Тіркеуші - бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге
асыратын кәсіби қатысушысы.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым - ол елдің орталық банкі берген лицензиясы бойынша қор биржаларында барлық есеп айырысу операцияларын орындайтын заңды тұлға. Есеп айырысу-клирингтік ұйым қор биржасымен қатар тауар және фьючерстік нарықтарға да қызмет көрсетеді.
Есеп айырысу-клирингтік ұйымдар тек ұлттық қана емес, сондай-ақ халықаралық, ал болашақта әлемдік болып ұйымдасуы мүмкін. Мұндай өзгерістер ұлттық биржалық нарықтардың интернационалдануын көрсетеді.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым - ол коммерциялық ұйым, оның мақсаты - пайда табу. Жарғылық қоры мүшелерінің жарнасынан құралады. Оның табысының көздері:
мәмілені тіркегені үшін ақы;
ақпарат сатудан түскен табыс;
ұйым қаражатын айналысқа түсіруден түскен табыс;
есеп айырысу технологиясын сатудан, бағдарламалық қамтамасыз етуден және т.с.с. қызметтен түскен табыс.
Есеп айырысу-клирингтік ұйым туынды бағалы қағаздарды, яғни фьючерстік шарттарды және биржалық опциондарды сатуда негізгі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |