Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет9/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Тепе-теңдік жағдай. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды.

  • Артық жағдай. Ол кіріс шығыннан көп болғанда туын­дайды. Демек, сақтаудағы қоры мол, сондықтан бұл субъектінің басқаға несие беруге мүмкіндігі бар.

  • Қаржыға тапшылық жағдай. Ол шығын кірістен көп болғанда туындайды. Демек, бұл субъект қаржыға мұқтаж, яғни оған несие алу қажет.

    Кез-келген уақытта қаржысы артық шаруашылық субъектілері де, қаржы тапшылығында отырғандар да бір ұлттық қаржы жүйесі шеңберінде кездеседі. Дәл осы жағдайда екі шаруашылық субъектілерінің біреуі артық табысын екіншісіне несиеге беріп, ор-нына қарыз міндеттемесін алады. Керісінше, бұрынғы қарыз мін-деттемесін өтеу кезінде қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз міндеттемесін борышқор (қарыз алушы) несие берушіге жазып бе-реді.Ол борышқор несиесін өтегенше несие берушіде сақталады. Қарыз міндеттемесін иемдену құқығынан оны орындау құқығы туындайды.

    Қарыз міндеттемелерін жеке тұлғалар да, мемлекет те және Орталық (эмиссиялық) банк те шығаруы мүмкін. Қарыз міндет-темелерінің шаруашылық айналымында қолданылуын есептеуді қаржы активтері деп атайды. Қаржы активтері мен оны айналымға түсіретін ұйымдық түрінің органикалық бірлігін елдің қаржы' жүйесі дейді. Ұйымдық тұрғыдан қаржы жүйесінің негізін ақша нарығы және капитал нарығы құрайды. Ақша нарығы бір жыл мерзімге дейін шығарылған қарыз міндеттемелерін біріктірсе, капитал нарығы - бір жылдан көп уакытқа шығарылған қарыз міндеттемелерінің жиынтығы. Бұл инвестициялық қорлардың нарығы.

    Өз кезегінде қаржы нарығы алғашкы және екінші (қосалқы) нарық болып та бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қарыз міндеттемелері орналасса, екінші нарықта оның бұрын шыққандары айналымда болады. Демек, алгашқы нарықта олар сатылады, ал екіншісінде - сатып алынып, қайта сатылады.

    Артық қаржысы бар және тапшылық қаржы жағдайындағы шаруашылық субъектілері бірімен бірі үш түрлі тәсілмен байла-ныста болуы мүмкін: тікелей, қаржы делдалдары арқылы және қаржы институттары арқылы.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   219




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет