Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет212/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   219
Бақылау сұрақтары:


  1. Биржалық индекс ұғымы.

  2. Биржалық индекстердің қызметтері.

  3. Биржалық орташа көрсеткіштің биржалық индекстен ерекшелігі.

  4. Биржалық орташаны есептеу әдістері.

  5. Негізгі талдаудың қор нарығын бағалаудағы рөлі.

  6. Негізгі талдаудың бөліктері және олардың сипаттамасы.

  7. Техникалық талдау деген ұғым, оның артықшылығы.


XVII ТАРАУ Биржа ісін компьютерлеу
17.1. Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының рөлі
Автоматтандыру құралдарының кең өрістеуі - биржа ісін басқарудың технологиялық базасын қалыптастыруда. Атап айтқанда, биржалық ақпарат көлемінің күнбе-күн аса қарқынды дамуына байланысты оны сақтау, талдау, өңдеу, алыс қашықтыққа жеткізу және т.с.с. проблемаларды шешеді. Жалпы алғанда, биржа ісін компьютерлеуге ақпаратты өңдеудің жалпы технологиялық мәселелері мен қатар осыларды орындау үшін қажетті технологиялық және техникалық құралдарды таңдау мәселелері де жатады.

Биржаны компьютерлеу барысында мына факторлардың айтарлықтай маңызы бар:



  • биржаның әрбір қызметкері өзінің мамандығын жетілдіруге мүдделі болуы өз еңбегінің технологиясын өзгертуге дайындығының дәрежесі (яғни психологиялық жағдайы, білім деңгейі және т.б. көрсеткіштер бойынша);

  • биржа ісіне қатысушыларға дамыған сервис инфрақұрылымының қалыптасқан дәрежесі болуы (методологиялық, техникалық және бағдарламалық қызмет көрсетуді қоса алғанда);

  • нақты биржаның қалыптасқан жүйелі ақпараттық тех­нологиясын өзгертуге дайындығы болуы керек.

Биржада қызмет істеуші мамандар жеке электрондық есептегіш машиналардың (ЖЭЕМ-ПЭВМ) көмегімен өз ісін белгілі бір дәрежеде интенсивтендіруге, әрі жеңілдетуге мүмкіндік алады. Ол іс үш кезенде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет