырлар  өте  келе,  олардың    маршруттары  өзгеріске  ұшырады,  бір 
жолдардың  бөліктері    жойылса,    жаңа  жол  сілемдері  пайда  болды.  Жойылған    жол  бөліктеріндегі 
қалалар  мен  тұрақтар  құлдырады.  Мысалы  ,    VI  –  VIII  ғғ.   
жолдың  бір  сілемі    Византия  арқылы  
Каспийдің оңтүстік батысындағы Дербентке , одан – Маңқыстауға , одан Арал  бойы арқылы – оңтүстік 
Қазақстанға  барды.   Бұл  жол  Сасанидтік  Иранды   айналып  өтіп,  Батыс түрік  қағанаты  мен  Византия 
арасындағы  сауда-дипломатиялық  одаққа  ықпал  етті.  Осы  жолдағы  Маңғыстау  мен  Арал  

18 
 
аралығын  қамтитын  сілем  Атырау  облысындағы    керуен  сарайлар  мен  тұрақтар  арқылы 
өткен деп жорамалдаймыз. 
      ІХ-Х  ғғ.  Орта  Азия  және қазіргі оңтүстік Қазақстан жерлері  арабтардың  вассалдығын  қабылдаған  
кездегі  араб билеушісі Курант ибн Джафар жазған „Китаб-ал-харадж" деректері Батыс пен Шығысты 
жалғастырған  бұл  жол  түркілер  қолында  болғанын  ,  онда  сауда    керуендеріне  қызмет  көрсететін  
керуен-  сарайлар  мен    тұрақтар,  бекеттер  болғанын  жазады.  Бұл  қызметтің    жоғары  деңгейде 
ұйымдастырылғанын араб  авторы  түрік почтасы" қызметімен түсіндіреді, ол   "жай керуен 15 
күн жүретін жерді түрік  почтасы -3 күнде  жүріп өтеді " деп таңданыспен жазған. Бұдан біз бұл 
жолдарда    әрбір  20  шақырым  сайын    бекет  болғанын,  онда  керуен-  сарайлар  қызметімен  қатар , 
жедел  хабар  жеткізетін  аттылы    байланыс  жүйесі  -почта    болғанын    көреміз.    Түркілердің 
арғымақтары  туралы  б.з.д.    І-  ғ.  қытай  елшісі  Чжан  Цянь  да  айтса,  одан  кейін  800  жылдан  соң  
қытайланған  түрік,  Қытайдың  ұлы  ақындарының  бірі  Ли  Бо  (701  -  762  жж.),  өзінің  „Аспан  аттары 
туралы өлеңінде" мұндай аттардың  үлкен қашықтықтарды   алатынын жазған[1]. 
   Түркілердің  Ұлы Жібек жолы туралы  өз мәліметтері сақталмағандығын  қалай түсіндіруге болады? 
Біріншіден,  тарихи  жазбаларда    Жібек  жолы  деген  термин  мүлде  жоқ. 
Себебі  Шығыс  пен  Батыс 
саудагерлерінің  ежелгі керунд
ік
 жолының Жібек жолы деп атауды   XIX ғасырда неміс ғалымы
Қытайдың  физикалық  географиясы  мен    Азияның  орографиясы    туралы  классикалық  ғылми 
еңбектердің  авторы- Фердинанд  фон Рихтгофен    (1833  - 1905)     енгізген  болатын.  Осыдан  кейін 
барлық елдер керуендік ежелгі сауда жолын Ұлы жібек жолы деп  атап кетті. Ек
іншіден, 751 жылдан  
бастап,    ежелгі    Түркістан  жері  арабтардың  қол  астына  өтті.    Ислам  дінін  енгізу  бағытында  арабтар  
түркі  жазуын, жабаларын жойғаны Хорезмдік ұлы ғалым, ақын, философ Абу Рейхан Бирунидің жас 
кезінде  жазған  «Ежелгі  дәуірлер  және  жыл  санау    жүйелер  туралы»  еңбегінде  келтіріледі. 
Оның пікірінше,  бұрынғы түркілік, хорезмдік  аңыздар, жазу, білім толық жойылды. Моңғолдарға дейін 
Жібек жолында түркілердің басты роль атқарғанын, түрік тілінің  халықаралық деңгейде  байланыс тілі 
болғанының  тағы бір дәлелі-Х ғ. «Кодекс куманекс»  жазба ескерткіші. 
 
Осы  почта    қызметі  біз  қарастырып  отырған  Тас  кешу    керуен  сарайында  да  бар. 
Сондықтан  оның  салынуын    моңғолдық  немесе  алтынордалық  кезеңмен  шектеуге 
болмайды.  
       Жібек  жолының    Далалық    бөлігі  туралы    Геродот    еңбектерінен  белгілі.    Жерорта 
теңізінен  Дон    өзені  жағалауын,    одан  кейін  оңтүстік  Оралдағы    савроматтар  жері  арқылы 
Ертіске,    одан  әрі  Алтайға,  агрипейлер  елі  орналасқан  Жоғарғы  Ертіс,  Зайсанға  дейін 
жететін.  Осы  далалық  жолдың  ХІІІ-ХІҮ  ғғ.  моңғол  кезеңінде    Еділ  өзені  жағалауында    Алтын  Орда 
мемлекетінің  астаналары-  Сарай  –Бату,  Сарай-Берке    қалаларының  салынуына  орай,  жаңа  сілемдері 
пайда болып, 
Дон өзенінен Каспий  арқылы Еділ  өзеніне түсіп,  Алтын Орда  астаналарына(Сарай, 
Джутарханға(Астрахань),  кіші  Сарай-Сарайшыққа  жету  мүмкіндігі  туды.  Ал  Сарайшықтың 
жүзбелі көпірінен арғы жағалауға өтіп, керуеншілер Хорезм астанасы – Үргенішке , Бұхараға, 
одан әрі  Қытайға бағыт алатын[9].  
   Түркілердің  Жібек  жолын  моңғол  империясы    тиімді    пайдаланып,  жаулап  алған  ұлан  байтақ  
иеліктерді әкімшілік басқару  үшін пайдаланды. Бұл кезеңде  Ұлы Жібек жолы  гүлденіп, халықаралық 
сауда мен мәдени байланыстарда  орасан зор роль атқарды. Шыңғысхан империясы мен  Алтын Орда  
дәуірлеген  тұста    Жібек  жолының    күшейгенін    Қарақорымға    барған      еуропалық    және    араб 
жиһангездері  еңбектерінен көруге болады.  
     Осы    Далалық  жол    Алтын  Орданың  Еуропамен  қатынасында  маңызды  роль  атқарды.  Еуропалық 
және  араб  жиһанкездері    осы  Далалық  жолды    көп  қолданатын.  Плано  Карпини,  Рубрук,  Марко 
Пололар  осы жолмен жүрді. 
     Сонымен қатар осы жолдың ежелгі екендігін ф
лоренциялық   
саудагер 
Франческо Пеголотти 1355 
жылы  Қытайдан  керуендік  саудамен  8  жыл    жүріп,  Италияға  оралып,  жазған  „Сауда  тәжірибесі. 
Немесе    жер  бөліктері,  сауда  өлшемдері  және  барлық  елдердің    көпестеріне  қажетті    мәліметтер, 
басқа да нәрселер"атты еңбегі растайды.      
 
Бұл  еңбектің  1347-1355  жж.    Еуропа    мен  Шығыс  елдері  арасындағы    сауда  
қатынастарын  баяндайтындығы   Тас кешу  керуен сарай  тарихын зерделеу  барысында 
маңызды роль атқарады.  
Итальяндық саудагер Қара теңіз арқылы  кемемен Дон өзеніне  түсіп, ондағы қыпшақ  бекінісі -  
Азакқа*  (Азов)   жетіп,  ат  жегілген  арбаға  орналастырылған   күймемен    25  күнде  Итиль  (Волга)өзені 
құйылысындағы  Ноғай  бекінісі-  Джутарханға  (Астрахань)    келгенін  баяндайды.  Одан  әрі  Жібек 
теңізімен  (Каспий)  Жайық(Яик)  өзені    құйылысына    түсіп,  онымен  жоғары    бойлап,  Кіші  Сарай-
Сарайшыққа  жеткен
Франческо  Пеголоттидің    саяхаты    кезінде  оның    маршруттарын  
көрсете  отырып,    оның   Таскешу    керуен  сарайы  арқылы өту    мүмкіндігі  туралы  болжам 
жасаймыз.  

19 
 
 Пеголоттидің      маршруты  :  Еуропадан  Қара  теңіз,  Азов  теңізі  арқылы  кемемен----
Азов бекінісі----керуендік жолмен ----- Ноғай бекінісі- 
Джутарханға (Астрахань) ----Каспий  
теңізі  арқылы  кемемен  ----Жайық(Яик)  өзені  ----Сарайшық---  түйе  арбамен    20  күнде 
Хорезм  астанасы  Үргенішке    жеткен[1]
Біз  үшін   маңыздысы   осы  Сарайшық  пен  Хорезм 
арасындағы    Жібек  жолының  сілемі.  Өйткені      сусыз,  елсіз  дала  арқылы    «Таскешу»  
керуен- сарайына соқпай, Үргенішке жету  мүмкін емес. 
        Яғни Шыңғысхан империясы, одан кейінгі  Алтын Орда кезінде  Ұлы Жібек жолы  түркілік ежелгі  
дәстүрлер  негізінде  қайта  жаңғырған.  Шыңғыс  ханнан  кейін  күллі  моңғол  тағына  отырған  Үгедей 
тұсында  (1229  –  1241)  моңғол  империясының  шегі  Батыс  Еуропаға  жетіп,    түрік  почтасы    жүйесінің 
жанданды.  Әрбір  25  –  30  км  жерге  бекет  салынып,  бекет  сайын  жиырма  лаушы,  тасымалға  керек 
көлік,  жолаушыларға  азық-түлікке  керек  ұсақ  мал  ұсталды;  керуендердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ететін әскери күштер бөлінді.Мұны жамдық жүйе дейміз.  Сондықтан  «Таскешу»  керуен-сарайының  
салынуын  Алтын  Орда  гүлденген  кезеңімен  байланыстырған    археологтар  мен  зерттеушілердің 
тұжырымдары  осыған  сәйкеседі.  Егер  б.з.  д.  пайда  болған  Ұлы  жібек  жолында  түріктер 
үстемдік  еткенін  және    ғасырдағы    араб    авторының    түрік  почтасы  туралы  пікіріне 
сүйенсек,  «Таскешудегі»    қызмет  көрсету  түрлері  монғол  заманында  басталған  жоқ,  
ежелгі замандардан жалғасып келе жатқан үрдіс болып табылады 
       Ұлы  Жібек  жолымен  жүрген  керуендер,  Хорезм-  Алтын    Орда    аралығындағы    қазақстандық 
территория- Атырау және Маңғыстау далалары арқылы өтіп,  Сағыз өзенінің сол жағасында 
орналасқан 
осы 
керуен-сарайда 
аялдап, 
күш-қуатын 
толықтыратын 
болған. 
Керуеншілерге  қызмет  етіп  отырған  керуен-сарайдың  орта  ғасырда  жолаушылар  үшін 
маңызы  зор  болғандығы  ақиқат,  ал  бүгінгі  күні  тарих  үшін,  соның  ішінде  археология 
саласындағы маңызы  өлшеусіз. 
     Бір  таңқаларлық  жайт: 
Үстірт  үстімен  өтетін  Ноғай  жолында  да,  Маңғыстау  арқылы  өтетін  көне 
Хиуа жолында да 25 – 30 км сайын суы ащы болсын, тұщы болсын міндетті түрде құдық кездеседі де, 
ал 100 – 150 км сайын тұщы су көзі – бұлақ не құдық ұшырасып отырады. Шамасы, суаттардың бұлай 
орналасуы  шөл  түзде  бір  күндік  жол  жүргеннен  кейін  көлік  суарып,  ал  үш-төрт  күн  сайын  жолға 
алынатын ауыз суды жаңартып отыруды көздеген есепке құрылса керек. 
     Қарақорым  мен  Ханбалыққа  беттеген  Алтын  Орда  керуендері  Үстірт  пен  Маңғыстаудың  үстімен 
өтті.  Сарай-Беркеден  шыққан  керуен  Үргенішке  қырық  күнде,  ал  Сарайшықтан  шыққан  керуен 
Үргенішке отыз күнде жететін. Сонда бұл сапардың тең жарымынан астамы қазіргі Атырау Маңғыстау 
облысының аумағымен өтеді екен[7].  
    Ал  Сарай-Беркеден  Ханбалыққа  дейінгі  жол  9  айдан  астам  уақытқа  созылатын.  Соған  қарамастан, 
14 ғасырдың басына дейін Алтын Орда мен Ішкі Моңғолияның арасындағы байланыс үзілмеген. Оған 
орыс князьдерінің Ярослав Всеволодовичтен (1190 – 1246) бастап Қарақорымға жарлық алуға баратын 
сапарлары қосылды[8,172].  
       Шығыс  Еуропа  мен  Азия  арасындағы  сауданың  дағдарысқа  ұшырауы    Тас  кешу  керуен 
сарайының  құлдырауына әкеп соқты. Оған басты себеп  Тоқтамыс пен Ақсақ Темірдің  алауыздығы, 
Алтын Орданың әлсіреуі. Маңғыстау мен Үстірттің бірнеше ғасыр бойы тарих сахнасынан таса қалуы, 
Тоқтамыстың  1381 ж. өлімі, Ақсақ Темірді күшейтіп, ол Қырым, Еділ сағасы, Маңғыстау, Үстірт, Хорезм 
арқылы өтетін Шығыс Еуропа – Қытай керуен жолын құртып, Батыс пен Шығыс саудасының тізгінін өз 
қолына  алуға  тырысты.  1388  жылы  атышулы  сауда  жолының  ең  басты  орталығы  болған  Үргеніш 
қаласы  жермен-жексен  етіп  талқандалды.  Бір  кезде  керуеннен  көз  тұнатын  Ноғай  жолы,  Маңғыстау 
жолы қайтадан қаңырап бос қалды[3]. 
       ХІҮ ғ. Ноғай жолы атанған Ұлы Жібек жолын Ноғай Ордасы да ұстап тұра алмады. Ноғай Ордасы 
халқының  бір  бөлігінің  Ресейге  ,  халқының    басым  бөлігі-алшындар,кейін  Кіші  Жүз  қазақтары  Қазақ 
Ордасына  қосылуына  байланысты  Сарайшық  –Үргеніш  сауда  жолын  Ресей  Орта      Азиямен 
байланыста  қолдандыАл Алтын Орда күйреп, 1552 жылы Қазан, 1556 жылы Астрахан хандықтарын 
бағындырғаннан кейін Ресей Сарайшық –Үргеніш сауда жолын  Шығысты отарлауда пайдаланды. 
       1558  жылы  Астраханнан  шыққан  ағылшын  көпесі  Дженкинсон  Маңғыстау  түбегіне  келіп  түсіп, 
Хиуа  мен  Бұхар  әміріне  орыс  патшасының  грамотасын  тапсырып,  қасына  Хиуа  мен  Бұхар  елшілерін 
ертіп, Сарайшық –Үргеніш  жолымен Мәскеуге қайтады. 1567 жылы Петров пен Ялычев деген орыс 
саяхатшылары      көне  Хорезм  жолымен  Орта  Азияға,  одан  Пекинге  өтіп,  сонау  Жапон 
теңізінің жағалауларына дейін барып қайтады[8]. 
       Ноғай Ордасын түпкілікті жойып, Еділ бойын алған Ресей Түркия(Византиябағытындағы 
сауданы тоқтатып, Каспий теңізі арқылы  Иран, Орта Азия елдерімен  саудаға  көшті. Ресейдің 
Орта  Азияға  шығатын  негізгі  қатынас  жолдары  -  Қазанда  немесе  Самарада  кемеден  түсіріліп, 
түйе  жеккен  арбаларға  тиеліп,  далалықпен  жүріп  отырып,  Жайық  пен  Жемнің  сағасынан  өтетін, 
одан әрі 
Үстірт үстіндегі үлкен керуен жолына түсіп, Бұхараға жететін[2]. 

20 
 
Шөл, жапан түз арқылы Хиуа мен Үргенішке баратын бұл жол қауіпті болғандықтан орыс саудагерлері 
енді    Каспий  теңізі  арқылы  өтетін  әлдеқайда  жақын  әрі  әлдеқайда  қауіпсіз  басқа  жолды  таңдады. 
Бұның  бәрі  Ресей  мен  Орта  Азия  арасындағы  сауда  негізінен  Маңғыстау  түбегі,  ондағы  Қараған, 
Қабақты пристаньдары арқылы жүргізілгенін көрсетті. ХҮІІ ғасырда Маңғыстау арқылы өтетін керуен 
жолының жүргіншілері екі есе көбейді. Сонда Тас кешу  керуен сарайы ХҮІ ғасыр аяғына дейін 
өмір сүрген боп шығады. 
     Ұлы  географиялық  жаңалықтар    әлемдік  сауданы  теңізге  көшіріп,  Шығыс  Еуропа  мен  Азия 
арасындағы саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынастардың негізгі арнасы болған ежелгі керуен 
жолдарына  қажеттілік азайды.  ХҮІІІ ғасырдан бастап Қазақ жері Ресей патшасына бодан 
болғаннан кейін  Сарайшық –Үргеніш  керуендік сауда жолының қажеті болмай қалды.  
     Егер  қазіргі  кезеңде    Азов  теңізі  немесе  Шығыс  Каспий  жағалауларынан    Алакөлге    дейін  жүк 
тасымалданатын  болса,    бұл  жолдар  сол  баяғы    замандарда  қалыптасып,    антикалық  Рим,  араб 
шапқыншылығы,  ортағасырлық  Қайта  Өрлеу    кезеңдерінде  де  өзгеріске  ұшырамаған    бұрынғы 
маршруттармен жүрер еді.  Өйткені қазіргі  автомобиль және темір жолдар  негізінен сол ежелгі  Жібек 
жолының    керуендік  бағыттарын  қайталайды.  Бұған  қазіргі    әлемдік    қатынастарды  нығайтуға 
бағытталған,  Қазақстанның  Елбасы  Н.  Назарбаев  ұсынысымен  салына  бастаған  Ұлы  Жібек  жолының 
ХХІ  ғасырдағы    жобасы:  Батыс  Европа-Батыс  Қытай  халықаралық  трассасын  салуы    дәлел  бола 
алады[10]. 
      Космостан түсірілген  өте дәл геофизикалық құралдар адамдардың  ерте замандардан 
бері    өздеріне  тиімді  жолдар  таңдай  алғанын    дәлелдеген.  Олардың  біздің  ата-
бабаларымыз  түркілер болғандығы  ұрпақтары үшін мәртебе. 
«Таскешу»  керуен-  сарайы    қолданыстан  шығып,  оның  құландысы  ұрпаққа    аманат 
ретінде қазірге дейін жетті. 
       «Таскешу»    керуен-сарайының    қазба  жұмыстарының  нәтижелерін  қорытындылау    толық 
аяқталған жоқ . Десек те, алғашқы  тұжырымдар   бұл тарихи ескерткіштің  Ұлы жібек жолының 
бір  сілемі  ретінде    Қазақстан    тарихының    ежелгі  түркілік  өркениеттермен  тығыз 
байланыстылығын, және солардың заңды мұрагері екендігін  тағы да дәлелдейді.   
        «Таскешу»    керуен-  сарайын  зерттеу    нәтижелері  облыс  аймағындағы    бұдан  басқа    және  осы 
ескерткішпен  тікелей  байланысты  тарихи    орындарға    кешенді    зерттеу  қажеттігін  көрсетті.  Оны 
Сарайшық тарихы, Хорезм, Алтын Орда, Ноғай Ордасы  тарихтары  тоғысында  қарастыру  
қажет.    Сонымен  қатар  «Таскешу  керуен  сарайының»    ақиқаты    Ұлы  Жібек  жолы   проблемаларына 
арналған  еңбектерді,    халық  ауыз  әдебиетінде  сақталған  үлгілердегі  –Ноғайлы  эпостық  жырлары, 
батыс қазақтардың  жыраулар  шығармашылығы  мен тарихи әңгімелердегі мәліметтерді салыстырып 
екшеуді  талап етеді. Осы мақала бұл ұланғайыр ізденістердің бастамасы ғана.  
Сарайшық,  Лаэти,  «Таскешу  керуен  сарайы»    сияқты  Ұлы  Жібек  жолының    сілемдері 
бойындағы тарихи қалалардың  құландылары жоғалса, қазақ тарихының Алтын Орда, Ноғай Ордасы 
мемлекеттері  тарихымен  байланыстылығын  тарихи  негіздей  алмаймыз.  Көшпелі  елдің  тұрғындары, 
біздің ата- бабаларымыздың  екімыңжылдықтар бойына Батыс пен Шығыс байланыстарын қамтамасыз 
етіп,    керуендік  сауданың  қайталанбас  инфрақұрылымын    жасақтағанын  ,  сөйтіп,  қайталанбас  
өркениет иесі болғандығын дәлелдей алмаймыз.          
     Өз  тарихын  сыйламаған  халықты  ешкім  де  сыйламайды.  Қазақтың  бодандық,  отарлық  кезеңінде  
ұмыт қалған, халық санасынан өшірілген бұл тарихи ескерткіштер бізге өткенмізбен  мақтану, қазіргіге 
қуану  және  болашағымызға  сену    үшін  керек.    Қазба    жұмыстары  кезінде    атыраулық  археологтар 
тапқан  тақтайшада    жазылған  мынадай  сөздер  жазылған  екен:  ««Бұл  жер  аталарымыздан  қалған 
көненің көзі. Аталар рухы қолдасын. АМИН» [5].  
Сондықтан    қазақстандық  патриотизмді  дамытудың  басты    факторы-  халқымыздың  өткен 
тарихын    бағалау,  тарихи  жәдігерлеріміз  бен    құндылықтарымызды  түгендеп,    әлемдік    тарих 
ғылымында бекіту болып табылады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. 
Насыров Р.  «Великий Шелковый путь», Алматы, 1991.
 
2.  Толстов С.П. По следам древнехорезмской цивилизации, 1978. 
3.   Атырау энциклопедиясы . Атырау-2000. 
4.  Тас  кешу.  Қазба    жұмыстарының  2008  жылғы  есебі.  Атырау.  2008.//  Мақат  аудандық  тарихи-
өлкетану музейі  қорынан. 2008. 
5.  Тас  кешу.  Қазба    жұмыстарының  2012  жылғы  есебі.  Атырау.  2012.//  Атырау  облыстық  тарихи-
өлкетану мұражайы  қорынан. 2012. 
6.  Л.Галкин, В.К. Афанасьев, С.Бикенов «Работы в Западном Казахстане» Археологические открытия. 
М.1976. с. 513 
7.  Маңғыстаудың ежелгі тарихы.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 2002. 

21 
 
8.  Тушин  Ю.П.  Русское  мореплавание  на  Каспийском,  Азовском  и  Черном  морях  (XVII  век).  –  М. 
1978.С. 186. 
9.  Трепавлов В.В. История Ногайской Орды.эл. вариант 
10. Алексеева Е. Великий шелковый путь – 1 000 лет спустя// Казахстанская правда 
от 24.06.2010.
 
11.  Қаражанова Л.  « Ақ Жайық» , 23қыркүйек 2012. 
12. Сапарова А. Сарайшық жер бетінен жоғала ма?// Алаш айнасы.16 қараша 2012.  
 
 
 
ӘОЖ.  94(574) 
                                                 
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ 
 
Нағымов Ш.Н., Жұмабаев А.Ж. 
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  тарихын  зерттеу,  зерделеу  ісіне  үлкен  мән  беріліп  келеді.  Оған  2013 
жылдың  5  маусымында  Л.Гумилев  атындағы  Евразия  ұлттық  университетінде  Мемлекеттік  хатшы 
М.Тәжиннің өткізген тарихшылардың жиыны түрткі болды.Бұл жиында тың тұрғыдан,тың әдістерді,тың 
деректерді  пайдалана  отырып  қазақ  тарихының  әлі  де  болса  ашылмай  жатқан  жақтарын  жарыққа 
шығару мәселесі көтерілді.Әсіресе Қазақ тарихын тың тұрғыдан зерделеу үшін өлкемізде өмір сүрген 
жыраулар  шығармашылығын  пайдалану  ісі  кезек  күттірмейтін  маңызды  мәселе  болып  табылады.Бұл 
тұрғыда,Шынияз  шығармаларында  кездесетін  деректердің  негізінде  Сарайшық  тарихи  кешеніне  жеті 
ханның  есімдері  таңбаланған  құлпытастардың  қойылуын  пайдалы  тәжірибе  ретінде  келтіруге 
болады.Ал  Мұрат  шығармашылығы  жөнінде  сонау  1923  жылы  профессор  Х.Досмұхамедов:  «Қазақ 
тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды» деген болатын.[1] 
Мысалы,Мұрат  ақынның    «Үш  Қиян»,  «Сарырақа»  толғауларында  «жеті  жұрт»  тіркесі 
кездеседі.Сонда  «жеті  жұрт»  дегендер  кімдер?  Қай  кезеңде  өмір  сүрген  халықтар?  Бір  ерекшілігі 
ақынның «Үш Қиян» толғауында «жеті жұрт» тіркесі бір емес бірнеше жерде бар.Мысалы: 
 
 
«Жеті жұрт кеткен жер, 
 
 
Көшіп талақ еткен жер, 
 
 
Сол секілді неткен жер? 
 
 
Адыра қалғыр Ақ жайық, 
 
 
Көпір салып өткен жер. [2] 
Жырдағы  тіркестердің  бәрі  ұқсас.Жеті  жұрттың  осы  өңірден  көшіп  кетіп  қалғаны 
айтылады.Жеті 
жұрт 
бұл-жеті 
хандық 
па? 
Аталған 
жеті 
жұрт 
ақын 
жырлауы 
бойынша:Еділ,Жайық,Маңғыстау  аралығын  мекендеген.Жеті  жұрт  ұғымын  тек  осы  толғауда  емес, 
«Сарыарқа» толғауынан да кездестіреміз. Ақын: 
 
 
«Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс, 
 
 
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. 
 
 
Қазтуған,Асан қайғы,Орақ, Мамай 
 
 
Біз түгіл солардан қалған қоныс»[3] 
-деп жырлайды.Ақынның осы толғауын оқығанда, жеті жұрттың жетеу емес алтау деген өлең 
жолы да кездеседі. 
 
 
«Бұл жерден дін мұсылман жеті кетті, 
 
 
Біреуі екі келіп,екі кетті. 
 
 
Бұл жұрт жетеу емес алтау екен, 
 
 
Біреуін екі санап жеті депті»[4] 
-деген жолдардың өзінде шешілмес құпия сыр жатыр. Екі келіп, екі кеткен халық кім?Бұл өте 
ойландыратын  сұрақ.Ақынның  қай  сөзін  құптаймыз.Жеті  жұрт  ұғымын  енді,  алты  жұрт  ұғымымен 
ауыстыру керек пе?Бұл халықтардың барлығы мұсылман болғаны анық. 
 
Ақынның  соңғы  «алты  жұрт»  ұғымы,белгілі  жерлес  ақынымыз  Шынияз  Шанайұлының 
«Жаңа Низам» толғауында кездеседі: 
 
 
«Алты жұрт Асанменен анық кетті, 
 
 
Жетеу деп білмегендер жалғап еді, 
 
 
Еділден қара табан қалмақ босып, 
 
 
Қозғаған ноғай артын солар еді.»[5] 
Бұл жыр жолдары өлкені алты жұрт мекендегенін дәлелдей түседі. 
Сондай-ақ 
Шынияз  ақынның  қалған  жыр  жолдарында  да  «жеті  жұрт» 
ұғымы  
кездеседі.Мысалы: 

22 
 
 
 
«Көк Нарын жаман болса енді болды, 
 
 
Мөр ұстап,қағаз жазған шенді болды, 
 
 
Алдырып жеті жұртты бізден бұрын, 
 
 
Бишара қалғандарға үлгі болды. 
 
 
Соңғысы ойлап тұрсаң жалған екен, 
 
 
Жеті жұрт бізден бұрын алған екен»[6] 
-деп жырлайды.Осы өлең жолдарын келтіре отырып, нақты жұрт санына тоқталу қиындау. 
Ақын  толғауларындғы  жеті  жұрт  ұғымына  өлкетанушы  Берік  Қорқытов  берген  түсініктемені 
келтіре  кетсек:  «Алтын  Орда  Хандығында  мекен  еткен  негізгі  ұлттар  бүгінгі  тілмен  айтқанда 
түрікпен,өзбек,қазақ,  қырғыз,  татар,башқұрт.Басқалары  көшіп,  қонған  жерлерінде  қалып  қойып 
қазақтың ескі жұртына екі келіп,екі кетуі де ғажап емес.1990 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 14-ші 
қыркүйектегі  санында  Ш.  Құдайбердіұлының  «Қазақтың  қайдан  шыққаны»  деген  еңбегі 
жарияланды.Еңбекті  Шәкәрімнің  «Түрік,қырғыз-қазақ  хәм  хандар»  деген  1911  жылы  Орынборда 
басылып  шыққан  кітабынан  алып  жариялатқан  жазушы-ғалым  Қ.Мұхамеджанов.Сол  еңбегінде 
Шәкәрім  былай  деп  жазыпты:  «Жошы  нәсілінен  Өзбек  хан  мұсылман  болғанда  барша  Жошы  ұлысы 
өзбек  атанып  онан  кейін  Әз  Жәнібек  ханға  еріп,Ноғай  ханынан  бөлінгенде  қырғыз-қазақ  атанған 
елміз.Ол  кезде  ол  атпен  атанған  ел  жалғыз  ғана  біздің  үш  жүздегі  қазақ  емес,көп  ел  еді.Оның  көбі 
отырықшы  өмірге  кіріп,әр  жерге  барып,  бір  талайы  ноғай,  башқұрт  атанып,  бір  талайы  өзбек,  сарт 
атанып  кеткен.Ақырында  қазақ  деген  ат  бізде  қалған.»Онда  Мұраттың  айтқаны  дұрыстыққа 
шығады.Дегенмен  бұл  әлі  анығы  ашылмай  жатқан  тың  мәселе.Мұны  ашу  әдебиетшілердің  емес, 
тарихшылардың міндеті».[7]  
Қорытындылай 
келе 
жеті 
жұрт 
біздің 
тұжырымдауымызша 
бұл-ноғайлар, 
қазақтар,башқұрттар,татарлар,өзбектер,қарақалпақтар,қырғыздар.Жеті  жұрт  ұғымын  жеті  хандық 
ұғымымен  ауыстырғанда  Алтын  Орда  ыдырығаннан  кейін  пайда  болған  хандықтарға  сәйкес 
келеді.Олар:Сібір,Өзбек,Астрахань,  Қазан,Қырым,Қазақ,Ноғай  хандықтары.Жырда  жұрттардың  көшіп 
кеткенін,  қазақтардың  қалғанын  айтса,  жоғарыда  аталған  алты  хандық  қазақ  жерінен  көшіп  өзге 
жерге өз хандықтарының іргесін қалаған. 
Бұл ұғым әлі де жұмбақ, шешу үшін әлі де көп зерттеулер керек етеді.  
Сонымен  қатар,  ақынның  толғауларында  кездесетін  тарихи  тұлғаларда  аз  емес.Бұл 
тұлғалардың  барлығы  тарихта  болған  адамдар.Осы  тұлғалар  жайында  қысқаша  мәліметтер  келтіре 
кетсек. 
 
«Ақтөбе мен Қорғанша 
 
Асан қайғы бабаның  
 
Қызыл тастан үй салдырып, 
 
Он жыл тұтас отырып 
 
Әңгіме құрып кеткен жер».[8] 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет