1.3. Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі Нарықтық экономиканың пайда болуы және қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі.
Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әртүрлі жақтарын сипаттайды. Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
1.Қарыз міндеттемесі- оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу құқын дәлелдейтін қарыз алушының заң жүзінде берген құжаты.