Дилердің құқықтары:
бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасау;
эмиссиялық бағалы қағаздарды алгашқы орналастырғанда андеррайтер қызметін атқару;
бағалы қағаздарды сатып алу мәселесі бойынша клиентке кеңес беру;
бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне займ шарты бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру;
клиенттің өз қаржы жағдайын хабарлайтын (төлем қабілеттігі туралы) мәлімет алу.
11.3. Биржалық сауданы ұйымдастыру
Биржалық операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір биржа өзіне биржалық сауданың ережесін алдын ала бекітіп алады. Биржаның жұмысы тек өзі бекіткен ережемен ғана реттеліп қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің ұсыныстарын да ескереді. Әрине ол саудаға қатысушылардан арнайы білімді талап етеді.
Қазақстан «Тауар биржалары туралы» заңына сай биржалық сауда жан-жақты реттелуі қажет. Атап айтқанда, биржалық сауданы жүргізу тәртібі; биржалық мәміленің түрлері; биржаның құрылымдық бөлімдері; биржалық саудаға қатысушыларға алдыңғы өткен биржалық саудадағы мәмілелер туралы және биржалық баға кесу туралы ақпарат беру тәртібі; биржалық мәміле жасасқанда биржа мүшелерімен және басқа да қатысушылармен өзара есеп айырысу тәртібі; бағаны өзгерту максатында тәуліктік кенеттен ауытқуды болдырмау үшін баға белгілеуді бақылау шаралары және т.б. мәселелер биржаның ережесінде көрсетіледі. Ереженің негізгі бөлімдері:
Достарыңызбен бөлісу: |