«Б. Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» кмм



бет26/27
Дата20.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#84787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 18.05.2022 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетоа М.К.

Сынып: 8 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қорытынды сабақ

Сабақ мақсаттары

1.Оқушыларды жол тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу
2. Жолда жүру ережелерін меңгерту және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар

  • Жол ережелерін біледі және сақтауға дағдыланады

  • Жолда жүру мәдениеттіліктері қалыптасады

  • Куә болған келеңсіз оқиғаларға араша болуға үйренеді

  • Бір – бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге ойын еркін жеткізуді ұғынады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы
5 минут

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Бес саусақ»әдісі арқылы 5 түрлі адам өміріндегі басты орын алатын қағидалар мен қасиеттерді сараптап, бір – біріне тілегін жеткізу
Топқа бөлу «Бағдаршам»
Сар, жасыл, қызыл түстер арқылы топқа бөлу



Қорапша, қима қағаздар, стикер




Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар






Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 – 25минут


25 – 28минут

28-33минут


33 -40 минут



Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»

- Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп,
тіліп алу баршамызға керек.
- Неге?
- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып. – дей келе, Ақ парақ таратылады.

Сарамандық жұмыс:
- Балалар, осы тақырыпқа мұқият ойланып сурет салайық. (Балалар осы тақырып бойынша өздері суреттеп, бояп әңгімелейді. Ол суреттер тақтаға ілінеді.)
Ең үздік суреттер

Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ - сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап
- Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

ІІ. Қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Маркер, стикер, плакат





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет