101
төзімділікке ие: олар 85 °C температураға 10 минут төтеп береді, ас
тұзының концентрациясын 6,5%
- ға дейін көтереді, төмен температураға
төтеп береді. Стрептококктар 10-нан 45
0
С-қа дейін және рН 4,8-
9,2 аралығында өсуге қабілетті.
А тобындағы стрептококктар 1 г өнімде 1000 бірлік мөлшерде
тамақпен бірге келіп, инкубациялық кезеңі 12-72
сағатты құрайтын өткір
ауруды тудырады. Клиникалық көрініске жұтқыншақтың тітіркенуі мен
қызаруы, жұтылу кезіндегі ауырсыну, тонзиллит, ринит,
бас ауруы,
жоғары қызу, жүрек айну, құсу, кейде бөртпе пайда болады. Симптомдар
1-3 күнге созылуы мүмкін және әдетте асқынусыз өтеді. D тобының
стрептококктары 1 г өнімде 10
6
-10
7
микроб жасушалары болған кезде
жедел тамақтан улануды тудырады. Инкубациялық кезең 2-36 сағатты
құрайды.
Улану белгілері диарея, ішек, безгег, кейде жүрек айнуы мен
құсу қосылады.
Стрептококктар тез бұзылатын көптеген өнімдерде сақтаудың
температуралық режимі (10 *С жоғары) дұрыс болмағанда: сүт, балмұздақ,
жұмыртқа, шұжық, ірімшік, картоп, жұмыртқа және салаттарда, дайын ет
жартылай фабрикаттарында, желе, пудинг,
кремдерде қарқынды көбейе
алады.
Достарыңызбен бөлісу: