12.1. Сурет. Биржадағы мәмілеге келуді ұйымдастыру циклы
Мәміле жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен мәміле бекітілген және бекітілмеген болып бөлінеді. Бекітілген мәмілеге мәміле жағдайларын қосымша келісудің қажеті жоқ. Сондықтан ондай мәміленің қозғалыс циклы: бекіту, клиринг және есеп айырысу; мәмілені орындау фазаларынан тұрады.
Бекітілген мәмілеге қағазға жазылған мәмілелер мен компьютерлік (электрондық) мәмілелер жатады. Ал бекітілмеген мәмілеге ауызша немесе телефон арқылы келісілген мәмілелер жатады. Олар бойынша есеп айырысу және орындау жағдайларын қосымша келісу керек.
Мәміленің қозғалысындағы бекіту циклы сатушы мен сатып алушы арасында тікелей немесе делдал арқылы бекіту болып екіге бөлінеді. Егер биржалық тауар мәмілесі сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей бекітуге жатады (12.2. Сурет), ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол мәміле делдал арқылы бекітуге жатады. Мәмілені тікелей бекіту «көшедегі» нарықта, биржадан тыс компьютерлік саудада болуы мүмкін. Делдал арқылы жасалатын мәміледе брокердің қызметін банк немесе ірі қаржылық компания орындауы мүмкін. Өз қызметін олар сатушыға да, сондай-ақ сатып алушыға да көрсетеді (12.3. Сурет). Алайда, мәмілені мәмілеге келуші екі жақ орындайды, брокер тек екі жақты - сатушыны сатып алушы үшін, керісінше, сатып алушьіны сатушы үшін тауып, оларды бір-біріне кездестіруші ғана. Бұндай мәміле биржадан тыс нарыққа тән.
Сатуға ұсыныс
Тауар Ақша Ақша Тауар
Сатып алуға тапсырыс
Достарыңызбен бөлісу: |