Бағалы қағаздарды орналастыру (андеррайтинг) деген бағалы қағаздар эмитенттен алғашқы иемденушіге өтетін айналыс аясындағы алғашқы мәмілеге келу процесі. Басқаша айтқанда, бағалы қағаздарды орналастыру - ол бағалы қағаздарды эмитенттің иелігінен алып андеррайтердің оларды алғашқы ұстаушыларга беруі. Андеррайтердеп эмитент атынан немесе өз атынан, бірақ эмитенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздарды орналастыруға өзіне міндет алған жақты айтады. Эмиссияны орналастырудың негізгі формалары мыналар:
жазылғысы келген жақтардың ашық түрде жазылуы. Ашық жазылу жолымен орналастырылатын бағалы қағаздарды шығару туралы қаулыда алушылардың біреулеріне басқаларға қарағанда қандай да болмасын артықшылық жағдай қарастырылмауы тиіс;
тек акционерлік қоғамдардың мүшелері үшін жабық түрде жазылу;
Акционерлік қоғам құру шартына сәйкес қоғам құрған кезде барлық акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылуы тиіс. Акцияларды орналастырғаннан кейінгі үш күн мерзімде бағалы қағаздарды иемденушілердің жеке арызы негізінде олар туралы мәліметтер реестрге (тізімге) енгізілуі керек. Тізімді реестр ұстаушы жүргізеді. Егер акционерлерінің саны 500-ден аспаса, ре-естрді акционерлік қоғамның өзі жүргізеді. Ал акционерлер саны 500-ден асса, онда реестрді маманданған ұйым жүргізуі тиіс. Реестр ұстаушы тізімге енгізумен, одан үзінді көшірме және анықтама бе-румен, сондай-ақ дивиденд төлеу үшін және дауыс беру үшін акционерлер тізімін дайындаумен шүғылданады.