Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
сауған, аумалы-төкпелі (-мал, есімше тұлғасы, түркі тілдерінің 
кепшілігінде -мыш), тал-түс (тал — чуваш тілінде «түс», л ~ ш / / с ) , 
т. б.
Сонымен, бұл дәуірде кейін түркі халықтарының негізін сала- 
тын тайпалар монғол тайпаларынан бөлініп, жікхеліп шықты 
деп қарау керек. Бұл дәуір — тарихқа дейінгі дәуір. Бұл дәуірде 
әлі аты белгілі халы қ та, ру да жоқ. Дұрысында, бізде ондай щэ- 
лім ет жоқ. Түркологияда бұл ряннепрятюрктчта деп аталып жүр. 
Түркіге дейінгі дәуірдің бұл — бірінпті крчрні бг>лгя керек. Ғ.кіһті 
қеяеңі- түркологияда «Хуң дәүірі» деп аталатын мерзім. Хун дәуірі 
деп атау біздің заманымыздың алғаш қы жылдарында емір сүрген 
Хун империясына байланысты.
Хун империясы О рталық Азиядан Шығыс Европаға дейінгі 
ұлан-байтақ территорияны мекен еткен түркі, ^монғол, тұңғыс- 
маньчжур тектес тайпаларды біріктірген қуатты мемлекет болған. 
I ғасырда империя ауызбіршіліктің жоқтығынан, сондай-ақ кәрші- 
лердің әсерімен де екіге: Батыс және Шығыс Хун мемлекеттеріне 
ажырайды. Бұл жіктеліс түркі тайпаларының кейінгі дамуына 
үлкен әсер етті, мемлекеттің батыс бәлігіне қараған рулар мен 
тайпалардың кейінгі тарихи тағдыры бірге болды да, мемлекеттің 
шығыс бөлігінде қалған рулар мен тайпаларды ң кейінгі дамуы 
бірыңғай болды. Сейтіп түркі тілдерінің (халықтарының да) қа- 
зіргі батыс және шығыс топтарының қалыптаса бастауы осы Хун 
империясынан басталады. Б ұд дәуірде осыдан бұрын басталған 
түркі тілдерінің монғол тілдерінен жіктелу процесі аяқталады. 
Түркі тілдері негізінен з, ш дыбыстарын айтатын тілдер болған-
21


мен, олардың ішінде бұлғар тілі (кейін чуваш тілі) түркі-монғол 
бірлестігінің сипатын (р, л  дыбыстарын) сақтап қалды. Сонымен 
қатар, з дыбысының с варианты, ш дыбысының с, ж варианттары 
қалыптасты: жаз, жазыл, дьас, дар (дар етті), дарыл (дары лда) — 
р ~ зЦ с, бесЦбеш, білек, л ~ ш Ц с , бышЦпысЦпіс, быжыл (быжыл- 
да) іиЦжЦс.
Бұл кезеңде оғыз-қарлұқ-қыпш ақ тіл бірлестігі қалыптасты. 
Б ірақ оғыз, қарлұқ, қыпш ақ тілдері (тілдік бірлестіктері) бір-бі- 
рінен айқын жіктеле қойған жоқ. Дегенмен, Хун дәуірінде-ақ 
оғыздар мен қыпш ақтар, қарлұқтар тарих сахнасына шыға баста- 
ды. Қытай жылнамаларында, сонымен қатар, қаңлылар мен үйсін- 
дерді атайды, олардың тілі мен түрмысына қатысты мәліметтер 
беріледі. Сонымен, Хун империясы — түркі тілдерінің тарихи дәуі- 
рі. Қ азақты ң халық тілінің этногенездік кұрамы да осы дәуірден 
бастап назар аударады.
Оғыз-қарлұқ-қыпш ақ тіл бірлестігі, екінші жағынан, қазақты ң 
халық тілінің басты арналарының біріне айналса, қыпшақ, қаңлы, 
үйсін тайпа тілдері (тарихи ж ы лнамалар хабар беретін) қазақты ң 
халы қ тілінің қүрамына енгендер. Түркологияда V—X ғасыр көне 
түркі дәуірі деп аталып жүр. Бұл алғаш қы Түркі мемлекетінің — 
түрк-і қағанатының дәуірі, түркі жазуының, түркі ж азб а тілінің 
дәуірі. Д әуірдің тарихи-әлеуметтік үлкен ерекшелігі — түркілер өз 
тарихын өзі ж аза бастаған, өздері ж айлы мәліметті өздері хатқа 
түсіре бастаған кез. Бұл дәуірдегі түркі тілдеріне тән негізгі бел- 
гілер деп мыналар аталады: сөз арасында, сөз соңында тЦд ды- 
’ быстарының сәйкес қолданылуы басым болады: адақ. Бұл ерекше- 
лік біздің заманымызда якут тілінде (т) сақталып қалған. Қөне 
түркі дәуірінің өзінде сөз ортасындағы д(т) з дыбысына ауысуы 
кездеседі. Сөйтіп тарихи р ~ д(т) ~ з ( с )  дыбыс сәйкестігі қалып- 
тасады. Бұл дәуірдің бізге жеткен ескерткіштерін ж азб а тілдің 
мүрасы дейтін көзқарас қалы птаса бастады. Сол ж азб ал ар тілін 
екі түрлі топқа бөлетін пікір де орнықты. Олар — Орхон-Енисей 
ескерткіштері және көне ұйғыр тілі ескерткіштері. Орхон-Енисей 
ескерткіштері тілдік сипаты жағынан бүгінгі түркі тілдерінің қай- 
сысын д а еске түсіреді, солардың қайсысының да көне заманғы 
архетипі ретінде қарастырыла алады. Мысалы, ол тілдің бір бел- 
гісі ретінде қаралаты н ңЦнЦй дыбыс параллелінің барлық сыңары 
қазіргі түркі тілдерінде кездеседі. Немесе сөз басында мЦб парал- 
лелі түркі тілдері арасында қалыптасқан (мен, бен — қазақ, тү- 
рікмен) сәйкестік болумен бірге, бір ғана тіл құрамында да қол- 
данылады: м ы н д а ~ б ү н д а , т. б. М ерзімі жағынан көне ұйғыр 
ескерткіштері соңғы кейінгі уақы тқа жатады. Қөне ұйғыр ескерт- 
кіштерін екі түрлі диалектінің: н — диалект және й — диалектінің 
көрінісі деп қарау қалыптасты. Қөне ұйғыр ескерткіштерінің й — 
диалект тобы фонетикалық және морфологиялық құрылымы жа- 
ғынан көне қ а за қ тілінің алғаш қы бастауын байқатады.
Дегенмен, көне түркі дәуірінде қыпшақ, оғыз, ұйғыр (қарлұқ) 
тайпалық тілдер бірлестіктері бой көрсете бастады. Қөне түркі 
дәуірі ж азбалары нда сол тілдік бірлестіктердің, сондай-ақ жеке
22
тілдер: қыпшақ, оғыз, қырғыз, ұйғыр, т. б. тілдердің ерекшеліктері 
көрініс тапқан.
Сонымен, V—X ғасыр аралығы түркі тілдерінің ©зара жақын- 
ды к белгілері бой көрсете бастаса да, әлі толық жіктелмеген дәуір. 
Осы белгісіне орай бұл түркі бірлестігі дәуірінің бірінші кезеңі — 
көне түркі қағанаты кезеңі болып табылады. Қ а за қ тілі тарихы 
ү ш ін
ХІ—
X V
ғасырлар аралығы — түркі бірлестігі дәуірінің екін- 
щ і 
кезеңі, үлкен мәнді мерзім болды.
XI—XV ғасырларда д/т ~з/с сәйкестігі ж аң а сатыға кеше бас- 
тады. Сәз ортасындағы д дыбысын айтатын тілдермен қатар й ды- 
■бысын айтатын тілдер қалыптаса бастады. Сөйтіп түркі тілдері 
тарихында белгілі, тілдерді жіктеуде еске алатын дыбыс сәйкесті- 
гі: д Ц т ~зЦ с~й қалыптасады, енді түркі тілдері сөз ортасында қай 
дыбыстың айтылуына қарай д/т тілдері, з тілдері, й тілдеріне жік- 
теле бастайды. Түркі тілдері мен монғол тілдерін жіктеген р ~ з , 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет