Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Сурет. Бағалы қағаздарды шығарушылар



бет56/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   219
4.1. Сурет. Бағалы қағаздарды шығарушылар
Қазіргі әлемдік стандарттарға сәйкес эмитенттер - негізінен коммерциялық құрылымдар иесіне мемлекеттік органдар. Олар бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. «Бағалы қағаздар эмиссиясы туралы» шешімде мына мәліметтер көрсетіледі:

  • шығарылым мөлшері;

  • эмиссия проспектісін дайындау және оны ақпарат құралдарында жариялау;

  • шығарылымды тіркеу;

  • бағалы қағаздар бланкін шығару;

  • шығарылым туралы хабарландыруды жариялау.

Акция шығарылымының мөлшері акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшерімен және оны қосымша өсірумен анықталады. Ол мөлшерді жарғылық капиталдың немесе оны қосымша өсіру мөлшерін акцияның көрсетілген бағасына бөлумен есептеп шығарады. Ал қарыз міндеттемелері шығарылымының мөлшері займ сомасын облигацияның, сертификаттың немесе вексельдің көрсетілген бағасына бөлумен есептеп шығарылады.

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін):

Біріншіден, қоғам құрып олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;

Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып ұлғайтқанда;

Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылганда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаз орналастыру тәртібін түсіндіретін эмиссия проспек­ты алдын-ала шығаруы тиіс. Оны акпарат құралдарында жари­ялау міндетті.

Эмиссия проспектінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық-құқықтық формасы және эмиссия проспектінде деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында ипвестициялық мәліметтер жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтердің арасында:



  • кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;

  • шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;

  • бағалы қағаздарды сатуды бастау және аяқтау күндері;

  • бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздың саны;

  • бағалы қағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату);

  • кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;

  • эмитенттің адресі мен телефоны көрсетіледі.

Эмиссия проспектінің келесі тауарларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны, оның ішінде басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған (егер ондай болса) эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.

Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын баска да хабарлар орын алады.

Қорыта айтқанда, эмиссия проспектін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Эмитент пен инвестициялық институттар, яғни бағалы қағаздарды алғашқы иемденушілерге сатушылар олардың бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған бағалы қағаздардың бағасы бірдей болуы шарт.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік органдар қатаң бақылап отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет