31
мамандарда бірегей рухани-материалдық тұтас əлемнің бірлігін
қалыптастыруға көмектеседі жəне ұрпақтан-ұрпаққа
зияткерлік қана емес,
рухани - адамгершілік құндылықтарды табыстауға рұқсат береді.
Әлеуметтік ынтымақтастық немесе қоғамға қызмет ету
қағидаты. Білім берудегі басымдылықтың дұрыс құрылмауына байланысты,
жақсы дамыған талантты оқушылар бағдарламаларға сəйкес тиісті білім
қорын игергенімен, оны алға дамытуға, қоғам игілігіне жаратуға дайын емес
болып шығады. Қоғамда дүниеге келген адам
сол қоғамның игілігі мен
дамуы үшін қызмет етуі тиіс. Қазіргі қоғамға білімді, ашық жүректі, ақыл-
ойы кең, риясыз қызмет етуге қабілетті адам қажет. «Қарапайым өмір мен
жоғары тұрғыдан ойлау», – міне, осы білім берудің идеясына айналуы тиіс.
Өкінішке орай, бүгінгі күннің идеясына «жоғары деңгейдегі өмір мен төмен
тұрғыдан ойлау» айналған. Қазіргі білім алушылар – болашақ
ғалымдар,
саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кəсіпкерлер – олардың өздерінің кəсіби
қызметтеріне қандай қағидаттарды басшылыққа алатыны біздің бүгін
олардың игеретін білімдерін қандай құндылықтармен толтыруымызға
байланысты.
Қоғамдағы өтіп жатқан барлық үдерістің білім алушылар үшін жат
болмай, алған білімін халықтың тұрмысын жақсарту үшін қолдануға болатын
тұстарын көре білуінде. Бұндай жоспар үшін
олар бір топ болып жұмыс
жасауды, өмірлік міндеттерін тұжырымдауды жəне іс жүзінде шешуді
үйренуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: