Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Қоғамды ерікті түрде тарату



бет6/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің келісімі бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:

Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;

Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеу жүзеге асырылады;

Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;

Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет