«Б. Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» кмм


Мектеп: Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі



бет24/27
Дата20.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#84787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Мектеп:

Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 27.04.2022 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетоа М.К.

Сынып: 8 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар

Сабақ мақсаттары

а)оқушыларға велосипедке қойылатын техникалық талаптар және велосипедшілердің жүрісіне қойылатын қосымша талаптар туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар

  • Жол ережелерін біледі және сақтауға дағдыланады

  • Жолда жүру мәдениеттіліктері қалыптасады

  • Куә болған келеңсіз оқиғаларға араша болуға үйренеді

  • Бір – бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге ойын еркін жеткізуді ұғынады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы
5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге велосипедке қойылатын техникалық талаптар және велосипедшілердің жүрісіне қойылатын қосымша талаптар туралы түсінік беремін. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.



Қорапша, қима қағаздар, стикер



Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 – 25минут


25 – 28минут

28-33минут

33 -40 минут



«Велосипед» француз сөзі. Ол «желаяқ» деген ұғымды білдіреді.
Велосипед көліктің бір түрі, ал велосипедші — оны жүргізуші болып есептеледі. Сондықтан ЖЖЕ-де велосипедшілерге арналған арнайы тарау бар. Ол «Велосипед және велосипедшілерге қойылатын техникалық талаптар» деп аталады. Мысалы, ЖЖЕ-сі аспалы двигателі жоқ велосипедпен жасы 14-тен асқан балалардың ғана жолға шығуына рұқсат етеді. Ал 2 не 3 доңғалақты, двигателінің жұмысы 50 см. кубтан көп емес, жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспайтын көлік түрлерін 16 жастан асқан жасөспірімдер пайдалана алады.

Сабақты бекіту


Интербелсенді тақтада велосипедке қойылатын талаптар.
Велосипедте қоңырау және алдыңғы жағында қараңғы түскенде пайдаланатын, динамика күшімен жанатын фонары, арт жағында – сәуле шағылысатын қызыл пластмасса белгі жапсырылуы тиіс.
Аяқ тежеуішінің ақаусыз болуы, оны ауық-ауық тексеріп тұру қажет.
Интербелсенді тақтада велосипедшілерге қойылатын талаптар.
Велосипедшілер жолдың шетінен 1 м қашықтықта және 1 қатармен ғана жүре алады. Бұл қағида тоқтап тұрған көлікті басып озу кезінде ғана бұзылады.
Велосипедшілерге жаяу жүргінші жолымен жүруге болмайды.
Рульді бос жіберіп жүруге тыйым салынады.
Велосипедті еркін басқаруға кедергі келтіретін көлемі үлкен заттарды алып жүруге болмайды.
Арнайы жабдықталмаған велосипедпен балаларды міңгестіріп жүру де қауіпті.
Сол жаққа бұрылатын немесе кері айналатын велосипедші оны жаяу жетектеп, өзіне керек жаққа шыққан соң оған қайтадан мінгені дұрыс.
Велосипедшілер топталып жолға шығатын болса, өздері жүретін бағдармен алдын ала танысып алуы қажет.
Басқа көлік жүргізушілері оларды тез байқауы үшін ашық түсті киім кигені дұрыс.
Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған медициналық қобдишаны да ұмытпау керек.
Топталып жүргенде бір-біріне жақын, бір тізбекпен, жолдың оң қапталымен жүрген жөн.
Ең дұрысы – алдыңғы және соңғы велосипедке қызыл жалауша іліп алу.
Топ болып жолға шығуға күн жарықта ғана рұқсат етіледі.
Тежеуіші жақсы істемейтін велосипедпен жолға шығуға мүлде тыйым салынады.
Арнайы салынған велосипед жолының мүмкіндігі жараса, онда бірнеше қатар түзіп жүруге болады.
Ал қарсы жақтан басқа велосипедшілер келе жатса, онда оң қапталмен 1 тізбек болып жүру керек.
Топ басшысы болуға тиіс. Ол ылғи топтың алдында жүріп, қалғандарына бақылау жасайды.
Реттелетін көше қилысына топталып келгенде, бағдаршамның жасыл жарығына өту керек.
Реттелмейтін көше қилыстарына таянғанда, басқарушы көлденен көшеде көліктердің жоқтығына көз жеткізіп, алдын ала жалаушасын көтеру арқылы топты өткізіп жібереді де, соңынан қуып жетеді.
Интербелсенді тақтада велосипедшілер бұрылар кезде қандай белгі көрсетуі тиіс?
Кедергіні айналып өтерде, басқадай қауіп жоқтығына көз жеткізуің керек немесе сол қолыңды жаныңа соз немесе оң қолыңды шынтақтан жартылай жоғары көтер. Бұлайша белгі беру велосипедшіні жауаптан құтқармайды. Ол мұның бәрін алдын ала, жан-жағы анық көрінетін жағдайда жасауы тиіс.
Оңға бұрыларды немесе қатарға тұрарда жаныңа қарай оң қолыңды соз не сол қолыңды жартылай шынтақтан жоғары көтер.
Тоқтар кезде қолың жоғары көтерілген қалыпта болсын. Қауіпті жерлерден өтерде велосипедтен түсіп, оны жаяу жүргіншілер өткелінен алып өтуге болады.

Сабақты қорытындылау


Велосипедті шығар алдында тексеріп алу. Велосипедті бойыңа қарай іріктеп алу.
Велосипедтегі ақаулар және оларды жою.
Велосипедшілер үшін жасқа қарай шектеулер.
Жүргін бөліктегі қозғалыс тәртібі.
Маневр жасау, реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өту ережелері.
Велосипедші жолдың әр бағытында екі жолақтан болған жағдайда велосипедтен түспей кері бұрылуға құқығы бар ма?
Велосипедші қозғалыс бағытын өзгертетіні туралы әрқашан ескерту белгісін беруге тиіс пе?
Жүк тасымалы ережелері.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар,

түрлі-түсті маркерлер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет