Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Биржа ісіне қатысушылардың автоматтандырылған жұмыс орны



бет215/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219
17.2. Биржа ісіне қатысушылардың автоматтандырылған жұмыс орны
ЖЭЕМ негізінде биржа ісіне қатысушылардың, мысалы, брокердің, маклердің, биржаны басқарушының автоматтандырылған жұмыс орны олардың жұмыс столындағы жай ЖЭЕМ-ды пайдаланудан айтарлықтай ерекшелігі бар. Оны мына анықтамадан түсінуге болады. Биржа қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) деген биржа қызметінде ЖЭЕМ-ның жұмысын қамтамасыз ететін әдістемелік, тілдік, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Ол 17.1. Су­ретте өрнектелген.

АЖО-ның ең негізгі құрылымдық бөлігі - ол ЖЭЕМ мен оны қолданушы арасындағы диалогтың арнаулы тілі, сондай-ақ бир­жа бойынша қажетті мәліметтердің базасын құратын және осы тілді қолданатын бағдарлама жүйесі. Ол тілдің негізін биржалық саудаға қажетті терминдер құрайды. Биржа қызметкерінің АЖО қамтамасыз ету бөлігіне биржа қызметіне қатысушылардың өзінің басқару және ұйымдық міндеттерін шешу үшін қолданатын ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету істері кіреді. Сөйтіп ол АЖО-ның ақпараттық-материалдық негізін құрайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет