Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет21/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Сұрақтар: 
1. Психологиялық-педагогикалық ғылымда «рефлексия» ұғымының əр
түрлі түсініктерінің болуы немен байланысты?
2. Кəсіби құзыреттіліктің компоненті ретінде «кəсіби мəдениет»
ұғымына анықтама беріңіз жəне оны өмірмен байланыстыра отырып


40
мысалдармен дəлелдеңіз. ( Кейбір білім алушылар мəнжазба ретінде де 
қорғай алады)
3. Болашақ «Өзін-өзі тану» пəн мұғалімі біліктілігінің кəсіби-тұлғалық
əлеуетінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтап, өз жобаңызды ұсыныңыз.
4. Кəсіби 
құзыреттілік 
мұғалімнің 
қандай 
психологиялық
қасиеттерімен сипатталады?
5. Неге кəсіби өзін-өзі тану педагогтің кəсіби мəдениетін қалыптастыру
процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады?
Тапсырмалар: 
1. Болашақ мұғалім «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасының 
психологиялық-педагогикалық 
жəне 
əдіснамалық 
негіздерін түсіне білуін презентациялау:

«Интеграция» ұғымын теориялық тұрғыдан дəлелдеу жолдары;

«Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялап оқытудың қажеттілігі;

«Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялап оқытудың психологиялық
негіздері;

«Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялап оқытудың педагогикалық
негіздері;

«Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялап оқытудың əдіснамалық
ерекшеліктері жəне т.б.
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іс-
тəжірибеге енгізу тетіктерін анықтау, яғни интеграциялау жолдарындағы 
тиімді жақтарын анықтау бағытында презентация даярлау:

Жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшеліктерін көрсету;

«Ақиқат» ұғымының сабақ барысындағы көрінісі;

«Сүйіспеншілік» құндылығының өмірмен байланыстылығы;

«Дұрыс əрекет» құндылығы – өз түсінігіңде;

«Тыныштық» құндылығын интеграциялау арқылы жарыққа шығару
жолдары;

«Қиянат жасамау» құндылығының көрінісі жəне т.б.
3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын
интеграциялауда іс-тəжірибе тарату жəне оның жетілдіру жолдарын 
қарастыруды презентациялау:

Дəйексөз таңдаудың интеграциялауға қатысы;

«Мұғалімнің сыйы» қажеттілігін дəлелдеңіз;

Сабақтағы шығармашылық жұмыс түрлері;

Ән орындаудың сыры неде?

Әңгімелерге байланысты сауалнама əзірлеу жолдары жəне т.б.
Негізінен, тапсырмалар білім алушыдан шығармашылық бағытта іздену 
деңгейлерін арттыру мақсатында болғандықтан, жұмыстарын түрлендіру 
жүйесіне шектеу қойылмайды. Алған тақырыптарын презентациялау 
барысында бейнежазба, сауалнама, оқушы жұмыстарын кіріктіре отыра 
орындауларына рұқсат етіледі. 


41
Ал презентацияларын бағалау барысындағы критерийлерді білім 
алушыларға алдын - ала тапсырма ретінде беруге немесе қорғау жұмысын 
бастар алдында бірлесе отырып құруларына болады. 
4. Төмендегі тақырыптар бойынша эссе жазу:

Жақсылық менен басталады

«Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын интеграциялаудың маңызы

Интеграциялау барысындағы қиындықтар

Ізгі педагог еңбектерінің рухани құндылығы

Ізгілік педагогикасының классиктері

Мені шабыттандырады...

Мен шабыттандырамын жəне т.б.
5. Кəсіби тəжірибе барысындағы интеграция туралы рефлексивті есеп
жасап, оны қорғаңыз. Қорғау жолы шығармашылық бағытта болуы 
ескерілсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет