Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Табиғи сәйкестілік қағидаты



Pdf көрінісі
бет18/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Табиғи сәйкестілік қағидаты. Тұлғаның жас жəне дара ерекшеліктерін, 
психикалық өзіндік ерекшеліктерін жəне əрқайсысының жеке тəжірибесін 
барынша тіркеп, физиологиялық қалпын жəне психикалық саулығын 
болжайды. Осы тұста Л.С.Выготскийдің: «Ұстаздың əртүрлі деңгейде 
дамыған оқушылардың барлығына бірдей материалды баяндауы, барлығына 
бірдей талап қоюы жəне бір өлшеммен бағалауы орынсыз, ол психологиялық 
шындыққа жанаспайды» - деген сөздерін есте сақтауымыз қажет. 
Әр оқушының жас ерекшелігінен басқа өзіндік психологиялық 
ерекшеліктері де болады. Сондықтан да мұғалімдер оқушылардың барлық іс-
əрекет салаларындағы дербестік белсенділігін арттыруға ықпал ететін 
ізгілікті əдістерді міндетті түрде пайдаланулары қажет [9].
Сонымен, «Өзін-өзі тану» пəні мен бүкіл мектеп өмірінің интеграциясы 
оқу үдерісіндегі рухани-адамгершілік дамудың жоғары маңыздылығымен 
түсіндіріледі. Интеграцияны жүзеге асыратын материалдар қазіргі 
ғылымдағы заманауи жаңалықтар мен философия ғылымындағы жаңа 
парадигмадан құралады. Егер, интеграцияны дұрыс жолға қойсақ, «Өзін-өзі 
тану» пəні уақыт өте келе тұтастықты, адамшылықты жəне руханилықты 
қамтамасыз ететін білім берудегі өзекті пəн, яғни метапəнге айналуы тиіс. Ол 
үшін мектептің білім беру мазмұнын, оқу пəндерін рухани-адамгершілік 
құндылықтармен интеграциялау керек. Сол кезде оқушылардың ішкі 
болмысына тəн қасиеттері ашылып, өздерінің іс-əрекеттерінде шындық, 
парыз, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамауы байқалады.


33
Сұрақтар:
1. Адамның ой, сөз, іс бірлігінде мінсіз өмір сүруі үшін бойында бар
жақсы қасиеттерді қалайша дағдыға айналдыру керек?
2. Адам өзінің тұлғалық даму барысында қандай негізгі кезеңдерді
бастан кешіреді?
3. Тұлғалық өсу үдерісінің мəнісі неде жəне оның өзін-өзі танумен
байланысы қандай?
4. Адам өзіне үңіліп, іздене бастаған сайын оның алдынан білімге деген
мұқтаждық шығады. Өзін-өзі тану мен білім арасында қандай байланыс бар?
5. Осы өмірде əр адамның жасаған барлық іс-əрекеті жаңғырып болып
өзіңе қайтып келетінін білгендіктен, адам өзін тек жақсы іс-əрекеттер 
жасауға, туыстарына қамқоршы, таныстарына мейірімді болуға, əркез əділ, 
сабырлы болуға дағдыландыра алады ма? Қалайша?
Тапсырмалар:
1. «Сəйкестендіру». Сөздер мен жауаптардың орындары ауыстырылып
беріледі. Сөздер мен жауаптарды бір-бірімен сəйкестендіріп, дұрыс 
жауаптарын табыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет