11.4. Биржалық саудаға қатысушылар
Биржалық саудаға биржа мүшелері және заңдар мен биржа ережесіне сәйкес саудаға қатысуға құқығы бар жақтар қатысушы бола алады. Биржалық саудаға қатысушылардың құрамы биржаның түріне (қор биржасы немесе тауар биржасы) және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады. Биржалық залдағы қатысушыларды шамамен мынадай топтарға бөлуге болады:
мәміле жасаушылар;
мәміле жасауды ұйымдастырушылар;
биржалық сауда барысын бақылаушылар;
сауда жүргізуді қадағалаушылар.
Биржалық операцияларды биржалық қызметтің әртүріне маманданған тек кәсіби қатысушылар ғана жүргізеді. Биржалық операциялардагы делдалдарды әртүрлі атайды: маклер, курьте, комиссионер, брокер, маркет-мейкер, дилер. Олар өз қызметі үшін процентнен белгіленген не сыйақы немесе мәміленің жалпы сомасының процентпен есептелген бір бөлігін алады, не өз есебінен қызмет көрсетеді.
Тауар биржасындағы мәміле жасаушы-қатысушылар құрамы биржаның ашық немесе жабық түріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Ашық биржада сауда залында мәміле жасауға мыналардың құқығы бар:
биржа мүшелері және олардың өкілдері;
биржалық саудаға қатысуға құқық алған тұрақты немесе бір рет қатысушылар;
биржада аккредитивтенген брокерлер.
Жабық биржада мәміле жасауға құқығы барлар:
биржа мүшелері және олардың өкілдері;
биржада аккредитивтенген брокерлер.
Саудаға тұрақты және бір рет қатысушылардың биржа мүшелерімен және олардың өкілдерімен салыстырғанда құқығы шектеулі. Біріншіден, заң бойынша тұрақты қатысушының саудаға қатысуға үш жылдан аспайтын құқығы бар. Екіншіден, тұрақты қатысушылар саны биржа мүшелерінің жалпы санының 30 процентінен аспауы тиіс. Одан басқа, тұрақты қатысушылар жарғылық капиталды қалыптастыруға және биржаны басқаруға қатыспайды. Тұрақты қатысушылардың биржада делдал болуға құқығы болса, ал бір рет қатысушылардың ондай құқығы жоқ. Себебі, олар өз атынан және өз есебінен нақты тауар сатып алуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |