Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Жаңа ақпараттық технология



бет214/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219
Жаңа ақпараттық технология деген ақпаратты, оның ұйымдық - басқару концепцияларын дайындауды және қолдануды өңдеу әдісі, сондай-ақ ақпараттық техниканың барлық түрлерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, жаңа ақпараттық технология де­ген биржаның техникалық құралдар кешенін пайдалану, оның ұйымдық құрылымында ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу қызметтерін орындаудағы процедуралары.

ЖЭЕМ-ның базасында жаңа ақпараттық технология биржаны ұйымдық басқаруды орталықсыздандыр жүйесінің негізі болып саналады. Онда:

Біріншіден, басқару объектілеріне (операциялық зал, мәмілені тіркеушілер және т.б.) мәліметтерді өңдеу құралдарын жақындату есебінен ақпараттарды өңдеуді жеделдету және жедел шешім қабылдау қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, биржаның ұйымдық құрылымының икемділігінің өсуі қамтамасыз етіледі.

Үшіншіден, биржа қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырады.

Төртіншіден, биржаны автоматтандыру жүйесінің қуатын (модулын) кезең кезеңмен арттырады.

Бесіншіден, биржада құжат айналымының көлемі азаяды.

Алтыншыдан, басқару үшін мәліметтердің қажетті санын кобейту есебінен акпараттық жүйенің тиімділігін өсіру, олардың дәлдігін арттыру және өз уақытында орындалуы қамтамасыз етіледі.

Биржаны басқаруды орталықсыздандырған жағдайда авто­ла аттандырылған жүйе ұзақ мерзім қызмет көрсетеді, себебі бір ЖЭЕМ-ның істен шығуы бүкіл басқару жүйесінің істен шығуына әсер ете алмайды. Орталықтанған жүйеде техниканы өндіру үлкен ЭЕМ-ды сатып алудан, оны қондырудан және байланыс каналдарын ұйымдастырудан басталады. Бұл жағдайда көптеген материалдық қаражат және адам күші шығындары жұмсалады.

Қорыта айтқанда, биржаны басқаруды орталықсыздандыру жүйесінің принциптік артықшылығы. Техниканы өндіргенде тәуекелдің азаюды. Себебі, жүйені дамыту кезең-кезенде жүзеге асырылады, әрбір кезеңде аздаған балансталған материалдық шығындар болып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет