Бағалы қағаздардың мәні және жіктелуі
1.1. Бағалы қағаздар жалған капитал. Олардың мәні
Жалған (алдамшы) капитал деген қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауының себебі болған :
Біріншіден, табыс көзі -тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, одан табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде кел-тірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші актіде (Т - А) керекті басқа та-уарды сатып алу мақсатында тауарды сату, яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу жүргізіледі. Ал капиталдың айна-лысы (А - Т - А*) формуласындағы мақсат - тауарды сатып алып қайта сату, яғни бұл процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұңдағы А *=А + а, яғни а - қосымша құн, өсім немесе капитал. Ал капитал - өздігінен өсетін құн, немесе қосымша құн беретін құн .
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капи-талды ұсыну сұраныстан жоғары және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50 $ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5 % болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000 $ болады:
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн .
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шықкан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оңың нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
Біріншіден, жалған капиталдың өз құны өте аз болғандықтан оны жоқ деуге болады. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
Екіншіден, бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
Үшіншіден, жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын жиынтық бағасы, немесе бағалы қағаздардың бағамы) бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуы-мен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады. Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс «капиталдану» деп атады [18; 9.]. Ал капиталдану - мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым.
Төртіншіден, жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді, одан әлдеқайда көп болады.
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі.Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де бағалы қағаздардың көлемінің соңғы кездері тез ұлғаюына байланысты.
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан да айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозга-лысынан пайда бола отырып, ол қарыз капиталынан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста жүреді.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналасынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалысзаңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |