мемлекеттік меншік пен ресурстарды (мемлекеттік кәсіпорындар, табиғи және жер ресурстары) ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында биржа кызметін реттейтін негізгі мемлекеттік органдарға: Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі, Қазақстан қаржы министрлігі және Қазақстан Ұлттық банкі жатады. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі тікелей Қазақстан қор биржасының қызметін реттесе, ал Ұлттық банк валюта биржасының қызметін реттеумен шұғылданады. Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп тәртібін белгілеп, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастырып және олардың биржадағы айналымын реттейді.
Қазақстан биржалық нарығы мынадай негізгі заң актілерімен реттеледі:
Азаматтық кодекс. Жалпы бөлім. 1995 ж.;
«Қазақстан Ұлттық Банкі туралы» Заң. 1995 ж. 30 наурыз;
«Қазақстандағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң. 1995 ж. 31 тамыз;
«Тауар биржалары туралы» Заң. 1995 ж. 7 сэуір;
«Қазақстан Республикасында қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы» Заң. 1995ж. 24 желтоксан;
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу туралы» Заң. 1996 ж. 24 желтоқсан;
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң. 1997 ж. 20 маусым;
«Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметі туралы» Заң. 2000 ж. 18 қаңтар;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заң. 2003 ж. 13 мамыр;
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң. 2003 ж. 2 шілде;
«Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003ж. 4 шілде.