Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Өзін-өзі реттеуші ұйымдар



бет89/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар – ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді.Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

Бұндай ұйымдардың негізгі қызметі:


  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;

  • кәсіби қатысушылардың және клиенттердің мүддесін қорғау;

  • кәсіби қатысушылар тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың құқықтары:

  • кәсіби қызмет және нарықтағы операциялардың стандарттары кадрлардың кәсіби дайындығын қамтамасыз ету, осы нарыққа қатысушылар үшін міндетті талаптарды бекіту;

  • нарыққа қатысушылардың бекітілген нормативтер мен ережелердің орындалуын бақылау;

  • нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;

  • мемлекеттік басқару органдарында нарыққа қатысушылардың мүддесін қорғау және олармен байланысты қамтамасыз ету.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың белгілері:

  • ерікті бірлесу;

  • ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі - ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

  • ұйым қызметін және ұйымның өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;

  • мемлекетпен қарым-қатынас орналастыру, ол - мемлекет өзінің реттеушілік қызметінің бірсыпырасын ұйымға беруі.

Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нұсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданган ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

Әлемде қаржы нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрі бар. Олар:


1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет