39
білім беру бағдарламасын іс-тəжірибеге енгізу тетіктерін анықтау барысында
мұғалім-білім алушы, білім алушы-білім алушы, мұғалім-мұғалім
арасындағы оқыту əрекеттерін интеграциялауды атқару арқылы тиімді əрі
тиімсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік туады. Ол үшін төмендегідей бағытта
жұмыстар жүргізіледі:
1. Білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын сабақта интеграциялау
бойынша жоспарлау жəне өткізу;
2. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау
бойынша оқу-əдістемелік бірлестікте, семинарлар мен дөңгелек
үстелдерде талқылау жұмыстарын жүргізу;
3. Нəтижеге қол жеткізу бағытындағы жұмыстарды жандандыру;
4. Мұғалімдердің өзара əдістемелік көмек көрсетуі;
5. Білім беру кеңістігіне «Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялау бағытында
білім алушыларға эссе, шығарма жазғызу, сурет салғызу, шығармашылық
тапсырмалар орындату;
6. Бұқаралық ақпараттық құралдарда өз тəжірибелерімен бөлісе отырып,
кері байланыс орнату жағын қарастыру;
7. Интеграциялау бағытында курстық жұмыстар, дипломдық жобалар мен
ғылыми жобалар жазу жəне қорғау жəне т.б.
Ең бастысы, білім беру бағдарламасын үнемі интеграциялай отыра,
«Жанды білім» берудің нəтижесімен бөлісе отырып, салыстыру, талдау
жұмыстары арқылы мониторинг жүргізу қажеттігі туындайды.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің пəнге интеграциясы -
бұл, ең алдымен, білімді жандандыру, оның басты мəнін анықтау, бұл тұтас
білім, мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар мен əр алуандықтағы бірлік
көрінісі негізінде барлық пəндерді синтездеу (жинақтау):
- жалпыадамзаттық мəңгілік құндылықтар білім берудің фокустық
нүктесі болуы тиіс, басқаша айтқанда, біз үйрететін нəрсемен біртұтас
тұтастықты құрауы тиіс.
- «Өзін-өзі тану» – білім беру процесінің тұтастығын, адамгершілігін
жəне жандылығын қамтамасыз ететін метапəн.
Кез келген пəн балаларды рухани-адамгершілік тəрбиелеудің құралы
бола алады, оны өмір тəжірибесі дəлелдей білді. «Өзін - өзі тану» білім беру
бағдарламасы – бұл балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі
кезеңдегі өзін-өзі тану мəселесінің барлық сабақтармен өріле отырып берілуі.
Бұл жол адамзаттың адамгершілік тəжірибесін ұғыну, аға ұрпақтың, өз
халқының мəдени, рухани дəстүрлеріне баулу, жалпы алғанда, қоғамның
рухани дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: