Бағалаудың субъектісі мен объектісі, бизнес, кәсіпорын бағалаудың объектісі ретінде


Сақтандыру серіктестіктерінің бағалау мақсаттары



бет3/22
Дата12.06.2023
өлшемі386,13 Kb.
#100695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ООД база

Сақтандыру серіктестіктерінің бағалау мақсаттары

Бағалау дегеніміз – кез келген объектінің нарықтық және басқа да құнын анықтау.

- Сақтандыру жарнасының мөлшерін белгілеу;


- Мүмкін болатын шығындар жорамалындағы сақтандыру төлемінің сомасын анықтау.

  1. Инвесторлардың бағалау мақсттары

Бағалау дегеніміз – кез келген объектінің нарықтық және басқа да құнын анықтау.
- Қаржы салымдарының мақсатқа лайықтылығын (пайдалылығын) тексеру, инвестициялық жобаларды бағалау, инвестициялық ортада негізді басқарылатын шешімдер қабылдау;
- Инвестициялық жобаға қосу мақсатымен кәсіпорынның рұқсат етілген сатып алу бағасын анықтау .

  1. Мемлекеттік органдардың бағалау мақсаттары

Бағалау дегеніміз – кез келген объектінің нарықтық және басқа да құнын анықтау.
- Мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіруге дайындау;
- Салықты есептеуге салық салатын базаны анықтау;
- Банкроттық арқылы мәжбүрлі жою кезіндегі түсімді анықтау;
- Мемлекеттік акциялар пакетінің құнын бағалау;
- Сотқа жататын мақсаттар үшін бағалау .

  1. Меншік иесінің ұсыныстарына негізделген принциптер

Пайда принципі. Пайда принципі кәсіпорынның меншік иесінің сұранысын қанағаттандыруға қабілеті жоғары болса, оның бағасы да жоғары болатынын көрсетеді.
Орнын басу принципі. Ол келесі жағдаймен анықталады: кәсіпорынның максималды бағасы баламалы пайдасы бар басқа бір объектті сатып алуға болатын ең аз бағасымен анықталады.
Күту принципі. Бизнестің өткен және қазіргі жағдайы маңызды, бірақ оның экономикалық бағалауын оның болашағы анықтайды. Бизнестің өткен және қазіргі жағдайы оның болашақты анықтайтын бастапқы негізі ғана болады. Кез-келген бизнестің, кәсіпорынның пайдалылығы оның болжаулы болашақ кірісінің қаншаға бағаланатынымен анықталады.

  1. Меншікті пайдаланумен байланысты принциптер

Салым принципі. Кез-келген қосымша активті кәсіпорын жүйесіне қосу экономикалық пайдалы, егер кәсіпорын бағасының алынған өсімі бұл активті сатып алуға кеткен шығыннан көп болса.
Қалдық өнімділік принципі. Әр фактор берілген қызметпен жасалған кіріспен төленуі тиісті. Жер қозғалмайтын мүлік болғандықтан, өндіргіш күш, капитал және басқару факторлары соған қарай тартылуы тиісті. Басында бұл факторларға өтемақы төленуі тиіс, ал қалған ақша меншік иесіне жер учаскесін пайдалануға төлем ретінде беріледі.
Шектік өнімділік принципі. Ресурстардың өндірістің негізгі факторларына қосылуының мөлшеріне байланысты таза қайтарым шығынның өсу қарқынынан тезірек өсу үрдісін көрсетеді, бірақ белгілі бір нүктеге жеткеннен кейін жалпы қайтарым өссе де баяу қарқынмен өседі. Бұл бәсеңдеу баға өсімінің қосылған ресурстарға кеткен шығыннан кем болып қалмағанынша жүреді.
Баланс жасау принципі. Кәсіпорын ең жоғарғы тиімділікке өндіріс факторларының объективті келісілген үйлесімділігі кезінде жетеді. Кәсіпорын жүйесінің әр-түрлі элементтері өткізу қабілеті және басқа сипаттамалары бойынша өзара келісілуі керек. Үйлесімділікті бұзуға әкеп соғатын қандай да бір элементті жүйеге қосу кәсіпорын бағасының өсуіне әкеледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет