«Өзін-өзі тану»
пəнінің қағидаттары:
Жауаптары
Жалпыадамзаттық
құндылықтар қағидаты
кез келген жағдаятты жəне ғылыми мəселені
бағалай білуге үйрете отырып, олардың ғылыми-
зерттеу дағдыларын дамытып, шығармашылық
əлеуетін ашуға мүмкіндік туғызады.
Оқыту үдерісінде
тұлғаның өзін-өзі
айқындау жəне өзін-өзі
дамыту қағидаты
сүйіспеншілік, ақиқат, тыныштық, парыз, қиянат
жасамау, мейірімділік, ұлттық, ғылыми, тұлғалық
жəне басқа да құндылықтардың өзгермелі
жүйелерінің тұрақты бөлігі болып табылады.
Оқушыларды ғылыми-
зерттеу
шығармашылығына
шабыттандыру қағидаты
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тану қабілеттерін,
шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіруді
дамытуды көздейді
2. Ізгі-педагог Ш.А.Амонашвилидің бір еңбегі туралы пікір
жазыңыздар.
3. «Өзін-өзі тану» пəнінің қағидаттарының ішкі мазмұнына сипаттама
беріңіз.
Қағидаттар
мәні
ұқсастықтары
4. Күнделікті өмірдегі қиянат жасамау тəжірибесі мен ерекшелігінің
сипаты туралы топпен талқылаңыздар.
5. «Шынайы шындық – бұл ар» тақырыбына өлең немесе эссе жазу.
34
2-ТАРАУ «ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ МЕН БАСҚА ПӘНДЕРДІҢ
ИНТЕГРАЦИЯСЫ
2.1. «Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялап оқыту – рухани-
адамгершілік тəрбие берудің қайнар көзі
Қай заманда болмасын адамзат алдына тұратын ұлы мұрат-міндеттердің
ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесі – келешек қоғам тəрбиесі. Сол келешек қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мəдени-ғылыми өрісі озық
етіп тəрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ел болашағын
ойлап, оның кемелденуі мен алға жылжуы үшін бала тəрбиесіне баса назар
аудару қажеттілігі бүгінгі күні ғылыми тұрғыдан да, тəжірибе жүзінде де
қарастырылып жүр. Олай болса, ұлымыз ұлықты азамат, қызымыз қылықты
бойжеткен болу үшін ұлтымыздың рухани-адамгершілік қасиеттерін
жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы бойларына сіңіру өзекті мəселе
екенін білгеніміз жөн.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тəрбиелік
жақсы дəстүр атаулыны жинақтап пайдаланып, шынайы адамгершілік
қасиеттерге баулуды мақсат еткен. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы
аға буынның ақыл-ойын, тəрбиелік тəжірибесін пайдаланбай өмір сүрген
емес. Сондықтан болашақ педагог маман ретінде жас жеткіншектің
жалпыадамзаттық рухани мұраға деген ізгілікті қатынасын дамытуда рухани
ұстаздардың іс-тəжірибесіне сүйене отырып жүзеге асыру міндеті жүктеледі.
Рухани ұстаздардың, Сократ, Платон, Аристотель, Төле би, Әйтеке би,
Қазыбек би, Әл-Фараби, Ж.Баласұғұн, Абай, Шəкəрім, Ж.Аймауытов,
Б.Момышұлы, т.б.ұлы да ұлықты тұлғалардың ой-пікірлері, өмірге деген
көзқарастары, ойдың, сөздің жəне істің бірлігі сияқты қайнар көзі, таусылмас
асқақ идеялары білім алушыларды шабыттандыру үшін қашан да бізге үлгі
болмақ. Түркі əлемінің ойшылы Қожа Ахмет Йассауи «Даналық» кітабында:
«Рухани бастауды танып білу, өзіңді-өзің танып білу»- дегенді
айтады.Адамның басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзін-өзі танып білу
арқылы, жетілу арқылы адамдық биікке көтеріледі. Ол адамды
ұстамдылыққа, өзін жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттер арқылы
сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады.
Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның əлеуетін
барынша ашуға бағдарланған. «Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялай отыра
оқыту білім берудің басты ерекшелігі пəнді жете түсінетін ұстаздың рөліне
байланысты болып табылады. Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі
жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолдану арқылы ғана
нəтижелі болады. Ол үшін ұстаздан құндылықтардың мəнін түсіне отырып,
өз пəнінің мазмұнына интеграциялауы, оның мəнінің біртұтас екенін көре
отырып, тəжірибеде қолдана алуына, сонымен қатар өмірмен байланысын
аша түсуін қажет етеді. Білім беруде ізгілендіру педагогикасының негізін
қалаушы Ш.А.Амонашвили: «Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім
жарық сəулесімен өзі нұрлана білуі керек» – дейді. Мұғалімнің мұндай үлгісі
35
баланың белсенділігін арттырып, білімге деген құштарлығын еселей түседі.
Ізгілікті педагогика Манифесінде «Мұғалім – нұр себуші, нұр таратушы, бала
– сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы»-деп жазылған. Ал нұрлы
балаларға қандай педагогика керек? Оларға сүйіспеншілік, мейірімділік,
түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, жанашырлық, қорғаныш т.б жеке
тұлға ретінде өмірге бейімдеуші педагогика керек. Мұндай педагогика
оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық
белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын
ізденуіне бағыт-бағдар береді. [10]
Жастарды рухани-адамгершілікке тəрбиелеудің əдіс-тəсілдері мен
жолдарына тілдік қарым-қатынас жасау тренингтері, оқу процесіндегі
пікірталас, ойындар, əңгіме, түрлі белсенділікті қажет ететін жұмыс түрлерін
орынды қолдану өскелең ұрпақтың мінез-құлқын қалыптастырып,
адамгершілік қадір-қасиеттерге баулуда айрықша мəнге ие, оны қай уақытта
да заман талабы айқын көрсетіп отыр. Бүгінгі күні шынайы өмірді қабылдай
білу көқарасымыз түбегейлі өзгеріп отыр, жаңартылған білім мазмұнына
орай, пəндік білімді өмірде дағдыға айналдыру, рухани кедейліктен
сақтандыру қажеттігі туындап отыр. Жастайынан балаларды өзін-өзі сыйлай
білуге, адамзат өміріндегі құндылықтарды біліп, оларды бағалай білуге,
басқа адамдарды түсінуге, өз тағдырын болжай отыра, өмір сүруге
бейімдеуге үйретуде «Өзін-өзі тану» пəнін оқыту жеткіліксіз. Сондықтан
аталған мəселелердің болашақ педагогтерді тəрбиелеуде оқу-тəрбие үрдісіне
түбегейлі интеграция жасауға үйрету міндеті тұр.
Білім – руханилық негізі. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты
жетілген, ұлттық сана, психология мен тəлімдік дəстүр мұраларын бойына
сіңіре өскен, парасатты болашақ ел азаматы – жас ұрпақтың адамгершілік
мінез-құлықтық тəрбиесін дамыту қоғамдық қатынастарға, қазіргі заман
талабына сай өткізілуі тиіс. Жалпы адамға жəне халыққа деген сүйіспеншілік
бала тəрбиесінде ұштасып жатуы қажет. Адамды жан-жақты дамытумен
қатар балаға адамгершілік тəрбие беру керек.
Адамзат баласы жұмыр жер бетін мекен ете бастағаннан бері өзін-өзі
тануға, ғаламдағы орнын анықтауға, өзара қарым-қатынасын реттеуге
ұмтылып, тек дамуға талпынуда екені айқын. Адамзаттың ақыл-ойы
тарихының бүкіл өн бойындағы сан-салалы пікірталастарға арқау болған
негізгі мəселелердің бірі – «Адам» жəне оның мəні мен ортасы [11].
Алайда дүниедегі барша жақсылық та, жамандық та адам қолымен
жасалынып келеді. Бұл əлемдік ауқымды алып қарасақ та, жеке ұлттың
тарихи шеңберін зерделесек те айқын көрінеді. Кез келген қоғамның дамуы
немесе құлдырауы сол қоғамда өмір сүрген адамдардың ой-парасаты мен іс-
əрекетіне тікелей байланысты. Ал жалпыадамзаттық құндылықтарды толық
түсіну адамның биік рухани болмысын жарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Сондықтан білім берудің кез келген жүйесінде берілетін білім жеке тұлғаны
рухани-адамгершілік жағынан жетілдіру арқылы тұлғаның үйлесімді
дамуының ашылуына, өмір жолын саналы таңдауға ықпал етуге, жоғары
«Мен» тұлғасын ұғындыруға жəне түсінуге бағытталуы үшін «Өзін-өзі тану»
36
рухани-адамгершілік
білім
беру
бағдарламасын
мүмкіндігінше
интеграциялағанда ғана жұмыс өз нəтижесін берері анық.
Бұл жолда бізге нақты бағыт беретін əр уақыттың дана ойшылдары,
ғұлама ғалымдарының еңбектері екені белгілі. Ұлы тұлғалардың төл
туындыларына зер салсақ, қай-қайсысында да адам бойындағы адамгершілік
қасиет, олардың қалыптасуы туралы кеңінен сөз болады.
Болашақ ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру жəне оны тəрбиелеу
қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномəдениеттік, жеке
тұлғалық құндылықтардың үйлесімді бірігуімен бағдарланған, олар қоғамға
қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мəнін жəне өмірдегі тағдырын
білуге мүмкіндік береді.
Адамды адам қылатын оның атақ-абыройы емес – намысы. Ар-намысы
биік адам ғана «Нағыз адам» деген атқа лайық екенін бəріміз түсінеміз.
Осындай қасиетті, ең алдымен, ата-анадан соң бала бойына қалыптастыруға
көмектесетін тұлға – мұғалім. Қоғамның болашағы білім беру жүйесіне
тікелей байланысты, өйткені біздің болашағымыз – мұғалім алдынан білім
алатын жас жеткіншектер. Ал рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы
осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген ұлы қазақ классиктерінің де
еңбегінде көрініс тапқан.
2.1-сурет. Нағыз адам қасиеттері
Нағыз адамға тəн басты қасиеттерді қазақ əдебиетінің классигі, ұлы
гуманист, кемеңгер, ойшыл Шəкəрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір
сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал
еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек (2.1-сурет). Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай,
адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Мейірімділік,
махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды
адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді жəне істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен – бірі тату
тұруында сөз жоқ», - деп жазды.
«Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау
сезімдерін тəрбиелеу айуандық инстинкттен аулақ болуға, зиянды
құмарлықтарды жоюға көмектеседі» - деп санады [12]. Абай атамыздың
мына сөздерін де ескеруге болады: «Рахымдылық, мейірбандылық, əр түрлі
істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді
37
демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына
көнсе, жалған шықпайды».
Айтылған пікірлерді талдай келе, шынайы білім ой, сөз жəне істің
бірлігіне бағытталуы тиіс. Яғни ақыл, қол жəне жүректің өзара əрекеттесуі.
Қазіргі заманауи білім ақыл-ой мен қол қажеттіліктерін қанағаттандырады,
дегенмен жүрек елеусіз қалып жатады. Біздің заманауи біліміміз баланы
материалдық табысқа бағыттайды, бірақ «Адамның шынайы бақыты деген
не?» екенін ойлануға үйретпейді.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында айтылғандай, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды
міндеттерінің бірі зияткерлік ұлтты қалыптастыру болып табылады, оның
өкілдері бəсекеге қабілетті білімге, креативті ойлауға ғана емес, сонымен
қатар жоғары азаматтық принциптерге, патриотизм мен əлеуметтік
жауапкершілік сезіміне ие болуы тиіс. [11]. Ал мұндай қасиеттерді
төмендегідей Шəкəрім Құдайбердиев сияқты ұлы адамдардың өлеңдерінің
мəн-мағынасын түсіндіре отырып қалыптастыру тиімді. Мысалы:
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап əділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық,- деген.
Өмірдегі жақсылық та, жамандық та, жеке адамның бойындағы
арлылық пен арсыздықтан, қасиет-кемшіліктерден бастау алады. Ал
кемшіліктің үлкен-кішісі болмайды, оның бəрі – адамдықтан айрылуға, ардан
аттауға бастар жол.
Білім беруде дұрыс қойылмаған басымдықтардың нəтижесінде дамыған
дарынды оқушылар бағдарлама бойынша қойылған барлық білім мен
дағдыларды ала алады, бірақ жинақталған білімді өзінің одан əрі дамуы жəне
қоғам игілігі үшін пайдалануға дайын болмайды. Сондықтан ар-ождан
мəселесіне мəн беру қазіргі кезеңнен бастау алуы қажет.
Ар – адам санасының негізі екендігін өз өлеңдерінде ақындар баса
айтқан жəне əр ғылымының озуын қалайды. Өйткені осы қасиет арқылы
жамандық, залымдық, мансапқорлық, дүниеқоңыздық жəне т.б. жаман
қасиеттерден арылу мүмкіндігін айқын көрсетеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |