Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет13/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Ол тобы, түрікмен, немесе оңтүстік-батыс тобы. Айырыі\г 
белгілері: 1) доқуз, 2) айақ, 3) ол — , 4) дағ, 5) сары, 6) қалані 
Бұл топқа түрікмен, азербайжан, түрік тілдері жатқызылады.
Бүл классификация бойынша қазақ тілі территориялық жағы4 
нан (географиялық белгі) Солтүстік-батысқа, этникалық негізм 
бойынша қыпшақ тобына жататын, фонетикалық белгісі бойыншаі 
сөз ортасы мен соңында ғ, г дыбыстарының орнына у  жартылай 
дауыстысын, морфологиялық белгісі бойынша өткен шақ есімшенц 
-ған, яғни, ғ дыбысын түсірмей қолданатын тілдердің бірі болып| 
табылады. Сөйтіп бүл классификация қазақ тілінің негізгі айырымі 
белгілерін түгелге жақын ескереді. Бұл классификация түркі т іл і 
дерін тарихи-салыстырмалы түрғыдан кейінгі зерттеулерге .ңегізі 
болды. 
' . 1
Тек қана тарихи принципке негізделіп, тілдердің «жас мөлше-| 
рін» анықтауға құрылган класси^йщация С. Е. Маловтың топтас-| 
тыруы еді. С. Е. Малов мынадійГайьірым белгілер ұсынады: 1) сөз| 
соңындағы, сөз ортасындағы ғ, г дауыссыздарының дауыстыға,: 
жартылай дауыстыға, созылыңқы дауыстыларға ауысуы не ауыс-| 
пай қалуы, 2) түпкі (алғашқы) созылыңқылардың болу, болмауы, ]
3) жаңа тілдерде ұяң дауыссыздардың сан жағынан гіөп болуы, ] 
көне тілдерде қатаң дауыссыздардың көп болуы, 4) екі буынды 
түбірлер құрамында рт, лт, нт тәрізді көне дыбыс тіркеетерінің 3 
сақталуы. Осы белгілер бойынша С. Е. Малов түркі тілдерін ең кө- 
ңе (древнейшие), ескі (древние), жаңа (новые), ең жаңа (новей-! 
шие) топтарға жіктейді. Қ азақ тілі бұл классификация бойынша 
жаңа тілдер тобына жатқызылады. Өйткені «жаңалықтың» белгі- • 
лері: сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ, г дауыссыздарының жар- ] 
тылай дауыстыға айналуы, түпкі (алғашқы) созылыңқылардың ] 
болмауы тәрізді белгілер қазақ тіліне тән. Әрине, сонымен қатар, | 
қазақ тілінде ұяңдар мен қатаңдардың арақатынасы да шамалас, 1 
рт, лт, нт тәрізді көне дыбыс тіркестері де екі буынды сөздер і 
(көбіне есімдер) қүрамында сақталған. Бірақ бұл соңғы ерекше- 1 
ліктер қазақ тілінің де пәлендей «жаңа» емес, оның қалыптаса 
бастауы да сол көне дәуірлерде болғандығының дәлелі болса І 
керек.
Алайда бұл келтірілген классификациялардың қайсысында да 1 
с)ір негізгі мәселе ескеріле бермеген. Ол — халықтардың тарихы, і 
тілдердің қалыптасу, даму тарихы. Қандай бір тілдің қалыптасуы | 
мен дамуы сол халықтың қалыптасуы мен даму тарихынан келіп 1 
шығады. Ол мәселе ескерілмесе, тілдің қалыптасу, дамуын ескер- ] 
меді, оны назардан тыс қалдырды деген сөз. Өйткені ғылыми клас- | 
сификация тілдердің ара жақындығы мен айырмашылықтарын | 
ғана көрсетіп қоймай, олардың (жақындығының да, айырмашы- 1 
лықтарының да) себептерін де белгілеуі керек. Ал осы соңғы ай- 
тылғандарды анықтау үшін тілдердің классификациясы әр дәуір- I 
лерде болған рулық, тайпалық бірлестіктер, олардың құрамдарына ] 
енген рулар мен тайпалар жайлы мәліметтерді, рулық, тайпалық 
одақтардың ыдырауы, олардан кейін пайда болған бірлестіктер ] 
тарихын ескеру керек. Өйткені рулар мен тайпалар одақтарының ,
28
кұрылуы, олардың ыдырап, жаңа бірлестіктердің пайда болуы, 
с о н д а й - а қ
рулық, тайпалық одақтардың басқа тайпалармен, ха- 
лыктармен байланысы, айналып келгенде, халықтардың қалыпта- 
суы, халық тілінің қалыптасып, дамуы болып табылады. Сонымен 
қатар, этногенезистік процесс ерекшелігі, екінші жағынан, тілдің 
даму ерекшелігін де айқындайды.
Қазіргі түркология қолданып жүрген Н. А. Баскаков классифи- 
кациясы тілдердің этнологиясы мен грамматикалық ортақ заңды- 
лыктарын ғана қарастырып қоймайды, олардың қалыптасу, даму 
тарихын да тілдің қалыптасуы мен даму заңдылығын айқындай- 
тын факторлардың бірі дейтін принципті жолбасшылыққа алады.
Тарихи деректер мен тілдік материалдар түркі халықтары екі 
үлкен топқа жіктелетіндігін дәлелдейді. Мұндай жіктеліс екі рет 
болған. Алғаш рет біздің заманымыздың алғашқы ғасырында Хун 
империясының екіге белінуі; Батыс Хун империясы және Шығыс 
Хун империясы болу арқылы іске асс‘а, 7—8-ғасырларда Түркі 
қағанаты да екіге: батыс және шығыс ордаларға бөлінді. Сейтіп 
түркі тілдерінің батыс және шығыс топтарға жіктелуі біздің зама- 
нымыздың алғашқы жылдарында басталып, 7—8-ғасырларда әб- 
ден бекіді деп есептеуге болады. /Бүгінгі түркі халықтары мен 
түркі тілдері осы батыс және шығыс топтарының құрамында қа- 
лыптасты.Ч>атыс хундар, тарихи этногенездік мәліметтер бойынша, 
үлкен 4 түрлі тайпалар одақтарына біріксе керек. Олар: бүлғар 
одағы, оғыз одағы, қьіпшақ одағы және қарлұқ одағы. Екінші 
сезбен, бұлғарлар айналасына топтасқан тайпалар, оғыздар айна- 
ласына топтасқан тайпалар, қыпшақтар айналасына топтасқан 
тайпалар және қарлұқтар айналасына топтасқан тайпалар одақ- 
тары келіп шықты.
Қыпшақ тайпалар одағы дегенде тарихи деректер Дешті-Қып- 
ш ақ мемлекетін, Жошы ұлысының орнына келетін Қөк Орда (та- 
рихи жазбаларда, әсіресе орыс жазбаларында Золотая Орда) Ал- 
тын Орда, Қәк Орда ыдырап, бөлінген дәуірде пайда болатын Ақ 
Орда, Ноғай Ордасы, сондай-ақ Өзбек хандығы (Әбілқайыр хан- 
дығы) еске алынады. Осындай замандар бойы бірінің орнына бірі 
келіп, тарих сахнасынан өткен мемлекеттік одақтар құрамында 
қазір «қыпшақ тілдері» деп аталатын тілдер қалыптасты. Деген- 
мен, қыпшақ тобына жататын тілдердің қалыптасу уақыты мен 
территориялары бірдей емес. Сондай ерекшеліктеріне қарай қып- 
шақ тілдері үш топқа: қыпшақ-половец, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ- 
ноғай топтарына жіктеледі. Дешті-Қыпшақтың негізгі елі — қып- 
шақтардың Шығыс Европаны мекендеген бөлігі — половецтер, та- 
рихи деректер бойынша, өз құрамына оғыз тектес тайпаларды да 
алса керек. Сол тілде, половец тілінде (немесе куман, коман) жа- 
зылған ескерткіштер бар. Сол тілдің (немесе тілдердің) негізінде 
Қырым татарлары тілі, қараш ай-балқар тілі, құмық, қарайым тіл- 
Дері қалыптасты деп қаралады.
Қыпшақ тілдерінің Қөне Бұлғар мемлекеті тұрғындарының ті- 
лімен жанасуынан қыпшақ-бұлғар негізді татар, башқұрт тілдері 
Қалыптасты.
29


Алтын орда, одан бөлініп қазіргі Қазақстан территориясының 
көпшілігін мекен еткен Ақ Орда, Ақ Орда қүлағаннан кейін пайда 
болатыи Ноғай ордасы, Әбілқайыр хандығы, Моғүлстан террито- 
рияларын мекен еткен рулар мен тайпалар қазақтар мен қарақал-. 
пақтардың, ноғайлардың негізін салды.
Сонымен, қыпшақ тобының ішінде қыпшақ-ноғай тобы деп қа- 
ралатын қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері осы тәрізді қалыптасу 
жолдарын өтті. Қыпшақ-ноғай тобына жататын халықтардың эт- 
ногенездік бірлігі олардың құрамына енген рулар арқылы да дә- 
лелденеді: қазақтардың құрамына енген рулардың көпшілігі қа-| 
рақалпақтардың да құрамында бар, сол сияқты қарақалпақ рула-а 
ры ноғайлардың құрамынан ұшырасады, т. б. Дегенмен, тілдік] 
жағынан қазақ тілі оқшау тұрады да, қарақалпақ, ноғай тілдеріі 
бірыңғай болып келеді. Бұл екі топ арасындағы ерекшелік фут| 
зияға байланысты: қ азақ тілінде фузияда л/діт варианттары барі 
( бала-лар, стол-дар, ат-тар), қарақалпақ, ноғай тілдерінде ж о қ | 
қазақ тілінде келер ш ақ — ады формасы арқылы жасалса, қа-1 
рақалпақ, ноғай тілдерінде — аджак, (ажақ) түлғасы арқылы бе-і 
ріледі.
Дегенмен, қалыптасу, тарихи тағдыр тұрғысынан қазақ, қ ар а-| 
қалпақ халықтары жақын болуы керек те, ноғай халқы оқш ауі 
тәрізді. Мәселе мынада: тілдік жағынан ноғай тілі қазақ, қара-І 
қалпақ тілдерімен орайлас болғанмен, этнологиялық қалыптасу, 
географиясы жағынан куман қыпшақтары, яғни «Қодекс Қумани- 
кус», «Игорь полкі туралы сәз» поэмасындағы түркі сездерінің 
иесі — половец қыпшақтарымен жақындығы барын ұмытуға бол- 
майды. Олардың (ноғайлардың) иеленген, қоныстанған террито-, 
риясы да половецтер мен печенегтер, Бұлғар мемлекеті, кейін Ал- 
тын Орда, Ноғай ордасы, Астрахан хандығы мекендеген террито-| 
рияларға шектес, солармен сай келеді. Этнологиялық жағынан] 
Қіші жүз қазақтарымен байланысы болуы мүмкін (онда да Қішіі 
жүздің қиыр батысты қоныстанғандарымен ған а). Алайда, Ақ орда | 
мен Моғұлстанды мекендеген қазақ, қарақалпақ руларымен бай- ] 
ланысты болуы екіталай.
Сонымен, қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс Хун тармағының 1 
қыпшақ тілдік тайпалық бірлестігінің құрамында қалыптаса б а с -1 
таған. Қыпшақтар тілінің (не тілдерінің) негізінде қалыптасқан- 
дардың ішінде қазақ тілі (қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге) I 
қыпшақ халықтары мен тілдерінің ішінде кейін, кеш қалыптасқан
қыпшақ-ноғай бірлестігіне жатады. Бұл бірлестік дәуірі, оның ■
құрамынан жеке тілдер жіктелген дәуір — XIV—XVI ғасырлар, і 
Ноғай ордасының, қазақтар мен қарақалпақтар үшін Ақ орда, Мо- і 
ғұлстан, Өзбек хандығының да дәуірі болып табылады. Өйткені, ] 
қазақ субстраты тек қана Ноғай ордасында, яғни қыпшақ жерінің ] 
батысында ғана емес, Ақ орда, Өзбек (Әбілқайыр) хандығында ] 
да, қазіргі Қазақстанның Ж етісу өлкесі мен солтүстік-шығысында 
болған Моғұлстанда да, тіпті Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-ба- ] 
тысын иелік еткен Ақсақ Темір мен оның әулеті билік құрған мем- \ 
лекетте де болғандығы бүгін талас мәселе болмаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет