бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және т.с.с. жұмыстар.
Жанама араласутетіктеріне мыналар жатады:
несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
мемлекеттің салық саясаты;
депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазынашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және т.с.с. шығару) арқылы мемлекет пен қорпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және т.с.с. жұмыстарды реттеу);
мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және т.с.с.) іс-шаралары.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Біріншіден,нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен катар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.