Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Бағалы қағаздар нарығын реттеу



бет86/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   219
6.4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкі реттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлық қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:



  • мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;

  • нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарықтың кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы қағаздар нарығының кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

  • қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдық пікір арқылы реттеу.

Таратып айтқанда, бағалы қағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыққа кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет