Қамтамасыз етілмеген облигациялар - жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері.Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Қоғам банкротқа ұшыраған жағдайда - ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.
Облигацияның рейтингі - олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбайды, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы, «Стэндарт энд пур» және «Мудиз инвесторз сервис» компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Мудиз» компаниясы облигацияны бағалауды төмендегі түрде жүргізеді:
Ааа - өте жоғары сапа;
Аа - жоғары сапа;
А - ортадан жоғары;
Baa - орта сапа;
Ва - алыпсатарлық элементтері бар;
В - инвестицияға қажет белгілері жоқ;
Саа - төмен сапа;
Са - белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
С - ең төмен сапа.
Ең жоғары рейтингілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төмен рейтингілі облигациялар «алыпсатушылық» деп есептеледі.
Акция сияқты облигациялардың да номинал құны және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның бағамы деп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылады деп айтылады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, проценттік табыс оның номиналына байланысты есептеледі.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайына, екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әртүрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдер өте көп болса, онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді. Баскаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі бұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа ұстаушыға өте төмен кіріс түсіреді.
Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы ұстаушыларының кірісін теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен (егер ондай болса) құралады.
Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы (тіркелетін) болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша проценттік табыс облигацияны ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купондық парағы болады. Проценттік өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қиып алып, оны өтеуге тапсырады. Ал атаулы облигациялардың иесі қоғамда тіркеуден өтеді. Қоғам проценттік өсім төлейтін күні оларға процент алу үшін чек толтырып береді.
Займның мерзіміне қарай қоғам облигациялары:
қысқа мерзімді - 1 жылдан 3 жылға;
орта мерзімді - 3 жылдан 7 жылға;
ұзақ мерзімді - 7-ден көп жылдарға дейін шығарылған болып үшке бөлінеді.
Қоғам облигациялары сонымен қатар купондық кірісті төлеу жөнінен де бөлінеді:
Біріншіден, купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар. Олар уақытынан бұрын кейін қайтарылып алынуы мүмкін.
Екіншіден, купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар. Бұл типті облигациялардың ерекшелігі - оның купондық төлем мөлшері ақша нарығындағы негізгі төлем мөлшеріне байланысты өзгереді. Бірақ өзгермелі курсты облигация ұстаушы, қоғам жарғысында көрсетілгендей, өз мүддесін несие берушілердің ең соңында жүзеге асырады.
Үшіншіден, купоны нольге тең облигациялар. Бұл типті облигациялардың айырмашылығы - олар бірінші орналасқанда номиналынан төмен бағамен (эмиссиялық бағамен), ал өтелгенде - номиналымен сатылады. Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы проценттік табысты облигацияның айналым мерзімі аяқталғасын алады.
Облигациялар айырбасталатын және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар артықшылықты акцияларга өте үқсас. Олар келісімге сәйкес осы қоғамның артықшылықты немесе жай акцияларына айырбасталуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын облигациялар инвестордың қызығушылыгын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.
Қорыта айтқанда, қоғам өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Деген-мен, қоғамға акциядан гөрі, облигация шығару қауіпті. Себебі облигациядан пайда түспесе де, жыл сайын қоғам облигация бойынша процент төлеуге міндетті. Ал акция бойынша жылдық жалпы жиналыстың шешімі болмаса қоғам дивиденд тол eyre міндетті емес.
Егер қоғамның дивиденд төлеуге қаржысы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі деп саналады. Бұл, біріншіден.
Екіншіден, облигация шығару қоғамға қауіпті болғанымен, оны шығару өте арзан.
Инвесторлар ұзақ мерзім бойы төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген процент сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарады. Олардың көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, осытұрғыдан облигация - тиімді. Сондықтан инвесторлар тәуекелмен қосымша шығын шығарып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер қоғам бағалы қағаздардың екі түрін де қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін дивиденд, облигация ұстаушыға төлейтін проценттен жоғары болады деген болжам басымырақ.
Достарыңызбен бөлісу: |