1. Биржалық сауданы жүргізудің тәртібі. Бұл белімде сауданы жүргізетін орын, сауда сессиясының уақыты және жұмыс сағаты белгіленеді. Биржа сессиясы деп әдетте биржа әкімшілігінің ресми белгілеген уақыттағы жүргізілетін сауданы айтады. Ол уақытта биржалық саудаға қатысушылардың мәміле жасасуға құқығы бар. Бұндай сауда кестесін дәл осындай тауарларды сататын басқа биржалардың жұмыс кестесін ескере отырып жасайды. Бұл саудаға қатысушыларға басқа нарықтардағы баға туралы акпаратты пайдаланып арбитраждық операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Лондон металл биржасында әрбір сессия тек бір тауарға арналып, ол тек 5 минут аралыгында өтеді. Биржа хатшысы металдыц аты жазылған таблицаны жоғары көтеріп, «Темір, жентельмендер, темір» деген сөздерді даусын көтеріп айтады. Темір сағат 12-ден 12 сағат 05 минутке дейін; 12 сағат 0,5 минуттен 12 сағат 10 минутқа дейін - мыс; 12 сағат 10 минуттан 12 сағат 15 минутқа дейін мырыш сатылады.
Сауда биржа залында жүргізіледі. Саудаға барлық қатысушыларға компьютерлік жүйедегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік жасалады.