Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы



бет85/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

6.3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан қор биржасы кызмет көрсетуде.

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.

Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 және 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел карқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданган заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік қоғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 - 1999 жж. Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толық құқылы жүйені бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі - жергілікті жерлерде Ұлттық комиссияның аймақтық бөлімшелерінің болмауынан.

1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Ұлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып сан алады.

2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланган жарлыққа сәйкес бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия таратылып, оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.



Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының құқықтық инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымы мен тәртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа заңдар қабылданды. Олар:

  • 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;

  • 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы»;

  • 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы»;

  • 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы»;

  • 2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;

  • 2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы».

2003 жылдың 13 мамырында қабылданған «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы» қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:

  1. Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық» деп типке бөлу жойылған.

  2. Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.

  3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру жолымен нарыққа шығару жойылған.

  4. Жарияланган акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет жүргізіледі.

  5. Акцияларды жабық тәсілмен орналастыруға шектеу қойылған.

  6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұл төлеу енгізілген;

  7. Соттың шешімі бойынша акцияны өтеу процедурасы енгізілген.

  8. Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылған.

  9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін

сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.

  1. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген (бұрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).

  2. «Орналастыру бағасы», «ірі акционер», «төлем агенті» деген ұғымдар енгізілген.

  3. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.

  4. Халықтық акционерлік қоғам екенін білдіретін белгілердің саны азайған.

  5. Құрылтайшы жиналысына қойылатын талаптар пайда болған.

Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданыска енгізілгенге дейін құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет