104
токсикокинетикасы жетекші рөл атқарады. Ішекте сіңгеннен кейін ол
қанмен бірге орталық жүйке жүйесіне ауысып жүйке жасушаларында
мықтап бекітіледі. Токсиндердің нейроциттермен алғашқы байланысының
өзі
клиникалық
көріністер
бере
бастайды.
Жедел
улану
симптоматикасында алдымен спецификалық емес белгілер басым болады,
соның ішінде жалпы әлсіздік, бас ауруы, одан әрі птоз, диплопия, мидриаз,
бет бұлшықетінің парезі сияқты неврологиялық бұзылулар қосылады.
Клиникалық көріністің ауырлығы жоғарылаған сайын тілдің, көмейдің,
жұмсақ таңдайдың сал ауруының белгілері пайда болып, сөйлеу, шайнау,
жұту процестері бұзылады. Асқазан-ішек жолы
тарапынан ішектің мотор
функциясының күрт бұзылуы байқалады. Пульс бұзылып, тыныс алу
жеткіліксіздігінің жоғарылауы тіркеледі. Ботулизмнің клиникалық
формаларының 20% және одан да көп жағдайда тыныс алу
бұлшықеттерінің
сал ауруы, тыныс алуды тоқтату нәтижесінде өліммен
аяқталады.
Нәрестелік тип ерте жастағы сәбилерде споралармен ластанған кезде
пайда болады, ересектердің классикалық тағамдық токсикозынан
айырмашылығы вегетативті формаларға айналмайды, бірақ ішекте
өздігінен колонизацияланып токсин шығара бастайды.
Бұл жағдайда споралардың негізгі азық-түлік көзі - бал. Клиникалық
түрде ауру іш қату, тәбет жоғалуы, сілекей жоғарылауы түрінде көрінеді.
Ботулизм диагнозы баланың нәжісіндегі ботулотоксинді
тексеру кезінде
анықталады.
Ботулизмнің жаралық түрі клостридиялардың жараға енуімен
байланысты өте сирек кездеседі, онда олар көбейіп, ботулотоксин
шығарады.
Анықталмаған даму механизмды ботулизм типтік клиникалық түрі
және Clostridium botulinum берілу жолдары
мен факторларын анықтау
мүмкін еместігімен бірге науқастар бөлінуінде ботулотоксинді
сәйкестендіру болған кезде тіркеледі.
Анықталмаған даму механизмі бар ботулизм типтік клиникалық түрі
ауырған адамдардың нәжістерінде ботулотоксин болып бірақ Сlostridium
botulinum таралу жолдары мен факторларын анықтай алмауымен
байланысты жағдайларда тіркеледі. Мұнда тағамдарда клостридиялардың
көп мөлшерінің жиналуымен байланысты емес, адамның ішек жолдарында
Clostridium botulinum колонизациясы нәтижесінде пайда болады деп
саналады, мысалы, ұзақ антибиотикалық терапиядан кейін.
Ботулизмның зертханалық диагностикасы
Clostridium botulinum
түрін тез анықтауға бағытталған. Осы мақсатта науқастардан алынған
материалдарда (қан, нәжіс) қоздырғыш және токсиннің болуы анықталады.
Clostridium
botulinum
таралуының
негізгі
жолы
табиғи
тасымалдаушыларымен (көбінесе жануарлар мен балықтардан) немесе
олардың тіршілік ету ортасымен (топырақтан) байланысты. Ет пен балық