Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Биржа ісіндегі техникалық талдау



бет211/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   219
Биржа ісіндегі техникалық талдау. Техникалық талдаудың негізгі объектісі - ол активке сұраныс пен ұсыныс және оларды сатып алу, сату бойынша операциялар көлемінің динамикасы мен бағам динамикасы. Техникалық талдау әдісін жақтаушылардың сипаттамасы бойынша бұл әдістің артықшылығы мынадай:

  • техникалық жеңілдігі;

  • талдаудың шапшаңдығы;

  • негізгі талдау жасағаннан гөрі, нарықтағы активті сатушылардың көбіне бұл талдаудың қажеттілігі.

Алайда, техникалық талдауды пайдаланушы нарық операторлары нарық бағасының ұзақ перспективада өзгеруін дәл болжай алмайды. Сондықтан талдауды сапалы жүргізу үшін олар негізгі талдаудың мәліметтерін қолданып және әртүрлі әдістерді қоса пайдаланып істі ыңғайлы амалмен жүргізу керек. Бұл мәліметтерді биржалық нарықтың әрбір операторына ізденіп табу, оны пайдалану, сөзсіз, қиын әрекет. Іс жүзінде биржада істейтін әрбір маманға техникалық талдаудың құралдарына, аспаптар жиынтығына қол жеткізу оңай болғанымен, ал оны жүргізу негізгі талдаудікіне қарағанда - керісінше болады. Мысалы, негізгі талдауды жүзеге асырушы (талдаушы) активтің нарықтық құны оның «ішкі» не­месе «іс жүзіндегі», яғни нақты құнымен салыстырғанда жоғары немесе төмен екенін анықтауы керек делік. Сонда бұл талдаудың мақсаты - нарық «бағаламаған» активті табу. Осының негізінде - активті сатып алу, сату керек немесе әзірше қоя тұру керек деген инвестициялық шешім қабылдау.

Алайда, егер нарық бұл активті қазір «бағаламаса», ол болашақта да солай істеуі мүмкін, нәтижесінде талдауға кеткен шығын қайтарылмайды, яғни талдаушылардың ұсынған негізгі бағасына нарық кепілдік берді деуге негіз жоқ. Оған қоса, негізгі талдау - ауыр және көп еңбек сіңіруді қажет ететін талдау және мәліметтер базасын құруды, соған сәйкес қаржыландыруды қажет ететін еңбек және де әрбір оператордың биржалық операциядан түсіретін табысы оның негізгі талдауды жүргізуге кеткен шығынын қаржыландыруға жеткіліксіз болуы мүмкін.

Экономикасы нарықтық жолмен дамыған елдерде экономиканың әртүрлі салаларында корпорацияны рейтингтік бағалау әдістерін кең қолданады. Негізгі талдаудың нәтижесі өнім болып шығады, яғни ол өнім - нарық тауары, ол тауар биржалық саудаға қатысушыларға бюллетень, есеп және басқа да формада сатыла­ды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет